Интернетке қоғамдық қол жеткізу пункттерінде Интернетке қол жеткізудің қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 ақпанда № 13154 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 104 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 27.03.2018 № 24/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 65 бұйрығымен бекітілген

Қалааралық және халықаралық байланыс
операторларының желілерін интернет-трафик алмасу
нүктесіне жалғау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) байланыс операторы – Қазақстан Республикасында тіркелген, байланыс қызметтерiн көрсететін заңды тұлға;

      2) интернет-трафик – белгілі бір уақыт кезеңінде Интернетке жалғау арқылы берілетін және қабылданатын ақпараттың көлемі;

      3) интернет-трафик алмасу нүктесі – Қазақстан Республикасының аумағында қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының интернет-трафигін өткізу (алмасу) жөніндегі аппараттық-бағдарламалық кешен;

      4) қалааралық және халықаралық байланыс операторы – қалааралық және халықаралық байланыс жолдарын, қалааралық және халықаралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі трафик транзиті және басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;

      5) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;

      6) трафикті өткізу – байланыс қызметтерін (телекоммуникация желілерін) пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру.

2. Қалааралық және халықаралық байланыс операторларының
желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне жалғау тәртібі

      3. Интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау үшін қалааралық және халықаралық байланыс операторлары мемлекеттік техникалық қызметке осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғаудың техникалық шарттарын беруге өтінішті (бұдан әрі – өтініш) жібереді.

      4. Мемлекеттік техникалық қызмет өтінішті алуынан кейін бес жұмыс күні ішінде қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторына техникалық шарттар береді.

      Өтініште дұрыс емес ақпарат көрсетілген жағдайда, мемлекеттік техникалық қызмет үш жұмыс күні ішінде қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторына қараудан бас тарту себептері негізделген интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғаудың техникалық шарттарын беруден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді жауап жібереді.

      5. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы техникалық шарттарды алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік техникалық қызметке интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғауға әзірлігі туралы жазбаша түрде хабарлайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерде интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғауға әзірлігі туралы ақпарат жоқ болған жағдайда, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес өтінішті қайтадан береді.

      6. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторынан интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғауға әзірлігі туралы ақпаратты алғаннан кейін мемлекеттік техникалық қызмет жеті жұмыс күні ішінде берілген интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғаудың техникалық шарттарына сәйкес интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау туралы шартты жасасады.

      7. Интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау туралы шартқа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік техникалық қызмет қалааралық және(немесе) халықаралық байланыс операторын интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғауды жүзеге асырады.

  Қалааралық және халықаралық
байланыс операторларының
желілерін интернет-трафик алмасу
нүктесіне жалғау қағидаларына
қосымша

      Нысан

Интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғаудың
техникалық шарттарын беруге
өтініші

      _____________________________________________ негізінде әрекет ететін

      _____________________________________________________________________

      Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

      _____________________________________________________________________

      лауазым атауы

      атынан

      _____________________________________________________________________

      қалааралық және халықаралық байланыс операторы

      лицензия №___________________ берілген күні _________________________

      _____________________________________________________________________

      байланыс операторының бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      _____________________________________________________________________

      байланыс қызметтерінің атауы

      _____________________________________________________________________

      байланыс қызметтерін көрсету аумағы

      Интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғаудың техникалық шарттарын

      беруді сұрайды.

      __________ 20__жылғы "____" ______________

      қолы

      МО (бар болса)