"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 18 сәуірде № 16770 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 321 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10938 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 321 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 295 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14054 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ________________ Д. Абаев

      2018 жылғы 2 сәуірдегі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 15 наурыздағы
№ 104 бұйрығымен
бекітілген

"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету туралы қолдаухаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 40 (қырық) күн:

      көрсетілетін қызметті беруші қолдаухатты алған күннен бастап күнтiзбелiк 10 (он) күн iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушыны қолдаухаттың қарауға қабылданғаны туралы немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабардар етеді.

      порталда қолдаухаттың толықтығын қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" қолдаухаттың қарауға қабылданғаны туралы хабарлама түрінде не тіркелу күні мен нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қолдаухатты қарауға қабылдаудан дәлелді бас тарту жолданады;

      экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы қолдаухатты қарау мерзiмi қолдаухат қарауға қабылданған кезден бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспауға тиiс;

      мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті беруші немесе сот аталған қолдаухат немесе онымен байланысты басқа қолдаухат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн қолдаухатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады, ол жөнiнде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мұндай шешiм қабылданған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде қағаз жеткізгіште және (немесе) портал арқылы хабардар етеді;

      қосымша мәлiметтердi және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңінде, сондай-ақ тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу кезінде қолдаухатты қарау мерзiмi тоқтатыла тұрады, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мұндай шешiм қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде қағаз жеткізгіште және (немесе) портал арқылы хабардар етеді;

      мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттiк органдар қосымша мәлiметтердi және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейiн қайта басталады, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде қағаз жеткізгіште және (немесе) портал арқылы хабардар етеді;

      көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру үшін белгілейтін мерзім 5 (бес) жұмыс күнінен кем болмауға тиіс;

      көрсетілетін қызметті берушінің қолдаухатты қараудың тоқтатылғаны туралы актісі шешім қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолданады.

      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе немесе портал арқылы құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: экономикалық шоғырлануға келісім беру/егер экономикалық шоғырлану бәсекелестікті шектеуге әкеп соғатын болса, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы туралы дәлелді жауабы болса, дәлелді қорытынды бере отырып экономикалық шоғырлануға тыйым салу.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – электрондық.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті адамның қолымен расталады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қолдаухаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін беру кестесі: сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;

      2) порталдың жұмыс кестесі – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тәулік бойы.

      9. Мемлекеттік қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынатын құжаттардың тізбесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухат, оған мынадай құжаттар, ақпараттар (мәліметтер) қоса беріледі:

      1) нарық субъектісін біріктіру немесе қосу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша:

      тұлғаның немесе уәкiлеттi органның нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру туралы шешiмiнiң жобасы;

      қызмет түрлерiнде немесе олардың iскерлiк операциялары географиясында жоспарланып отырған өзгерiстердi қоса алғанда, нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру мақсатының негiздемесi;

      құрылатын нарық субъектiсiнiң бекiтiлген жарғысы мен құрылтай шарты немесе олардың жобалары;

      құрылатын нарық субъектiсiне берiлетiн мүлiкті берудің мәлiметтері мен шарттарының тiзбесi;

      қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң әрқайсысы бойынша, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:

      жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы, тұрғылықты жері туралы мәліметтер және заңды мекенжайы;

      атауы, заңды және нақты мекенжайлары;

      жарғылық капиталының мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi;

      акциялардың түрлерi;

      нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;

      қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерi өндiретiн және өткiзетiн тауарларды өндiру мен өткiзудiң, тауарлардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

      қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн сол бір тауарларды немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

      осы мәмiленi жасасу нәтижесiнде сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзу болжамы;

      2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларын (қатысу үлестерін, пайларды) сатып алуы бойынша, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейін осы нарық субъектісінің акцияларына (жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне, пайларына) билік етпесе немесе аталған нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, пайлардың) елу немесе одан да аз пайызына билік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) аталған акциялардың (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, пайлардың) елу пайыздан астамына билік ету құқығына ие болады:

      шарт немесе шарттың жобасы не мәмiленiң жасалғанын растайтын өзге де құжат;

      сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:

      жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;

      атауы, заңды және нақты мекенжайлары;

      жарғылық капиталының мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi;

      акциялардың түрлерi;

      өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға ұқсас тауарларды немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

      басқа да нарық субъектілерінің атқарушы органының, директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелері болып табылатын, атқарушы орган, директорлар кеңесі (байқау кеңесінің) мүшелерінің лауазымы көрсетілген тізімі;

      өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген мынадай іс-әрекеттер жасалатын нарық субъектісінің тауарларды өндіру мен өткізу, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемі;

      өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

      мәмiле жасалғаннан кейiн өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты сатып алушы алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны мен орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;

      сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы;

      3) егер мәміленің (өзара байланысты мәмілелердің) нысанасын құрайтын мүліктің баланстық құны мүлікті иеліктен шығаратын немесе басқаға беретін нарық субъектісінің негізгі өндірістік құралдары мен материалдық емес активтері баланстық құнының он пайызынан асып кетсе, нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектісінің негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін, оның ішінде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебіне меншікке алу, иелену және пайдалану бойынша:

      шарт немесе шарттың жобасы;

      сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:

      жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;

      атауы, заңды және нақты мекенжайлары;

      жарғылық капиталының мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi;

      акциялардың түрлерi;

      сатып алынатын мүлiктi пайдаланумен өндiрiлетiн сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

      баланстық құны көрсетіле отырып, мәміленің нысанасын құрайтын мүліктің тізбесі;

      тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктiң қандай тауарларды шығару үшiн пайдаланылғаны және пайдаланылатыны туралы мәлiметтер;

      тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктi пайдаланумен тауарларды өндiру мен өткiзу болжамы;

      сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы.

      4) нарық субъектiсiнiң өзі кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiне орындауға мiндеттi нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарт, бiрлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негiзiнде) құқықтарды алуы бойынша:

      заңды тұлға растаған шарттың (шарт жобасының) көшiрмесi не мәміленің жасалғанын (оны жасасу ниетін) растайтын өзге де құжат;

      сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:

      жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;

      атауы, заңды және нақты мекенжайлары;

      жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;

      акциялардың түрлерi;

      өзiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға ұқсас тауарларды немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

      нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;

      өзiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiруi мен өткiзуiнiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

      өзiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

      өздерiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;

      осы мәмiленi жасасу нәтижесiнде сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзу болжамы;

      5) сол бiр жеке тұлғалардың екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне немесе басқарудың басқа да органдарына аталған жеке тұлғалардың осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындау жағдайында қатысуы қатысуы үшін:

      екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне және басқа да басқару органдарына қатысуы болжанатын жеке тұлға туралы мәлiметтер:

      жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, өкiлеттiктерiн көрсете отырып, осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзудiң шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн азаматтығы, жұмыс орны, атқаратын лауазымы туралы мәліметтер;

      заңды тұлғалар тiзбесi, онда хабарламаны (қолдаухатты) жіберуші (беруші) тұлға өкiлеттiктерiн көрсете отырып, кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайды;

      хабарламаны (қолдаухатты) жіберуші (беруші) тұлға тағайындалатын немесе сайланатын заңды тұлғаның (тұлғалар тобының) және басқару органының атауы;

      хабарламаны (қолдаухатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiндегi лауазымның атауы;

      хабарламаны (қолдаухатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiнде осы тұлғаға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн құқықтар тiзбесi;

      хабарламаны (қолдаухатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарықтың әрбiр субъектiсi және тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:

      нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;

      тауарлар өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

      хабарламаны (қолдаухатты) жіберуші (беруші) тұлғаның қатысуы жоспарланатын нарық субъектiсi, сондай-ақ осы тұлға кiретiн тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:

      нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;

      хабарламаны (қолдаухатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарық субъектiсi мен тұлғалар тобы өндiретiн және өткiзетiн сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi.

      6) шетелдік заңды тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы тармағына сәйкес ұсынылатын ақпараттан басқа қосымша мыналарды:

      өзi тұрған елдiң заңнамасына сәйкес өзінің заңды мәртебесiн растайтын, шыққан елiнің сауда тiзiлiмiнен немесе өзге де балама құжаттан нотариат куәландырған үзiндi көшiрмені;

      егер шетелдiк заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тiркелген филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалды немесе өкiлдiктi есептiк тiркеу туралы мәлiметтерді және филиал немесе өкiлдiк туралы ереженiң көшiрмесiн;

      егер шетелдiк заңды тұлғаның немесе шетелдік қатысатын нарық субъектiсiнiң – сатып алушының Қазақстан Республикасында филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалдың немесе өкiлдiктiң Қазақстан Республикасында өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларының түрлерi тiзбеленген ақпаратты ұсынады.

      Портал арқылы қолдаухатты жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта қөзделген мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды порталға электрондық немесе сканерленген түрде жүктейді.

      Егер қосымша мәлiметтердiң, құжаттардың болмауы қолдаухатты қарауға кедергi келтiретiн болса, көрсетілетін қызметті беруші жазбаша түрде және (немесе) электрондық түрде "жеке кабинетке" тиісті сұрау жіберу арқылы оларды көрсетілетін қызметті алушыдан сұратуға құқылы.

      Көрсетілетін қызметті алушы сұралған ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе портал арқылы электрондық түрде ұсынады.

      Қызмет берушінің кеңсесінде қызметті алушы құжатының көшірмесіне қойылған белгі (тіркеу туралы) немесе порталда қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраудың қабылданғаны туралы мәртебесін жіберуі құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 18-тарауда белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі жағдайларында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден тоқтату үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушылардан қолдаухатты кері қайтарып алу туралы хабарламаның түсуі;

      2) егер мұндай ақпараттың болмауы қолдаухатты қарауға кедергі келтіретін болса, көрсетілетін қызметті алушының ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші белгілеген мерзімде бермеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушының қолдаухатты объективті түрде қарауға ықпал ететін дәйексіз ақпарат беруі негіз болып табылады.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не мына: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, 7-кіреберіс мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі, телефон: 8 (7172) 74-36-19, 74-31-51, 74-29-62, факс: 8 (7172) 74-32-99.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

      Шағым қабылданған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы өзінің тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына не Министрлік басшысының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы қаралуға қабылданған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегі уәкiлеттi органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында, көрсетілетін қызметті берушінің kremzk.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: Министрліктің www.economy.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің kremzk.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Экономикалық шоғырлануға
келісім беру туралы
қолдаухаттарды қарау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестікті және
тұтынушылардың
құқықтарын қорғау
комитетінің төрағасы
___________________________
(барыс септігінде)
___________________________
(шығыс септігінде)
(толық атауы және (немесе)
көрсетілетін қызметті
алушының аты, әкесінің аты
(болған жағдайда),
тегі, БСН және (немесе) ЖСН
(болған жағдайда)

Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухат

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 200-бабының 2-тармағына сәйкес

      ________________________________________________________________________________

      (мәміленің, іс-әрекеттің

      мәні мен тараптары көрсетілген мәміленің, іс-әрекеттің сипаттамасы)

      ________________________________________________________________________________

      қамтитын экономикалық шоғырлануға келісім беруіңізді сұраймын.

      Осы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухат ___________________

      ________________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 201-бабы 1-тармағының тармақшасы

      көрсетіледі)

      ________________________________________________________________________________

      негізінде________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының атауы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      тегі көрсетіледі)

      беріліп отыр.

      Құжаттама_________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 204-бабының

      тармағы көрсетіледі) сәйкес қоса беріледі.

      Ұсынылып отырған құжаттар нөмірленген және тігілген (электрондық жеткізгіш қоса беріледі).

      Ұсынылып отырған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен анықтығын растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

      Басшының немесе оны алмастыратын

      тұлғаның қолтаңбасы ____________________________________________________ Мөр орны

      Қолдаухат берілген күн ______________________________________________________

      Өкілдің байланыс мәліметтері ________________________________________________