"Интернетке қоғамдық қол жеткізу пункттерінде Интернетке қол жеткізудің қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 67 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 сәуірде № 16748 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Интернетке қоғамдық қол жеткізу пункттерінде Интернетке қол жеткізудің қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 67 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13154 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 2 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Д. Абаев