Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 300 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 322 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 18 сәуірде № 16771 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 300 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11427 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен қысқартулар:

      1) алғашқы баға – бағалаушының бағалау туралы есебі негізінде комиссия белгілейтін баға;

      2) арнайы байланыс қызметі – Ұлттық почта операторының республикалық арнайы байланыс қызметі;

      3) асыл тастар – табиғи алмастар, зүбәржаттар, лағылдар, сапфирлер және александриттер, сондай-ақ шикі (табиғи) және өңделген түрдегі табиғи меруерт және бірегей жақұт қосылымдары;

      4) бағалы металдар – алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий);

      5) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар (бұдан әрі – бұйымдар) – бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған көздері бар не онсыз, әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни әрі декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар;

      6) бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары – пайдалануға келмейтін, пайдалану құндылығын жоғалтқан немесе жоюға жататын бұйымдар және (немесе) олардың бағалы металы бар құрамдас бөліктері, сондай-ақ жөнделмейтін ақауды қоса алғанда бағалы металдарды шығару мақсатында кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын техникалық және тұрмыстық мақсаттағы өнімді өндіру және пайдалану кезінде пайда болған құрамында бағалы металы бар материалдардың, металлургиялық өндірістің аралық өнімдерінің қалдықтары;

      7) жергілікті атқарушы органдар – аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;

      8) зергерлік қосымшалар – зергерлік өндірісте пайдаланылатын, зергерлік бұйымдарға айналдырылған табиғи, синтетикалық тастар мен тас секілді заттар, сондай-ақ зергерлік бұйымдарға қойылған бағалы емес металдар;

      9) зергерлік тастар – зергерлік өндірісте пайдаланылатын асыл және зергерлік-қолдан жасалған тастар;

      10) комиссия – "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына (бұдан әрі – № 833 Қағида) сәйкес уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен құрылған комиссия;

      11) құндылықтар – бағалы металдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар;

      12) құндылықтарды алған (берген) орган (тұлға) – Заңның 210-бабында көзделген негіздемелер бойынша құндылықтарды беретін мемлекеттік кірістер органдары, тұлғалар;

      13) құндылықтар бар жөнелтілім – осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес жіберуші "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі" республикалық мемлекеттік мекемеcінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиал) (бұдан әрі – Орталық) жіберетін пломбаланған (мөр басылған), қапталған құндылықтар және оларға ілеспе құжаттар;

      14) құндылықтар бар орын – бір ыдысқа (қап, қорап, жәшік және т.б.) тізімдемесімен (құнды металдардың сынықтарына жасалмайды) қоса қапталған, Орталық комиссия пломбалаған және құндылықтың атауы (есебі), саны (бұйымдардың), жалпы, лигатуралық және химиялық таза массасы (оларды есептеу мүмкін болғанда), бағасын кеміткендегі массасы (болған жағдайда), сынамасы (құнды металдың құрамының), актінің нөмірі мен күні, сарапшы мен бақылаушының тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген жапсырма қағазы бар бір немесе бірнеше салымдар;

      15) құндылықтарды соңғы қабылдау және сұрыптау – құндылықтардың санын, массасын (жалпы, лигатуралық және химиялық таза (оларды есептеу мүмкін болғанда), сынамасын (қорытпадағы бағалы металдардың массалық үлесі) анықтау, зергерлік қоспалардың (болған жағдайда) массасын жіктеу және анықтау, оларды құндылықтардың бекітілген түрлері және бағалы металдардың сынамалары бойынша кұндылықтарды сұрыптай отырып жіберушінің ілеспе құжаттарының мәліметтерімен (тізімдемемен немесе тізімдеме актісімен) салыстыру;

      16) Орталық комиссия – құндылықтар бар жөнелтілімдерді ашуды, қабылдауды және олардың ішіндегі құндылықтарды сұрыптауды жүзеге асыру үшін құрылған сарапшы мен бақылаушыдан тұратын комиссия;

      17) салым – атауы, саны (бұйымның), жалпы және лигатуралық массасы, бағасын кеміткендегі (болған жағдайда) және сынамасының массасы (құнды металдардың құрамы) көрсетіле отырып бір бастапқы қаптамаға (қағаз немесе полиэтиленді қалтаға, қағазға) орналастырылған бір бұйым немесе бір текті заттардың (бұйымдардың) топтамасы, құнды металдардың құрамы немесе сынамасы бірдей құнды металдардың бір түрі;

      18) сатушы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері немесе жергілікті атқарушы орган;

      19) сатып алушы – өткізу процесінде құндылықтарды сатып алатын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;

      20) сауда ұйымдары – сыйақы үшін бір немесе бірнеше мәміле жасау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен айқындалған тәртіппен тартылатын құндылықтарды сақтауды және сатуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкер немесе мемлекеттік емес заңды тұлға не болмаса олардың бірлестіктері;

      21) синтетикалық тастар – физикалық және химиялық қасиеттері бойынша әртүрлі табиғи тастарға сәйкес келетін жасанды кристаллдық тастар;

      22) тас секілді заттар – табиғи және синтетикалық тастардан қолдан жасалған тастар, сондай-ақ жартылай немесе толықтай адам жасаған өнімдер.Бұл тастар табиғи зергерлік және синтетикалық тастардың түсін және сыртқы түрін бере алады да олардың химиялық және (немесе) физикалық қасиеттерін және (немесе) олардың кристаллдық құрылымын бере алмайды;

      23) тізілім веб-порталы (бұдан әрі – тізілім) – Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша орналасқан және мүлікті есепке алу және өткізу бойынша электрондық деректер қорына қол жеткізудің бір нүктесін беретін интернет ресурс;

      24) уәкілетті орган – Комитет және оның аумақтық бөлімшелері.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Құндылықтарды алып қойған (берген) сот орындаушылары немесе органдар (тұлғалар) уәкілетті органды немесе жергілікті атқарушы органды құндылықтарды беру күні, орны және уақыты туралы олардың орындалуына дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда № 833 Қағиданың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып жазбаша хабарлайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Орталыққа немесе Алматы қалалық филиалы мен Алматы облыстық филиалын қоспағанда, Ұлттық Банктің аумақтық филиалына одан әрі Орталыққа жіберілетін құндылықтарды уәкілетті орган ішкі тігіспен тігілген тығыз матамен қапталып, ағаш жәшікке немесе картон қорапқа (құндылықтардың санатына қарай) буып-түйеді. Бағалы металдардан жасалған монеталарды ішкі тігіспен тігілген тығыз матадан жасалған екі қапқа (бірінің ішіне бірі салынып) буып-түюге рұқсат етіледі. Құндылықтар салынған жөнелтілімдер (құндылықтар салынған қаптардың ауыздары) ораманы және пломбаны бұзбай ашудың мүмкін еместігін қамтамасыз ететіндей түрде буылуы (тігілуі) және корғасын пломбамен пломбалануы тиіс.Жөнелтілімдерде (немесе қапқа таңбаларда) бағасы, өлшемдері: ұзындығы, ені, биіктігі сантиметрмен, брутто салмағы, алушының және жіберушінің мекенжайы, құндылықтардың бағалау құны (ілеспе хатта жөнелтілімдегі (қаптағы) құндылықтардың бағалау құны, құндылықтар тізімдемесі актісінің нөміріне сәйкес келетін жөнелтілім нөмірі (екі және одан көп жөнелтілім (қап) жіберген жағдайда) көрсетіледі. Құндылықтар бар бір жөнелтілімнің немесе қаптың ең жоғарғы салмағы он килограмнан аспауы тиіс. Құндылықтар бар жөнелтілімдерді (қаптарды) поштамен және қағаз пакеттермен жіберуге жол берілмейді.

      Уәкілетті орган құндылықтарды буып-түю кезінде пайдаланылатын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының қолымен және елтаңбалық мөрмен куәландырылған пломбалар бедерлерінің үлгілерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары мен Орталыққа ұсынады. Пломбалар бедерлерінің куәландырылған үлгілерін (олар ауыстырылған жағдайда бедерлердің жаңа үлгілері) уәкілетті орган құндылықтар бар жөнелтілімдерді (қаптарды) жібергенге немесе тапсырғанға дейін алдын ала ұсынады.";

      6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ілеспе хатта құндылықтар мүліктің қандай түріне жататындығы (тәркіленген, мұрагерлік, иесіз немесе қазына), оның мемлекет меншігіне қандай негіз бойынша өткені, оның кімнің иелігінде болғаны (егер ол белгілі болса) құндылықтарды тәркілеуге құжаттардың (сот шешімі, сот сараптамасының актілері, есептен шығару актілері және басқалар) көшірмелерін қоса беріледі, сондай-ақ жөнелтілімді (қапты) ашу және құндылықтарды саны бойынша қабылдау кезінде уәкілетті орган өкілінің міндетті қатысуының қажеттігі көрсетіледі немесе өз өкілінің қатысуынсыз жөнелтілімді (қапты) ашуға және құндылықтарды қабылдауға келісім беріледі. Ілеспе хатта бағалау құнын көрсетуге болады.";

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орталық Тізімдеме мен ілеспе хатты алған кезде жіберушіні және Ұлттық банктің аумақтық филиалын құндылықтары бар жөнелтілімдерді тапсыру мүмкіндігі туралы хабардар етеді немесе табылған сәйкессіздіктер туралы жіберушіге хабарлайды, ол аталған сәйкессіздіктерді құндылықтар салынған жөнелтілімдерді тапсырудан бұрын жояды.";

      16-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Соңғы қабылдау мен сұрыптау үшін Орталықтың комиссиясына жөнелтілімді (қапты) беру жөнелтілімдердің түсу кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Комиссия құндылықтарды қабылдау кезінде жіберушінің ілеспе құжаттарындағы деректерден құндылықтардың саны, бағалы металдың немесе асыл тастардың түрі, бағалы металдың сынамасы (бір бірліктен асып кетсе) мен бұйымның салмағы (құнды металдар бойынша 0,5 грамнан, асыл тастар бойынша 0,05 караттан көп) бойынша айырмашылықтары барлығы, сондай-ақ жіберушінің ілеспе құжаттарды рәсімдеуінде кемшіліктердің орын алғандығы туралы жіберушіге және Комитетке тиісті шаралар қабылдау үшін қабылдап алу және сұрыптау актісімен бірге анықталған айырмашылықтарды көрсете отырып наразылық құндылықтарды соңғы қабылдау үдерісі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жолданады.

      20. Бағалы металдардың салмағы мен сынамасын анықтау, түрлі құнды металдардың бөлінбейтін бөліктерінен тұратын, түрі бір сынамасы әртүрлі зергерлік қоспаларды, сонымен қатар күрделі бұйымдарды жіктеу және салмағын анықтау, бағалы металдардың түрі мен сынамасы бойынша сұрыптау бойынша барлық рәсімдер Орталықтың актісіне сәйкес жүзеге асырылады. Орталық бұйымдардағы өндіруші клеймосының/маркасының түпнұсқалылығын анықтамайды.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Құрылыстық қалдық түріндегі құндылықтар (жаңқа, ұнтақ, құнды металдардың ұсақ бөліктерінің көп мөлшері), сонымен қатар түйіршік, құм және катодты алтындар бағалы металдардың құрамын анықтау үшін сынақтан өткізіледі. Сынақ жүргізу кезіндегі сынақ қорытындылары соңғы болып есептеледі. Құндылықтарды, таңдап алынған және сараптамадан өткен үлгімен қоса қаптап, құндылықтардың тиісті түріне жатқызылады. Осы Қағидалардың 2-тармағының 14) тармақшасымен бекітілген талаптарға сәйкес қапталған құндылықтар да сынақтан кейін Орталық өкімімен қайтадан қоймаға қойылады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Орталықтағы құндылықтарды беру мына жағдайларда жүргізіледі:

      1) бағалауды жүргізу және құндылықтарды сату үшін уәкілетті органға беру;

      2) соттың шешімі бойынша одан әрі иесіне қайтару үшін уәкілетті органға беру.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Құндылықтарды Орталық бергеннен кейін оларды сақтауды және өткізуді сатушы мемлекеттік сатып алулар туралы шарт негізінде сауда ұйымдары арқылы қамтамасыз етеді.

      Сақтауға берілген құндылықтар сатуға дейін бағалануы тиіс. Құндылықтарға бағалауды жүргізу кезінде сауда ұйымы бағалаушының кіруін қамтамасыз етеді.Оларға бағалауды жүргізу үшін бағалаушының құндылықтарды ашуы және қарауы уәкілетті орган және сауда ұйымдары өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі, олардың нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалауды жүргізу үшін құндылықтарды ашу актісі жасалады.";

      мынадай мазмұндағы 41-1 және 41-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "41-1. Сатушы:

      1) сауда-саттықты өткізу мерзімдерін белгілейді;

      2) комиссия шешімінің негізінде құндылықтарды шығару мерзімдері мен ұзақтығын және сауда-саттықтан алып тастау күнін анықтайды;

      3) сауда ұйымдарының сауда-саттықтарды ұйымдастыруы және өткізуі барысын бақылауды жүзеге асырады;

      4) сауда ұйымдарымен есеп айырысуды жүзеге асырады;

      5) құндылықтарды сату үшін қажетті басқа іс-шараларды өткізеді.

      41-2. Сауда-саттықты өткізу және құндылықтарды сауда-саттықтан алып тастау туралы хабарлама тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      Сауда-саттық өткізу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді:

      1) құндылықтарды өткізетін сауда ұйымының атауын;

      2) құндылықтар туралы мәліметтерді (әрбір бұйымның атауы, шығарған елі (егер белгілі болса), бағалы металдың түрі, саны, ендірме саны, сынамасы/құрамы, жалпы, лигатуралық және химиялық таза салмағы (оларды есептеу мүмкін болғанда), ендірме сипаттамасы көрсетіле отырып);

      3) сауда ұйымының телефондары мен орналасқан жерін;

      4) сатушының шешімі бойынша қосымша ақпаратты қамтиды.";

      42, 43, 44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша құндылықтарды сату ашық сауда-саттыққа құндылықтарды шығару арқылы сауда ұйымдарымен жүзеге асырылады.

      43. Құнын анықтағаннан кейін сатушы күнтізбелік бес күн ішінде әрбір бұйымның атауы, шығарған елі (егер белгілі болса), бағалы металдың түрі, саны, ендірме саны, сынамасы/құрамы, жалпы, лигатуралық және химиялық таза салмағы, ендірме сипаттамасы, сондай-ақ сауда ұйымдарының сауда-саттықты өткізуі туралы көрсете отырып өткізілетін құндылықтар туралы ақпаратты тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.

      Құндылықтарды сауда ұйымдары арқылы сақтауға және сатуға беру осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдап алу-беру актісіне қол қою арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.

      Құндылықтарды сату сатушыдан хабарламаны алғаннан кейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей жүзеге асырылады. Хабарламада оларды сатқаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген деректемелер бойынша аударылуы тиіс соманы (алғашқы бағаны) көрсете отырып өткізілетін құндылықтар туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Сауда ұйымы құндылықтарды алғашқы бағадан төмен емес ашық сауда арқылы сатуға шығарады.

      Сауда ұйымы сатып алуға ниет білдіргендерге құндылықтарды қарауға еркін қолжеткізуді қамтамасыз етеді.

      Құндылықтар құнын бағалы металдардың химиялық таза салмағының құнынан, LBMA орташа есептелген фиксингі және орташа есептелген теңгенің құнды анықтағаннан кейін соңғы 12 ай АҚШ долларына орташа есептелген биржалық курсының құнынан төмендетуге болмайды.

      Сауда ұйымы сатушыға оған берілген құндылықтар туралы ай сайынғы есепті ұсынады.

      44. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасау үшін сауда ұйымын анықтауды сатушы мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      Сақтау мен сату туралы мемлекеттік сатып алу туралы шарт тараптардың іс-әрекеттерін, құндылықтарды сақтау және сату талаптарын, сатып алушыға меншік құқығы өткенге дейін құндылықтардың сақталуы мен мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілікті және өзге де ережелерді қарастырады.

      45. Алынып тасталған зергерлік қосымшаларды (зергерлік асыл тастардан басқа), сондай-ақ бағалы металдары бар бұйымдарды және бағалы металдары жоқ қалдықтарды өткізу немесе жою туралы шешімді уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 12 және 13-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Ғ.У. Ыбырайымов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрі

      М. Бекетаев

      2018 жылғы 15 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық банкінің төрағасы

      Д. Ақышев

      2018 жылғы 26 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2018 жылғы
28 ақпандағы
№ 322 бұйрығына
1-қосымша
Жекелеген негіздер бойынша
мемлекет
меншігіне айналдырылған
(түскен)
бағалы металдарды, асыл
тастарды
және олардан жасалған
бұйымдарды
тасымалдау, қабылдау, есепке
алу,
бағалау, сақтау және өткізу
ережелеріне
1-қосымша

      Нысан

      № ____ (нөмірі) құндылықтардың тізімдеме актісі

      ___________________________________________

      (республикалық немесе коммуналдық меншік екенін көрсету)

      ____________________________________________

      (коммуналдық меншіктегі аудан немесе облыстық маңызы бар қаланы көрсету)

№ р/с

Құндылықтардың толық сипаттамасы (бағалы метал мен тастың түрін көрсетумен әр заттың ерекше белгілері)

Саны, дана/орны

Салмағы, грамм

Сынамасы/құрамы
%

1

Әрбір сотталған адам бойынша

3

4

5

1

Алтын жеңтүйме

2

3,45

585

2

Жасыл түсті тастары бар алтын сырғалар

2

7,11

585

3

Жиынтық:





Жасыл түсті тастары бар күміс сырғалар

2

7,11

925


Жасыл түсті тастары бар күміс сақина

1

2,42

925


Жасыл түсті тастары бар күміс аспа

1

3,00

925


Барлығы әрбір сотталған адам бойынша





ЖИЫНЫ




      Ескерту: нысан мысал ретінде толтырылды

      Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы

      Лауазымы _____________________ тегі, аты, әкесінің аты

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2018 жылғы
28 ақпандағы № 322
бұйрығына 2-қосымша
Жекелеген негіздер бойынша
мемлекет
меншігіне айналдырылған
(түскен)
бағалы металдарды, асыл
тастарды
және олардан жасалған
бұйымдарды
тасымалдау, қабылдау, есепке
алу,
бағалау, сақтау және өткізу
ережелеріне
5-қосымша

      Нысан

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі" республикалық мемлекеттік мекемесінің

      Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиал)

      Парақтар Парақ

      Бағалы металдар қорытпадағының және гигроскопиялық материалдармен

      құндылықтардың массаны есеп карточкасы


р/с

Құндылықтардың атауы

Актінің № және күні

Металдың түрі

Пробасы, мөлшері, %

Саны, дана

Есепке алынған жалпы масса, грамм

1

2

3

4

5

6

7









Жиыны






 

Бақылау – өлшеуде жалпы масса, грамм

Массаның айырмасы, грамм

Бақылау – өлшеудің себебі

Орындаушы

Қолы

8

9

10

11

12











  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2018 жылғы
28 ақпандағы № 322 бұйрығына
3-қосымша
Жекелеген негіздер бойынша
мемлекет
меншігіне айналдырылған
(түскен)
бағалы металдарды, асыл
тастарды
және олардан жасалған
бұйымдарды
тасымалдау, қабылдау, есепке
алу,
бағалау, сақтау және өткізу
ережелеріне
12-қосымша

      Уәкілетті орган ______________________

      №___ дана

      БЕКІТЕМІН

      Басшы _______________________

      _____________ тегі, аты, әкесінің аты

      "__" _________________ 20__ жыл

Бағалауды жүргізу үшін құндылықтарды ашудың №______АКТІСІ

      Сауда ұйымының материалдық жауапты тұлғасы:

      __________________________ лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған

      жағдайда) № ____ күні _____ бұйрығының/өкімінің негізінде, уәкілетті орган

      өкілінің _______________ лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      және бағалаушының өкілі _______________ лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда) қатысуымен _______________ _____________ мекенжайындағы

      № _________ құндылықтарды ашуды жүргізді.

      Құндылықтар сипаттамасы:

Саны, дана/орын:

Санмен (Жазумен)

Жалпы/лигатуралық массасы, грамм

Санмен (Жазумен)

Лигатуралық массасы, унция:

Санмен (Жазумен)

Химиялық таза массасы, грамм

Санмен (Жазумен)

Химиялық таза массасы, унция:

Санмен (Жазумен)


Қаптау түрі

Саны

Бедерлерін сипаттау

Саны






      Сауда ұйымының материалдық жауапты тұлғасы

Лауазымы

_____________________ тегі, аты, әкесінің аты

      Уәкілетті органның өкілі

Лауазымы

_____________________ тегі, аты, әкесінің аты

      Бағалаушының өкілі

Лауазымы

_____________________ тегі, аты, әкесінің аты

      Акт 3 данада жасалды: 1-іншісі – уәкілетті органда қалады, 2-ншісі

      – сауда ұйымына және 3-іншісі – бағалаушыға.

      Есептілік № _____ күні _____

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2018 жылғы
28 ақпандағы № 322 бұйрығына
4-қосымша
Жекелеген негіздер бойынша
мемлекет
меншігіне айналдырылған
(түскен)
бағалы металдарды, асыл
тастарды
және олардан жасалған
бұйымдарды
тасымалдау, қабылдау, есепке
алу,
бағалау, сақтау және өткізу
ережелеріне
13-қосымша

      Уәкілетті орган ______________________

      №___ дана

      БЕКІТЕМІН

      Басшы _______________________

      _____________ тегі, аты, әкесінің аты

      "__" _________________ 20__ жыл

Құндылықтарды қабылдап алу-берудің №_____АКТІСІ

      Құндылықтардың атауы: ______________________

      Шоттың атауы ______________

      Беру үшін негіз: Құжаттың атауы ________ № _______ күні _____

      Іс жүзінде берілгені:

Саны, дана/орын:

Санмен (Жазумен)

Жалпы/лигатуралық массасы, грамм

Санмен (Жазумен)

Лигатуралық массасы, унция:

Санмен (Жазумен)

Химиялық таза массасы, грамм

Санмен (Жазумен)

Химиялық таза массасы, унция:

Санмен (Жазумен)


Қаптау түрі

Саны

Бедерлерін сипаттау

Саны






      Сауда ұйымының өкілі: __________ тегі, аты, әкесінің аты

      Құндылықтарды алу кезінде _______ күні

      № _____ сенімхат көрсетілді

Саны:
Жалпы/лигатуралық массасы, грамм:
Химиялық таза массасы, грамм:

Санмен
Санмен
Санмен

      Бергендер:

      Уәкілетті органның материалдық жауапты тұлғасы

      __________ тегі, аты, әкесінің аты

      Қабылдаған:

      Сауда ұйымының материалдық жауапты тұлғасы

      ___________ тегі, аты, әкесінің аты

      Акт 2 данада жасалды: 1-еуі – Уәкілетті органға, 2-ншісі – Сауда ұйымына.

      Есептілік № _____ күні _____