Салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 412 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16690 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 26-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1._Осы салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша көлік салығын төлеушілер туралы, қоса берілген қағидалары, мәліметтерді ұсыну мерзімі және нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________Ж.М.Қасымбек

      2018 жылғы 28 ақпан


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрi

      _____________Қ.Н.Қасымов

      2018 жылғы 22 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 28 наурыздағы
№ 412 бұйрығымен
бекітілген

Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мемлекеттік уәкілетті органдар мәліметтерді ұсыну қағидалары, мәліметтерді ұсыну мерзімі және нысаны

1-тарау. Жалпы ережелер

      1._ Осы салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары, мәліметтерді беру мерзімі және нысаны сәйкес салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша есеп пен тіркеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі мен оның бөлімшелері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен оның бөлімшелерінен (бұдан әрі – мемлекеттік уәкілетті органдар) көлік құралдарына салығына салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 26-бабының 3-тармағына сәйкес тәртібі мен мерзімін белгілейді.

2-тарау. Мәліметтерді беру тәртібі

      2. Мәліметтер қағаз жеткізгіште электрондық нұсқасын (флеш-жады жеткізгіші ретінде пайдаланылатын есте сақтау құрылғысы арқылы, Microsoft Excel форматында) қоса бере отырып, екі данада қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасалады:

      1)_бірінші данасы уәкiлеттi органда қалады;

      2) екінші данасы мемлекеттік кірістер органына жіберіледі.

      3. Мемлекеттік кірістер органына жіберілетін мәліметтерге уәкiлеттi органның басшысы не оны ауыстыратын тұлға, сондай-ақ мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлға қол қояды және мөрмен куландырылады.

      4. Мемлекеттік кірістер органының мәліметтерді қабылдауға жауапты қызметкері тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), лауазымын және алған күнін көрсете отырып мәліметтерді алғанын растап қол қояды.

      5. Уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі бірінші айдың он бесінен кешіктірілмеген мерзімде мемлекеттік кірістер органына мәліметтерді өткен салық кезеңі (күнтізбелік жыл) үшін осы қағидалардың қосымшасына сәйкес салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар көлік салығын төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәлiметтерді ұсынуі қажет.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 28 наурыздағы
№ 412 бұйрығымен
бекітілген
Нысан

Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар көлік салығын төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәлiметтер 20___ жыл үшін

Көлік құралы иелерінің
заңды тұлғалардың атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

БСН / ЖСН

Тұрғылықты орнының немесе заңды мекен-жайы

Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша коды

КҚ есепке қойған күн

КҚ есептен шығарған күн

КҚ тұрі

1

2

3

4

5

6

7

8









      Кестенің жалғасы:

КҚ маркасы, моделі және модификациясы

Мемлекеттік Нөмірлі таңба

Идентификациялық номірі ( VIN –код көрсетіледі, кузов нөмірі, немесе кеменің бортті тіркеу нөмірі)

КҚ қозғағышының көлемі, текше.см

Жүк көтергіштігі, (тіркемелерді есепке алмағанда)тонна

КҚ отыратын орын саны

Қозғалтқыштың қуаты,ат кұштілігі немесе клвт/ч куштілігі

9

10

11

12

13

14

15








______________________________________________________________________
(саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өңірлік органы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________
(Мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Жасалған күні 20__ ж. "___"______________________

__________
(қолы, МО)
__________
(қолы)

      Ескерту: "Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар көлік салығын төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәлiметтер" нысанын толтыру жолы осы нысаның-қосымшасында көрсетілген.

      Абревиатураларды ашып жазу:

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі

      КҚ – көлік құралдары

  "Салық салу объектілері және
(немесе) салық салуға байланысты
объектілері бар көлік салығын
төлеушілер туралы, сондай-ақ салық
салу объектілері және (немесе) салық
салуға байланысты объектілер туралы
мәліметтер" нысанның қосымшасы

"Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар көлік салығын төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер" нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      "Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар көлік салығын төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер" нысаны мынадай жолмен толтырылады:

      деген 1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі. Кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.

      деген 2-бағанда арнайы су пайдалануға рұқсат алған заңды тұлғалардың толық атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.

      деген 3-бағанда 2-бағанда көрсетілген заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе 2-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      деген 4-бағанда тұрғылықты орнының немесе заңды мекен-жайы көрсетіледі.

      деген 5-бағанда "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2-бағанда көрсетілген тұлғалардың мекен-жайының әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеуіші бойынша коды көрсетіледі.

      деген 6-бағанда көлік құралын есепке қойған күні көрсетіледі.

      деген 7-бағанда көлік құралын есептен шығарған күні көрсетіледі.

      деген 8-бағанда көлік құралының тұрі көрсетіледі.

      деген 9-бағанда көлік құралының маркасы, моделі және модификациясы көрсетіледі.

      деген 10-бағанда мемлекеттік нөмірлі белгі көрсетіледі.

      деген 11-бағанда автомобильдің VIN–коды көрсетіледі, немесе көлік кузовтың нөмірі.

      деген 12-бағанда көлік құралы қозғағышының көлемі, текше сантиметрде көрсетіледі, В санатындағы автомобильдер, жүкке арналған платформасы және жүк бөлігінен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргізуші кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиіндегі моторлы көлік құралдары (автомобиль-пикаптар) және рұқсат етілген ең жоғары массасы және (немесе) жолаушылар орнының саны бойынша В санатына қойылатын талаптардан асып түсетін, сыйымдылығы ұлғайтылған және жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобильдер (жолсызбен жүретін автомобильдер, оның ішінде джиптер, сондай-ақ кроссоверлер мен лимузиндер) бойынша қөрсетіледі.

      деген 13-бағанда жүк көтергіштігі (тіркемелерді есепке алмағанда) тоннада көрсетіледі, С санатындағы автомобильдер бойынша қөрсетіледі.

      деген 14-бағанда отыратын орын саны көрсетіледі, D санатындағы автомобильдер бойынша қөрсетіледі.

      деген 15-бағанда қозғалтқыштың қуаты тек жүк көлік құралдары мен мотоциклдерге ғана міндетті түрде көрсетіледі.