"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 30) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.04.2021 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
___________ Ә. Исекешев
" " ________2014 жыл
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
14 қаңтар 2015 жыл
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығымен бекітілген |
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.04.2021 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 30) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Еуразиялық экономикалық одақта ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) және Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға (бұдан әрі − Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар) сәйкес әзірленді және тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
2) ведомствоның аумақтық бөлімшелері – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (облыс, аудан, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана) орналасқан аумақтық бөлімшелер;
3) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
3. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру Ереженің 10.1-тармағында, Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың 15, 37-тарауларында және № 1-қосымшасында көзделген жағдайлар бойынша жүзеге асырылмайды.
4. "Тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат береді.
5. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
1-параграф. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат беру тәртібі
6. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат алу үшін болжамды орын ауыстыру басталғанға дейін портал арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш ұсынады.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Өтініш берілгеннен кейін порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
7. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін, басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді қажет ететін рұқсаттар беру мерзімі - 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сағат 17.00-ден кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Ведомствоның аумақтық бөлімшесі кеңсесінің жұмыскері өтінішті келіп түскен сәтінен бастап 30 (отыз) минут ішінде тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушыны айқындау үшін ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысына жібереді.
9. Ведомствоның аумақтық бөлімшесінің жауапты орындаушысы өтінішті алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініштегі деректердің (мәліметтердің) толықтығын және дұрыстығын тексереді және ұсынылған деректердің (мәліметтердің) толық және дұрыс болмау фактісі анықталған жағдайда, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту үшін негіз дайындап, "Е-Аgriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ақпараттық жүйе) арқылы ведомствоға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы толық және дұрыс деректерді (мәліметтерді) ұсынған жағдайда, ведомствоның аумақтық бөлімшесінің жауапты орындаушысы өтініш келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініштен алынған деректерді (мәліметтерді) ақпараттық жүйеге енгізеді және ақпараттық жүйе арқылы ведомствоға жолдайды.
10. Ведомствоның жауапты жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішінен алынған деректерді (мәліметтерді) ақпараттық жүйеде қарайды және олардың осы Қағидалардың 13-тармағының талаптарына сәйкестігін тексереді.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік алып өтуге басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісу кезінде ведомствоның жауапты жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік алып өтуге сұраным дайындап, басқа мемлекеттердің қызметтеріне жібереді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Ведомствоның жауапты жұмыскері осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мерзім ішінде тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына рұқсат жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес келген жағдайда, тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына, импортына рұқсат береді;
2) Тізбенің 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды жолдайды.
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12-1. Басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді қажет ететін рұқсаттар беру бойынша тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес өткізіледі.
Ескерту. Қағида 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына рұқсат:
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жерінің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша саламатты;
импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес келген;
импорттаушы елдің орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге қатысты уақытша ветеринариялық-санитариялық шаралары болмаған кезде беріледі.
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына рұқсат:
Халықаралық эпизоотиялық бюроның Жерүсті жануарларының саулығы кодексінің және Су жануарларының саулығы кодексінің ұсынымдары мен нұсқамаларына, стандарттарына, Дүниежүзілік сауда ұйымының Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі келісіміне сәйкес жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша саламатсыз болуына байланысты жекелеген елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты расталған, оның ішінде үшінші елдердің құзыретті органдарымен байланыс арқылы расталған шектеу шаралары болмаған;
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық актілерінде, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға немесе Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылауға жататын тауарларға арналған бірыңғай ветеринариялық сертификаттар нысандарынан (бұдан әрі – Бірыңғай ветеринариялық сертификаттар нысандары) ерекшеленетін екі жақты ветеринариялық сертификаттарға сәйкес ветеринариялық-санитариялық талаптар бар болса, оларға сәйкес келмеген;
ұйымның немесе адамның Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 94 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізудің және тауарлардың (өнімдердің) сынамаларын іріктеудің бірыңғай тәртібі туралы ережеге сай қолданылатын реттеу шараларына сәйкес "Кеден одағында ветеринариялық бақылау (қадағалау) саласындағы мәселелер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 342 шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін бақылауға жататын тауарларды өндіруді, өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен адамдардың тізілімінде болған (егер Еуразиялық экономикалық одақтың ережелерінде талап етілсе);
өтініште көрсетілген жекелеген экспорттаушы кәсіпорынға (экспорттаушы кәсіпорындар тобына) қатысты уақытша шектеулер болмаған;
бақылауға жататын тауарларды әкелу немесе аумағынан жүріп өту бағдары жоспарланған Қазақстан Республикасының аумағында шектеу шараларының, карантиннің болмаған (егер тиісті бақылауға жататын тауарлар шектеу шаралары, карантин қойылған аурулардың таратушысы (тасымалдаушысы) болса);
экспорттаушы елдің, импорттаушы елдің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай саламатты болған кезде беріледі.
14. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсаттың қолданылу мерзімі импортқа/экспортқа рұқсатта айқындалған көлемдерде күнтізбелік жылды құрайды.
16. Ведомствоның жауапты жұмыскері портал арқылы:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына, импортына рұқсаттың ветеринариялық сертификаттағы нөмірін салыстырып тексеру үшін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына және импортына рұқсат беру туралы ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесін, ветеринариялық бақылау бекетін;
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына, импортына рұқсаттың күнін көрсете отырып, ветеринариялық сертификаттағы нөмірін енгізу үшін ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесін хабардар етеді.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына, импортына берілген рұқсаттар "Еуразиялық экономикалық одақтың тасымалданатын өнімінің ветеринариялық қауіпсіздігі" порталы арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасына жіберіледі.
17. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына, импортына арналған рұқсаттан айыру (оны қайтарып алу), оның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату Заңның 12-2-бабына және Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 42 және 45-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
18. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
2-параграф. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсат беру тәртібі
19. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жануарлардың және жануарлардан алынатын шикізаттың транзиті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет берген, әкелу кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өтуі болжанатын өткізу пункті арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне арналған рұқсат бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің басқа түрлерінің транзиті Ереженің 7.1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының рұқсаттарынсыз жүзеге асырылады.
Үшінші мемлекеттер (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің шегінен тыс) арқылы транзитке рұқсаттар алуды бақылауға жататын тауар иесі алдын ала жүзеге асырады.
20. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне арналған рұқсатты ресімдеу импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органының ведомствоға осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат беру туралы хатының негізінде жүзеге асырылады.
21. Ведомство кеңсесінің жұмыскері хат келіп түскен күні оның қабылданған күні мен қабылданған уақытын көрсете отырып, хатты қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және ведомствоның жауапты орындаушысын тағайындайтын ведомство басшысына жібереді.
Импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сағат 17.00-ден кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, хаты қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсат беру туралы хаты мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) заңды тұлғалар үшін – атауы, мекенжайы және өндіріс объектісінің ведомствоның аумақтық бөлімшесі берген есепке алу нөмірі, жеке тұлғалар үшін – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің орнын ауыстыруды (тапсымалдауды) жүзеге асыратын адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, мекенжайы және есепке алу нөмірі;
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы;
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны және оның өлшем бірліктері;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорттаушы немесе импорттаушы елі және шыққан елі;
5) көлік түрі;
6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелу және әкету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің тізбесі;
7) аумағы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің транзиті жүзеге асырылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келісілген жануарларды тасымалдау бағдары, аялдамалары, қайта тиеу, азықтандыру (суару) орындары, тасу (айдау) шарттары.
23. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсат тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалау ескеріле отырып:
Халықаралық эпизоотиялық бюроның Жерүсті жануарларының саулығы кодексінде және Су жануарларының саулығы кодексінде айқындалған және "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне (бұдан әрі – Аса қауіпті аурулар тізбесі) кіретін жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан жеріндегі (тұрған орнындағы) және/немесе жүру жолындағы эпизоотиялық ахуал саламатты болғанда;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді межелі елге әкелуге шектеу қойылмаған кезде жол беріледі.
24. Ведомствоның жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын, сондай-ақ орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкестігін тексереді.
Хатта көрсетілген мәліметтердің толық және дұрыс болу фактісі және осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкестігі анықталған жағдайда, ведомствоның жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші қол қойған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсатты не Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Ведомствоның жауапты орындаушысы импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органына электрондық құжат нысанында тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсатты не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды жібереді.
26. Хатты қарау және рұқсат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсаттың қолданылу мерзімі оны берген күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайды.
28. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің транзитіне рұқсат беруден бас тартады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Ведомствоның жауапты орындаушысы ветеринариялық сертификаттағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің транзитіне рұқсат нөмірін салыстырып тексеру үшін ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесін, ветеринариялық бақылау бекетін тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің транзитіне рұқсат беру туралы хабардар етеді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
30. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ветеринария саласындағы уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымын:
ветеринария саласындағы уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
32. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарауға өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
33. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына және транзитіне рұқсат
Рұқсаттың берілген күні: 20__ жылғы "___" ____________
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заң тұлғаның атауы:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________ арналған
(орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне)
рұқсат
Рұқсаттың нөмірі және күні: _____________________________
Өтініштің нөмірі және күні: ___________ _________________
Операция түрі ______________________________________________________
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы ________________
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, оның өлшем бірліктері
___________________________________________________________________
Еуразиялық экономикалық одақтың бақылаудағы тауардың сыртқы
экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды (алғашқы төрт сан)
___________________________________________________________________
Үшінші мемлекеттер (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден тыс) тауарының коды (алғашқы төрт сан __________________________________________
Өндіруші кәсіпорын (кәсіпорынның есептік нөмірі, өндіруші кәсіпорынның атауы, аттестатталған қызмет түрі) _______________________________________
Жүк жөнелтуші (ел, аймақ, аудан, мекенжайы) ____________________________
Жүк алушының мекенжайы (ел, өңір, аудан, мекенжайы) ___________________
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің нақты орналасқан жері (ел, өңір, аудан, мекенжайы) _______________________________________________
Жүк алушы (кәсіпорынның атауы), (импорт кезіндегі есептік нөмірі) _________
Көлік түрі ___________________________________________________________
Жүру бағыты: ________________________________________________________
Мақсаты ____________________________________________________________
Ветеринариялық препараттардың немесе азықтық қоспалардың шыққан елін және тіркеу куәлігінің нөмірін көрсете отырып (тіркелген, қайта тіркелген күні), өндіруші ұйымдардың ветеринариялық препараттардың, азықтық қоспалардың экспорты кезінде
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Ветеринариялық препараттардың немесе азықтық қоспалардың шыққан елін және тіркеу куәлігінің нөмірін (тіркеу, қайта тіркеу күні)/Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте тіркелгенін растайтын құжатты (тіркеу, қайта тіркеу күні, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің атауы) көрсете отырып), өндіруші ұйымдардың ветеринариялық препараттардың, азықтық қоспалардың импорты кезінде
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Асыл тұқымды малдың және асыл тұқымды өнімнің (материалдың) импорты кезінде асыл тұқымды малдың, асыл тұқымды өнімнің (материалдың) импорты туралы мәліметтерді көрсету _______________________________________________________________
________________________________________________________________
Малдың түрі мен тұқымы _________________________________________
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сипаттамасы (рефрижератор – VIN коды, дезинфекция туралы анықтаманың нөмірі және берілген күні) __________
Ұйымның, елдің, өңірдің, ауданның, қаланың атауы көрсетілген жануарларды карантиндеу орны. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні карантиндеу, өндіру, сақтау шарттары _______________________________________________________
________________________________________________________________
Рұқсаттың қолданылу мерзімі, ________________________________ күн
Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтай отырып
________________________________ ____________________________көрсету: Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,
ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы)
оның орынбасары
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша |
"Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал). |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына арналған рұқсат - 2 (екі) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сағат 17-00-ден кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10254 болып тіркелген) бекітілген Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді. |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларына | |
3-қосымша |
Нысан
Өтініш
Сізден _____________________________ рұқсат беруіңізді сұраймын.
(экспортқа/импортқа керегін көрсету қажет)
1. | Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы | |
2. | Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, оның өлшем бірліктері | |
3. | Еуразиялық экономикалық одақтың бақылаудағы тауардың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды (алғашқы төрт сан) | |
Үшінші мемлекеттер тауарының коды (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден тыс) (алғашқы төрт сан) | ||
4. | Өндіруші кәсіпорын (кәсіпорынның есептік нөмірі, кәсіпорынның атауы, аттестатталған қызмет түрі) | |
5. | Жүк жөнелтуші (ел, аймақ, аудан, мекенжайы) | |
6. | Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің нақты орналасқан жері, мекенжайы | |
7. | Экспорттаушы ел (импорттаушы ел) | |
8. | Жүк алушы (кәсіпорынның атауы, есептік нөмірі) | |
9. | Жүк алушының мекенжайы (ел, өңір, аудан, мекенжайы) | |
10. | Транзит (иә/жоқ, елді көрсету) | |
11. | Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорты, импорты кезінде пайдаланылуы болжанатын көлік түрі (бірізді орын ауыстыру тәртібімен) | |
12. | Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні алып өту көзделетін мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жол жүру бағдары | |
13. | Экспорттың, импорттың мақсаттары (мақсаттар ақпараттық жүйеде айқындалған) | |
14. | Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның (бұдан әрі – СИТЕС) ықпалына түсетін жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге немесе жойылып кету қаупі төнген және СИТЕС ықпалына түсетін тірі жануарларды, аңшылық олжаларын немесе олардың оңай танылатын бөліктерін немесе туындысын (дериватын), оның ішінде құжаттары, орама жапсырмалары немесе басқа белгілері бойынша жануарлардың бөліктері немесе туындылары (дериваттары) болатындарды немесе бола алатындарды әкеткен жағдайда, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге арналған рұқсаттардың берілген күндері және нөмірлері | |
15. |
Ветеринариялық препараттардың немесе азықтық қоспалардың шыққан елін және тіркеу куәлігінің нөмірін (тіркелген, қайта тіркелген күні) көрсете отырып, өндіруші ұйымдардың ветеринариялық препараттардың, азықтық қоспалардың экспорты кезінде | |
16. | Асыл тұқымды малдың және асыл тұқымды өнімнің (материалдың) импорты кезінде асыл тұқымды малдың, асыл тұқымды өнімнің (материалдың) импорты туралы мәліметтерді көрсету | |
17. | Малдың тұқымы және жыныстық-жас тобы | |
18. | Ұйымның, елдің, өңірдің, ауданның, қаланың атауы көрсетілген жануарларды карантиндеу орны. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні карантиндеу, өндіру, сақтау шарттары | |
19. | Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сипаттамасы (рефрижератор - VIN коды, дезинфекция туралы анықтаманың нөмірі және берілген күні) |
"Еуразиялық экономикалық одақта ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жатқызылған тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардан ерекшеленетін талаптар бойынша Қазақстан Республикасына үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер) әкелінген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетілуіне жол бермеу туралы келісімді растаймын.
____________________________________________________________________
[Өтініш беру күні] (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, телефоны, электрондық цифрлық қолтаңбасы)
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
[Уәкілетті органның |
[Уәкілетті органның |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
Берілген күні: [берілген күні] [Көрсетілетін қызметті алушының атауы] Тіркеу орны: Облыс: [Облыс] Аудан: [Аудан] Қала\елді мекен: [қала\елді мекен] [жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі] [БСН/ЖСН] Мемлекеттік тіркеу күні [күні] Бас тарту себебі: [бас тарту себебі] [Көрсетілетін қызмет берушінің қол қоюшысының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]