"Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 мамырда № 16853 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 18 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 13.01.2023 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына, 29-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы №40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №9561 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 4 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары бекітілсін.";

      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларында:

      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары";

      1-тараудың атауы келесі редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – "Құқық қорғау қызметі туралы" Заң) сәйкес әзірленді.";

      2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне (бұдан әрі – прокуратура органдары) конкурстық негізде қызметке кіру осы Қағидалардың 1-қосымшасына сай конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес бос лауазымдарға жүзеге асырылады.";

      2-тараудың атауы келесі редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Прокуратура органдарына қызметке қабылдау кезінде конкурс өткізу";

      1-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Қ. Қожамжаров

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері және

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігінің Төрағасы

      _____________ А. Шпекбаев

      2018 жылғы 2 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ 49 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
прокуратура органдары
жүйесінде лауазымдарға
орналастыру үшін конкурс пен
тағылымдама өткізу
қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінде конкурстық негізде орналасатын лауазымдардың тізбесі

1-тарау. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орталық аппараты, облыстық және аудандық органдары қызметкерлерінің лауазымдары (бұдан әрі – Бас прокуратура)

      1. Бас прокуратураның орталық аппараты:

      Департамент бастығы;

      Қызмет бастығының орынбасары;

      Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі бойынша аға көмекшісі;

      Бас прокуратураның Департамент бастығының орынбасары;

      Бас прокуратураның дербес басқармасының бастығы;

      Бас прокуратураның басқарма бастығы;

      Дербес басқарма бастығының орынбасары;

      Бас Прокурордың аға көмекшісі;

      Бас прокуратураның басқарма бастығының орынбасары;

      Бас прокуратураның бөлім бастығы;

      Бас Прокурордың кеңесшісі, көмекшісі;

      Бас прокуратураның басқарма, бөлім аға прокуроры;

      Бас прокуратураның басқарма, бөлім прокуроры.

      2. Бас прокуратураның облыстық органдары:

      Облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың бірінші орынбасары;

      Облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың орынбасары;

      Облыс прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның басқарма бастығы;

      Облыс прокурорының аға көмекшісі;

      Облыс прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның басқарма бастығының орынбасары;

      Облыс прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның бөлім бастығы;

      Облыс прокурорының көмекшісі;

      Облыс прокуратурасының басқарма, бөлім аға прокуроры;

      Облыс прокуратурасының басқарма, бөлім прокуроры.

      3. Бас прокуратураның аудандық органдары:

      Аудан прокуроры және оған теңестірілген прокурор;

      Аудан прокурорының және оған теңестірілген прокурордың орынбасары;

      Аудан прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратуралардың бөлім бастығы;

      Аудан прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның аға прокуроры;

      Аудан прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның прокуроры.

2-тарау. Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы (бұдан әрі - Академия) қызметкерлерінің лауазымдары

      Академияның Аппарат басшысы;

      Академия Институтының директоры;

      Академияның профессоры;

      Академия Институты директорының орынбасары;

      Академия факультетінің деканы;

      Академияның басқарма бастығы;

      Академия орталығының бастығы;

      Академияның кафедра меңгерушісі;

      Академияның бас ғылыми қызметкері;

      Академия ректорының көмекшісі;

      Академияның Ғылыми кеңесінің хатшысы;

      Академияның бөлім бастығы;

      Академияның Кезекші бөлімінің бастығы;

      Академияның жетекші ғылыми қызметкері;

      Академияның доценті;

      Академияның басқарма, бөлім аға прокуроры;

      Академияның аға ғылыми қызметкері;

      Академияның аға оқытушысы.

      Академияның басқарма, бөлім прокуроры;

      Академияның басқарма, бөлім инспекторы;

      Академияның ғылыми қызметкері;

      Академияның оқытушысы.

3-тарау. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) орталық аппараты мен облыстық органдарының қызметкерлерінің лауазымдары

      1. Комитеттің орталық аппараты:

      Комитеттің басқарма бастығы;

      Комитеттің бөлім бастығы;

      Комитеттің басқарма, бөлім аға прокуроры;

      Комитеттің басқарма, бөлім прокуроры.

      2. Комитеттің облыстық органдары:

      Комитеттің облыстық органының бастығы;

      Комитеттің облыстық органы бастығының орынбасары;

      Комитеттің облыстық органының басқарма бастығы;

      Комитеттің облыстық органының басқарма бастығының орынбасары;

      Комитеттің облыстық органының басқарма, бөлім аға прокуроры;

      Комитеттің облыстық органының басқарма, бөлім прокуроры.