Кідіртілген тауарларды өткізу, пайдалану және жою, оларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстарды, кідіртілген тауарларды өткізуге дайындалуға және өткізумен байланысты өзге де шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден алынған сомаларды қайтару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 248 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16529 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 453-бабы 5-тармағына, 455-бабының 6-тармағына, 456-бабының 2, 3, 4-тармақтарына және 457-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кідіртілген тауарларды өткізу, пайдалану және жою, оларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстарды, кідіртілген тауарларды өткізуге дайындалуға және өткізумен байланысты өзге де шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден алынған сомаларды қайтару қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 248 бұйрығымен
бекітілген

Кідіртілген тауарларды өткізу, пайдалану және жою, оларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстарды, кідіртілген тауарларды өткізуге дайындалуға және өткізумен байланысты өзге де шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден алынған сомаларды қайтару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кідіртілген тауарларды өткізу, пайдалану және жою, оларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстарды, кідіртілген тауарларды өткізуге дайындалуға және өткізумен байланысты өзге де шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден алынған сомаларды қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 453-бабы 5-тармағына, 455-бабының 6-тармағына, 456-бабының 2, 3, 4-тармақтарына және 457-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және:

      кідіртілген тауарларды өткізу, пайдалану және жою;

      оларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстарды, кідіртілген тауарларды өткізуге дайындалуға және өткізумен байланысты өзге де шығыстарды өтеу;

      кідіртілген тауарларды өткізуден алынған сомаларды қайтару тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) уәкілетті заңды тұлға – Кодекстің 3-бабы 1-тармағының 56)-тармақшасына сәйкес айқындалған заңды тұлға;

      2) кідіртілген тауарлар – Кодекстің 52-тарауына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары кідірткен тауарлар;

      3) кідіртілген тауарларға арналған құжаттар – Кодекстің 52-тарауында көзделген, мемлекеттік кірістер органдары кідірткен тауарлардың құжаттары (коммерциялық, көліктік, кедендік және басқалар);

      4) кідіртілген тауарлардың иесі – декларант, иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығы бар өзге тұлға, ал меншік иесі шетелдік тұлға болып табылған не мемлекеттік кірістер органында тауарлардың меншік иесі туралы мәліметтер болмаған жағдайларда – кідірту күніне тауарлар иелігінде болған тұлға.

      3. Осы Қағидаларға сәйкес кідіртілген тауарларға қатысты өткізу және өзге де пайдалану немесе жою жүргізіліп жатса олар кедендік декларациялауға және кедендік рәсімге орналастыруға жатпайды.

      4. Тауарларды кідіртуді жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органы кідіртілген тауарлардың сақтау мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей, тез бүлінетін өнімдерге қатысты тауарларды кідірткен күні сақталу мерзімінің аяқталуы туралы кідіртілген тауарлардың иесіне хабарлайды.

      5. Кідіртілген тауарлардың иелері талап етпеген жағдайларда, Кодекстің 454-бабымен белгіленген сақтау мерзімі өткен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органы мына:

      кідіртілген тауарларды өткізу үшін уәкілетті заңды тұлғаға құжаттарды жолдау туралы;

      кідіртілген тауарларды жою туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      6. Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ЕАЭО кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарлар өткізуге жолдауға жатпайды.

      7. Уәкілетті заңды тұлғаға кідіртілген тауарларды өткізу үшін мынадай құжаттар:

      мемлекеттік кірістер органының жазбаша өтінішінің түпнұсқасы;

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кідіртілген тауарларға арналған құжаттарды қабылдап алу-тапсыру актісі;

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кідіртілген тауарлар туралы мәліметтер;

      "Кедендік құжаттардың нысандары туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен бекітілген нысан бойынша тауарлар және оларға арналған құжаттарды кідірту хаттамасының көшірмесі;

      кедендік баждарды, салықтарды төлеуге тиісті сомасының есебі және республикалық бюджетке аудару үшін деректемелер;

      кідіртілген тауарлар оның сақтауында тұрған тұлға ұсынған құжаттарды уәкілетті заңды тұлғаға берген күніне кідіртілген тауарларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстар сомасының есебі;

      олардың негізінде ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелуге рұқсат етілген уәкілетті мемлекеттік органдардың қорытындылары;

      кідіртілген тауарларға қатысы бар мемлекеттік кірістер органының қарауындағы техникалық құжаттар, фото және бейне материалдар жолданады.

      8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар уәкілетті заңды тұлғаның кідіртілген тауарларды бағалау қызметінің субъектілеріне бағалауға жіберуі үшін негіз болып табылады, мемлекеттік кірістер органының жазбаша өтінішін алған күннен бастап он жұмыс күннен, ал тез бүлінетін өнімдер үшін күнтізбелік бір күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      9. Мемлекеттік кірістер органы уәкілетті заңды тұлғаның жазбаша өтініші негізінде оларды бағалау үшін қажетті мөлшерде тауарлардың үлгілерін уәкілетті заңды тұлғаның жазбаша өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті заңды тұлғаға беруді қамтамасыз етеді.

      10. Уәкілетті заңды тұлға тауарларды бағалау нәтижелерін дайындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына мына:

      тауарларды өткізу рәсімін бастау туралы;

      өткізу рәсімін жүргізуден бас тарту туралы шешімдердің біреуін қабылдағаны туралы жазбаша хабарлама жолдайды.

2-тарау. Кідіртілген тауарларды өткізу тәртібі

      11. Кідіртілген тауарларды іске асыруды уәкілетті заңды тұлға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 12122 болып тіркелген) бекітілген Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

      12. Кідіртілген тауарларды сатып алу-сату шартына сатып алушы және кідіртілген тауарлардың иесі қол қояды. Кідіртілген тауарларды сатып алу-сату шартына қол қою қажеттілігі туралы хабарламаны мемлекеттік кірістер органы электронды аукционның қортындысы туралы хаттаманы алған күннен бастап күнтізбелік бір күн ішінде жолдайды.

      Кідіртілген тауарларды сатып алу-сату шартына кідіртілген тауарлардың иесі қол қоюдан бас тартқан немесе хабарлама жолданған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде иесі келмеген жағдайда, кідіртілген тауарларды сатып алу-сату шартына сатушының атынан мемлекеттік кірістер органының өкілі қол қояды.

      13. Тез бүлінетін өнімді өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда қызметінің субъектілері арқылы комиссияның басталуында, электронды аукционды жүргізбестен жүзеге асырады. Тез бүлінетін өнімді өткізудің мерзімдері мен шарттары, сондай-ақ тараптардың жауапкершілігі уәкілетті заңды тұлға мен сауда қызметінің субъектісі жасаған комиссия шартымен айқындалады.

      14. Уәкілетті заңды тұлға кідіртілген тауарларды өткізу бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы ақпаратты растайтын құжаттарды қоса отырып, оларды өткізу жүргізген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына ұсынады.

      15. Сатып алу-сату шартына, комиссия шартына қол қойған күннен бастап, тауарларды одан кейінгі сақтау және тасымалдауға байланысты шығыстарды сатып алушы өтейді.

3-тарау. Кідіртілген тауарларды жою немесе өзге де пайдалану тәртібі

      16. Тауарларды кідіртуді жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органы бұйрығының негізінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғалары қатарынан Кідіртілген тауарларды жою немесе өзге де пайдалану мәселелерін қарастыру бойынша тұрақты комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      17. Одан әрі пайдалану үшін жарамсыз тауарлар жоюға жатады. Тауарларды жою деп тауарларды зарарсыздандыру, олар ішінара немесе толық өзінің тұтыну және (немесе) өзге де қасиеттерін жоғалтатын және экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы күйіне келтіру мүмкін болмайтын өзге күйге тауарларды келтіру түсініледі.

      18. Мемлекеттік кірістер органы Комиссия шешімінің негізінде кідіртілген тауарларға қатысты оларды жоюға байланысты тиісті іс-шараларды жүзеге асырады. Кідіртілген тауарларды жою орнын айқындау үшін мемлекеттік кірістер органы жергілікті атқару органдарына жүгінеді.

      19. Өртену, жарылу қаупі бар, арнайы технология бойынша жоюдың айрықша шарттарын талап ететін тауарларды жоюды оларды жою бойынша тиісті лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады.

      20. Адамның өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін жою Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 26 тамыздағы № 687 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 12122 болып тіркелген) бекітілген, Жарамсыз күйге түскен, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою кағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      22. Тауарларды жою:

      1) нәтижесінде тауарлар толығымен жойылатын термиялық, химиялық, механикалық не өзге де әсер ету (өртеу, бұзу, көму және басқа) жолымен жүргізіледі. Тауарларды жою тәсілі оларды қалпына келтіру, мақсаты бойынша пайдалану үшін бастапқы күйіне келтіру мүмкіндігін болғызбауды қамтамасыз етуге тиіс;

      2) мұндай зақымдаулар тауарларды кейіннен қалпына келтіруді және оларды пайдалану мүмкіндігін болғызбайтындай етіп тесіп тастауды, жарықтар салуды, өзге де тәсілдермен зақымдауды қоса алғанда, бөлшектеу, бұзу, механикалық зақымдау жолымен жүргізіледі.

      23. Тауарларды іс жүзінде жою аяқталғаннан кейін, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кідіртілген тауарларды жою туралы акт (бұдан әрі – Жою туралы акт) жасалады.

      24. Жою туралы акт Комиссияның барлық мүшелерінің және қатысушы тұлғалардың қолымен куәландырылады, үш данада ресімделеді:

      1) бірінші дана тауарларды кідірткен мемлекеттік кірістер органында сақталады;

      2) екінші дана жоюға қатысқан уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдеріне беріледі;

      3) үшінші дана, ол бар болған жағдайда кідіртілген тауарлардың иесіне беріледі.

      25. Тауарларды жою фактісі фото және (немесе) бейне түсірілімдер қолданыла отырып тіркеледі, нәтижесі мемлекеттік кірістер органында сақталатын жою туралы актіге қоса тіркеледі.

      26. Комиссияның шешімі бойынша одан әрі пайдалану үшін жарамды және уәкілетті заңды тұлға өткізе алмаған тауарлар балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілерге өтеусіз беріледі.

      27. Мәдениет саласындағы уәкілетті органның қорытындысына сәйкес тарихи, ғылыми, көркем немесе өзге мәдени құндылықтарға жатқызылған тауарлар мемлекеттік мұражайларға өтеусіз беріледі.

      28. Мемлекеттік кірістер органы жергілікті атқару органына осы Қағидалардың 26, 27-тармақтарында айқындалған ұйымдарды өтеусіз берілетін тауарлардың бар екендігі туралы хабардар ету туралы өтініш жолдайды.

      Ұйымдарды таңдауды мемлекеттік кірістер органы жергілікті атқару органымен бірлесіп жүзеге асырады.

      Кідіртілген тауарларды оларды сақтау орындарынан ұйымдарға өтеусіз беруді мемлекеттік кірістер органы қабылдап алу-тапсыру актісіне қол қою жолымен және тиісті құжаттарды ұсына отырып жүргізеді.

      Өтеусіз берілетін кідіртілген тауарларды, олардың сақталу орындарынан әкетуді алушы дербес жүзеге асырады, осындай әкетумен байланысты шығыстарды тауарды алушы төлейді.

4-тарау. Кідіртілген тауарларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстарды, өткізуге дайындалуға және өткізумен байланысты өзге де шығыстарды өтеу тәртібі

      29. Төлеуге жататын кедендік төлемдерді, салықтарды аудару, кідіртілген тауарларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстарды, өткізуге дайындалуға және өткізумен байланысты өзге де шығыстарды өтеу уәкілетті заңды тұлғаның банктік есеп-шотынан осындай әрекеттерді жасағанын растайтын құжаттарды мемлекеттік кірістер органына жолдай отырып жүргізіледі.

      30. Уәкілетті заңды тұлға кідіртілген тауарларды өткізуден өндірілген ақша құралдары түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығыстарды өтеуді мынадай кезекте жүргізеді:

      бірінші кезекте мемлекеттік кірістер органы ұсынған деректемелер бойынша республикалық бюджетке кідіртілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік төлемдер, салықтар мөлшеріндегі сомасы өтеледі;

      екінші кезекте тең үлесте осындай ұйым ұсынған деректемелер бойынша кідіртілген тауарларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстар, өткізуге дайындалуға және өткізумен байланысты өзге де шығыстар, бірақ сатып алу-сату шартына, комиссия шартына қол қою күніне есептелген сомадан артық емес ұйымның шығыстары, оның ішінде, кідіртілген тауарларды өткізуден түскен соманың бес пайызынан артық емес мөлшердегі уәкілетті заңды тұлғаның сыйақысы өтеледі.

      31. Уәкілетті заңды тұлға ақша құралдарын аудару күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органына осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген іс-әрекеттерді орындау туралы жазбаша хабарлама жолдайды.

      32. Кідіртілген тауарларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстарды, өткізуге дайындалуға және өткізумен байланысты өзге де шығыстарды, оның ішінде оларды өзге де пайдалану не жою кезінде өтелмеген шығыстарды кідіртілген тауардың иесі өтейді, ал ол жоқ болған жағдайда, егер тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен белгіленген тәртіпте бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

5-тарау. Кідіртілген тауарларды өткізуден алынған сомаларды қайтару тәртібі

      33. Кідіртілген тауарларды өткізуден алынған сомаларды қайтару уәкілетті заңды тұлғаның банктік есеп-шотынан осындай әрекеттерді жасағанын растайтын құжаттарды мемлекеттік кірістер органына жолдай отырып жүргізіледі.

      34. Мемлекеттік кірістер органы кідіртілген тауарларды өткізуден алынған қалдық сома бар болған жағдайда осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген хабарламаны алған күнінен бастап екі жұмыс күнін кешіктірмей, кідіртілген тауарлардың иесіне кідіртілген тауарларды өткізуден алынған соманың оған тиесілі бар екендігі туралы жазбаша хабарлайды.

      35. Кідіртілген тауарлардың иесінен Кодекстің 457-бабының 2-тармағымен белгіленген мерзімде кідірткен күніне оның иелік ету және билік ету құқығын растайтын құжаттары қосылған жауап алғаннан кейін мемлекеттік кірістер органы уәкілетті заңды тұлғаға тауарларды өткізуден қалған сомаларды кідіртілген тауарлардың иесіне қайтаруды жүзеге асыру қажеттілігі туралы тапсырманы жолдайды.

      36. Тапсырманы алғаннан кейін уәкілетті заңды тұлға үш жұмыс күнінің ішінде кідіртілген тауарлардың иесіне мемлекеттік кірістер органы ұсынған деректемелер бойынша кідіртілген тауарларды өткізуден қалған сомаларды қайтаруды жүзеге асырады және екі жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік кірістер органына жүргізілген аударулар туралы хабарлайды.

      37. Кодекстің 457-бабының 2-тармағымен белгіленген мерзімнің өтуі бойынша кідіртілген тауарлардың иесі туралы мәліметтер болмаған жағдайда, уәкілетті заңды тұлға мемлекеттік кірістер органы ұсынған деректемелер бойынша талап етілмеген ақша құралдарының сомасын республикалық бюджетке аударады. Уәкілетті заңды тұлға республикалық бюджетке ақша құралдарын аудару жүргізген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізілген аудару туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органына жолдайды.

      38. Мемлекеттік кірістер органы кідіртілген тауарларды өткізуді жүргізу қортындысы бойынша аударылған ақша құралдарының сомалары бойынша уәкілетті заңды тұлғамен салыстыруды жүргізеді.

  Кідіртілген тауарларды өткізу,
пайдалану және жою, оларды
тасымалдау (тасу), қайта тиеу
(тиеу, түсіру), сақтау бойынша
шығыстарды, кідіртілген
тауарларды өткізуге
дайындалуға және өткізумен
байланысты өзге де шығыстарды
өтеу, сондай-ақ оларды
өткізуден алынған сомаларды
қайтару қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Кідіртілген тауарларға арналған құжаттарды қабылдап алу-тапсыру актісі

      "___"______________20___ жыл ________________________________

      (толтыру күні) (актіні толтыру орны)

      Мемлекеттік кірістер органының өкілі____________________________________

      ________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы, заңды мекен-жайы)

      ________________________________________________________________________

      (лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)

      ________________________________________________________________________

      (ұйымның, уақытша сақтау қоймасының, өзге орындардың атауы) сақтауда тұрған

      ________________________________________________________________________

      (кідіртілген тауардың иесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), мекен-жайы)

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      тиесілі кідіртілген тауардың құжаттарын, кідіртілген тауарларды бағалау және кейін

      өткізу үшін төмендегі тізімдемеге сәйкес:

      Кідіртілген тауар құжаттарының тізімдемесі

Р/с №

Құжаттың атауы

Кім берді, тіркелді

Беру, тіркеу күні

Құжаттың типі (түпнұсқа, көшірме, тағы басқа)

Парақтар саны































      уәкілетті заңды тұлғаның өкілі ________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (уәкілетті заңды тұлғаның атауы, заңды мекен-жайы)

      _______________________________________________________________________

      (өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      беруді жүргізді.

      Осы акт _______ данада жасалды.

      Мемлекеттік кірістер органының өкілі ___________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      "___"___________________ жыл

      Уәкілетті заңды тұлғаның өкілі__________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      "___"___________________ жыл

      Кідіртілген тауардың иесі _____________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      "___"___________________ жыл

  Кідіртілген тауарларды өткізу,
пайдалану және жою, оларды
тасымалдау (тасу) қайта тиеу
(тиеу, түсіру), сақтау бойынша
шығыстарды, кідіртілген
тауарларды өткізуге
дайындалуға және өткізумен
байланысты өзге де шығыстарды
өтеу, сондай-ақ оларды
өткізуден алынған сомаларды
қайтару қағидаларына
2-қосымша
Нысан

      Тауарларды кідірткен мемлекеттік кірістер органының атауы _____________________

      Кідіртілген тауарлардың сақтау орны _________________________________________

Кідіртілген тауарлар туралы мәліметтер

Р/с №

кідірту хаттамасының №, кідірту күні

Тауардың атауы

Өндірген елі

Тауардың сипаттамасы

Өлшем бірлігіндегі мөлшері

Тауарлардың кедендік құны, теңгемен

Кідіртілген тауарларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау үшін шығындар құны, теңгемен

Республикалық бюджетке төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың мөлшері (төлем түрі бойынша табыстарды бюджеттік жіктеу кодының деректемелері көрсетіледі), теңгемен



















      Мемлекеттік кірістер органының өкілі

      ________________ ____________________________________________

      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      "___"___________________ ж.

  Кідіртілген тауарларды өткізу,
пайдалану және жою, оларды
тасымалдау (тасу), қайта тиеу
(тиеу, түсіру), сақтау бойынша
шығыстарды, кідіртілген
тауарларды өткізуге
дайындалуға және өткізумен
байланысты өзге де шығыстарды
өтеу, сондай-ақ оларды
өткізуден алынған сомаларды
қайтару қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Кідіртілген тауарларды жою туралы № ______ АКТ

      "___"____________20___ жыл _______________________

      (толтыру күні)       (актіні толтыру орны)

      Комиссия, _______________________________________________________________

      мемлекеттік кірістер органы басшысының (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      "____"______20___жыл № _____бұйрығының негізінде,

      құрамында___________

      ______________________________________________________________________

      мемлекеттік кірістер органының, уәкілетті мемлекеттік органдарының, ұйымдарының

      ______________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы көрсетіледі ______________________________________________________________________

      қатысумен_____________________________________________________________

      оның ішінде тауардың иесі, тауарды жойған кезде қатысатын өзге тұлғалар,

      ______________________________________________________________________

      рұқсаттың (қорытындының) негізінде____________________________________

      ______________________________________________________________________

      (тауарды жою үшін негіз болып табылған құжаттың нөмірі және күні)

      жойды_________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      тауардың түрін, атауын, салмағын, көлемін, мөлшерін көрсету қажет

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      осындай тауарлардың өзге сипаттамалары

      _____________________________________________________________________,

      № ______ "____"__________20___жылы, тауарларды және оларға құжаттарды кідірту

      хаттамасы бойынша кідіртілген

      ______________________________________________________________________

      Кідіртілген тауарлардың иесінің (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ______________________________________________________________________

      иелігінде болған Кідіртілген тауарлар

      ______________________________________________________________________

      аумағында_____________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Жою тәсілдерін көрсету қажет

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      _______________________________________________________жолымен жойылды

      Осы акт _______ данада жасалды.

      Комиссия мүшелері:

      1.__________________________________________________________________

      2.__________________________________________________________________

      3.__________________________________________________________________

      4.__________________________________________________________________

      5.__________________________________________________________________

      (қолы) (комиссия мүшелерінің (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)

      М.О.