Өкімдердің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16533 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 118-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 125-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 Қаулысына, "Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 Қаулысына БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің), кедендік төлемдер мен салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес әлеуметтік аударымдарды және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдердің нысандары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А. М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің Төрағасы

      ______________Д. Ақышев

      2018 жылғы 16 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 145 бұйрығына 1-қосымша
Нысан

Мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің), кедендік
төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар,
пайыздар төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
туралы өкімі

      20___жылғы "___"____________                                           №_______ ________________________________________________________________________________

      (екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге

      ________________________________________________________________________________

      асыратын ұйымның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), орналасқан орны) ______________________________________________________________________ ұсынылды.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы

      25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 118-бабына,

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы

      Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 125-бабына және 20__ жылғы

      "___" ______ № ___ хабарламаға сәйкес

      (хабарлама күні)

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы,

      ________________________________________________________________________________

      бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

      Салық кодексінің 118-бабының 2-тармағында, Кодекстің 125-бабының 2-тармағында

      көзделген операцияларды және ақшаны алып қою жағдайларын қоспағанда,

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе дара кәсіпкердің,

      жеке практикамен айналысатын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),

      ________________________________________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі /бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), орналасқан орны)

      ________________________________________________________________________________

      банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда)

      ________________________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру коды) бойынша шығыс операциялары

      (X-ті тиісті торкөзде көрсету керек):

_________________________ теңге* сомасы шегінде

      (сомалары санмен және жазумен)


барлық шығыс операциялары

      ________________________________________________________________________________

      (тоқтатыла тұрудың себебі)

      тоқтатыла тұрсын.

      Мөр орны

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      Осы өкім 20___жылғы "__" ________ табыс етілді.

      * мемлекеттік кірістер органы салық берешегі немесе кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі өтелмеген жағдайда көрсетеді.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 145 бұйрығына
2-қосымша
Нысан

Мемлекеттік кірістер органының агенттің банк шоттары бойынша шығыс
операцияларынтоқтата тұру туралы өкімі

      20 __жылғы "___"___________                               №________

      (жазба күні)

      ________________________________________________________________________________

      (екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге

      ________________________________________________________________________________

      асыратын ұйымның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), орналасқан орны)

      ______________________________________________________________________ ұсынылды.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21

      маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, "Міндетті зейнетақы

      жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу)

      және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібі мен мерзімдерін бекіту

      туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына,

      сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын міндетті зейнетақы

      жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы туралы 20__ жылғы

      "___" _________ № ______ хабарламаға сәйкес (хабарлама күні)

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы,

      ________________________________________________________________________________

      бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25

      желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 118-бабының

      2-тармағында көзделген операцияларды және ақшаны алып қою жағдайларын қоспағанда,

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе дара кәсіпкердің,

      жеке практикамен айналысатын адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ________________________________________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі /бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), орналасқан орны)

      ________________________________________________________________________________

      банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда)

      ________________________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру коды)

      бойынша шығыс операциялары (X-ті тиісті торкөзде көрсету керек):


_________________________________________________________ теңге сомасы шегінде

      (сомалары санмен және жазумен)


барлық шығыс операциялары ___________________________________________________

      тоқтатыла тұрсын.

      Мөр орны _______________________________________________________________________

      (мемлекеттік органы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Осы өкім 20___жылғы "__" ________ табыс етілді.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 145 бұйрығына
3-қосымша
Нысан

Мемлекеттік кірістер органының әлеуметтік аударымдарды және (немесе) міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды
төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі

      20 __ жылғы "___" ____________                         № _______

      (жазба күні)

      ________________________________________________________________________________

      (екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге

      ________________________________________________________________________________

      асыратын ұйымның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), орналасқан орны)

      _____________________________________________________________________ ұсынылды.

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан

      Республикасы Заңының 17-бабына, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

      туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына,

      сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін және

      (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмыскерлердің тізімдерін

      мемлекеттік кірістер органына табыс ету ____ жылғы "___"_______ № ____ хабарламаға

      сәйкес (хабарлама күні)

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН)

      ________________________________________________________________________________

      хабарламаның мазмұны)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25

      желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 118-бабының

      2-тармағында көзделген операцияларды және ақшаны алып қою жағдайларын қоспағанда,

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе дара кәсіпкердің,

      жеке практикамен айналысатын адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),

      ________________________________________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), орналасқан орны)

      ________________________________________________________________________________

      банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша

      ________________________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру коды)

      барлық шығыс операциялары тоқтатыла тұрсын.

      Мөр орны _______________________________________________________________________

      (мемлекеттік орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Осы өкім 20___жылғы "__" ________ табыс етілді.