Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 мамырда № 16891 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10254 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Заңды және (немесе) жеке тұлғалар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат алу үшін орын ауыстырудың болжамды басталатын уақытына дейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) экспорт кезінде – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жері бойынша, импорт кезінде – шеттен әкелу орны бойынша не "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш ұсынады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесі Мемлекеттік корпорациядан немесе портал арқылы жазбаша өтінімді алғаннан кейін импорттаушы елдің ветеринариялық талаптарын, объектінің сипаттамасын, тиісті аумақтағы (ауылдағы, аудандағы, қаладағы) эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің өтініште көрсетілген түрін экспорттау немесе импорттау мүмкіндігін қарастырады және осы Қағидалардға2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды тіркеу журналында (бұдан әрі – журнал) өтінішті тіркейді.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген мерзімдерде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат берілмеген немесе рұқсат беруден уәжді бас тартылмаған жағдайда, рұқсат берілді деп саналады және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары 2 (екі) жұмыс күні ішінде рұқсат береді.

      18. Уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесі экспортқа, импортқа арналған рұқсат нөмірін ол келіп түскен күні журналға тіркейді және оны күнін көрсете отырып, ветеринариялық сертификатқа түсіреді, сондай-ақ келіп түскен экспортқа, импортқа арналған рұқсатты немесе уәжді бас тартуды Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жібереді.

      Экспортқа, импортқа электрондық түрде берілген рұқсат "Кедендік одақта тасымалданатын өнімдердің ветеринариялық қауіпсіздігі" веб-порталы арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасына жіберіледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11959 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) тарапынан;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      4.Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап немесе порталға жүгінген кезде:

      орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік алып өтуге 30 (отыз) жұмыс күні ішінде және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді қажет ететін рұқсаттарды қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) мемлекеттік қызметтікөрсету нәтижесін алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Мемлекеттік корпорация қабылданған өтініш пен құжаттар топтамасын уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесіне береді.

      Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2(екі) жұмыс күні ішінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына рұқсат алу үшін қажетті мәліметтер мен ақпараттардың сәйкестігіне қарастырады, және ведомствосына орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына рұқсат алу үшін сұрату жолдайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына, экспортына, транзитіне арналған рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолы қойылады және мөрмен куәландырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мыналардың:

      1) Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Мемлекеттік корпорацияның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда үзіліссіз 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы кезекті броньдауға болады;

      2) порталдыңжұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күніжүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) экспорт кезінде – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жері бойынша, импорт кезінде – әкелу орны бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) асыл тұқымды жануарлар және асыл тұқымды өнім (материал) импортталған кезде экспорттаушы елдің ресми органы жануардың және асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әр басына берген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған баламалы құжаттың көшірмесі (ақпараттық жүйеде болмаған жағдайда);

      порталға:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) асыл тұқымды жануарлар және асыл тұқымды өнім (материал) импортталған кезде – экспорттаушы елдің ресми органы жануардың және асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әр басына берген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған баламалы құжаттың электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу туралы, асыл тұқымдық куәлік немесе оған баламалы құжат туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуғаболатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда, өтініштің қабылданғанын мыналар растайды:

      1) Мемлекеттік корпорацияға – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      2) порталға – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді оның жұмыскері жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (не оның өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша, заңды тұлғаға өкілеттілігін растайтын құжат бойынша) қолхат негізінде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұранымы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген (егер, қағаз жеткізгіште беру жүзегеасырылатын болса, алу орнын көрсету қажет) хабарлама жіберіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1),2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ____________________Д. Абаев

      2018 жылғы 22 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 28 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 11 қаңтардағы
№ 18 бұйрығына қосымша
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық
жағдайды бағалауды ескере
отырып, орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)
обьектілердің экспортына,
импортына және транзитіне
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге:______________________
(көрсетілетін қызметті беруші)
Кімнен:_____________________
(заңды тұлғалар үшін: толық
атауы, орналасқан жері,
ведомство берген өндіріс
объектісінің есепке алу нөмірі
(коды), заңды тұлғаны
мемлекеттік тіркеу (қайта
тіркеу) нөмiрi және күнi,
сәйкестендіру нөмiрi / жеке
тұлғалар үшін: жеке тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда), есепке алу
нөмірі (коды), сәйкестендіру
нөмірі, дара кәсіпкер ретінде
қызметінің басталғаны туралы
хабарлама, тіркелген күні, телефонның,
факстың, ұялы байланыстың
абоненттік нөмірі және (немесе)
электрондық мекенжайы
(егер бұлар бар болса))

Өтініш

      Сізден ___________________________________________ рұқсат беруіңізді сұраймын. (экспортқа/импортқа (керегін көрсету қажет)

1.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, оның өлшем бірлігі

2.

Экспорттаушы ел (импорттаушы ел)

3

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан жері, мекенжайы

4.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттау, импорттау кезінде пайдалану болжанатын көлік түрі

5.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні алып өту көзделетін мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жол жүру бағдары

6.

Экспорттың, импорттың мақсаттары (тірі жануарлар үшін – көбейту және күтіп-бағу, сату, етке сою; өнімдер үшін – өткізу, қайта өңдеу; азықпен азықтық қоспалар үшін – оларды жейтін жануарлардың түрі)

7.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (өңдеуді, өткізуді) жүзеге асыратын өндіріс объектісінің атауын және есепке алу нөмірін көрсете отырып, Кеденодағының (импорттау кезінде), үшінші елдердің (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер) (экспорттау кезінде) кедендік аумағындағы межелі пункт

8.

Жойылып кету қаупітөнген және Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлеріменхалықаралық сауда туралы конвенция (бұдан әрі – СИТЕС) қолданылатын тірі жануарларды, аңшылық олжаларын немесе олардың оңай танылатын бөліктері немесе құжаттары, орамажапсырмасы немесе таңбасы немесе басқа белгілері бойынша жануарлардың бөліктері немесе туындылары (дериваты) болатын немесе бола алатын туындыларын (дериваттарын) әкеткен жағдайда, СИТЕС қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге немесе Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге арналған рұқсаттардың берілген күндері және нөмірлері

9.

Ветеринариялық препараттардың, азықтық қоспалардың шыққан елін және олардың тіркеу куәліктерінің нөмірін (тіркеу, қайта тіркеукүні) көрсете отырып, өндіруші ұйымдардың ветеринариялық препараттарын, азық және азықтық қоспаларын экспорттау кезінде

10.

Асылтұқымды жануарларды және асылтұқымдық өнімді (материалды) импорттау кезінде экспорттаушы елдің ресми органы жануардың әрбасына берген асылтұқымдық куәліктің немесе оған баламақұжаттың нөмірі және күні

11.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сипаттамасы

12.

Объектінің орналасқан жері (мекенжайы)

13.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні карантинге қою, өндіру, сақтау талаптары

14.

"Кеденодағында ветеринариялық-санитариялық шаралардықолдану туралы"Кеденодағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардан ерекшеленетін талаптар бойынша Қазақстан Республикасына үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер) әкелінген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге шығарылуын болдырмауға келісуді растаймын

15.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін. Мәліметтердің дұрыстығын растаймын

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы, күні)