"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 507-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарына бейнеақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. "Уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарының бейнеақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 144 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13684 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 283 бұйрығымен бекітілген |
Уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарына бейнеақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарына бейнеақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 507-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген және уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарына бейнеақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2-тарау. Уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарына бейнеақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету тәртібі
2. Кодекстің 503-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уақытша сақтау қоймасы соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде қойма аумағында болған оқиғалар туралы бейнеақпараттардың қарауын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейнебақылау құралдарымен жабдықталады.
3. Бейнеақпаратты қарауға қол жеткізу құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардан алынған жедел ақпарат негізінде қойма аумағында соңғы күнтізбелік 30 күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнефайлдардың жазбаларын қарау арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің және уақытша сақтау қоймасының бейнебақылау жүйелерінің интеграциясы болған жағдайда бейнеақапаратты қарауға қолжетімділікті мемлекеттік кірістер органдары онлайн режимінде уақытша сақтау қоймасының иелері мемлекеттік кірістер органдарына логиндерді және құпия сөздерді ұсыну арқылы тиісті ақпараттық жүйеге кіру үшін жүзеге асырады.
5. Бейнеақпартқа мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының қолжетімділігін тіркеу мақатында уақытша сақтау қоймасының иесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бейнеақпаратқа қолжетімділікті тіркеу журналының (бұдан әрі – Журнал) жүргізуін қамтамасыз етеді.
Журнал нөмірленеді, тігіледі және оның қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасы орналасқан мемлекеттік кірістер органдарының мөрімен бекітіледі.
Бейнеақпараттарды қараудың нәтижесі бойынша мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы Журналдың 1, 2, 3, 4, 6, 7 және 8-бағандарында, оның ішінде осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайларда жазба жүргізеді.
Уақытша сақтау қоймасының иесі Журналдың 5-бағанында жазба жүргізеді.
6. Егер, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары бейнеақпараттарды қараудың нәтижесінде құқық бұзушылық немесе қылмыс белгілерін анықтаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасы заңнамасына, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес іс-қимылды жүзеге асырады.
Бұл жағдайда мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы нысаны осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген Бейнематериалдарды алу/көшіру актісіне сәйкес бейнематериалдарды көшіруді және алуды жүзеге асырады.
Уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарына бейнеақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Бейнеақпаратқа қолжетімділікті тіркеу журналы
№ р/с | Бейнеақпаратты қарау күні | Бейнеақпаратты қарау кезеңі |
Мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының | Уақытша сақтау қоймасы қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), қолы | Құқық бұзушылықтың немесе қылмыстың анықтаған белгілері туралы ақпарат | Бейнематериалдарды көшіру/алу туралы ақпарат | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарына бейнеақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Бейнематериалдарды алу/көшіру актісі
Мен, ___________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
бүгін 20____ж. "_____" _____________ _____ сағ ____ мин ___________________________
1. ____________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
2. ____________________________________________________________________________
___________________________________________________________________ қатысуымен
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
алынды/көшірілді.
______________________________________________________________________________
Мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының қолы
______________________________________________________________________________
(Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)
Уақытша сақтау қоймасы иесінің қолы
______________________________________________________________________________
(Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде))
Акті жасау кезінде қатысқан тұлғалардың қолы
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)