"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 321 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 10938 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 104 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың орыс тіліндегі мәтіннің тақырыбына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2016 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспенің орыс тіліндегі мәтіне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2016 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи қорғау монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің Бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ___________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 10 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі
№ 321 бұйрығымен бекітілген

"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды
қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметінің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      беру қағаз түрінде кеңсе арқылы және (немесе) электрондық түрде ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз нысанында ресімделеді немесе электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" жолданады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 40 (қырық) күн:

      көрсетілетін қызметті беруші қолдаухатты алған күнінен бастап күнтiзбелiк 10 (он) күн iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексеруге және көрсетілетін қызметті алушыны қолдаухатты қарауға қабылдағаны туралы немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.

      мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті беруші немесе сот аталған қолдаухат немесе онымен байланысты басқа қолдаухат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн қолдаухатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады, ол жөнiнде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мұндай шешiм қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде жазбаша және (немесе) электрондық түрде хабардар етуге мiндеттi;

      қосымша мәлiметтердi және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңiнде қолдаухатты қарау мерзiмi тоқтатыла тұрады, ол жөнінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мұндай шешiм қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде жазбаша және (немесе) электрондық түрде хабардар етуге мiндеттi;

      мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттiк органдар қосымша мәлiметтердi және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейiн қайта басталады, ол жөнiнде көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде жазбаша және (немесе) электрондық түрде хабардар етуге мiндеттi.

      Порталда қолдаухаттың толықтығын қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" уәкілетті органның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, тіркеу күні мен нөмірі көрсетілген қолдаухаттың қарауға қабылданғаны не қолдаухаттың қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлама түрінде жолданады.

      Экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы қолдаухатты қарау қайта басталған күнінен бастап қарау мерзiмiнің өтуі жалғасады;

      көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру үшін белгілейтін мерзім 5 (бес) жұмыс күнінен кем болмауға тиiс;

      көрсетілетін қызметті берушінің қолдаухатты қарау тоқтатылғаны туралы актісі шешім қабылданған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолданады.

      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат етілген күтудің ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

      Көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қабылдауы алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

      1) экономикалық шоғырлануға келісім беру;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша дәлелді қорытынды бере отырып, экономикалық шоғырлануға тыйым салу (егер экономикалық шоғырлану бәсекелестікті шектеуге әкеп соғатын болса).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: электрондық.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады мөрімен және көрсетілетін қызметті берушінің және уәкілетті тұлғасының қолымен расталады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қолдаухаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі: сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

      Көрсетілетін қызметті берушіден қолдаухаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

      Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

      9. Мемлекеттік қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынатын мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттардың тізбесі:

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес қолдаухат, оған мынадай құжаттар, ақпараттар (мәліметтер) қоса беріледі:

      1) нарық субъектісін біріктіру немесе қосу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша:

      - тұлғаның немесе уәкiлеттi органның нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру туралы шешiмiнiң жобасы;

      - қызмет түрлерiнде немесе олардың iскерлiк операциялары географиясында жоспарланып отырған өзгерiстердi қоса алғанда, нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру мақсатының негiздемесi;

      - құрылатын нарық субъектiсiнiң бекiтiлген жарғысы мен құрылтай шарты немесе олардың жобалары;

      - құрылатын нарық субъектiсiне берiлетiн мүлiкті беру мәлiметтері мен шарттарының тiзбесi;

      - қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң әрқайсысы бойынша, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:

      жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;

      атауы, заңды және нақты мекенжайлары;

      жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;

      акциялардың түрлерi;

      - нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;

      қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерi өндiретiн және өткiзетiн тауарларды өндiру мен өткiзудiң, тауарлардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

      - қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол тауарларды немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

      - нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiнде өндiру мен өткiзу болжамы;

      2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларды (қатысу үлестерін, пайларды) сатып алуы бойынша, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейін осы нарық субъектісінің акцияларына (жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне, пайларына) билік етпесе немесе аталған нарық субъектісінің дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, пайлардың) жиырма бес немесе одан да аз пайызына билік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) аталған акциялардың (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, пайлардың) жиырма бес пайыздан астамына билік ету құқығына ие болады:

      - шарт немесе шарттың жобасы не мәмiленiң жасалғанын растайтын өзге де құжат;

      сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:

      жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;

      атауы, заңды және нақты мекенжайлары;

      жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;

      акциялардың түрлерi;

      өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

      басқа да нарық субъектілерінің атқарушы органының, директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелері болып табылатын, атқарушы органның, директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) лауазымы көрсетілген мүшелерінің тізімі;

      өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-әрекеттер жасалатын нарық субъектісінің тауарларды өндіру мен өткізу, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемі;

      өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

      мәмiле жасалғаннан кейiн өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты сатып алушы алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;

      нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы;

      3) егер мәміленің (өзара байланысты мәмілелердің) нысанасын құрайтын мүліктің теңгерімдік құны мүлікті иеліктен шығаратын немесе басқаға беретін нарық субъектісінің негізгі өндірістік құралдары мен материалдық емес активтері теңгерімдік құнының он пайызынан асып кетсе, нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектісінің негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін, оның ішінде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебіне меншікке алу, иелену және пайдалану бойынша:

      шарт немесе шарттың жобасы;

      сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:

      жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;

      атауы, заңды және нақты мекенжайлары;

      жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;

      акциялардың түрлерi;

      сатып алынатын мүлiктi пайдалану арқылы өндiрiлетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

      баланстық құны көрсетіле отырып, мәміленің нысанасын құрайтын мүліктің тізбесі;

      тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктiң қандай тауарларды шығару үшiн пайдаланылғаны және пайдаланылатыны туралы мәлiметтер;

      тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктi пайдалану арқылы тауарларды өндiру мен өткiзу болжамы;

      нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы.

      4) нарық субъектісінің кәсіпкерлік қызметті басқа нарық субъектісі жүргізген кезде олардың орындауына міндетті нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін (оның ішінде сенімгерлік басқару туралы шарт, бірлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негізінде) құқықтар алуы бойынша:

      заңды тұлға растаған шарттың (шарт жобасының) көшiрмесi не мәміленің жасалғанын (оны жасасу ниетін) растайтын өзге де құжат;

      сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:

      жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;

      атауы, заңды және нақты мекенжайлары;

      жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;

      акциялардың түрлерi;

      өзiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

      нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;

      өзiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiруi мен өткiзуiнiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

      өзiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

      өздерiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;

      нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы.

      5) бір ғана жеке тұлғалардың екі және одан да көп нарық субъектілерінің атқарушы органдарына, директорлар кеңесіне, байқау кеңестеріне немесе басқарудың басқа да органдарына аталған жеке тұлғалардың осы субъектілердің кәсіпкерлік қызметін жүргізу жағдайларын айқындау шартымен қатысуы үшін:

      екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне және басқа да басқару органдарына қатысуы көзделетiн жеке тұлға туралы мәлiметтер:

      жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, өкiлеттiктерiн көрсете отырып, осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзудiң шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн азаматтығы, жұмыс орны, атқаратын лауазымы туралы мәліметтер;

      заңды тұлғалар тiзбесi, онда хабарламаны (қолдаухатты) жіберуші (беруші) тұлға өкiлеттiктерiн көрсете отырып, кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайды;

      хабарламаны (қолдаухатты) жіберуші (беруші) тұлға тағайындалатын немесе сайланатын заңды тұлғаның (тұлғалар тобының) және басқару органының атауы;

      хабарламаны (қолдаухатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiндегi лауазымның атауы;

      хабарламаны (қолдаухатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiнде осы тұлғаға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн құқықтар тiзбесi;

      хабарламаны (қолдаухатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарықтың әрбiр субъектiсi және тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:

      нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;

      тауарлар өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

      хабарламаны (қолдаухатты) жіберуші (беруші) тұлғаның қатысуы жоспарланатын нарық субъектiсi бойынша, сондай-ақ осы тұлға кiретiн тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:

      нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;

      хабарламаны (қолдаухатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарық субъектiсi мен тұлғалар тобы өндiретiн және өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi.

      6) шетелдік заңды тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы тармағына сәйкес берілетін ақпараттан басқа қосымша мыналарды:

      өзi тұрған елдiң заңнамасына сәйкес оның заңды мәртебесiн растайтын, шыққан елiнің сауда тiзiлiмiнен немесе өзге де балама құжаттан нотариат куәландырған үзiндi көшiрмені;

      егер шетелдiк заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тiркелген филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалды немесе өкiлдiктi есептiк тiркеу туралы мәлiметтерді және филиал немесе өкiлдiк туралы ереженiң көшiрмесiн;

      егер сатып алушының – шетелдiк заңды тұлғаның немесе шетелдік қатысуы бар нарық субъектiсiнiң Қазақстан Республикасында филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалдың немесе өкiлдiктiң Қазақстан Республикасында өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларының түрлерi тiзбеленген ақпаратты береді.

      Егер қосымша мәлiметтердiң және (немесе) құжаттардың болмауы қолдаухатты қарауға кедергi келтiретiн болса, көрсетілетін қызметті беруші жазбаша түрде және (немесе) электрондық түрде "жеке кабинетке" тиісті сұрауды жіберу арқылы оларды көрсетілетін қызметті алушыдан сұратуға құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде күні және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қолы көрсетілген көрсетілетін қызмет алушы құжаттарының көшірмесіндегі белгі (тіркеу туралы) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты қабылдаудан бас тартады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2016 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту (қолдаухаттарды қарауды тоқтату) үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушылардан қолдаухатты кері қайтарып алу туралы хабарламаның түсуі;

      2) егер мұндай ақпараттың болмауы қолдаухатты қарауға кедергі келтіретін болса, көрсетілетін қызметті алушының ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші белгілеген мерзімде бермеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушының қолдаухатты объективті түрде қарауға ықпал ететін дәйексіз ақпарат беруі негіз болып табылады.

3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым мына мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі: 01000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, "Министрліктер үйі", 4-кіреберіс, телефондар: 8 (7172) 74-91-18, 74-95-07, факстар: 8 (7172) 74-96-10.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

      Шағым қабылданған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы өзінің тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) не заңды, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына не Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол қаралуға қабылданған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайлары: Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында, көрсетілетін қызметті берушінің krem.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында, көрсетілетін қызметті берушінің krem.gov.kz ресми интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Экономикалық шоғырлануға келісім
беру туралы өтінішхаттарды қарау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Табиғи монополияларды реттеу және

      бәсекелестікті қорғау комитетінің

      бірінші басшысы

      _________________________________

      _________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының

      толық атауы және (немесе) ТАӘ

      (болған жағдайда),

      БСН және ЖСН (болған жағдайда)

Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2016 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 200-бабының

      2-тармағына сәйкес

      _____________________________________________________________________

      (мәміленің, іс-әрекеттің мәні мен тараптары көрсетілген мәміленің,

      іс-әрекеттің сипаттамасы)

      қамтитын экономикалық шоғырлануға келісім беруді сұраймын.

      Осы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат

      _____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 201-бабы 1-тармағының

      тармақшасы көрсетіледі)

      негізінде____________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының атауы (ТАӘ) (болған жағдайда)

      көрсетіледі)

      Құжаттама

      _____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 204-бабының тармағы

      көрсетіледі)

      сәйкес қоса беріледі.

      Ұсынылып отырған құжаттар нөмірленген және тігілген

      (электрондық жеткізгіш қоса беріледі).

      Ұсынылып отырған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен

      дұрыстығын растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

      Уәкілетті тұлғаның қолы.