"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 16 ақпандағы № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16532 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының 14-тармағына, 152-бабының 6-тармағына, 153-бабының 5 және 21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және 11-тармақтарына, 159-бабының 3 және 4-тармақтарына, 187-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының 14-тармағына, 152-бабының 6-тармағына, 153-бабының 5 және 21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және 11-тармақтарына, 159-бабының 3 және 4-тармақтарына, 187-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес әзірленді.";

      2-тармақта:

      "3) бюджеттік инвестициялар – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдауға бағытталған активтерді қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен мемлекет активтерін құруға және (немесе) дамытуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;";

      5), 6), 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бюджеттік инвестициялардың нәтижелілігі – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялардың экономикалық және қаржылық тиімділігінің, сондай-ақ нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу мүмкіндігінің есептеулермен расталған дәлелдемелерінің, тиімділік пен сапа көрсеткіштерінің болуы.

      Өз қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын және негізгі кіріс көзі республикалық және (немесе) жергілікті бюджет болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық және қаржылық тиімділік дәлелдемелерінің болуы талап етілмейді;

      6) бюджеттік инвестициялардың орындылығы – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың экономикалық орындылығының, олардың ел экономикасына әсерінің негiздемесі және жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының ережелеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес келуі;

      7) бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – БИЖ) – жаңа объектілерді құруға (салуға) не бұрыннан барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған, Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді іске асыруға арналған ақпараттық жүйелерді, арнайы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін қоспағанда, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы іс-шаралар жиынтығы;";

      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) инвестициялық ұсыныс – бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін, мақсатқа қол жеткізу жолдары мен ықтимал қаржыландыру тәсілдерін көрсететін тұжырымдамалық ұсыныс;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу тәртібі";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. МИЖ инвестициялық ұсыныстары мынадай құжаттарды қамтиды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы;

      2) инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасының қорытындысы;

      3) МИЖ қаржыландырудың ықтимал түрлері мен тәсілдері бойынша есептеулер;

      4) МИЖ құнының есептеулері мен негіздемелері (құрылыс нормативтеріне не ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналған шығындар нормативтеріне сәйкес);

      5) егер инвестициялық жоба ТЭН әзірлеуді талап етпеген жағдайда, инвестициялық ұсынысқа қосымша жобалауға техникалық тапсырма ұсынылады;

      6) БИЖ ТЭН не Инвестициялардың ҚЭН түзетілген жағдайда, қосымша:

      БИЖ ТЭН-і не Инвестициялардың ҚЭН-і бойынша өзгертілуі болжамданатын техникалық шешімдер және (немесе) қосымша шығыстар көрсетілген салыстырма кесте, сондай-ақ бекітілген БИЖ ТЭН-і не Инвестициялардың ҚЭН-і (жаңа объектiлердi құруға (салуға) не бар объектiлердi реконструкциялауға бағытталған Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде бекітілген Инвестициялар ҚЭН-інің құрамында бекітілген ТЭН (осы Қағидаларға сәйкес әзірленген) немесе бекітілген жобалық-сметалық құжаттама (бұдан әрі – ЖСҚ) ұсынылады;

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бюджет қаражатының мақсаты пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ, егер құжаттар ұсынылған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей тіркелген жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, бұзушылықтардың жоқ екені туралы актісі;

      құрамдауыштар және оларды әзірлеу мерзімдері бөлінісінде БИЖ ТЭН-ін не Инвестициялар ҚЭН-ін түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу құнының есептеме-негіздемесі;

      егер МИЖ шет мемлекеттердің аумағында іске асырылатын жағдайда, аумағында осы жоба іске асырылатын мемлекеттің құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген аталған заңнаманың мәтінін қоса бере отырып және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасын қамтамасыз ете отырып, МИЖ-дің бастапқы және түзетуге ұсынылатын құнын растайтын тиісті құжаттар ұсынылады;

      бұрын бекітілген бюджеттік инвестициялардың ТЭН-нің және (немесе) ЖСҚ-ның жобалық шешімдеріне енгізілуі болжанатын өзгерістердің орындылығы туралы ведомстводан тыс кешенді сараптаманың хаты;

      бекітілген БИЖ-дің ТЭН-інде не Инвестициялардың ҚЭН-інде көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу не қол жеткізбеу туралы, оның ішінде бөлінген бюджет қаражаты толық игерілген кезде қол жеткізбеу себептері көрсетілген ақпаратты қамтитын түсіндірме жазба;

      7) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің заңды тұлғалардың активтерін, атап айтқанда, жарғылық капиталының үлестерін сатып алған жағдайда:

      егер активтердің құны ағымдағы бағамен 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса, тәуелсіз бағалау компаниялары дайындаған;

      егер активтердің құны ағымдағы бағамен 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, халықаралық кәсіптік бағалаушылар ұйымдары дайындаған осы активтердің құнын бағалаудың қорытындысын ұсыну қажет;

      8) егер ББӘ МИЖ-ді заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен іске асыруды ұсынған жағдайда, электрондық порталға, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылатын бес жылдық кезеңге арналған іске асырылған, іске асырылып жатқан және іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалар бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің инвестициялық картасы қосымша ұсынылады.

      9) акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) 50%-нан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастырған жағдайда, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес монополияға қарсы органның шешімі қосымша ұсынылады.

      10) заңды тұлға жоспарланатын кезең алдындағы кезеңдерде шығындылыққа ұшыраған жағдайда, заңды тұлғаның атқарушы органы бекіткен заңды тұлғаны қаржылық-экономикалық сауықтыру жоспары ұсынылады.

      7. Инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағында Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларында белгіленген экономика саласының (аясының) даму басымдықтары бойынша ақпаратты, инвестициялық жобалар (жоба) және олардың (оның) негізгі көрсеткіштерін қоса алғанда, іс-шаралар бойынша жалпы ақпаратты қамтиды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасының қорытындысы:

      1) саланың одан әрі дамуына ықпал ететін оның ағымдағы жай-күйінің проблемаларын, сондай-ақ қолданыстағы көрсетілетін және ұсынылатын қызметтерді салыстырмалы талдауды;

      2) МИЖ-ді іске асырудан экономиканың сабақтас салаларына (аяларына) болжамды әсерін;

      3) проблеманы шешу нұсқасын таңдау кезінде қаралған, шетелдік тәжірибені ескере отырып, оны шешудің оңтайлы жолы ретінде МИЖ-ді таңдаудың негіздемесі бар балама нұсқаларды;

      4) МИЖ басқарудың болжанатын институционалдық схемасының негізділігін (негізгі қатысушылар, олардың өзара іс-қимылының схемасы, баланс ұстаушылардың пайдалары мен шығындарын бөлу, инвестициялық және инвестициялаудан кейінгі кезеңдерде БИЖ-ді басқару схемасы);

      5) жоба бойынша болжанатын тәуекелдерді (қаржылық, операциялық, техникалық, кредиттік, нормативтік-құқықтық, технологиялық, маркетингтік, нарықтық, коммерциялық, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер) және оларды азайту жөніндегі іс-шараларды;

      6) МИЖ-дің Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкестігін;

      7) МИЖ көлемінің негізділігін бағалауды қамтиды.

      Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді қажет етпейтін, ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органның салалық қорытындысы ақпараттық жүйелерді дамытуға арналған шығындардың нормативтеріне сәйкес келетін есептеулер мен негіздемелерді қамтиды.

      Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап етпейтін ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалардың құны ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның салалық есебінің бөлігі ретінде ұсынылған есептеулер мен негіздемелер негізінде расталады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Егер МИЖ-ді республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру ұсынылған жағдайда, инвестициялық ұсыныстың салалық сараптама қорытындысын тиісті саладағы орталық уәкілетті орган ұсынады, МИЖ қандай да бір салаға жатқызу мүмкін болмаса, салалық қорытындыны ББӘ өзі ұсынады.

      Егер республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру болжанатын МИЖ бірнеше салалық орталық мемлекеттік органдардың жауапкершілік аясын қозғаса, көрсетілген салалық орталық органдар МИЖ салалық сараптамасының сәйкес қорытындыларын қосымша ұсынады.

      Бұл ретте, салалық сараптамалардың қосымша қорытындыларын тиісті салалық орталық мемлекеттік органдар бірінші басшының не оны алмастыратын тұлғаның не мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір МИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған МИЖ-дің іске асырылуының жетекшілік ететін салаға ықпалын бағалау және саланың басымдықтарына сәйкестігі бөлігінде ғана ұсынады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ақпараттандыру саласындағы БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларды жүргізу құнының есептеулері ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті орган бекітетін ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналған шығындар нормативіне сәйкес келуі тиіс.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Инвестициялық ұсынысты түзету:

      1) БИЖ-дің ТЭН түзетілген;

      2) Инвестициялардың ҚЭН түзетілген;

      3) егер БИЖ ТЭН, Инвестициялар ҚЭН-ін қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысымен МИЖ іске асырудың басқа түрлері мен тәсілдері ұсынылған жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

      Түзетілген инвестициялық ұсыныс бұрын енгізілген оң экономикалық қорытындысы бар біртекті (біртипті) МИЖ бойынша инвестициялық ұсыныстан техникалық-экономикалық параметрлерді өзгерту болжанатын жобаға ғана ұсынылады. Техникалық-экономикалық параметрлердің шешімдердің өзгеруі болжамдалмайтын жобалар бойынша түзетілген инвестициялық ұсынысты енгізу талап етілмейді.";

      18-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ББӘ инвестициялық ұсыныстарын экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына белгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны ББӘ-ге жібереді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Инвестициялық ұсынысқа сараптама пайдалар мен шығындар талдауын қолдана отырып жүргізіледі және осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес МИЖ-ді іріктеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Пайдалар мен шығындар талдауы мынадай көрсеткіштерді бағалаумен сипатталады:

      1) бюджеттік тиімділік – алынған бюджет нәтижесінің шығындарға қатынасы ретінде айқындалатын инвестицияларды жүзеге асыру нәтижесінде бюджет үшін тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіші;

      2) МИЖ-дің өзін-өзі ақтауы – МИЖ-дің инвестициялық ұсыныстарында көзделген ақша ағындарын генерациялау мүмкіндігі;

      3) МИЖ басымдылығы – әлеуметтік, стратегиялық, саяси, экологиялық және басқа да факторлармен негізделген МИЖ іске асырудың мүмкіндігі.";

      21-тармақ алып тасталсын;

      22-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-1. Қаржыландырудың түрі мен тәсілдері айқындалғаннан кейін үш жыл ішінде ТЭН, ЖСҚ, ҚЭН, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің конкурстық құжаттамалар жобасы (әзірленбеген) МИЖ, оның ішінде түзетілген, инвестициялық ұсыныс бойынша экономикалық қорытынды ескірген болып есептеледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау және іріктеу тәртібі";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Инвестицияларды жоспарлау мынадай үш кезеңмен жүзеге асырылады:

      1) инвестициялық ұсыныстарды немесе МЖӘ жобасының бизнес жоспарын әзірлеу және оларға сараптамалар жүргізу;

      2) ҚЭН әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу;

      3) бюджетті әзірлеу сатысында Инвестицияларды іріктеу.";

      28-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) БИЖ-дің Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларында айқындалған бағыттарға, мақсаттарға, міндеттерге және ережелерге сәйкестігі;";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Егер жобаны іске асыру Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларында айқындалған бағыттарда, мақсаттарда, міндеттерде және ережелерде көзделген жағдайда, БИЖ ТЭН-ін әзірлеу жүзеге асырылады.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Егер БИЖ-ді республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру ұсынылған жағдайда, БИЖ салалық сараптама қорытындысын тиісті саладағы орталық уәкілетті орган ұсынады, БИЖ-ді белгілі бір салаға жатқызу мүмкін болмаған жағдайда сомалық қорытындыны ББӘ-нің өзі ұсынады.

      Егер республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру болжанатын БИЖ-ді іске асыру бірнеше салалық орталық мемлекеттік органдардың жауапкершілік аясын қозғаған жағдайда, көрсетілген салалық орталық мемлекеттік органдар қосымша БИЖ тиісті салалық сараптамалардың қорытындыларын ұсынады.

      Бұл ретте, мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған қосымша салалық сараптамалық қорытындыларын тиісті салалық орталық мемлекеттік органдар БИЖ-дің іске асырылуының жетекшілік ететін салаға ықпалын бағалау және саланың басымдықтарына сәйкестігі бөлігінде ғана ұсынады.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Егер БИЖ-ді жергілікті бюджет қаражаты немесе жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асыру ұсынылған жағдайда, БИЖ салалық сараптамасының қорытындысын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын салалық жергілікті атқарушы орган ұсынады, БИЖ-ді қандай да бір сомаға жатқызу мүмкін болмаған жағдайда салалық қорытындыны ББӘ өзі ұсынады.

      Егер жергілікті бюджет қаражаты немесе жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асыру болжанатын БИЖ бірнеше салалық жергілікті органның жауапкершілік аясын қозғайтын болса, көрсетілген салалық жергілікті мемлекеттік органдар БИЖ салалық сараптамасының тиісті қорытындысын ұсынады.";

      101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "101. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153-бабына сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін БИЖ тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      Жыл сайынғы бюджеті ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға арналған инвестициялық шығындардың жалпы құнының 10 пайызынан аспайтын, ақпараттық жүйелерді дамытуды көздейтін және құқық нормаларын іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 153-бабына сәйкес, ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.";

      115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "115. ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді талап етпейтін БИЖ-дердің сметалық құнын ұлғайту мәселелерін шығару екі кезеңмен жүзеге асырылады.

      Бірінші кезең – ББӘ ұсынатын құжаттар негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысы негізінде ЖСҚ-ны түзетудің орындылығын айқындау бойынша тиісті бюджет комиссиясының шешімі.

      Екінші кезең – ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді талап етпейтін БИЖ-дердің түзетілген ЖСҚ бойынша ұлғайтылған сметалық құнды қаржыландыру туралы тиісті бюджет комиссиясының шешімі.

      Бірінші кезеңде ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға мыналарды ұсынады:

      1) болжанатын қымбаттау сомасын көрсете отырып, ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған өтінім-хат;

      2) ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған түсіндірме жазба, онда мынадай ақпарат қамтылады:

      БИЖ-ді іске асыруды аяқтау үшін талап етілетін болжамды қосымша бюджеттік шығыстардың негіздемесі;

      мемлекеттік сатып алу жүргізу нәтижесінде үнемделген соманы (егер үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, ЖСҚ әзірлеуден бастап БИЖ-ді іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат;

      ЖСҚ әзірлеу басталғаннан бастап жобаны бюджеттен әрбір жыл үшін қаржыландыру. Игерілмеген жағдайда оның себептері көрсетіле отырып, бұл ақпарат әрбір жылдағы жоспармен және фактімен сүйемелденеді;

      қымбаттауға алып келетін себептерді егжей-тегжейлі көрсету (ББӘ шартта көрсетілген бағаны (сметаны) ұлғайту қажеттігі туралы уақтылы ескертудің орындылығын растайтын мердігерлер хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып);

      оның кінәсінен қымбаттау орын алған ұйым не жеке тұлға, сондай-ақ осы ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;

      техникалық зерттеп-қарау және техникалық қадағалау актісімен расталған аяқталмаған құрылыстың жай-күйі туралы мәліметтер;

      бекітілген ЖСҚ-да көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу не жеткізбеу туралы ақпарат, қол жеткізбеудің себептері көрсетіле отырып, оның ішінде бөлінген бюджет қаражаты толық игерілген кезде;

      3) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған, мөрмен расталған, ресми хат нысанында ұсынылатын және ББӘ түсіндірмесін қоса бере отырып, жобаның сметалық құнын ұлғайтудың негізділігі мен дұрыстығын растайтын, БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының қорытындысы;

      4) ЖСҚ-ның бастапқы құнына ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы;

      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамада көзделген жағдайларда, бастапқы құнға бұйрық;

      6) бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы, сондай-ақ БИЖ-ді іске асыру шеңберінде ЖСҚ әзірлеуден бастап бөлінген барлық бюджет қаражатын қамтитын бұзушылықтардың болмауы тұрғысынан құжаттар ұсынылған күннен 6 (алты) айдан кешіктірілмейтін уақыт белгіленген Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның актісі;

      7) ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған және мөрмен расталған, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық порталға, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштерде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынылатын, сметалық құнын ұлғайту болжанатын жобалар бойынша салыстырмалы кесте мен құжаттама тізбесі;

      8) құжаттарды ұсынған күнге дейін 1 (бір) ай бұрын түсірілген, объектінің іс жүзіндегі жай-күйі туралы толық көрініс беретін фото немесе бейне түсірілімдер материалдары;

      9) БИЖ бұрын бекітілген ЖСҚ-ның жобалық шешімдеріне енгізу болжанатын өзгерістердің орындылығы туралы ведомстводан тыс кешенді сараптама хаты.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын қарайды және олар бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша сметалық құнының ұлғаюын республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген жергілікті БИЖ бойынша жергілікті атқарушы орган қорытынды дайындайды және БИЖ-ді республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін кейіннен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып енгізеді.

      ББӘ тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ЖСҚ-ға тиісті түзетулерді енгізеді.

      Екінші кезеңде ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға түзетілген ЖСҚ мен ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы, (бар болған жағдайда) ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға енгізу шығындарының түзетілген құнға мемлекеттік салалық уәкілетті органның және ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы және БИЖ сметалық құнының ұлғаюы себептерінің негіздемесін енгізеді.

      Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қауіп төнуіне байланысты, кідіртпей пайдалануға беруді талап ететін, бірыңғай энергетикалық жүйенің ірі объектілері мен техникалық күрделі атомдық және жылу энергетикалық кешендері үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына қауіп төнуі туралы растауы бар уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптама қорытындысында көрсетілген есептерге сәйкес іске қосу жұмыстары бойынша шығындары жүзеге асырылады.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган түзетілген ЖСҚ бойынша БИЖ сметалық құнының ұлғаюын тиісті бюджет комиссиясының қарауына ББӘ ұсынған мына құжаттардың негізінде шығарады:

      1) қымбаттау сомасын көрсете отырып, ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған өтінім-хат;

      2) ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған түсіндірме жазба, онда мынадай ақпарат қамтылады:

      БИЖ-ді іске асыруды аяқтау үшін талап етілетін қосымша бюджеттік шығыстардың негіздемесі;

      мемлекеттік сатып алу жүргізу нәтижесінде үнемделген соманы (егер үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, ЖСҚ әзірлеуден бастап БИЖ-ді іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат;

      ЖСҚ әзірлеу басталғаннан бастап жобаны бюджеттен әрбір жыл үшін қаржыландыру. Игерілмеген жағдайда оның себептері көрсетіле отырып, бұл ақпарат әрбір жылдағы жоспармен және фактімен сүйемелденеді;

      қымбаттауға алып келетін себептерді егжей-тегжейлі көрсету (ББӘ шартта көрсетілген бағаны (сметаны) ұлғайту қажеттігі туралы уақтылы ескертудің орындылығын растайтын мердігерлер хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып);

      оның кінәсінен қымбаттау орын алған ұйым не жеке тұлға, сондай-ақ осы ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;

      зерттеп-қарау және техникалық қадағалау актісімен расталған аяқталмаған құрылыстың жай-күйі туралы мәліметтер;

      бекітілген ЖСҚ-да көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу не жеткізбеу туралы ақпарат, қол жеткізбеудің себептері көрсетіле отырып, оның ішінде бөлінген бюджет қаражаты толық игерілген кезде;

      3) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған, мөрмен расталған, ресми хат нысанында ұсынылатын және ББӘ түсіндірмесін қоса бере отырып, жобаның сметалық құнын ұлғайтудың негізділігі мен дұрыстығын растайтын, БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының қорытындысы;

      4) ЖСҚ-ның бастапқы құнына ведомстводан тыс жүргізілген кешенді сараптама қорытындысы;

      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамада көзделген жағдайларда, бастапқы құнға бұйрық;

      6) бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы, сондай-ақ БИЖ-ді іске асыру шеңберінде ЖСҚ әзірлеуден бастап бөлінген барлық бюджет қаражатын қамтитын бұзушылықтардың болмауы тұрғысынан құжаттар ұсынылған күннен 6 (алты) айдан кешіктірілмейтін уақыт белгіленген Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның актісі;

      7) ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған және мөрмен расталған, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық порталға, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштерде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынылатын, сметалық құнын ұлғайту болжанатын жобалар бойынша салыстырмалы кесте мен құжаттама тізбесі;

      8) құжаттарды ұсынған күнге дейін 1 (бір) ай бұрын түсірілген, объектінің іс жүзіндегі жай-күйі туралы толық көрініс беретін фото немесе бейне түсірілімдер материалдары;

      9) БИЖ-дің түзетілген ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы;

      10) БИЖ-дің түзетілген ЖСҚ.

      Екінші кезеңде сметалық құнның ұлғаюын қаржыландырудың орындылығы:

      сметалық құнның ұлғаюын республикалық бюджет есебінен қаржыландыру болжанатын осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген республикалық БИЖ және жергілікті БИЖ бойынша қаржыландырудың орындылығын республикалық бюджет комиссиясы қарайды;

      сметалық құнның ұлғаюын жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ-дің бойынша қаржыландырудың орындылығын тиісті жергілікті бюджет комиссиясы қарайды.

      Тиісті бюджет комиссиялары іріктеп алған сметалық құнының ұлғаюы болжанатын БИЖ бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке енгізіледі.";

      116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Ұлттық валютаның шетел валютасының бағамына қатысты елеулі өзгеру себебінен, техникалық шешімдердің өзгеруін талап етпейтін, жаңа объектiлердi құруға (құрылысына) не бар объектiлердi реконструкциялауға бағытталған БИЖ сметалық құны ұлғайған жағдайда, кейіннен ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізе отырып ЖСҚ-ға түзету жүргізіледі.

      Ұлттық валютаның шетел валютасының бағамына қатысты елеулі өзгеруі себебінен, техникалық шешімдердің өзгеруін талап етпейтін, ақпараттық жүйенi құруға, енгiзуге және дамытуға бағытталған БИЖ сметалық құны ұлғайған жағдайда, ТЭН-ге түзету жүргізіледі, бұл ретте экономикалық сараптама және қорытынды талап етілмейді.

      Ұлттық валюта бағамының шетел валютасы бағамына қатысты елеулі өзгеруі себебінен, техникалық шешімдердің өзгеруіне алып келмейтін, ЖСҚ-ны әзірлеуді қажет етпейтін БИЖ-дің құны ұлғайған жағдайда, ТЭН-ге түзету жүргізіледі, бұл ретте экономикалық сараптама және қорытынды талап етілмейді.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аталған мәселені тиісті бюджет комиссиясының қарауына осы Қағидалардың 114 және 115-тармақтарында айқындалған тәртіппен шығарады.";

      121 және 122-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "121. Заңды тұлғаның даму мақсаттарына заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебінен қалыптастыру немесе ұлғайтуға жол беріледі.

      Заңды тұлғалар жарғылық капиталды қалыптастыруға немесе ұлғайтуға төлеп үшін бюджет қаражатын бөлу, мемлекеттік меншік объектілерін беру арқылы мемлекеттің олардың жарғылық капиталына қатысуы нәтижесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жатады.

      Инвестицияларды жүзеге асыру барысында даму мақсаттарына, оның ішінде бұрын тартылған қарыз қаражатын өтеу арқылы, оның ішінде тиісті бюджеттік рәсімдерді өткеннен кейін инвестициялық жобаны Ұлттық қордан іске асыруға, баламалы көздерден қаржыландыру мүмкіндігі жоқ екенін негіздеген және көрсетілген қарыз қаражаты бұрын жоба шеңберінде даму мақсаттарына жұмсалғанын растаған жағдайда, заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға жол беріледі.

      Шығындарды жабу бойынша түпкілікті және тікелей нәтижелердің тиісті көрсеткіштеріне сәйкес заңды тұлғаның шығындарын тікелей жабу мақсаттарына және ағымдағы шығыстарды қаржыландыруға бағытталған іс-шараларға заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға жол берілмейді.

      122. Инвестициялар ҚЭН-і мынадай құрылымға сәйкес келедi:

      1) Инвестициялардың паспорты;

      2) "Ретроспектива" бөлiмі;

      3) "Институционалдық" бөлiмi;

      4) "Негiздiлiк" бөлiмi;

      5) "Нәтиже" бөлiмi;

      5-1) "Жобаны басқару" бөлімі (республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды)

      6) қосымшалар.

      Мұндай толықтыру мақсаттарды, міндеттерді, басты көрсеткіштерді, қаржы-экономикалық қызметтің көрсеткіштерін және ұйым туралы басқа мәліметтерді ашу үшін орынды болғанда, инвестициялардың ҚЭН-і басқа бөлімдермен, тараулармен, параграфтармен және қосымшалармен толықтырылуы мүмкін. Инвестициялардың ҚЭН-і бөлімдермен, бөлімдер тараулармен, ал тараулар параграфтармен толықтырылған жағдайда, әрбір қосымша ұсынылатын бөлімнің және (немесе) тараудың және (немесе) параграфтың тиісті белгісі ("бөлім", "тарау", "параграф"), сондай-ақ атауы болуға тиіс.";

      127-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "127. "Стратегиялық алғышарттар" тарауы оларды іске асыру үшін Инвестициялар жоспарланатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттар туралы ақпаратты (елдегі жағдай және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы, нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жоспарлау жүйесінің құжаттары, бюджеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы) қамтиды.";

      129-тармақтын алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша жоспарланатын Инвестициялардың мөлшеріне ТЭН немесе ЖСҚ әзірлеуге арналған қаражаттың болмауы бойынша негіздеме ұсынылған жағдайда, оларды әзірлеуге арналған шығыстар қосылады.

      Объектіні салудың түпкілікті құны ЖСҚ әзірлеу және ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің нәтижелері бойынша анықталады. Бұл ретте, Инвестициялар ҚЭН-нін ББӘ-мен қайта бекітуге жатады.";

      мынадай мазмұндағы 136-1, 136-2, 136-3, 136-4, 136-5, 136-6, 136-7, 136-8, 136-9 және 136-10-тармақтармен толықтырылсын:

      "136-1. "Жобаны басқару" бөлімінде ҚЭН-ді басқару жоспары көрсетіледі.

      Бұл бөлім республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жобалар үшін ғана толтыруға міндетті.

      "Жобаны басқару" бөлімі мынадай құрылымға сәйкес келеді:

      1) "Мазмұнды басқару жоспары" тарауы;

      2) "Мүдделі тараптарды басқару жоспары" тарауы;

      3) "Мерзімдерді басқару жоспары" тарауы;

      4) "Құнды басқару жоспары" тарауы;

      5) "Сапаны басқару жоспары" тарауы;

      6) "Сатып алуды басқару жоспары" тарауы;

      7) "Коммуникацияларды басқару жоспары" тарауы;

      8) "Өзгерістерді басқару жоспары" бөлімі.

      136-2. "Мазмұнды басқару жоспары" тарауы жобаны аяқтау үшін қажетті жұмыстардың түпкілікті тізбесін айқындауды көздейді. "Мазмұнды басқару жоспары" тарауында мынадай параграфтар болады:

      1) "Жобаның мазмұны" параграфында жобаның және жоба өнімінің (тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің) егжей-тегжейлі сипаттамасын әзірлеу процесі келтіріледі, ол жобаға мүдделі адамдардың қоятын талаптарын пайдаланумен және өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) талдаудың сараптамалық бағасы әдістерімен және баламаларды қалыптастырумен жүзеге асырылады;

      2) "ЖИҚ" параграфы, онда:

      Жоба нәтижелерін және жұмыстарын декомпозициялау әдісімен жоба жұмыстарының иерархиялық құрылымы (бұдан әрі – ЖИҚ) жасалады.

      ЖИҚ – ҚЭН жұмыстарын (нәтижелерін) шағын компоненттерге бөлу процесі, ол мемлекеттік органда дайындау сатысынан бастап ҚЭН-нің барлық жұмысын көрсетеді;

      3) "Операцияларды айқындау" параграфы, онда:

      Жоба операцияларының тізімін және бақылау оқиғаларын анықтау үшін орындауға қажетті нақты әрекеттерді сәйкестендіру операцияларын анықтау процесі, ол ЖИҚ-та берілген жұмыстарды декомпозициялау әдісімен жүзеге асырылады, сондай-ақ шоғырланған толқын әдісін қолдануға болады;

      операцияның ретін айқындау алдын алу диаграммасы, тәуелділіктерді анықтау әдістерімен, озу және кідіру әдістерімен жүзеге асырылатын кесте желісінің диаграммасын құру үшін орындауға қажетті операциялар арасындағы байланыстарды айқындау процесі;

      "Операцияларды айқындау" осы Қағидаларға 18-2-қосымшаға сәйкес "Жұмыстар топтамасының операциясы" нысаны бойынша ұсынылады.

      136-3. "Мүдделі тараптарды басқару жоспары" тарауы жобаның Мүдделі тараптары жобаға белсенді түрде тартылған немесе жобаны орындау нәтижесінде мүдделері қозғалуы мүмкін адамдар мен ұйымдар болып табылатынын айқындайды.

      Мүдделі тараптардың тізілімі осы адамдар мен ұйымдар тобын тіркейді және мынадай ақпаратты:

      адамның тегін, атын, әкесінің атын (ұйымның атауын);

      адамның лауазымын;

      орналасқан орнын;

      жобадағы рөлін;

      байланыс ақпаратын;

      басты талаптарды;

      негізгі күтулерді;

      жобаға әлеуетті әсер ету деңгейін;

      жобаның мүдделі тарапының қызығушылығын тудыратын жобаның өмірлік циклының кезеңдерін (фазаларын);

      басқа да маңызды ақпараттарды қамтуы мүмкін.

      Мүдделі тараптар осы Қағидаларға 18-3-қосымшаға сәйкес "Жобаның мүдделі тараптары" нысаны бойынша ұсынылады.

      136-4. "Мерзімдерді басқару жоспары" тарауы кестені басқарудың негізгі жоспарын құру жолымен ҚЭН жобасының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету процесін көздейді. "Мерзімдерді басқару жоспары" тарауы мынадай параграфтардан тұрады:

      1) "Операциялардың реттілігі және олардың ұзақтығы" параграфы, онда алдын алу диаграммасымен, тәуелділіктерді анықтау әдістерімен, озу және кідіру әдістерімен жүзеге асырылатын ҚЖН кестесі желісінің диаграммасын құру үшін орындалуы қажет ҚЖН операцияларының арасындағы байланысты айқындау процесі болады.

      Операциялардың ретті осы Қағидаларға 18-4-қосымшаға сәйкес "Операциялар тізімі" нысаны бойынша ұсынылады;

      2) "Кестені әзірлеу" параграфы, онда:

      операцияларды айқындау, операциялардың ретін айқындау, операцияларды орындау үшін ресурстарды бағалау, операциялардың ұзақтығын бағалау арқылы жасалатын жоба кестесі;

      Операцияларды айқындау – ЖИҚ-та көрсетілген жұмыстарды декомпозициялау әдісімен, сондай-ақ шоғырланған толқын әдісі де пайдаланылуы мүмкін, операциялар тізімін және жобаның бақылау оқиғаларын айқындау үшін орындалуы тиіс нақты әрекеттерді сәйкестендіру процесі;

      Операциялардың реттілігін айқындау – алдын алу диаграммасымен, тәуелділіктерді анықтау әдістерімен, озу және кідіру әдістерімен жүзеге асырылатын кесте желісінің диаграммасын құру үшін орындауға қажетті операциялар арасындағы байланыстарды айқындау процесі.

      Ресурстарды бағалау – баламалар әдісімен, "төменнен жоғарыға" бағасымен және басқаларымен жүзеге асырылатын операцияларды орындау үшін қажетті ресурстарды (адами, жабдықтар, материалдар) айқындау және бағалау процесі;

      Ресурстарды бағалау осы Қағидаларға 18-5-қосымшаға сәйкес "Операцияның ресурстары" нысаны бойынша ұсынылады.

      Операциялардың ұзақтылығын бағалау ұқсастықтар бойынша бағалау, үш нүкте бойынша бағалау әдісімен, резервтерді талдау әдісімен жүзеге асырылатын операцияларды аяқтау үшін қажетті жұмыс кезеңдерін айқындау және бағалау процесі.

      Жобаның кестесін әзірлеу кесте желісін, маңызды жолды, маңызды тізбекті, ресурстарды оңтайландыру, модельдеу, озу және кідіру, кестені ықшамдау әдістерімен жүзеге асырылатын операциялардың ретін, олардың ұзақтығын және ресурстарды қажет етуін талдау процесі.

      Кестені құрастыру үшін арнайы бағдарламалық қамтылым (кестені жасау құралдары) қолданылуы мүмкін.

      136-5. "Құнды басқару жоспары" тарауы, ол жобаның құнын құрылымдау және бақылау тәсілдері, сондай-ақ олармен байланысты құралдар мен әдістер көрсетілген құн бойынша жоспар негізінде жүзеге асырылатын жобаны жоспарлау, басқару, жұмсау және бақылау процесін көздейді. "Құнды басқару жоспары" тарауы мынадай параграфтарды қамтиды:

      1) "Құнды бағалау" параграфы, әрбір операцияны (өлшем бірлігі: жұмыс уақыты, адам-сағат, машина-сағат және т.б.) аяқтауға қажет шығыстар туралы құнды бағалау процесі келтіріледі;

      2) "Бюджетті әзірлеу" параграфы, онда жобаның бекітілген құнын белгілеу үшін жеке іс-шаралардың немесе жұмыстар кешенінің сметалық шығыстарын біріктіру процесі келтіріледі.

      136-6. "Сапаны басқару жоспары" тарауы жобаға қатысты қолданылатын белгіленген мақсаттардың, техникалық регламенттердің және стандарттардың сақталуын айқындау процесін көздейді.

      136-7. "Сатып алуды басқару жоспары" тарауы "Мемлекеттік сатып алу" Заңына және өзге НҚА-ға сәйкес сатып алуды жоспарлау процесін көздейді, бұл ретте қажетті сатып алу жоба мерзімін басқаруда дербес операция ретінде көрсетілуі тиіс.

      136-8. "Коммуникацияларды басқару жоспары" тарауы мүдделі тараптардың ақпараттық және коммуникациялық қажеттіліктерін көздейді.

      Коммуникацияларды басқару жоспары осы Қағидаларға 18-6-қосымшаға сәйкес "Коммуникацияларды басқару жоспары" нысаны бойынша ұсынылады.

      136-9. "Өзгерістерді басқару жоспары" тарауы барлық өзгерістер өзгерістер туралы сұрау салу негізінде ғана орындалуы мүмкін деп болжайды; барлық сұрау салуларды жобаның (команданың) басшысы олардың жобаның мақсатына сәйкестігіне талдауы тиіс; елеулі өзгерістерге сұрау салуларды жоба комитетінің басқарушысы қарайды; комитеттің басқарушысы мақұлданған сұрау салулар бойынша ғана жобаны және жоба құжаттарын басқару жоспарын жаңғырту орындалады.

      136-10. "Өзгерістерді басқару жоспары" тарауы мынадай параграфтарды қамтиды:

      1) "Өзгерістерді айқындау" параграфы осы Қағидаларға 18-7-қосымшаға сәйкес "Өзгерістерді бақылау процесі" нысаны бойынша беріледі;

      өзгерістерді бақылау процесі осы Қағидаларға 18-7-қосымшаға сәйкес "Өзгерістерді бақылау процестері" нысаны бойынша ұсынылады.

      2) "Өзгерістерді бақылау процестерінде қолданылған құжаттар" параграфы мынадай құжаттарды қамтиды:

      жобаны басқару жоспары;

      сатып алуды басқару жоспары;

      ауытқулардың талдауы;

      3) "Тәуекелдерді айқындау" параграфы, онда:

      Тәуекелдерді сәйкестендіру сараптамалық сұрау салулар негізінде орындалады. Тәуекелдерді бағалау (шама) жобаның бір немесе бірнеше мақсатына болжанатын ықпал етудің (әсер етудің) туындауы ықтималдығының пайда болуы ретінде айқындалады. Соңғы жағдайда болжанатын ықпалдар сараланған коэффиценттер көмегімен есепке алынады.

      Тәуекелдерді айқындау осы Қағидаларға 18-8-қосымшаға сәйкес "Тәуекелдердің мақсаттарға қол жеткізуге ықпалын айқындау" нысаны бойынша ұсынылады;

      4) "Тәуекелдер тізілімі" параграфы, онда:

      Жобаға тәуекелдердің ықпалын бағалауда ықпал ету дәрежесін бағалау және тәуекелдерді бағалау матрицасы көрстелітетін Excel ("жобаның тәуекел тізімі") электрондық кестесі пайдаланаылады. Тәуекелдердің әрқайсына тәуекелді бақылайтын және оның мәртебесіне жауап беретін, тәуекелге ден қоятын тәуекел иесі бекітіледі. Тәуекелдің мәртебесі өзгерген кезде жобаның ықтималдығы мен ықпал ету дәрежесіне қайта бағалау жүргізіледі.

      Тәуекелдер тізілімі осы Қағидаларға 18-9-қосымшаға сәйкес "Жобаның тәуекелдері, олардың жобаға ықпалы және тәуекелдерге ден қою" нысаны бойынша беріледі;

      5) "Тәуекелдерге ден қою стратегиясы" параграфы, онда:

      Тәуекелдердің тізілімі әр сәйкестендірілген тәуекелдердің сипаттарын құжаттандырады. Тізілім тұрақты түрде жоба барысында нақтыланады және қайта қаралады. Тізілім бастапқы тәуекелдерді, сол сияқты қайта қаралған тәуекелдер жайлы ақпараттарды қамтиды. Тізілімде тәуекелдер туралы мынадай мәліметтерді көрсету қажет:

      тәуекелдерді сәйкестендіргіш;

      тәуекелдің сипаттамасы;

      туындау ықтималдығы;

      жобаның мақсатына ықпал ету дәрежесі (салмақты коэффициенттерімен);

      тәуекелдің қорытынды шамасы (ықтималды ықпал ету дәрежесіне көбейтіндісі);

      ден қою стратегиясы;

      осы стратегия шеңберіндегі іс-қимылдар (қабылдау, жалтару, беру, төмендету, пайдалану, бірлесіп пайдалану, күшейту);

      тәуекелдің иесі туралы деректер (ден қою стратегиясын іске асыруға жауапты).

      Тәуекелдердің сипаттамасын қайта қараған жағдайда өзгертілген ақпарат тізілімнің тиісті бөлімінде белгіленеді.

      Тәуекелдерге ден қою стратегиясы осы Қағидаларға 18-10-қосымшаға сәйкес "Тәуекел туралы деректер" нысаны бойынша беріледі.;

      6) "Түзету" параграфы, онда:

      осы Қағидаларға 18-11-қосымшаға сәйкес "Жоба бойынша тікелей жұмыстар" нысаны бойынша беріледі;

      осы Қағидаларға сәйкес мониторингілеу бойынша ақпаратты, сондай-ақ мазмұнын, мерзімін, құнын, өзгерістерді басқару бойынша жоспарларды орындау процесін қамтитын мониторинг нәтижелері.

      Осы параграф бойынша ақпарат ҚЭН өзгерістер енгізген жағдайда беріледі.";

      138-баптың 4) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметін әлеуметтік маңызды салада жүзеге асыратын және негізгі кіріс көзі республикалық және (немесе) жергілікті бюджет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, мемлекеттік кәсіпорындар нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша қаржылық модельдің болуы талап етілмейді. Инвестициялардың әлеуметтік маңыздылығы салалық сараптаманың қорытындымен айқындалады;";

      145 және 145-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "145. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізе отырып, Инвестициялардың ҚЭН түзету мынадай:

      1) іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешiмдердi толықтыруға және (немесе) өзгертуге, бекiтiлген iс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға әкеп соғатын, белгiленген қаржылық-экономикалық параметрлер өзгерген;

      2) бұрын бөлінген қаражатты, оның ішінде заңды тұлғаның аффиирленген тұлғалары арасында, заңды тұлғаның және (немесе) олардың аффиирленген тұлғаларының мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ іс-шараларының өзгеруіне байланысты қайта бөлу талап етілген;

      3) тікелей және түпкілікті нәтижелер төмендеген;

      4) бекітілген ҚЭН шеңберінде жаңа іс-шара (іс-шаралар) немесе құрамдауыштарын іске асыруға бюджет қаражатын үнемдеу түрінде олардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша қалыптасқан квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, ағымдағы шоттарындағы пайдаланылмаған қалдықтарды бағыттаған жағдайда жүргізіледі.

      Бюджет комиссиясында қаралмай және оның ұсынысынсыз, қажетті сараптамалардан өткен Инвестициялардың түзетілген ҚЭН-ін бекітуге жол берілмейді.

      Ағымдағы қаржы жылының төртінші тоқсанында квазимемлекеттік сектор субъектісінің қаржылық-экономикалық негіздемеде айқындалған тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштерін төмендетуді көздейтін бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізуіне жол берілмейді.

      Бұрын бекітілген Инвестициялар ҚЭН салыстыстыра отырып, Инвестицялар ҚЭН-нің тиісті бөлімдерінде болжанатын өзгерістер бойынша негіздемелер мен есептеулерді келтірумен Инвестициялардың түзетілген ҚЭН-інің құрылымы мен мазмұны осы Қағидалардың 3-тарауы 9-параграфының ережелеріне сәйкес келеді.

      145-1. Экономикалық сараптама жүргізусіз және экономикалық қорытындыны алусыз Инвестициялар ҚЭН түзету мына:

      1) осы Қағидалардың 149-тармағында көзделген;

      2) техникалық шешімдерді өзгертуге әкелмейтін, бір іс-шара ішіндегі құрамдауыштар арасында қаражатты қайта бөлген жағдайда жүргізіледі.";

      148-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "148. Бір квазимемлекеттік сектор субъектісінің екі және одан артық ҚЭН-ін іске асыру қорытындылары бойынша бюджет қаражатын үнемдеу түрінде қалыптасқан қолма-қол ақшаның бақылау шоттарындағы, ағымдағы шоттарындағы пайдаланылмаған қалдықтарды жаңа жобаны (ларды) іске асыруға бағыттаған жағдайда Қазақстан Республикасының бюджет заңнамсында белгіленген тәртіппен бюджеттік жаңа қаржылық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 148-1-тармақпен толықтырылсын:

      "148-1. Егер үнемдеу сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, үнемделген қаражатты квазимемлекеттік сектор субъектісінің басқару органының (құрылтайшының) шешімі бойынша, даму мақсаттарына (жаңғыртуға, активтер сатып алуға) пайдаланған жағдайда ҚЭН-ді түзету талап етілмейді.

      Үнемдеуді одан әрі пайдалану Инвестиялардың ҚЭН аяқталған кезде, бюджет қаражатын бөлген бюджеттік бағдарлама әкімшісімен келісім бойынша Инвестиялар ҚЭН-ның аяқталуын растайтын құжаттарды ұсынған және нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізген, пайдалануға беру актілерін (болған жағдайға), қазынашылық органдарының квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, ағымдағы шоттарындағы үнемдеу сомасы және қалдықтар туралы үзінді көшірмелерін ұсынған кезде мүмкін болады.";

      151-тармақтың он екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бір ББӘ-нің құзыретіне жатқызуға болмайтын, экономиканың әртүрлі салаларындағы жобаларды іске асыруды көздейтін, ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар бойынша түзетілген ҚЭН-нің түпнұсқасы, сондай-ақ мемлекеттік органның бірінші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның, не мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір Инвестициялар бойынша жеке уәкілеттік берген тұлғаның қолы қойылып ұсынылатын салалық сараптама қорытындысын қоспағанда, Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттар осы ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы холдинг және ұйымның бірінші басшыларының не оларды алмастыратын тұлғалардың қолы қойылып ұсынылады.";

      160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "160. Қорытынды Инвестициялар ҚЭН-ін:

      1) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған заңды тұлғаға;

      2) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаларға ұсынғаннан кейiн 30 (отыз) жұмыс күнi iшiнде дайындалады.

      Егер жарғылық капиталын ең аз мөлшерде қалыптастыруға арналған инвестициялар жағдайында 25 (жиырма бес) жұмыс күнi ішінде қорытынды жасалады.";

      180 және 181-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "180. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ББӘ-нің Инвестицияларды жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың ҚЭН-ін қаржы қаражатымен қамтамасыз етілу, растайтын құжаттарының болуы тұрғысынан қарайды және олар бойынша қорытындыны МИЖ-дің инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындыны, Инвестициялар бойынша экономикалық қорытындыны ескере отырып, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға берілетін бюджеттік өтінімдер бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеттік органның қорытындылары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы есепке алынып қалыптастырылады.

      181. Инвестициялар бойынша оң экономикалық қорытынды мен тиiстi бюджет комиссиясының оң шешiмi негiзiнде Инвестициялар тиiстi бюджет жобасына қосылады.

      Инвестицияларды іске асыруға арналған шығыстар ҚЭН-де айқындалған бюджеттік инвестицияларды іске асыру мерзімдеріне сәйкес бюджет жобасына қосылады.

      Мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша тиісті бюджет жобасына ТЭН мен ЖСҚ-ны әзірлеуге арналған шығыстар қосылады.

      Мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша ТЭН немесе ЖСҚ-ға арналған ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелері бойынша тиісті бюджет жобасына жобаларды іске асырудың жалпы құны қосылады.";

      3-тараудың 11-параграфы алып тасталсын:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:

      "3-1-тарау. Төмен тұрған бюджеттердiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бағытталатын бюджеттік кредиттерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен бюджеттік кредит беру ретінде қаражат бөлудің орындылығын қарау мен айқындау тәртібі.

      1-параграф. Жалпы ережелер

      182-2. Бюджеттік кредиттер:

      1) ағымдағы қаржы жылына арналған бекітілген республикалық бюджетте;

      2) мәслихаттар шешімімен бекітілген ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттердің тиісті бюджеттік бағдарламаларында көзделген мақсаттарға және сомалар шегінде беріледі.

      182-3. Бюджеттік кредиттер беру мынадай:

      1) бюджеттік кредитті кредит шартына сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық;

      2) міндеттемелердің орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәсілдермен қамтамасыз етудің болуын көздейтін қамтамасыз етілу;

      3) бюджеттік кредитті бергені үшін қарыз алушының сыйақы төлеуін көздейтін ақылылық;

      4) бюджеттік кредитті беру мерзімін белгілеуді көздейтін мерзімділік қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      182-4. Қарыз алушылар, түпкілікті қарыз алушылар, сондай-ақ бюджеттік кредит беру шарттары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес айқындалады.

      182-5. Республикалық бюджеттен, облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерден бюджеттік кредиттер бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға, мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге және қаржы жылы ішінде қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында тиісінше облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне берілуі мүмкін.

      182-6. Бюджеттік кредиттер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған шарттар мен өлшемшарттар сақталған кезде беріледі.

      182-7. Бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу, қарыз алушылардың шаруашылық қызметі шығындарының орнын толтыру, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) қызметтеріне ақы төлеу мақсаттарына берілмейді.

      Заңды тұлғаның шаруашылық қызметінің нәтижесінде пайда болған ақша нысанында көрсетілген шығын, материалдық және ақша ресурстарын азайтуға әкеп соқтыратын шығыстардың кірістерден асып түсуі шаруашылық қызметінің шығындары деп түсініледі.

      182-8. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ББӘ бюджеттік кредит беру арқылы іске асыруға ұсынып отырған бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредит беру өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      182-9. Республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындауды төмен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығының орнын толтыруға бағытталған бюджеттік кредиттерді қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындауды төмен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығының орнын толтыруға бағытталған бюджеттік кредиттерді қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      182-10. Бюджет комиссиясы бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаны тиісті бюджет жобасына енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді.

      2-параграф. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

      182-11. ББӘ бюджеттік кредит беру кезінде кредиттік шарттың тарапы болып табылады және:

      1) қаржы агенттіктерін және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымдарды қоспағанда, мамандандырылған ұйымдар мен сенім білдірілген өкілдерді (агенттерді) конкурстық негізде айқындауды;

      2) бюджеттік кредиттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оларға қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингілеуді жүзеге асырады.

      182-12. ББӘ ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдерді жасайды және оларды бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

      182-13. ББӘ немесе бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі қаржы агенттігін және ұйымдарды қоспағанда, сенім білдірілген өкілді (агентті) айқындайды.

      Тапсырма шартының негізінде кредитордың (сенімгердің) немесе ББӘ атынан және оның есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды жасайтын тұлға сенім білдірілген өкіл (агент) болып табылады.

      Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйым сенім білдірілген өкілдер (агенттер) бола алады.

      3-параграф. Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау кезінде сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу тәртібі

      182-14. Жергілікті атқарушы органдарға, қаржы агенттіктеріне бюджеттік кредиттер бойынша, сондай-ақ қарыз алушылар ретінде жергілікті атқарушы органдар түпкілікті қарыз алушыларға мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге беретін бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қоспағанда, бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі айналыс мерзімі бюджеттік кредиттің мерзіміне сәйкес келетін мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің орташа өлшемді мөлшерлемесінен төмен болмайтын шамада белгіленеді.

      182-15. Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде бюджеттік кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі мынадай реттілікпен айқындалады: түпкілікті қарыз алушылар үшін – қарыз алушылар үшін. ББӘ жобаны іске асыруға мүмкіндік беретін кірістілік мөлшерлемесі және қарыз алушылардың маржасына салынатын параметрлердің шамалары бойынша есептеулер мен негіздемелерді ұсынады.

      Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде түпкілікті қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне байланысты есептеу жолымен белгіленеді және ішкі кірістілік нормасының мәніне тең болады.

      Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін қоспағанда, түпкілікті қарыз алушы үшін мамандандырылған ұйым белгілейтін сыйақы мөлшерлемесінің көлемі айналыс мерзімі бюджеттік кредит мерзіміне сәйкес келетін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген тиісті мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша өткен тоқсанда бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша қалыптасқан кірістің орташа өлшенген мөлшерлемесінен төмен емес деңгейде белгіленетін екі еселенген сыйақы мөлшерлемесінен аспайды.

      Мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге және мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға бюджеттік кредит беру кезінде қаржы агенттіктері қарыз алушының маржасын, тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін салымшыларға алдын ала тұрғын үй және аралық тұрғын үй қарыздарын беру бойынша қызметті жүзеге асыратын қаржы агенттіктерін қоспағанда, салынатын операциялық шығыстардың шамасын негізге ала отырып, есептеу жолымен айқындайды және жыл сайын бюджеттік кредит сомасының 0 %-дан 1,5 %-ға дейінгісін құрайды. Бұл ретте қарыз алушы маржасының құрамындағы әкімшілік шығыстардың деңгейі жыл сайын бюджеттік кредит сомасының 1 %-нан аспайды, тәуекелді бағалау жыл сайын бюджеттік кредит сомасының 1 %-нан аспайды.

      Тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды жүргізуге арналған алдын ала тұрғын үй және аралық тұрғын үй қарыздарын беру бойынша қызметті жүзеге асыратын қаржы агенттігінің түпкілікті қарыз алушысы үшін сыйақы мөлшерлемесінің көлемі маржаны есепке ала отырып, жылдық 9,5 %-дан аспайды.

      182-16. Облыстардың республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі кредитордың шешімімен белгіленеді.

      182-17. Айналым қаражатын толықтыру мақсаты үшін бюджеттік кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі есептеулер мен негіздемелерді ұсынған кезде ББӘ ұсыныстары бойынша айқындалады.

      Бұл ретте банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның пруденциялық нормативтері сақталуы тиіс.

      4-параграф. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі

      182-18. Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау үшін ББӘ тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға негіздейтін құжаттаманы ұсынады, онда мыналар қамтылуы тиіс:

      1) бюджеттік кредит беру есебінен қаржыландыруға ұсынылатын шығыстар және іс-шаралар түрлері бойынша есептеулер;

      2) жобаны іске асыру мақсатында бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау үшін негіздейтін ақпарат:

      жобаны іске асыруға арналған шығындар көлемін растау;

      тиісті салада іске асырылатын, оның ішінде екінші деңгейдегі банк кредиттерін тарту есебінен жобаларды қаржыландыру көздерін талдау;

      кредит беру шарттарын негіздеу (оның ішінде мерзімі, сыйақы мөлшерлемелесі, кредит сомасы және оны өтеу кестесі);

      түпкілікті қарыз алушыларға кредит беру шарттарын негіздеу (мұндай болған жағдайда);

      3) саланы дамыту басымдықтарына сәйкес келуі, сондай-ақ бюджеттік кредит беру арқылы іс-шараларды іске асырудың оңтайлы нұсқасын таңдау тұрғысынан тиісті салалық сараптаманың түсіндірме жазбасы және қорытындысы. Объектіні пайдалануға беру шығындары болған жағдайда тиісті салалық сараптаманың қорытындысында ақпаратты көрсету қажет;

      4) ТЭН-ді әзірлеуді талап ететін құрылыс қызметін көздейтін іс-шаралар болған жағдайда, ТЭН-ге ведомстводан тыс кешенді сараптаманың тиісті сараптама қорытындысы, оның ішінде техникалық шарттар бойынша құжаттардың көшірмелері (жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар шығындарының, алып қойылатын алқаптардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісі шығындарының есептеулерімен қоса) және қазіргі объектілерді реконструкциялауды болжайтын жобалар бойынша жылжымайтын мүліктің тиісті құқық белгілейтін құжаттарының көшірмелері қоса беріліп, техникалық-экономикалық негіздеме ұсынылады.

      182-19. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бюджеттік инвестициялық жобаларға, оның ішінде ТЭН әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларға республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттiк кредит берудің орындылығын айқындауы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік инвестициялық жобаларға, оның ішінде ТЭН әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларға жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттiк кредит берудің орындылығын айқындауы жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы ескеріле отырып, жүзеге асырылады.

      182-20. Тиісті салалық орталық мемлекеттік орган ұсынылған құжаттаманы қарайды және жоспарланатын бюджеттік инвестициялық жоба бойынша салалық қорытынды береді. Салалық қорытынды оң болған жағдайда республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі осы Қағидалардың 182-18-тармағына сәйкес құжаттаманы бюджеттік кредит берудің орындылығы туралы экономикалық қорытындыны дайындау үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.

      Жергілікті бюджеттен бюджеттік кредит беру жолымен қаржыландыруға мәлімделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жоба бойынша тиісті ББӘ осы Қағидалардың 182-18-тармағына сәйкес құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жергілікті бюджеттен бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау үшін енгізеді.

      182-21. ББӘ құжаттар топтамасы келiп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде:

      1) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған заңды тұлғаға;

      2) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаларға экономикалық сараптама жібереді.

      182-22. Экономикалық сараптама құжаттар топтамасы ұсынылғаннан кейiн отыз жұмыс күнi iшiнде жүргізіледі.

      182-23. ТЭН-нің экономикалық сараптамасының қорытындысын ТЭН-нің экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға айқындалған тиісті заңды тұлғалар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      182-24. ТЭН-нің экономикалық сараптамасының нәтижелері оң қорытынды немесе теріс қорытынды болып табылады.

      Экономикалық сараптама қорытындысын оны дайындаған ұйымның басшысы немесе оған уәкiлеттiк берілген тұлға бекiтедi, қорытындыны дайындаған ұйым орындаушысының қолы қойылады және мөрмен куәландырылады.

      182-25. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган осы Қағидалардың 182-18-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасын экономикалық сараптаманың қорытындысын ескере отырып қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны ББӘ жібереді.

      Экономикалық қорытынды экономикалық сараптама қорытындысы алынған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде дайындалады.

      5-параграф. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруға бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі

      182-26. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруға бюджеттік кредит берудің берудің орындылығын айқындау ҚЭН талдауына негізделеді.

      182-27. Бюджеттік кредиттердің ҚЭН тиісті бюджеттік бағдарламаны іске асыруға бюджет қаражатын салудан алынған нәтижені бағалауды, негіздемені, орындылықты қамтитын құжатты білдіреді.

      182-28. Бұл ретте инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде көзделетін шет мемлекеттердің аумағында құрылыс қызметін көздейтін іс-шаралар болған жағдайда аумағында осы жобаны іске асыру жоспарланған мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіпте дайындалған техникалық-экономикалық негіздеме мен ол бойынша қорытындыны ұсыну қажет.

      6-параграф. Қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру үшін бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі

      182-29. Қаржы агенттеріне бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау:

      1) бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын инвестициялық жобалардың тиімділігін;

      2) қарыз алушыны (мамандандырылған ұйымдарды) талдауға негізделеді.

      Бұл ретте, айналым қаражатын толықтыруға арналған бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау кезінде мамандандырылған ұйымдарды ғана талдау жүзеге асырылады.

      182-30. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттiк кредит берудің орындылығын айқындауы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттiк кредит берудің орындылығын айқындауы жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы ескеріле отырып, жүзеге асырылады.

      182-31. Қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау үшін ББӘ тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға бюджеттік кредиттің ҚЭН ұсынады.

      182-32. Бюджеттік кредиттің ҚЭН-де бюджеттік кредит берудің орындылығын растау, сондай-ақ жоспарланып отырған iс-шаралардың бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит берудің мынадай өлшемшарттарына сәйкестiгiн растау келтіріледі:

      іс-шараларды бюджеттік кредит беру арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;

      бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы;

      мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайтын өлшемшарттарға сәйкес қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігі.

      182-33. Экономикалық сараптаманы жүзеге асыруға арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғаның бюджеттік кредитінің ҚЭН-нің экономикалық сараптамасы бюджеттік кредиттің ҚЭН iс-шараларының бюджеттік кредит берудің өлшемшарттарына сәйкестiгi тұрғысынан жүргізіледі.

      182-34. Бюджеттік кредиттің ҚЭН әзірлеуді немесе түзетуді ББӘ не қаржылық схема қатысушыларының бірі жүзеге асырады.

      182-35. Бюджеттік кредиттің ҚЭН-нің мақсаттары мен міндеттері инвестициялық ұсынысқа сәйкес келуі тиіс.

      186-36. Бюджеттік кредиттің ҚЭН-і:

      жоба паспортының;

      институционалдық бөлімнің;

      маркетингтік бөлімнің;

      қаржылық бөлімнің;

      әлеуметтік-экономикалық бөлімнің;

      тәуекелдерді бағалау және бөлу;

      жоба бойынша тұжырымдардың;

      қосымшалардың құрылымына сәйкес болуға тиіс.

      Егер бюджеттік кредит шетел мемлекеттердің аумағында берілген жағдайда, жобалардың бастапқы және түзетуге ұсынылатын құнын растайтын, оның аумағында осы жоба іске асырылатын мемлекеттің құрылысы саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті құжаттар, көрсетілген заңнаманың мәтіні қоса беріле отырып және мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне аудармасы қамтамасыз етіле отырып, ұсынылады.

      Жобаның ерекшелігіне байланысты бюджеттік кредиттің ҚЭН шеңберінде қабылданған шешімдерді егжей-тегжейлі ашуға және негіздеуге мүмкіндік беретін қосымша бөлімдер қосылады.

      Бұл ретте, қосымшалар мына құжаттармен жиынтықталады:

      қаржыландырудың ықтимал түрлері мен тәсілдерінің есептеулері, олар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша ұсынылатын қаржылық-экономикалық модельдің базалық параметрлері мен экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің есептеулері;

      осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылатын қатысушылар туралы ақпарат;

      осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес жасалған қаржы моделінің қағаз және электрондық нұсқасы;

      бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша жасалған бюджеттік кредитті есепке алмай, бюджеттік кредиттің қаржылық схемасына қатысушылардың қаржылық көрсеткіштерінің болжамы:

      "Бухгалтерлік баланс";

      "Пайдалар мен шығындар туралы есеп";

      "Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (тікелей немесе жанама әдіс)";

      "Капиталдағы өзгерістер туралы есеп";

      осы Қағидаларға 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылатын бюджеттік кредит есебінен іске асыру жоспарланатын инвестициялық жобаның тиімділігін талдау;

      осы Қағидаларға 48-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылатын қарыз алушыны талдау;

      болжанып отырған кепілдік қамтамасыз етуге меншік құқығын және кепілзат мүлігіне өзге ауыртпалықтар жоқ екендігін растайтын құжат;

      салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің болмауы (болуы) туралы тиісті салық органы анықтамасының түпнұсқасы;

      бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы туралы бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi органның анықтамасы (хаты);

      Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес жасалған бюджеттік кредиттерді уақтылы қайтару бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті бағалау туралы есеп;

      бюджеттік кредит беру кезінде түпкілікті қарыз алушыдан алынатын маржаны негіздейтін құжат;

      жаңа объектілердің құрылысын не қазіргі объектілерді реконструкциялауды болжайтын жобалар бойынша жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін тиісті құжаттардың көшірмелері;

      қаржылық схема қатысушыларының құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      қаржылық схема қатысушыларының кредит саясаты туралы құжаттары;

      бюджеттік кредиттің ҚЭН мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкілетті органға енгізудің алдындағы соңғы үш жылғы мөр басылған және ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір бюджеттік кредит бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға мен бас бухгалтердің қолы қойылған қаржылық схема қатысушыларының қаржылық есептілігі (жеке және шоғырландырылған), сондай-ақ қаржылық есептілікке түсіндірме жазбалар;

      Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметі туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік аудиті міндетті болып табылатын қаржылық схема қатысушылары үшін, соңғы үш жылда жасалған аудиттелген қаржылық есептілік пен аудиттік есептер ұсынылады. Бұл ретте қаржылық схема қатысушысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес объективті себептері болған кезде соңғы есепті кезеңдегі аудиттен өтпеген қаржылық есептілікті ұсынуға құқылы;

      инвестициялық ұсыныстың және осы инвестициялық ұсынысқа мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысының көшірмесі;

      ведомстводан тыс кешенді сараптаманың тиісті қорытындысы;

      тиісті саладағы уәкілетті органның салалық сараптамасының қорытындысы;

      қаржылық схема қатысушыларының мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға бюджеттік кредиттің ҚЭН енгiзудiң алдындағы айдың соңғы күнiне жасалған қаржылық есептiлiгi, сондай-ақ қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазбалар жатады.

      Қаржылық есептілік қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, оның ішінде басқа ұйымдарға қаржылық қатысу туралы ақпаратты қоса, баланс валютасында 10 % және одан артық бөлігіне ие баланс баптарының егжей-тегжейлі таратып жазылуы қоса беріле отырып, ұсынылады.

      Тиісті саладағы уәкілетті органның салалық сараптама қорытындысы:

      1) саладағы қазіргі жағдайдың талдауын бағалауды;

      2) сандық және сапалық көрсеткіштерді келтіре отырып және жобаның сала экономикасының құрылымындағы рөлі мен орнын көрсете отырып, саланың дамуына жобаның іске асырылуының ықпалын бағалауды;

      3) жобаның іс-шаралары бойынша (құрылысты және/немесе жабдықтарды сатып алуды болжайтын жобалар бойынша) техникалық шешімдердің жеткілікті болуын және олардың тиімділігін бағалауды қамтиды.

      182-37. Жоба паспортында жоба туралы қысқаша ақпарат ашып көрсетіледі. Жоба паспорты мынадай ақпаратты қамтиды:

      бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы;

      жобаның атауы;

      жобаны іске асыру орны (құрылыс болған жағдайда);

      жобаның мақсаты мен міндеттері, оның ішінде сандық мәнде;

      жобаның іске асырылу кезеңі, оның ішінде объект құрылысының кезеңі (құрылыс болған жағдайда);

      жобаның құрамдауыштары;

      бюджеттік кредиттің жоспарланатын көлемі;

      бюджеттік кредитті беру шарттары (кредитті берудің мақсаты, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз алушының кредитті игеру кезеңі, негізгі борышты өтеу және ол бойынша сыйақы төлемдерін төлеу кезеңділігі, жеңілдік кезеңінің болуы, кредитті өтеу әдісі);

      жобаның іске асырылуынан негізгі пайда алушылар.

      182-38. Институционалдық бөлімде жобаны басқарудың ұсынылатын оңтайлы схемасы, жобаның қаржылық схемасына қатысушылар және олардың функциялары, олардың өзара іс-қимылының тәртібі сипатталады.

      Осы бөлім мыналарды:

      1) әрбір қаржылық схема қатысушысы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ ақша ағындарының сомалары мен бағыттарын көрсете отырып, іс-шараларды іске асырудың қаржылық схемасын;

      2) жобаның стратегиялық алғышарттары туралы ақпаратты, атап айтқанда оларды іске асыру үшін бюджеттік кредиттің ҚЭН бойынша іс-шаралар жоспарланатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттар туралы ақпаратты (елдегі жағдай және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын, нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жоспарлау жүйесінің құжаттарын) қамтиды.

      182-39. Маркетингтік бөлім жобаны іске асырудың нәтижесінде пайда болатын өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) сұраныстың және өндірістің тұтыну факторлары ұсынысының қазіргі кездегі және болжамды (жобаны іске асыру кезеңіндегі) конъюнктурасын талдауды қамтиды.

      Осы бөлім мыналарды:

      1) саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және жобаны есепке алмай, оның даму перспективаларын талдауды, оның ішінде:

      негізгі әлеуметтік көрсеткіштерді (халықтың кіріс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамту, өлім-жітім, туу деңгейі және т.с.с.);

      негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштерді (өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын кезеңдегі үрдістері);

      жобаны іске асыру арқылы шешу жоспарланып отырған саладағы бар проблемалардың сипаттамасын;

      2) жобаны іске асырған жағдайда саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды дамыту перспективаларын талдауды, оның ішінде:

      негізгі әлеуметтік көрсеткіштерді (халықтың кіріс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамту, өлім-жітім, туу деңгейі және басқалар);

      негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштерді (өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын кезеңдегі үрдістері);

      сұраныстың сандық параметрлерінің, оның үрдістерінің талдауын және негіздемесін немесе жоба шеңберінде өндіру жоспарланатын өнімге (тауарға/көрсетілетін қызметке) қажеттікті бағалауды;

      тұтынушылардың санаттары бойынша саладағы (өңірдегі) ағымдағы жағдайды ескере отырып, жүргізілетін өнімнің (тауардың/көрсетілетін қызметтің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдауды;

      3) тұтынушылардың санаты бойынша жобаны іске асырудың нәтижесінде жүргізілетін өнімнің (тауардың/көрсетілетін қызметтің) көлемдерін, түрлерін және бағаларын талдауды:

      жобаны іске асыру үшін қажетті шикізат, материалдар, жабдықтар нарықтарын талдау, оның ішінде өндірушілер мен жеткізушілер, бағалар, сапа және өнімді жеткізу шарттары бойынша салыстырмалы талдауды;

      инвестициялық, сол сиякты инвестициядан кейінгі кезеңде жобаның тиісті біліктілігі бар мамандармен қамтамасыз етілуін талдау, сондай-ақ қажет болған жағдайда, шетелдік мамандарды тарту негіздемесін қамтиды.

      182-40. Қаржы бөлімінде бюджеттік кредит көлемiнiң және кредит беру мақсатының негiздемесi, қаржы моделінің бастапқы деректерінің сипаттамасы мен негіздемесі, жобаның қаржылық тиімділігін талдау, бюджеттік кредитті беру шарттарының және оны уақтылы қайтару мүмкіндігінің негіздемесі, сондай-ақ қарыз алушы мен өзге де қаржылық схема қатысушыларының талдауы келтіріледі. Бұдан басқа, бюджеттік кредиттің ҚЭН шеңберінде қабылданған қаржылық шешімдер ашып көрсетіледі.

      Осы бөлім:

      1) бюджеттік кредит ҚЭН әрбiр іс-шарасы бөлiнiсiнде бюджеттік кредит көлемiнiң құжатпен және есептеулермен расталған негiздемесiн, оның ішінде:

      сатып алынатын өнiмдер тізбесінің, саны мен сапасының негiздемесiн (сатып алынған жағдайда);

      сатып алынған жағдайда бюджеттік кредит есебiнен сатып алынатын өнiмдер бағаларының талдауын (соңғы екі жылдағы бағалардың серпіні туралы ақпарат және осындай өзгеріске әкелуі мүмкін ағымдағы бағалар мен оқиғалардың ықтимал өзгеруі);

      2) мыналарды:

      бюджеттік кредит беру шарттары мен негіздемелерін (кредит беру мақсаты, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз алушының кредитті игеру кезеңі, негізгі борышты өтеу және ол бойынша сыйақы төлеу кезеңділігі, жеңілдік кезеңінің болуы, кредитті өтеу тәсілі және басқалары) егжей-тегжейлі сипаттауды;

      жобаны іске асыру кезеңі ұзақтығының негіздемесін;

      қаржылық схема қатысушыларының ковенанттарды қамтамасыз етуіне және сақтауына қойылатын талаптардың болуы/болмауы туралы ақпаратты;

      қаржылық схема қатысушыларының кредиттік қоржынының құрылымы мен жоба іске асырылған жағдайда оның өзгерісін бағалауды;

      өткізілетін өнiмнiң (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) өзiндiк құнының негiздемесi, оның iшiнде оның өсу немесе төмендеу негiздемесiн (ақпаратты ашып көрсету әрбір өнiм бойынша жүзеге асырылады);

      өнiмді өткізу бойынша жоспарланатын шығыстар негіздемесін, оның iшiнде олардың өсу немесе төмендеу негiздемесiн (ақпаратты ашып көрсету әрбiр кiшi топ бойынша жүзеге асырылады);

      жоспарланатын әкiмшiлiк шығыстар негiздемесi, оның iшiнде олардың өсу және төмендеу негiздемесiн (ақпаратты ашып көрсету әрбiр кiшi топ бойынша жүзеге асырылады);

      маркетинг пен жарнама бойынша жоспарланатын шығыстардың негiздемесiн, оның iшiнде олардың өсу немесе төмендеу негiздемесiн (ақпаратты ашып көрсету әрбiр кiшi топ бойынша жүзеге асырылады);

      сыйақылар бойынша жоспарланатын шығыстар негіздемесін;

      активтердiң кетуіне байланысты шығыстар негіздемесін;

      операциялық жалдауға байланысты шығыстар негіздемесін;

      үлестiк қатысу әдiсiмен ескерiлетiн инвестициялар бойынша шығыстар негіздемесін;

      тоқтатылатын қызметке байланысты жоспарланатын шығыстарды;

      өзге де жоспарланатын шығыстарды;

      сатудан және өзге көздерден түсетін кірістерді келтіре отырып, жобаның кіріс бөлігінің негіздемесін;

      қаржылық схемаға қатысушылар маржасының негіздемесін келтіре отырып, барлық қаржылық схемаға қатысушылар үшін қаржы моделін есептеуде қолданылатын барлық бастапқы деректердің негіздемесін қамтиды.

      Қаржылық модель осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес жасалады және Excel электрондық форматында ұсынылады;

      3) бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын жобаның тиімділігін талдау.

      Осы тарауда мынадай көрсеткіштерді есептеу нәтижелерінің сипаттамасын ұсыну қажет:

      өзін-өзі ақтаудың қарапайым мерзімі (payback period, PP);

      өзін-өзі ақтаудың дисконтталған кезеңі (discounted payback period, DРP);

      таза дисконтталған кіріс (net present value, NPV);

      ішкі кірістілік нормасы (internal rate of return, IRR);

      кірістілік индексі (profitability index, PI).

      Көрсеткіштерді есептеу осы Қағидаларға 47-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

      4) қарыз алушыны және өзге де жобаның қаржылық схемасына қатысушыларды талдау. Ол үшін жобаның қаржылық схемасына қатысушылардың қаржылық есептілігін талдаудың мынадай түрлері:

      сатылас талдау (vertical analysis);

      деңгейлес талдау (horizontal analysis);

      коэффициенттік талдау (coefficient analysis) жүргізіледі.

      Көрсеткіштерді есептеу осы Қағидаларға 48-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      182-41. Әлеуметтік-экономикалық бөлім жобаны іске асырудан түсетін әлеуметтік-экономикалық пайдалар мен шығындарды көрсетеді.

      Бұл бөлім:

      бюджеттік кредиттің қаржы-экономикалық негіздемесі iс-шараларының жоспарланған тiкелей және түпкілікті нәтижелерiнiң есептеулермен расталған негiздемесін;

      тiкелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге негізделген бюджеттік кредиттің ҚЭН-ін iс-шараларының әлеуметтік-экономикалық, оның ішінде бюджеттік тиімділігі туралы ақпаратты;

      нәтижелерді, салдар мен ықпалдарды талдауды, өсірілген пайдалар мен шығындарды, тұтынушының қосымша пайдаларын, қайтымсыз шығасыларды, сыртқы әсерлерді, халықаралық әсерлерді, жобаны іске асырудан түсетін жанама пайдаларды қамтитын жоба бойынша пайда мен шығындарды талдауды;

      ағымдағы бағалар мен өткен жылдың салыстырылатын бағаларындағы тікелей, жанама және жиынтық макроэкономикалық әсердің есебін;

      таза қоғамдық пайдалардың, экономикалық таза келтірілген кірістің (economic net present value, ENPV), экономикалық ішкі кірістілік нормасы (economic internal rate of return, EIRR) көрсеткіштерінің есебін;

      жобаны іске асырудың сабақтас салалардың (көрші өңірлердің) дамуына әсерін талдауды;

      жобаның Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты алмастыруға, инновациялардың дамуына әсерін талдауды;

      жоба бойынша қатысушылардың қызметін қолдау үшін көрсетілуі жоспарланған мемлекеттік қолдаудың түрлері мен мөлшерлерін, олардың есептері мен негіздемесін;

      жобаны іске асыру жылдары бойынша мемлекеттік бюджетке (республикалық немесе жергілікті) түсетін жүктеменің есебін;

      таза бюджеттік пайдалардың, бюджеттік таза келтірілген кірістің (мемлекеттік бюджеттің NPV), бюджеттік ішкі кірістілік нормасы (мемлекеттік бюджеттің IRR) көрсеткіштерінің есебін;

      мемлекеттік бюджетке, оның ішінде бюджеттік кредиттің түпкілікті қарыз алушыларын ескере отырып, түсуі жоспарланған салықтық түсімдерді қамтиды.

      182-42. "Тәуекелдерді бағалау және бөлу" деген бөлімде жобаны іске асыру кезінде (оның ішінде құрылыс жағдайда, дайындық кезеңінде, объектіні салу/реконструкциялау және оны пайдалану кезеңінде) басталуы мүмкін тәуекелдер сипатталады.

      Бұл бөлім:

      коммерциялық тәуекелдерді бағалауды;

      әлеуметтік тәуекелдерді бағалауды;

      экономикалық тәуекелдерді бағалауды;

      техникалық тәуекелдерді бағалауды;

      қаржылық тәуекелдерді бағалауды;

      тәуекелдердің негізгі факторларын айқындайтын, жобаға қатысушылар үшін ерекше тәуекелдерді бағалауды, олардың өзгеруінің болжамды сипаты мен диапазонын;

      оларды төмендету бойынша болжанатын іс-шараларды;

      жобаның қаржылық схемасына қатысушылар арасында тәуекелдердің бөлінуін талдауды;

      белгісіздік жағдайындағы талдауды, оның ішінде негізгі параметрлер бойынша (өткізу көлемі, өткізу бағасы, тікелей шығасылар) сезімталдықты талдауды, оның ішінде параметрі өзгеруінің шекті рұқсат етілген мәндерін айқындауды қамтиды.

      Тәуекелдерді бағалау сандық және сапалық талдау әдісімен жүргізіледі.

      182-43. "Жоба бойынша тұжырымдар" деген бөлімде:

      жобаның негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері;

      жобаның бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыру қажеттігін негіздеу;

      Жоба паспортына сәйкес бюджеттік кредит беру шарттарын бағалау;

      жоба бойынша шекті тәуекелдер және оларды төмендету жөніндегі шаралар сипатталады.

      182-44. Бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау үшін ББӘ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық немесе жергілікті органға осы Қағидалардың 182-36-тармағына сәйкес әзірленген бюджеттік кредиттің ҚЭН-ін бойынша құжаттар топтамасын ұсынады.

      Бюджеттік кредиттің ҚЭН-і бойынша құжаттар топтамасын қарау мерзімі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күнiн құрайды.

      182-45. ББӘ-ден құжаттар топтамасы түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық немесе жергілікті орган оны экономикалық сараптама жүргiзу үшiн, тиісінше:

      1) бюджеттік кредиттің ҚЭН-ін экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған заңды тұлғаға;

      2) бюджеттік кредиттің ҚЭН-ін экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаларға жібереді.

      182-46. Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаның бюджеттік кредитінің ҚЭН-ін экономикалық сараптамасы бюджеттік кредиттің ҚЭН-і бойынша құжаттар топтамасы ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Бюджеттік кредит ҚЭН-нің экономикалық сараптамасы ұсынылған бюджеттік кредиттің ҚЭН-нің және жобаның ерекшелігіне байланысты талап етілетін сараптамалардың тиісті оң қорытындыларының негізінде жүргізіледі.

      Жүргiзiлген сараптамаларда және/немесе тәуелсiз сараптамада, сондай-ақ берілген құжаттамада қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайда, бюджеттік кредиттің ҚЭН-ін экономикалық сараптаманы жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындаған тиiстi заңды тұлғалар тиісті ақпаратты және (немесе) қосымша сараптамалар жүргiзуді сұрайды.

      Қосымша ақпаратқа қатысушылардың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органға бюджеттік кредиттеу ҚЭН-ін енгiзуі алдындағы айдың соңғы күнiне жасалған қаржылық есептiлiгi, сондай-ақ қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазбалар жатады.

      Қосымша сараптамаларға:

      1) ведомстводан тыс кешенді сараптама;

      2) уәкiлеттi мемлекеттік органның салалық сараптамасы жатады.

      Қажетті ақпаратты ұсыну және/немесе жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптамалар жүргізу бойынша сұрау салулар тиісті ББӘ-ге, сұрау салудың көшірмесі – осы Қағидалардың 182-36-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жіберіледі.

      ББӘ ресми хат түрінде сұрау салу түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қажетті ақпаратты бюджеттік кредиттің ҚЭН-нің экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғаға ұсынады немесе ақпаратты ұсыну үшін қосымша, бірақ 25 (жиырма бес) жұмыс күннен аспайтын мерзім қажеттігі туралы хабарлайды.

      Экономикалық сараптама жүргізу мерзімі ұзартылған жағдайда, бюджеттік кредиттің ҚЭН-нің экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлға, ББӘ хатын қоса мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға экономикалық сараптама жүргізудің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      Сұрау салу жіберілген күннен бастап және қажетті ақпарат ұсынылғанға дейін экономикалық сараптама жүргізу мерзімі тоқтатыла тұрады.

      Бюджеттік кредит қаржы-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасының нәтижесі оң қорытынды немесе теріс қорытынды немесе пысықтауға жіберілген қорытынды болып табылады.

      182-47. Бюджеттік кредиттің қаржы-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасының қорытындысы:

      1) тақырыпты;

      2) "Жобаның қысқаша сипаттамасы" деген бөлімді;

      3) "Тұжырымдар" деген бөлімді;

      4) қолдарды;

      5) күнін;

      6) мекенжайды;

      7) Қорытындыға "Құжаттар" деген 1-қосымшаны;

      8) Қорытындыға "Жүзеге асушылық" деген 2-қосымшаны;

      9) Қорытындыға "Тиімділік" деген 3-қосымшаны;

      10) Қорытындыға "Өтелімділік" деген 4-қосымшаны қамтиды;

      11) Қорытындыға "Кредит қабілеттілік" деген 5-қосымшаны қамтиды.

      Қорытындының жобаның атауы, сондай-ақ Қорытындыны дайындаған ұйымның атауы көрсетілген тақырыбы болады.

      "Жобаның қысқаша сипаттамасы" деген бөлімде бюджеттік кредиттің ҚЭН-ге сәйкес мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) жобаның атауы;

      2) ББӘ-нің атауы;

      3) қаржылық схемаға қатысушылардың атаулары;

      4) бюджеттік кредит берудің мақсаты;

      5) қаржыландыру жылдар бойынша бөліп көрсетілген жобаның жалпы құны;

      6) жобаны қаржыландыру көздері мен нысаны;

      7) бюджеттік кредит беру шарттары.

      "Тұжырымдар" деген бөлім мынадай құрылымға сәйкес келеді:

      1) бюджеттік кредиттеу арқылы жобаның іс-шараларын іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі туралы ақпарат, жобаның тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндіктері келтірілген "Тиімділік" деген тарау;

      2) қаржылық схемаға қатысушылардың қаржылық есептілігін талдау және бюджеттік кредит ТЭН-і іс-шараларының қаржылық тиімділігі туралы ақпарат келтірілетін "Өтелімділік" деген тарау.

      Қорытындыға "Құжаттар" деген 1-қосымша:

      1) экономикалық сараптама жүргізу кезінде назарға алынған құжаттар мен материалдар тізбесін:

      экономикалық сараптама жүргізу үшін қарауға ұсынылған құжаттарды;

      нормативтік құқықтық актілерді;

      2) ұсынылған құжаттардың құрамы мен мазмұнына ескертулерді қамтиды.

      Қорытындыға "Жүзеге асушылық" деген 2-қосымша:

      1) қолданыстағы заңнама шеңберінде жобаны іске асыру мүмкіндігін талдауды;

      2) жобаның институционалдық схемасын бағалауды қамтиды.

      Қорытындыға "Тиімділік" деген 3-қосымша:

      1) сұранысты немесе жобаның әлеуметтік-экономикалық қажеттігін талдауды;

      2) жобаны іске асыру шеңберінде сатып алынатын және өндірілуі (көрсету) жоспарланатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығын талдауды;

      3) жобаны іске асырудың әлеуметтік және экономикалық тиімділігін талдауды, оның ішінде жоба бойынша пайдалар мен шығындарды талдауды;

      4) жобаны іске асырудың бюджеттік тиімділігін талдауды;

      5) жобаның тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу мүмкіндігін, сондай-ақ бар болса, тиімділік пен сапа көрсеткіштерін талдауды қамтиды.

      Қорытындыға "Өтелімділік" деген 4-қосымша:

      1) бюджеттік кредит мөлшерінің негізділігін талдауды;

      2) бюджеттік кредит беру шарттарын талдауды;

      3) қаржылық модельдің бастапқы деректерінің функционалдық мүмкіндіктерін, дұрыстығын және негізділігін талдауды;

      4) қаржылық модельдің қаржылық көрсеткіштерінің тұрақтылығын бағалауды;

      5) қаржылық схемаға қатысушылардың қаржылық есептілігін талдауды;

      6) жоба тәуекелдерін және оларды төмендету бойынша шараларды сандық талдауды;

      7) жобаның қаржылық схемасына қатысушылар арасында шекті тәуекелдерді бөлуді талдауды;

      8) жобаны іске асырудың коммерциялық тиімділігін талдауды қамтиды.

      Қорытындыға "Кредит қабілеттілік" деген 5-қосымша мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайтын өлшемшарттарға сәйкес қарыз алушының кредиттік қабілеттілігін бағалауды қамтиды.

      Қорытындыны дайындаған ұйымның басшысы немесе соған уәкілеттік берілген адам қорытындыны бекітеді, Қорытындыны дайындаған ұйымның орындаушылары қол қояды және мөрмен куәландырады.

      182-48. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган Қорытынды түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде Қорытындыны ескере отырып, бюджеттік кредиттің ҚЭН-і бойынша құжаттар топтамасын қарайды және олар бойынша экономикалық қорытынды дайындайды.

      Бюджеттік кредиттің ҚЭН-нің бойынша экономикалық қорытындыны осы Қағидаларға 49-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган дайындайды.

      182-49. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік кредиттің орындылығы туралы экономикалық қорытындысын алу нәтижесі бойынша ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі тиісті орталық уәкілетті немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджетті қалыптастыру (нақтылау) шеңберінде бюджеттік өтінім құрамында бюджеттік кредит бойынша экономикалық қорытындыны енгізеді.

      7-параграф. Бюджеттік кредиттеудің ТЭН-ін не ҚЭН-ін түзету тәртібі

      182-50. Бюджеттік кредиттеудің ТЭН-ін не ҚЭН-ін түзету техникалық шешімдерді өзгертуге және қосымша шығыстарға алып келетін бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда жүргізіледі.

      182-51. Бюджеттік кредиттеудің ТЭН-ін не ҚЭН-ін түзету екі кезеңмен жүзеге асырылады.

      Бірінші кезең бойынша:

      1) ББӘ бюджеттік кредит берудің ТЭН-ін не ҚЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсыныс әзірлеуі және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;

      2) тиісті бюджет комиссиясының ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынатын құжаттардың негізінде бюджеттік кредиттеудің ТЭН-ін не ҚЭН-ін түзетудің орындылығын айқындау жөніндегі шешімі.

      Бірінші кезеңде бюджеттік кредиттеудің ТЭН-ін не ҚЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу процесі осы Қағидалардың 2-тарауында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      182-52. Бюджеттік кредиттеудің ТЭН-ін не ҚЭН-ін түзетудің орындылығы мәселесін тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға мына құжаттарды:

      1) өзгеруі болжанған техникалық шешімдер мен қосымша шығыстар көрсетілген ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны ауыстыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы уәкілеттік берген тұлға қол қойған өтініш-хатын;

      2) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны ауыстыратын тұлға, не мемлекеттік органның бірінші басшысы уәкілеттік берген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми құжаттар үшін белгіленген тәртіппен ресімделген, техникалық шешімдерді өзгертудің және қосымша шығыстарды көздеудің орындылығын растайтын, тиісті саланың уәкілетті органының салалық сараптамасының қорытындысын;

      3) жобаның ерекшелігіне байланысты қажетті сараптамалардың қорытындыларын;

      4) бюджеттік кредиттеудің ТЭН-ін не ҚЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсынысқа мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысын;

      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ құжаттар берілген күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей тіркелген, жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, бұзушылықтар жоқ екені туралы актіні;

      6) бюджеттік кредиттеудің бекітілген ТЭН-ін не ҚЭН-ін көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу не қол жеткізбеу туралы ақпаратты қамтитын түсіндірме жазбаны ұсынады;

      ББӘ тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысын алған кезде, бюджеттік кредиттеудің техникалық-экономикалық негіздемесін немесе қаржы-экономикалық негіздемесіне тиісті түзетулер енгізеді.

      182-53. Екінші кезең бойынша:

      1) ББӘ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға түзетiлген бюджеттік кредиттеудің техникалық-экономикалық негіздемесін не қаржы-экономикалық негіздемесін ұсынуы;

      2) тиісті бюджет комиссиясының бюджеттік кредиттеудің түзетілген ТЭН-ні не ҚЭН-ні бойынша қаржыландыру туралы шешімі.

      Екінші кезеңде бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік кредиттеудің түзетілген ТЭН-ін не ҚЭН-ін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган ұсынылатын құжаттардың:

      1) өзгеруі болжанған техникалық шешімдер мен қосымша шығыстар көрсетілген ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны ауыстыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы уәкілеттік берген тұлға қол қойған өтініш-хатын;

      2) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны ауыстыратын тұлға, не мемлекеттік органның бірінші басшысы уәкілеттік берген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми құжаттар үшін белгіленген тәртіппен ресімделген, техникалық шешімдерді өзгертудің және қосымша шығыстарды көздеудің орындылығын растайтын, тиісті саланың уәкілетті органының салалық сараптамасы қорытындысының;

      3) жобаның ерекшелігіне байланысты қажетті сараптамалардың қорытындыларының;

      4) бюджеттік кредиттеудің ТЭН-ін не ҚЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсынысқа мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысының;

      5) бюджеттік кредиттеудің түзетілген ТЭН-ін не ҚЭН-ін;

      6) бюджеттік кредиттеудің түзетілген ТЭН-ін не ҚЭН-ін оң экономикалық қорытындының;

      7) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ құжаттар берілген күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей тіркелген, жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, бұзушылықтар жоқ екені туралы актінің;

      8) бюджеттік кредиттеудің ТЭН-ін не ҚЭН-ін көрсетілген көрсеткіштерге бекітілген қол жеткізу не қол жеткізбеу туралы ақпаратты қамтитын түсіндірме жазбаның негізінде тиісті бюджет комиссияларының қарауына түзетілген бюджеттік кредиттеудің ТЭН-ін не ҚЭН-ін бойынша қаржыландырудың орындылығы мәселесін шығарады.

      8-параграф. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешу

      үшін бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау тәртібі

      182-54. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге бюджеттік кредиттеу бюджетаралық кредиттеу шеңберінде жүзеге асырылады.

      182-55. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешу үшін бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау бюджеттік кредит беру арқылы қаржыландыруға жоспарланған іс-шараларды көздейтін тиісті мемлекеттік немесе үкіметтік бағдармаларды немесе осы бағдарламаға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу арқылы жергілікті атқарушы органдар ұсынған мынадай құжаттардың:

      1) бюджеттік кредит беру есебінен қаржыландыруға ұсынылатын шығыстар түрлері мен іс-шаралар бойынша есептеулердің;

      2) жобаны іске асыру мақсатында бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау үшін:

      жобаны жүзеге асыруға арналған шығындардың көлемін растау;

      тиісті салада, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттерін тарту есебінен іске асырылатын жобаларды қаржыландыру көздерін талдау;

      кредит беру шарттарын негіздеу (оның ішінде мерзімі, сыйақы мөлшерлемелері, кредит сомасы және оны өтеу кестесі);

      соңғы қарыз алушыларға кредит беру шарттарын негіздеу (мұндай болған жағдайда) негіздейтін ақпараттың;

      3) түсіндірме жазбаның және саланы дамыту басымдықтарына сәйкестігі, сондай-ақ бюджеттік кредит беру арқылы іс-шараларды іске асырудың оңтайлы нұсқасының таңдалуы тұрғысынан тиісті салалық сараптама қорытындысының негізінде жүзеге асырылады. Объектіні пайдалануға беруге жұмсалған шығындар болған жағдайда, тиісті салалық сараптаманың қорытындысында ақпаратты көрсету қажет;

      4) ТЭН-ін әзірлеуді талап ететін құрылыс қызметін көздейтін іс-шаралар болған жағдайда, техникалық-экономикалық негіздемеге ведомстводан тыс кешенді сараптаманың тиісті сараптама қорытындысы, оның ішінде техникалық шарттар бойынша құжаттардың көшірмелері (қажет болса, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың залалдарын алып қойылатын алқаптардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісі шығындарының есептеулерін қоса) және жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялауды болжайтын жобалар бойынша жылжымайтын мүліктің тиісті құқық белгілейтін құжаттарының көшірмелерін қоса ТЭН-ні ұсынылады.

      182-56. Мемлекеттік немесе салалық бағдарламаның жобасы, сондай-ақ осы бағдарламаға бюджеттік кредиттеу арқылы қаржыландыру жоспарланған іс-шаралар көзделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, бюджет комиссиясына шығарылуы тиіс.

      182-57. Осы Қағидалардың 182-3-тармағының қағидаттарына сәйкес келмейтін іс-шараларға бюджеттік кредиттер берілмейді.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау жүргізу тәртібі";

      1-қосымшаға сәйкес "Инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы" нысанында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі және іске асыруға ұсынылатын МИЖ жөніндегі деректер

      Бюджеттік бағдарлама әкімшісі ________________

      МИЖ атауы __________________________________

      Құрамында МИЖ-ді іске асыру көзделген Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларының Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының атауы (нақты тармақтарға сілтемелер).

      Инвестицияларды алушы (болған жағдайда) заңды тұлғаның атауы

      МИЖ іске асыру кезеңі (белгісіз болса, жобалап көрсетіңіз):

      Іске асырудың ұзақтығы: ____________ ай

      МИЖ іске асырудың басталуы: жыл: ________ ай: ________

      МИЖ іске асырудың болжамды аяқталуы: жыл: ______ ай: ______

      МИЖ-дің пайдаланылу (қызмет ету) кезеңі

      МИЖ-дің жалпы құны: ____ мың теңге, оның ішінде (қажет жағдайда толтырылады):

      ТЭН әзірлеу құны: __________ мың теңге

      ТЭН түзету құны: ___________ мың теңге

      Объектіні ұстауға арналған жыл сайынғы шығындар, сондай-ақ инвестициядан кейінгі кезең (қаржыландыру көзін көрсетумен)

      МИЖ-дің іске асырылу орыны:

      (МИЖ-дің, оның негізгі құрамдауыштарының іске асырылу орнын және МИЖ бойынша шығындардың өңірлерге бөлінуін көрсетіңіз)

      1) Елді мекен (ауыл, аудан, қала, облыс, ел)

      2) Баланс ұстаушы* (қажет жағдайда толтырылады)

      3) МИЖ үшін бөлінген жердің болуы* (қажет жағдайда толтырылады)

      иә (жер учаскесі мен сол орында тұрған жылжымайтын мүліктің берілгені жөніндегі шешімнің нөмірі мен күні көрсетіледі);

      жоқ (жер учаскесін сатып алу үшін қажет сома көрсетіледі).

      4) инженерлік-көліктік инфрақұрылымның (теміржол магистральдары, автомобиль жолдары, құбырлар, электр-, жылу желілері, су құбырлары, газ құбырлары және басқа да инфрақұрылымның болуы)

      иә (қандай екені көрсетіледі);

      жоқ (қосымша қанша шығын қажет екені көрсетіледі)

      Ескертпе:

      *егер жаңа объект құрылған (салынған) жағдайда, болашақтағы меншік иесі көрсетіледі, ал реконструкцияланған жағдайда қазіргі меншік иесі көрсетіледі";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. МИЖ-ді қаржыландырудың ықтимал түрлері мен тәсілдері бойынша іске асырудың балама нұсқалары.

      МИЖ-ді іске асыру мүмкіндігін (мүмкін еместігін) тиісті негізделген есептерді қоса бере отырып, қаржыландырудың мынадай түрлері мен тәсілдерін жазыңыз:

      1) бюджеттік инвестициялық жоба (көзделген бюджет қаражаты шегінде орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы, оларға қол жеткізу аталған функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымның қызметіне толық байланысты болады, теңгерім ұстаушысы тікелей бюджеттік бағдарлама әкімшісі болып табылатын әлеуметтік-экономикалық әсердің болуы);

      2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялар (көзделген бюджет қаражаты шегінде орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы, оларға қол жеткізу аталған функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымның қызметіне толық байланысты болады және/немесе Инвестицияларды алушының белгілі бір көлемдегі және сападағы өнімді өндіруі);

      3) бюджеттік кредит (ақпаратты бюджеттік кредиттеу қағидаттарына сәйкестігі тұрғысынан көрсету, оның ішінде:

      бюджеттік кредитті кредит шартына сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық;

      міндеттемелердің орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәсілдермен қамтамасыз етудің болуын көздейтін қамтамасыз етілу;

      бюджеттік кредитті бергені үшін қарыз алушының сыйақы төлеуін көздейтін ақылылық;

      бюджеттік кредитті беру мерзімін белгілеуді көздейтін мерзімділік);

      4) МЖӘ жоба, оның ішінде концессиялық жоба (ақпаратты мынаған сәйкес көрсету:

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" және "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген МЖӘ, оның ішінде концессия қағидаттарын сақтау;

      жобаны МЖӘ, оның ішінде концессия схемасы бойынша іске асырудың әлеуметтік тиімділігі;

      жобаны МЖӘ, оның ішінде концессия схемасы бойынша іске асырудың экономикалық тиімділігі;

      МЖӘ, оның ішінде концессия схемасы бойынша ұсынылатын шешімдердің негізделуі);

      5) жеке инвестициялар (ақпаратты МИЖ-дің жоғары өтімділігіне сәйкестігі тұрғысынан көрсету).";

      3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын;

      15-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      18-1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-қосымшаларға сәйкес 18-2, 18-3, 18-4, 18-5, 18-6, 18-7, 18-8, 18-9, 18-10 және 18-11-қосымшалармен толықтырылсын;

      25-қосымша осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
Р. Дәленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ____________Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 20 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 61 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік инвестициялық
жобаның инвестициялық
ұсынысын әзірлеу
немесе түзету, оған қажетті
сараптамаларды жүргізу,
сондай-ақ бюджеттік
инвестицияларды жоспарлау,
қарау, іріктеу, іске асырылуын
мониторингілеу және бағалау
және бюджеттік кредиттеудiң
орындылығын айқындау
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

"Инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды"

1.

Жоба бойынша жалпы ақпарат


1.1.

МИЖ атауы


1.2.

Жобаның қуаты (өлшем бірлігі)


1.3.

Іске асырылу кезеңі (жыл)


1.4.

Пайдаланылу кезеңі (жыл)


1.5.

Жобаның іске асырылуын негіздеу (салалық сараптама қорытындысына сәйкес)


1.6.

Қаржыландыру тетіктері және көлемдері (пайдалануға берілгенге дейінгі барлық шығындар) (мың теңге)


1)

БИЖ ТЭН-ін әзірлеу (түзету) құны (мың теңге)


2)

Жерді сатып алу құны (мың теңге)


1.7.

Бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарына сәйкестігі


1.8.

Ұсынылған құжаттың болуы


2.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарындағы ережелерге, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкестігі (құжаттың деректемелерін көрсету)


3.

Жобаны басқарудың институционалдық схемасының пысықталғандығы (іске асырылу барысында, сол сияқты инвестициялықтан кейінгі кезеңдегі барлық жобаға қатысушылары туралы ақпарат, олардың өзара іс -қимылдары)


4.

Соңғы нәтиженің өлшенетін (сандық) көрсеткіштерінің болуы


5.

Тәуекелдерді бағалау тұрғысынан жобаны іске асыру мүмкіндігі


6.

МИЖ құнын есептеудің негіздемесі


      Тұжырымдар: (мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қаржыландырудың ықтимал түрі мен тәсілдерін, сондай-ақ МИЖ іске асырудың орындылығын айқындау).

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 61 бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік инвестициялық
жобаның инвестициялық
ұсынысын әзірлеу
немесе түзету, оған қажетті
сараптамаларды жүргізу,
сондай-ақ бюджеттік
инвестицияларды жоспарлау,
қарау, іріктеу, іске асырылуын
мониторингілеу және бағалау
және бюджеттік кредиттеудiң
орындылығын айқындау
қағидаларына
3-1-қосымша

Мемлекеттік инвестициялық жобаны іріктеу әдістемесі

      1. Мемлекет үшін басқалардың арасында мыналар:

      экономиканың әлеуметтік маңызды бірқатар салаларын дамытуға арналған бюджеттік қаражат тапшылығы;

      бюджеттерді толтыру үшін салықтарды көтеру мүмкіндігінің жоқтығы;

      бюджеттердің кірістерін ұлғайту мақсатында мемлекеттік қарыз алуды пайдалануға арналған шектеулер;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасына тұрғындардың көңілдерінің толмауы МЖӘ жобаларын іске асыру үшін негізгі алғышарттар болып табылады.

      2. Бюджет кірістерін ұлғайту, бюджет шығыстарын қысқарту (ұлғайту емес) үшін салықтарды көтеру призмасы арқылы бюджет қаржысын тиімді басқару мемлекеттің МЖӘ жобаларына қатысуының негізгі өлшемшарттары, яғни, жобалардың бюджет тиімділігінің өлшемшарты, сондай-ақ МЖӘ тетіктері арқылы МИЖ іске асырудың заңнамалық мүмкіндігі болып табылады.

      3. Жобаларды алғашқы іріктеу инвестициялар объектісін, сондай-ақ инвестиция объектілерінің меншігін МЖӘ беру шектеулерінің болмауы сияқты заң өлшемшарттарының негізінде жүзеге асырылады.

      Егер инвестиция объектісі ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға берілмейтін объектілер тізбесіне енгізілсе, онда жобаның бюджеттік инвестициялар арқылы іске асырылуы қаралуда.

      Егер инвестиция объектісі мемлекеттік кәсіпорынның балансында болса және жобада инвестиция объектісін ішінара жақсарту ішінара жаңғырту болжанатын болса, онда жобаны бюджеттік инвестиция арқылы іске асырылуы қаралуда.

      4. Экономикалық сараптама екі деңгейден тұрады:

      экономикалық сараптаманың бірінші деңгейі МИЖ-дің Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін, сондай-ақ жобаны іске асыру жеделдігін (төтенше қажеттілігінің) бағалаудан тұратын "МИЖ басымдығы" көрсеткішін бағалау мәніне жүргізілетін болады. Жобаны іске асырудың жеделдігі (төтенше қажеттілігінің) болған жағдайда жобаны бюджеттік инвестициялар арқылы іске асыру көзделеді.

      Мемлекеттің жауапкершілік саласы: қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттің жауапкершілігіне мемлекеттік функциялар мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді орындау жатады. Бұдан басқа, мемлекеттің жауапкершілік саласына дәстүрлі түрде әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, дене шынықтыру және спорт саласын жатқызады. Бұл ретте ойын-сауық көрсетілетін қызметтеріне, ойын бизнесіне, шаштараз бен косметикалық көрсетілетін қызметтер салондарына, монша-сауықтыру кешендеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарына және мемлекеттің жауапкершілік саласы жоқ басқа да салаларға бағытталған жобаларды МЖӘ тетігі бойынша іске асыру мүмкін емес.

      Егер құжаттаманы әзірлеуге және сараптама жасауға кететін шығындар жоба құнынан жоғары болса, онда МИЖ қаралмайды және МЖӘ тетігі арқылы іске асырылады.

      екінші деңгей, пайдалар мен шығындарды талдау әдісімен мына формула бойынша бюджет тиімділігінің коэффициентін анықтау:



      , мұнда:

      j=1

      Кбэ – бюджеттік тиімділіктің коэффициенті;

      ДБбиj – j кезеңінде БИЖ не МЖҚҚ арқылы іске асырудан түскен шоғырландырылған бюджетке түсімдер;

      РБбиj – j кезеңінде жобаны (инвестициялық, сондай-ақ пайдалануға беру кезеңі) іске асыруға бағытталған қаражат;

      ДБгчпj – j кезеңінде МЖӘ арқылы жобаны іске асырудан шоғырландырылған бюджетке түсімдер;

      РБгчпj – j кезеңінде МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер;

      Ст – дисконттау мөлшерлемесі.

      Егер Кбэ > 0, онда МИЖ-ді бюджеттік инвестиция ретінде іске асырылу қаралады;

      ЕГЕР Кбэ ≤ 0, онда МИЖ ең алдымен МЖӘ жобасы ретінде іске асырылу қаралады.

      Егер МИЖ бюджет тиімділігі коэффициентінің теріс мәні болса және МЖӘ жобасы арқылы қарау қажеттілігі туындаса, жобаның өтелімділік мерзімі мына формула бойынша есептеледі:



      IC (Invest Capital) – жобадағы алғашқы инвестициялық шығындар;

      CFi (Cash Flow) – таза пайда мен амортизация сомасын беретін уақыттың i-ші кезеңінде жобадан түсетін ақша ағыны.

      Ақша ағынының есептеу үшін мынадай формулаларды қолдану қажет:



      немесе

      CFᵢ = Кіріс – Операциялық ұсталымдар

      – Салық төлемдерімен және қарыздық капитал бойынша төлемдер

      мұнда:

      А (Amortization) – амортизация, шығын болып табылмайтын ақша ағынының түрі;

      NP (Net Profit) – инвестициялық жобаның таза пайдасы.

      5. Егер МИЖ-ді іске асыруда МЖӘ жобасы емес деп қараса, онда қаржыландыру сызбасын айқындау мына алгоритм негізінде жүзеге асырылады.

      а) Тікелей қаржы кірісі болмаған жағдайда, егер негізгі пайда табушы мемлекеттік мекеме болып табылса, МИЖ БИЖ ретінде іске асырылады.

      б) Егер жобаның инвестициядан кейінгі кезеңдегі (пайдалану) негізгі кірісі мемлекеттік бюджет есебінен қалыптастырылса, онда жоба заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы (үлестің ұлғаюы) арқылы іске асырылады.

      в) Егер негізгі кіріс мемлекеттік бюджеттің есебінен қалыптастырылмаса, бірақ заңды тұлғаның мемлекеттік кәсіпорынның не коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны болса, онда жоба мемлекеттің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы (үлестің ұлғаюы) арқылы іске асырылады.

      г) а)-в) тармақшаларына сәйкес келмеген жағдайларда заңды тұлғаның қаржылық көрсеткіштеріне қосымша тексеру жүргізіледі.

      Осылайша, егер заңды тұлғаның пруденциялдық нормативтер бойынша не бұрын жүзеге асырылған, бірақ, өтелмеген қарыздар ковенанттары бойынша шектеулері бар болса, онда жоба заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы (үлестің ұлғаюы) арқылы іске асырылады.

      Пруденциялық нормативтер не ковенанттар бойынша шектеулер болмаған жағдайда жоба бюджеттік кредит арқылы қаржыландырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 61 бұйрығына
3-қосымша
  Мемлекеттік инвестициялық
жобаның инвестициялық
ұсынысын әзірлеу
немесе түзету, оған қажетті
сараптамаларды жүргізу,
сондай-ақ бюджеттік
инвестицияларды жоспарлау,
қарау, іріктеу, іске асырылуын
мониторингілеу және бағалау
және бюджеттік кредиттеудiң
орындылығын айқындау
қағидаларына
15-қосымша
Нысан

"Бюджеттік инвестициялық жобаға арналған экономикалық қорытынды"

1.

Жобаның атауы


2.

Жобаның қуаты (өлшем бірлігі)


3.

Құрылыс мерзімі (құрылу) (жылы)


4.

Пайдалану мерзімі (жылы)


5.

Өтелімділік мерзімі (тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түскен тікелей ақша қаражатының ағындарын алуға әкеп соқпайтын жобаларды қоспағанда) (жылы)


6.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының ережелеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкестігі (құжаттың деректемелерін көрсету)


7.

Стратегиялық жоспарда айқындалған нәтижелердің көрсеткіштері


8.

Жобаның құны (пайдалануға енгізуге дейінгі барлық шығындар) (мың. теңге)


9.

Жердің сатып алу құны (мың. тенге)


10.

Қаржыландыру көздері (мың. тенге)


11.

Жоба бойынша құжаттаманың құрамы, оның ішінде экономикалық сараптаманы жүргізуге уәкілетті заңды тұлғаның экономикалық сараптама қорытындысы (экономикалық қорытынды дайындаған кезде назарға алынған құжаттар мен материалдарды көрсету; ұсынылған құжаттар құрамына ескертпелер)


12.

Техникалық-технологиялық шешімдерді бағалау


13.

Институционалдық шешімдерді бағалау


14.

Тәуекелдерді бағалау


15.

Әлеуметтік ықпалды бағалау


      Тұжырымдама:

      (саланы дамытудың стратегиялық бағыттарын орындауға жобаның теріс немесе оң ықпалы көрсетіледі).

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 61 бұйрығына
4-қосымша
Мемлекеттік инвестициялық
жобаның инвестициялық
ұсынысын әзірлеу
немесе түзету, оған қажетті
сараптамаларды жүргізу,
сондай-ақ бюджеттік
инвестицияларды жоспарлау,
қарау, іріктеу, іске асырылуын
мониторингілеу және бағалау
және бюджеттік кредиттеудiң
орындылығын айқындау
қағидаларына
18-1-қосымша
Ныса

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің салалық картасы

Жобаның атауы

Іс-шаралардың /
компоненттердің атаулары

Жобаға тапсырыс беруші

Қатысушылардың (инвестицияны алушы) атаулары

Қазақстан Республикасының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттары

Экономика секторы

Жобаны іске асыруды бастау

Жобаны іске асыру кезеңі

Квазимемлекеттік сектордың іске асырылған инвестициялық жобалары (10 жыл ішінде) 

Квазимемлекеттік сектордың іске асырылатын инвестициялық жобалары 

Квазимемлекеттік сектордың іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалары (5 жыл ішінде) 

      Таблицаның жалғасы

Жобаның аяқталу мерзімі

Жобаның іске асырылу орны

Жобаның тиімділік көрсеткіштері

Жобаның өтелімділік мерзімі

Нәтижелер

Жобаның құны (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

Ескертпе

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Ұлттық қор

Қарыз қаражаты

Өзіндік қаражат

Басқалары (қаржыландыру көзін көрсету)

Квазимемлекеттік сектордың іске асырылған инвестициялық жобалары (10 жыл ішінде) 

Квазимемлекеттік сектордың іске асырылатын инвестициялық жобалары 

Квазимемлекеттік сектордың іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалары (5 жыл ішінде) 

      Ескертпе:

      "Жобаның атауы" бағанасында жобаның атауы көрсетіледі.

      "Іс-шаралардың/құрамдауыштардың атаулары" бағанасында жобаның іс-шаралар атаулары көрсетіледі. Тараулардың саны мен атаулары қаржы-экономикалық негіздемеде (республикалық немесе жергілікті бюджет, Қазақстан Республикасының Ұлттық қор қаражаты қаржыландыру көздері болған жағдайда) немесе заңды тұлғалардың даму жоспарында (қарыз немесе меншікті қаражат қаржыландыру көзі болған жағдайда) көрсетілген және жобаның активтерін сатып алуды көздейтін іс-шаралардың саны мен атауына сәйкес болуы қажет.

      "Жобаға тапсырыс беруші" бағанасында жауапты мемлекеттік орган – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің (республикалық немесе жергілікті бюджет, Қазақстан Республикасының Ұлттық қор қаражаты қаржыландыру көздері болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның (қарыз немесе меншікті қаражат қаржыландыру көзі болған жағдайда) атауы көрсетіледі.

      "Қатысушылардың (инвестицияны алушы) атаулары" бағанасында қаражат бөлінген/бөлініп отырған/бөлінетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ инвестицияларды соңғы алушылардың атаулары көрсетіледі.

      "Қазақстан Республикасының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттары" бағанасында жобаның іске асырылуы көзделген Қазақстан Республикасының белгіленген стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттар көрсетіледі (республикалық не жергілікті бюджет, Қазақстан Республикасының Ұлттық қор қаражаты қаржыландыру көздері болған жағдайда).

      "Экономика секторы" бағанасында жобаның іске асырылуы әсерін тигізетін экономика саласының атауы көрсетіледі.

      "Жобаны іске асыруды бастау" бағанасында жобаны іске асырудың басталу мерзімі көрсетіледі.

      "Жобаны іске асыру кезеңі" бағанасында ақпаратты ұсынған кезде жоба бойынша ағымдағы жағдай көрсетіледі.

      "Жобаның аяқталу мерзімі" бағанасында аяқталған жобалар бойынша жобаның аяқталу мерзімі немесе іске асырылып жатқан және іске асыруы жоспарланған жобалар бойынша жоспарланған аяқталу мерзімі көрсетіледі.

      "Жобаның іске асырылу орны" бағанасында жоба іске асырылған/іске асырылып жатқан іске асырылуы жоспарланған жердің мекен-жайы мен елді мекені көрсетіледі.

      "Жобаның тиімділік көрсеткіштері" бағанасында жобаны іске асыруға шығындардың және нәтижелердің ара қатысы көрсетіледі.

      "Жобаның өтелімділік мерзімі" бағанасында инвестициялар түрлендіретін кірістер инвестицияларға шығындарды жабу үшін қажет уақыт кезеңі көрсетіледі (тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатудан түскен тікелей ақша қаражатының ағындарын алуға әкеп соқпайтын жобаларды қоспағанда).

      "Нәтижелер" бағанасында мемлекеттік органның стратегиялық жоспарды, аумақтарды дамыту және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қызметін сипаттайтын нысаналы индикаторлардың, тікелей және түпкілікті нәтижелердің жиынтығы көрсетіледі (республикалық не жергілікті бюджет, Қазақстан Республикасының Ұлттық қор қаражаты қаржыландыру көздері болған жағдайда).

      "Жобаның құны (мың теңге)" бағанасында барлық қаржыландыру көздерін есепке алып жобаның жалпы құны көрсетіледі.

      "Қаржыландыру көзі (мың теңге)" бағанасында қаражат бөлінген/бөлініп отырған/бөлінетін шеңберде тиісті қаржыландыру көзі бағанасындағы қаражат көрсетіледі.

      "Ескертпе" бағанасында жобаның тиімділігі мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген, сондай-ақ жобаны іске асыру мерзімі бұзылған жағдайда олардың себептері мен қабылданатын шаралар көрсетіледі (республикалық не жергілікті бюджет, Қазақстан Республикасының Ұлттық қор қаражаты қаржыландыру көздері болған жағдайда).

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 61 бұйрығына
5-қосымша
Мемлекеттік инвестициялық
жобаның инвестициялық
ұсынысын әзірлеу
немесе түзету, оған қажетті
сараптамаларды жүргізу,
сондай-ақ бюджеттік
инвестицияларды жоспарлау,
қарау, іріктеу, іске асырылуын
мониторингілеу және бағалау
және бюджеттік кредиттеудiң
орындылығын айқындау
қағидаларына
18-2-қосымша
Нысан

"Жұмыстар топтамасының операциясы"

Жұмыстың сипаттамасы


Бақылаудағы оқиғалар

Бакылау мезгілі

1



2



3



Коды

Операциясы

Ресурсы

Жұмысы

Материалдар

Жалпы құны (теңге)

Сағат

Бағалау
(теңге/сағат)

 Барлығы (теңге)

Көлемі

Құны

Жалпы









 
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 61 бұйрығына
6-қосымша
Мемлекеттік инвестициялық
жобаның инвестициялық
ұсынысын әзірлеу
немесе түзету, оған қажетті
сараптамаларды жүргізу,
сондай-ақ бюджеттік
инвестицияларды жоспарлау,
қарау, іріктеу, іске асырылуын
мониторингілеу және бағалау
және бюджеттік кредиттеудiң
орындылығын айқындау
қағидаларына
18-3-қосымша
Нысан

"Жобаның мүдделі тараптары"

Тегі, аты-жөнінің бас әріптері /тобы

 Лауазымы

Жобадағы рөлі

Байланыс ақпараты

Талаптар

Ықпалы



















 
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 61 бұйрығына
7-қосымша
Мемлекеттік инвестициялық
жобаның инвестициялық
ұсынысын әзірлеу
немесе түзету, оған қажетті
сараптамаларды жүргізу,
сондай-ақ бюджеттік
инвестицияларды жоспарлау,
қарау, іріктеу, іске асырылуын
мониторингілеу және бағалау
және бюджеттік кредиттеудiң
орындылығын айқындау
қағидаларына
18-4-қосымша
Нысан

"Операциялар тізімі"

Коды

Операция

Жұмыстардың сипаттамасы

1.1.1

"Жұмыс топтамасының атауы" жұмыс топтамасы


 
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 61 бұйрығына
8-қосымша
Мемлекеттік инвестициялық
жобаның инвестициялық
ұсынысын әзірлеу
немесе түзету, оған қажетті
сараптамаларды жүргізу,
сондай-ақ бюджеттік
инвестицияларды жоспарлау,
қарау, іріктеу, іске асырылуын
мониторингілеу және бағалау
және бюджеттік кредиттеудiң
орындылығын айқындау
қағидаларына
18-5-қосымша
Нысан

"Операцияның ресурстары"

Код

Операцияның атауы

Ресурстың типі

Саны

Ресурстардың қолжетімділігі

1.1.1.

"Жұмыстар топтамасының атауы" жұмыстар топтамасы






 
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 61 бұйрығына
9-қосымша
Мемлекеттік инвестициялық
жобаның инвестициялық
ұсынысын әзірлеу
немесе түзету, оған қажетті
сараптамаларды жүргізу,
сондай-ақ бюджеттік
инвестицияларды жоспарлау,
қарау, іріктеу, іске асырылуын
мониторингілеу және бағалау
және бюджеттік кредиттеудiң
орындылығын айқындау
қағидаларына
18-6-қосымша
Нысан

"Коммуникацияларды басқару жоспары"

Хабарлама түрі /форматы

Тағайындау /аудитория

Беру әдісі

Мерзімділігі

Құпиялылық дәрежесі

Жіберуші













 
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 61 бұйрығына
10-қосымша
Мемлекеттік инвестициялық
жобаның инвестициялық
ұсынысын әзірлеу
немесе түзету, оған қажетті
сараптамаларды жүргізу,
сондай-ақ бюджеттік
инвестицияларды жоспарлау,
қарау, іріктеу, іске асырылуын
мониторингілеу және бағалау
және бюджеттік кредиттеудiң
орындылығын айқындау
қағидаларына
18-7-қосымша
Нысан

"Өзгерістерді бақылау процестері"

Өзгерістер объектісі (саласы)

Өзгерістерді айқындау рәсімі

Кестесі


Бюджеті


Мазмұны


Жобаның құжаттамасы

Басқа

 
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 61 бұйрығына
11-қосымша
Мемлекеттік инвестициялық
жобаның инвестициялық
ұсынысын әзірлеу
немесе түзету, оған қажетті
сараптамаларды жүргізу,
сондай-ақ бюджеттік
инвестицияларды жоспарлау,
қарау, іріктеу, іске асырылуын
мониторингілеу және бағалау
және бюджеттік кредиттеудiң
орындылығын айқындау
қағидаларына
18-8-қосымша
Нысан

"Тәуекелдердің мақсаттарға қол жеткізуге ықпалын айқындау"

Ықпалы

Мыналар бойынша мақсаттар:

Өте төмен
(0,05)

Төмен (0,1)

Бірқалыпты (0,2)

Жоғары (0,4)

Салмақтық коэффициенті

құны






мерзімдері






мазмұны






сапасы






 
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 61 бұйрығына
12-қосымша
Мемлекеттік инвестициялық
жобаның инвестициялық
ұсынысын әзірлеу
немесе түзету, оған қажетті
сараптамаларды жүргізу,
сондай-ақ бюджеттік
инвестицияларды жоспарлау,
қарау, іріктеу, іске асырылуын
мониторингілеу және бағалау
және бюджеттік кредиттеудiң
орындылығын айқындау
қағидаларына
18-9-қосымша
Нысан

"Жобаның тәуекелдері, олардың жобаға ықпалы және тәуекелдерге ден қою"

Тәуекелдің коды

Тәуекелдің сипаттамасы

Ықтималдық

Ықпалы

Шамасы

Тәуекелге әсер ету стратегиясы

Ден қою стратегиясы шеңберіндегі әрекеті

Тәуекелдің иесі

Мазмұнына

Сапасына

Кестесіне

Құнына

Ықпал ету деңгейі

Салмақтық коэффициент

Ықпал ету деңгейі

Салмақтық коэффициент

Ықпал ету деңгейі

Салмақтық коэффициенті

Ықпал ету деңгейі

Салмақтық коэффициенті

















 
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 61 бұйрығына
13-қосымша
Мемлекеттік инвестициялық
жобаның инвестициялық
ұсынысын әзірлеу
немесе түзету, оған қажетті
сараптамаларды жүргізу,
сондай-ақ бюджеттік
инвестицияларды жоспарлау,
қарау, іріктеу, іске асырылуын
мониторингілеу және бағалау
және бюджеттік кредиттеудiң
орындылығын айқындау
қағидаларына
18-10-қосымша
Нысан

"Тәуекел туралы деректер"

Тәуекелдің сипаттамасы





Тәуекелдің мәртебесі

Тәуекелдің себебі (көзі)

Ықтималдық

Ықпал етуі

Жалпы мәні

Ден қою

Мазмұнға

Сапаға

Кестеге

Құнға


Стратегия

Әрекеттер

Ықпал ету дәрежесі

Салмақтық коэффициенті

Ықпал ету дәрежесі

Салмақтық коэффициенті

Ықпал ету дәрежесі

Салмақтық коэффициенті

Ықпал ету дәрежесі

Салмақтық коэффициенті












Қайта қаралған ықтималдық

Түзетілген ықпал ету

Түзетілген мәні

Тәуекелдің иесі

Әрекеттер

Мазмұнға

Сапаға

Кестеге

Құнға



Ықпал ету дәрежесі

Салмақтық коэффициенті

Ықпал ету дәрежесі

Салмақтық коэффициенті

Ықпал ету дәрежесі

Салмақтық коэффициенті

Ықпал ету дәрежесі

Салмақтық коэффициенті












Қайталама
тәуекелдер


Қалдық тәуекел


Болжанбаған мән-жайларға арналған жоспар

Болжанбаған мән-жайларға арналған резервтер

Уақыт резерві

-










Қосымша жоспарлар


Ескертпелер


 
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 61 бұйрығына
14-қосымша
Мемлекеттік инвестициялық
жобаның инвестициялық
ұсынысын әзірлеу
немесе түзету, оған қажетті
сараптамаларды жүргізу,
сондай-ақ бюджеттік
инвестицияларды жоспарлау,
қарау, іріктеу, іске асырылуын
мониторингілеу және бағалау
және бюджеттік кредиттеудiң
орындылығын айқындау
қағидаларына
18-11-қосымша
Нысан

"Жоба бойынша тікелей жұмыстар"

Есептік кезеңге жоспарланған жұмыс

Жұмыстың коды

Орындалуы туралы белгісі, күні

Ауытқудың негізгі себебі /орындалмауы

Бақылау оқиғаларына немесе жобаны аяқтау күніне ықпалы







 
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 61 бұйрығына
15-қосымша
Мемлекеттік инвестициялық
жобаның инвестициялық
ұсынысын әзірлеу
немесе түзету, оған қажетті
сараптамаларды жүргізу,
сондай-ақ бюджеттік
инвестицияларды жоспарлау,
қарау, іріктеу, іске асырылуын
мониторингілеу және бағалау
және бюджеттік кредиттеудiң
орындылығын айқындау
қағидаларына
25-қосымша
Нысан

"Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асырылуы жоспарланатын бюджеттiк инвестициялардың экономикалық қорытындысы"

1.

"Жалпы мәлiметтер" бөлiмi


Бюджеттік инвестициялардың атауы



Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы



Бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама)

нөмірі


атауы



Заңды тұлғаның атауы

Қатысушылар



Инвестицияларды алушы



Іс-шараның тізімі

1-іс-шара


2-іс-шара


n-іс-шара


Іске асырылу кезеңі (айы, жылы)



Бюджеттік инвестициялардың көлемі, мың.теңге



Мемлекеттік үкіметтік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес келуі (құжат деректемелерін көрсету)



Экономикалық сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғаның экономикалық сараптама қорытындысының бар болуы


2.

"Нәтижелер" бөлімі


Тікелей нәтиже



Түпкілікті нәтиже


3.

"Іс-шаралар құны" бөлімі


Іс-шаралар құны

Барлығы



оның ішінде

1-іс-шара



2-іс-шара



n-іс-шара


4.

Өзгелері


….

….

      Тұжырымдар:

      (Құрылымы мен мазмұны осы Қағидаларға сәйкес келетін, экономикалық тұрғыдан орынды, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарындағы ережелерге, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына, сондай-ақ негiзділiк пен нәтижелiлiк өлшемшарттарына сәйкес келетiн Инвестицияларға оң экономикалық қорытынды ұсынылады.

      Құрылымы мен мазмұны осы Қағидаларға сәйкес келмейтін және (немесе) экономикалық тұрғыдан орынсыз және (немесе) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарындағы ережелерге, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына және (немесе) бір немесе екі өлшемшартқа (негiзділiк пен нәтижелiлiк) сәйкес келмейтiн Инвестицияларға теріс экономикалық қорытынды ұсынылады).

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 61 бұйрығына
16-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5727 болып тіркелген, 2009 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған);

      2. "Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 623 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12124 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. "Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және Бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 12 тамыздағы № 300 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15504 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).