Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу және бұзу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 213 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 18 сәуірде № 16774 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.


      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 100-бабы 2-тармағының 24-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу және бұзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін оны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бұл ретте Қағидалардың 3-тармағының екінші бөлігі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі
№ 213 бұйрығымен
бекітілді

Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу және бұзу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу және бұзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 100-бабы 2-тармағының 24-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу және бұзу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) ауыл шаруашылығы техникасы – жекелеген операцияларды немесе технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыруға арналған техникалық құрал;

      2) ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру – ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімде көзделген ауыл шаруашылығы техникасының өндірісіне қойылатын талаптардың орындалуын қамтитын, ауыл шаруашылығы техникасының сериялық өндірісінің жүйесі;

      3) ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (бұдан әрі – келісім) – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мен Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғасы (бұдан әрі – өндіруші) арасында азаматтық заңнамаға, Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарына және осы Қағидаларға сәйкес жасалатын азаматтық-құқықтық шарт.

      3. Келісім, өндірушімен әрбір ауыл шаруашылығы техникасының атауы бойынша жасалады Келісім, өндірушіге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 399-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және 451-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылады.

2-тарау. Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу тәртібі

      4. Келісімді жасау үшін өндіруші мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпорын туралы мәліметтерді;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жүзеге асырудың жоспар-кестесінің жобасын;

      3) өндірушінің қолы және мөрімен (бар болған жағдайда) расталған ұсынылған мерзімге өндірістік активтерді көрсетумен қаржылық есептілікті қоса бере отырып, уәкілетті органға жазбаша өтінішін жібереді;

      5. Өтініштерді қарау үшін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және салалық қауымдастықтардың өкілдерінің қатысуымен келісімді жасау мәселелері жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      Комиссияның құрамы мен ережесін уәкілетті орган бекітеді.

      6. Комиссия уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмейтін мерзімде өндірушімен келісімді жасасу мәселелері бойынша ұсынымды (бұдан әрі – ұсыным) әзірлейді.

      7. Уәкілетті орган комиссия ұсынымды жасағаннан кейін он жұмыс күні ішінде келісімді жасасу немесе келісімді жасасудан бас тарту туралы шешімді қабылдайды және бұл туралы өндірушіге жазбаша хабарлайды.

      Келісімді жасасу туралы шешімді қабылдаған жағдайда уәкілетті орган өндірушіге келісім жобасын мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жібереді.

      8. Өндіруші келісім жобасын алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өндірушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) расталған келісім жобасының даналарын не болмаса келісімді жасасудан дәлелді бас тарту туралы хабарламаны жібереді.

      9. Уәкілетті органға өндірушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) расталған келісім жобасының даналарын осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда өндіруші келісімді жасасудан бас тартқан болып саналады.

      10. Уәкілетті орган келісім жобасының даналарын алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде келісімге қол қояды, тіркейді және келісімнің бір данасын өндірушіге жібереді.

      Жасалған келісімдерді есепке алуды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      11. Өндірушімен мынадай:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған;

      2) өндіруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі белгіленген;

      3) комиссияның теріс ұсынымы жағдайларында келісімді жасасудан бас тартылады.

3-тарау. Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді бұзу тәртібі

      12. Келісім мынадай жағдайларда:

      1) өндіруші келісім шарттарын орындамаған кезде;

      2) өндірушінің келісімді бұзу туралы жазбаша өтініші негізінде бұзылады.

      13. Келісімнің шарттары орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда уәкілетті орган өндірушіге анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы хабарламаны жазбаша нысанда жібереді.

      Бұзушылықтарды жоюды өндіруші отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Анықталған бұзушылықтарды жоймау немесе тиісінше жоймау келісімді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте бұзу үшін негіз болып табылады.

      14. Өндірушінің келісімді бұзу туралы жазбаша өтінішін уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.

      15. Келісім, өндірушінің келісімнің шарттарын орындамауына байланысты не өндірушінің келісімді бұзу туралы жазбаша өтініші негізінде бұзылған жағдайда, өндіруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келісім жасасқан күннен бастап берілетін барлық салықтық несиелерді төлейді.

      16. Келісімді бұзу туралы хабарламаны уәкілетті орган бұзу туралы шешім қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде өндірушіге жібереді.

  Ауыл шаруашылығы техникасын
өнеркәсіптік құрастыру туралы
келісімді жасасу және бұзу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Кәсіпорын туралы мәліметтер

      1. Ауыл шаруашылығы техникасын (атауы) жылына шығару бойынша өндірістік қуаты

      __________________.

      2. _____________________ өндірістік активтер____________млн. теңге (күні, айы, жылы)

      3. Көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларының тізбесі:


Мемлекеттік қолдау шарасы

Мемлекеттік қолдау шараларын көрсету кезеңі

Сомасы, млн. теңге

1

2

3

4





      4. Өндірісте пайдаланылатын технологиялық жабдықтардың тізбесі:

Технологиялық жабдықтың атауы

Саны, дана

1

2

3




      5. Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі кезінде орындалатын технологиялық операциялардың тізбесі:

ЕАЭО СЭҚ ТН * коды (тобы)

Ауыл шаруашылығы техникасының атауы

Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі кезінде орындалатын технологиялық операциялар

1

2

3




      6. Өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының ағымдағы оқшауландыру деңгейі, %.

      Ескертпе:

      * ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы.

  Ауыл шаруашылығы техникасын
өнеркәсіптік құрастыру туралы
келісімді жасасу және бұзу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жүзеге асырудың жоспар-кестесінің жобасы

ЕАЭО СЭҚ ТН* коды

Ауыл шаруашылығы техникасының атауы (үлгі)

Ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша технологиялық операциялардың тізбесі

Технологиялық операцияларды орындау мерзімдері

1

2

3

4

5












      Ескертпе:

      * ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы.

      Өндірушінің қолы _________________

      Күні 20_ жылғы "___" _______ Мөр орны (бар болған жағдайда)