Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.07.2021 № 454-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10947 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырдағы № 95 (28573) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларда:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мыналар:
1) тауарды қайта өңдеу нәтижесінде СЭҚ ТН бойынша тауар кодының кез келген алғашқы төрт белгі деңгейінде өзгеруі;
2) бұл операциялар орын алған ел тауар шығарылған ел болып есептелуі үшін жеткілікті өндірістік немесе технологиялық операцияларды орындау;
3) құнының пайыздық үлесі түпкі өнімнің бағасындағы тіркелген үлесіне жеткен кездегі тауар құнының өзгеруі (адвалорлық үлес қағидасы) тауарға Қазақстан Республикасында өндірілген деген мәртебе беру үшін оны жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу критерийлері болып табылады.
"Түпнұсқа" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу кезінде осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген операцияларды жүзеге асыруды қоспағанда, жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемшарты тауарға тән қасиеттерді беру үшін тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу болып табылады.";
13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20-тармақтар алып тасталсын.
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес өтінімнің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығымен бекітілген тізбесі бойынша (бұдан әрі - Тізбе) (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 9665 тіркелген) бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың толық топтамасының негізінде, тіркелген күннен кейінгі келесі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Тауардың шығу тегі туралы сертификат:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасынан экспортталатын, Қазақстан Республикасынан кері экспортталатын тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға жеке немесе заңды тұлғаның өтінімі;
2) Тізбеге сәйкес құжаттар негізінде беріледі.
Уәкілетті ұйымның уәкілетті адамы құжаттарды талдауды және олардағы мәліметтерді тексеруді жүргізеді және тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу туралы немесе тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеуден бас тарту туралы қорытындыны еркін түрде жасайды.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты уәкілетті ұйым береді.
Бір келісімшарттың шеңберінде тауарды бірнеше мәрте жеткізу кезінде бір мезгілде түпнұсқасы тауардың барлық келісімшарттық легіне немесе сериялы өндіріс тауарларына ресімделген және экспорттаушы бірінші жөнелтілімде ұсынатын уәкілетті адамының қорытындының көшірмесімен жөнелтілетін тауардың әрбір партиясына тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге рұқсат етіледі.
Тауардың шығу тегі сертификатын алуға арналған өтініште өтініш беруші жөнелтілетін тауар партиясы өндіріс технологиясының және құрамдауыштарының өзгеріске ұшырамағанын, сондай-ақ осы тауардың материалдарын жеткізуші елді өз қолымен растайды.";
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Уәкілетті ұйым тауардың шығу тегі туралы сертификатты кейіннен ішкі айналым үшін береді, яғни (ретроспективті) мәліметтер тиісті құжаттарда (осы Қағидалардың 45-тармағында көзделген құжаттарда, сондай-ақ тауардың нақты тиеп-жөнелтілгенін растауда (Қазақстан Республикасы кеден органының "Шығаруға рұқсат берілген" деген белгісі бар экспорттық кеден декларациясы) қамтылған мәліметтерге сәйкес келген, өтініш берушінің өтінішінде қамтылған мәліметтерді тексергеннен кейін ғана, сондай-ақ мәліметтерге сәйкес келген және тауардың шығу тегі туралы сертификат осы тауар экспортқа шығарылған немесе еркін қоймадан және арнайы экономикалық аймақтан Қазақстан Республикасының қалған аумағына өткізілген кезде берілмеген жағдайда береді.";
71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"71. Уәкілетті ұйым:
1) осы Қағидалардың 55-тармағына сәйкес құжаттарды табыс етпеу;
2) Тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттар берілмеген;
3) тауар әкелінетін елмен (одақпен) бір жақты тәртіппен белгіленген, осы Қағидалардың және/немесе қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдердің/шарттардың сәйкес келмегеннен бас тартады.";
көрсетілген Қағидаларға 1, 2-қосымша алып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшаны мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
1806 907000 | құрамында какао бар және өндіріс үшін немесе сусындарды дайындауға арналған дайын өнімдері | Технологиялық операциялар: мамандандырылған технологиялық жабдықта шикізатты бумадан шығару, өлшеу, араластыру, кептіру, алғашқы буып-түю орындалған жағдайда, кез келген позициялардағы материалдардан дайындау. Алайда сол позициядағы пайдаланылатын материалдарының құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауға тиiс |
";
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
2101 129201 | осы сығындылар, эссенциялар немесе концентраттар негiзіндегі немесе кофе негiзiндегі сығындылар, эссенциялар және кофе концентраттары және дайын өнiмдер: бастапқы орамадағы таза массасы 3 кг аспайтын | Технологиялық операциялар: мамандандырылған технологиялық жабдықта шикізатты ыдыстан шығару, өлшеу, араластыру, кептіру, алғашқы буып-түю орындалған жағдайда, кез келген позициялардағы материалдардан дайындау. Алайда сол позициядағы пайдаланылатын материалдарының құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауға тиiс |
2101 209200 | шайдың немесе матенің, немесе парагвай шайының сығындылары, эссенциялары немесе концентраттары негiзiндегі дайын өнiмдер | Технологиялық операциялар: мамандандырылған технологиялық жабдықта шикізатты реставрациялау, өлшеу, араластыру, кептіру, алғашқы қаптау орындалған жағдайда, кез келген позициялардағы материалдардан дайындау. Алайда сол позициядағы пайдаланылатын материалдарының құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауға тиiс |
";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
2201-ден | Газдалған су | Суды тазарту, суды зарарсыздандыру, суды газдандыру және құю |
";
мына:
"
25-топ | Тұз; күкiрт; топырақ және тас; сылау материалдары, әктас және цемент | Өңдеу/қайта өңдеу технологиясына сәйкес мамандандырылған өндiрiс жағдайларында кез келген позициялардың материалдарынан дайындау; көмiрмен байыту, тазалау, қатты кристалдарды ұсату, кесу, кальцийлендіру |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
25-топ | Тұз; күкiрт; топырақ және тас; сылақ материалдары, әктас және цемент | Өңдеу/қайта өңдеу технологиясына сәйкес мамандандырылған өндiрiс жағдайларында кез келген позициялардағы материалдардан дайындау; қатты кристалдарды ұсату, кесу, кальцийлендіру |
";
мына:
"
31-топ | Тыңайтқыштар | Кез келген позициялардың материалдарынан дайындау, ол кезде пайдаланылатын материалдар өнiм позициясынан ерекшелiнетiн позицияда жiктелуi тиiс. Алайда өнiм сияқты позицияның материалдары олардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы шартымен пайдаланылуы мүмкiн |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
31-топ | Тыңайтқыштар | Өңдеу/қайта өңдеу технологиясына сәйкес мамандандырылған өндіріс жағдайларында кез келген позициялардағы материалдардан дайындау . |
";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
3105 | Екi немесе үш қоректi элементтерден: азоттан, фосфордан және калийден тұратын минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар; өзге де тыңайтқыштар; брутто-массасы 10 кг-нан аспайтын осы топтың таблеткадағы немесе ұқсас нысандағы немесе орамдардағы тауарлары |
Технологияға: |
";
мына:
"
34-топ | Сабын, беттік-белсендi органикалық заттар, жуғыш заттар, майлау материалдары, жасанды және дайын балауыздар, тазалау мен әрлеуге арналған құрамдар, майшамдар мен ұқсас бұйымдар, жапсыруға арналған пасталар, пластилин, "тiс дәрiгерi балауызы" және тiс дәрiгерлiк мақсаттарға арналған гипс негiзiндегi құрамдар, 3404 және 3404-тен позицияларындағы тауарлардан басқа, олар үшiн қолданылатын қағидалар бұдан әрi жазылған | Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын, материалдар дайын өнiм позициясынан ерекшеленетiн позицияда жiктелуi тиiс. Алайда сол позициядағы материалдар олардың түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы шартымен пайдаланылуы мүмкiн. Сабын үшiн: мынадай: рецептура бойынша тоң май жиынтығы; сабынды қайнату; сабын жинағы; суыту және кептiру; механикалық өңдеу; қоспалармен араластыру; механикалық өңдеу; кесу; мөртаңбалау; орау технологиялық операцияларының орындалуы шартымен кез келген позициялардың материалдарынан дайындау |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
34-топ | Сабын, үстiңгi қабаты белсендi органикалық заттар, жуғыш заттар, майлау материалдары, жасанды және дайын балауыздар, тазалау мен әрлеуге арналған құрамдар, майшамдар мен ұқсас бұйымдар, жапсыруға арналған пасталар, пластилин, "тiс дәрiгерi балауызы" және тiс дәрiгерлiк мақсаттарға арналған гипс негiзiндегi құрамдар, 3404 және 3404-тен позицияларындағы тауарлардан басқа, олар үшiн қолданылатын қағидалар бұдан әрi жазылған |
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар дайын өнiм позициясынан ерекшеленетiн позицияда жiктелуге тиiс. Алайда сол позициядағы материалдар олардың түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспаған жағдайда пайдаланыла алады. |
";
мына:
"
3901 - 3915-тен | Бастапқы нысандардағы этилен полимерлері – пластмассаның қалдықтары, кесінділері және жиындылары | Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс. Алайда 39-топтың барлық пайдаланылатын материалдарының құны түпкiлiктi өнiм бағасының 20%-ынан аспауға тиiс |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3901 - 3915-тен | Бастапқы нысандардағы этилен полимерлері | Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауға тиiс. Алайда 39-топтың барлық пайдаланылатын материалдарының құны түпкiлiктi өнiм бағасының 20%-ынан аспауға тиiс |
";
мына:
"
5702 | Мата кiлемдер және "килим", "сумах", "кермани" және осы сияқты қол жұмысының кiлемдерін қоса алғанда, өзге де дүрияландырылмаған немесе флокирлендiрiлмеген, дайын немесе дайын емес еденге төсейтiн тоқыма жабындылар |
Тоқымашылық, жайманың түгiн қырқу, аппреттеу, бұйымның шетiн көмкеру. Бұл ретте пайдаланылатын материалдар 5701, 5703, 5704, 5705 00 позицияларынан ерекшеленетiн позицияда жiктелуге тиiс, ал олардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5702 | Мата кiлемдер және "килим", "сумах", "кермани" және осы сияқты қол жұмысының кiлемдерін қоса алғанда, өзге де дүрияландырылмаған немесе флокирлендiрiлмеген, дайын немесе дайын емес еденге төсейтiн тоқыма жабындылар | Тоқымашылық, жайманың түгiн қырқу, аппреттеу, бұйымның шетiн көмкеру. Бұл ретте пайдаланылатын материалдар 5701, 5703, 5704, 5705 00 позицияларынан ерекшеленетiн позицияда жiктелуге тиiс, ал олардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 70 %-ынан аспауға тиiс |
";
мына:
"
61-топ | Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж киiмдер және киiмдердiң керек-жарақтары |
Мынадай: |
"
деген жол алып тасталсын;
мына:
"
62-топ | Машинамен немесе қолдан тоқылған трикотаж киiмiнен басқа киiм заттары және киiмдердiң керек-жарақтары | Мынадай: материалды төсеу және пiшу, жиынтықтау, бөлшектердi монтаждау, бұйымдарды жинақтау, жылытып өңдеу, таңбалау және бұйымды тазалау технологиялық операцияларды орындау шарттары кезiнде кез келген позицияның иiрiм жiбiнен дайындау |
"
деген жол алып тасталсын;
мына:
"
6302 | Төсектiк, асханалық, дәретханалық және ас үйлiк жаймалар |
Мынадай: |
"
деген жол алып тасталсын;
мыналар:
"
7308 |
Қара металдардан жасалған металл конструкциялары (9406 тауар позициясындағы жинақталмалы құрылыс конструкцияларынан басқа) және олардың бөліктері (мысалы, көпірлер мен олардың секциялары, кішкентай қайықтардың қақпалары, мұнаралар, торлы діңгектер, төбе жабындылары, құрылыстық фермалар, есіктер мен терезелер және олардың жақтаулары, есік табалдырықтары, терезе жапқыштар мен балюстрадалар, жақтаулар мен бағаналар); |
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауға тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шарты кезінде: |
"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
7308 |
Қара металдардан жасалған металл конструкциялары (9406 тауарлық позициясындағы жинақталмалы құрылыс конструкцияларынан басқа) және олардың бөліктері (мысалы, көпірлер мен олардың секциялары, кішкентай қайықтардың қақпалары, мұнаралар, торлы діңгектер, төбе жабындылары, құрылыстық фермалар, есіктер мен терезелер және олардың жақтаулары, есік табалдырықтары, терезе жапқыштар мен балюстрадалар, жақтаулар мен бағаналар); | Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауға тиіс. |
";
мына:
"
7309 | Сыйымдылығы 300 литрден астам, қапталған немесе жылуоқшаулағышы бар немесе оларсыз, бірақ механикалық немесе жылу техникалық жабдығы жоқ кез келген (сығылған немесе сұйытылған газдан басқа) заттарға арналған қара металдардан жасалған резервуарлар, цистерналар, бактар және осыған ұқсас сыйымдылықтар |
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының |
"
деген жол алып тасталсын;
мына:
"
7314 | Торлар, торшалар және кесіп түсу орындарында балқытылған қоршаулар, өзге де |
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті соңғы өнімі бағасының 50 %-нан аспауға тиіс, сондай-ақ технологиялық операцияларды орындау шартымен: |
"
деген жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
8413 50 800 0 | Өзге де ілгері-кері көлемді сорғылар: өзгелері |
Дайындау, ол кезде төменде көрсетілген технологиялық операцияларды орындауды есепке алғанда пайдаланылатын материалдардың құны бірінші жылы түпкілікті өнімнің құнының 80%-нан, екінші жылы – 70%, үшінші жылы – 60%, төртінші жылдан бастап және келесі жылдары түпкілікті өнімнің құнынан 50%-нан аспауға тиіс: |
8413 60 700 0 | Бұрандалық сорғылар |
Дайындау, ол кезде төменде көрсетілген технологиялық операцияларды орындауды есепке алғанда пайдаланылатын материалдардың құны бірінші жылы түпкілікті өнімнің құнының 80%-нан, екінші жылы – 70%, үшінші жылы – 60%, төртінші жылдан бастап және келесі жылдары түпкілікті өнімнің құнының 50%-нан аспауға тиіс: |
841370 | Өзге де ортадан тепкіш сорғылар |
Дайындау, ол кезде, мына операциялар орындалған жағдайда, барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім құнының |
84139 | Шығын өлшегiштерi бар немесе жоқ сұйықтық сорғылары; сұйықтық көтергiштер: бөлшектер | Дайындау, ол кезде пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50 % аспауға тиiс. |
";
мына:
"
8433 51 000 9 | Астық жинайтын комбайндар: өзгелері |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптардың құны мынадай технологиялық операцияларды орындау: |
"
мынадай редакцияда жазылсын:
"
8433 51 000 9 | Астық жинайтын комбайндар: өзгелері |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптардың құны мынадай технологиялық операциялар: |
";
мына:
"
8469-8472 |
8443 тауар позициясындағы принтерлерден басқа жазу машинкалары; мәтіндерді өңдеуге арналған қондырғы | Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауға тиiс |
"
мынадай редакцияда жазылсын:
"
8469-8472 |
8443 тауарлық позициясындағы принтерлерден басқа жазу машинкалары; мәтіндерді өңдеуге арналған қондырғы |
Мынадай технологиялық операциялар орындалған жағдайда, кез келген позициялардағы материалдардан дайындау: |
";
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
8481 80 81 10 |
Құбыржолдарға, қазандықтарға, резервуаларға, цистерналарға, бактарға немесе құрамында күкіртсутегі (H2S) бар ортада қоршаған ауаның ˗ 40 °С температурасында және 16 Мпа қысымнан төмен кезде жұмыс істеуге арналған басқа ыдыстарға арналған крандар. |
Мына технологиялық операциялар: |
8481 80 850 | Дискілі бұру ысырмалары | Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауға тиiс. |
";
мына:
"
8517 | Ұялы байланыс желiлерiне немесе басқа сымсыз байланыс желiлерiне арналған телефон аппараттарын қоса алғанда телефон аппараттары; басқа сымды немесе сымсыз байланыс желiсiне арналған коммуникацияға арналған аппаратураны қоса алғанда дауысты, бейненi немесе басқа деректердi таратуға немесе қабылдауға арналған басқа аппаратура (мысалы, жергiлiктi немесе ғаламдық байланыс желiсiнде), 8443, 8525, 8527 немесе 8528 тауар позицияларының таратқыш немесе қабылдағыш аппаратурасынан басқа. |
Мына технологиялық операциялар орындалған жағдайда, кез келген позиция материалдарынан дайындау: |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8517 | Ұялы байланыс желiлерiне немесе басқа сымсыз байланыс желiлерiне арналған телефон аппараттарын қоса алғанда телефон аппараттары; басқа сымды немесе сымсыз байланыс желiсiне арналған коммуникацияға арналған аппаратураны қоса алғанда дауысты, бейненi немесе басқа деректердi таратуға немесе қабылдауға арналған басқа аппаратура (мысалы, жергiлiктi немесе ғаламдық байланыс желiсiнде), 8443, 8525, 8527 немесе 8528 тауар позицияларының таратқыш және қабылдағыш аппаратурасынан басқа. |
Мына технологиялық операциялар орындалған жағдайда, кез келген позициялардағы материалдардан дайындау: |
";
мына:
"
8541 40 900 9 | Фотоэлектрлік модуль (күн батареялары) |
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны мынадай технологиялық операцияларды орындау жағдайында түпкілікті өнім бағасының 80%-ынан аспауға тиіс: |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8541 40 900 0 | Фотоэлектрлік модуль (күн батареялары) |
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны мынадай технологиялық операциялар орындалған жағдайда, түпкілікті өнім бағасының 80%-ынан аспауға тиіс: |
";
мына:
"
8544 | Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кәбiлдер (коакси алдыларын кәбілдерін қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетiктерi бар немесе жоқ оқшауланған электр сымдары; олардың электр өткiзгiштермен немесе жалғағыш тетiктермен бiрге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кәбiлдер. |
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8544 | Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кәбiлдер (коаксиалды кәбілдерін қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетiктерi бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер; олардың электр өткiзгiштермен немесе жалғағыш тетiктермен бiрге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кәбiлдер. |
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының |
";
мына:
"
8607 19 1 009 | Жиналған не жиналмаған түрдегі осьтеp; дөңгелектер және олардың бөліктерi: өзгелері. |
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8607 19 1 009 | Жиналған не жиналмаған түрдегі осьтеp; дөңгелектер және олардың бөліктерi: өзгелері. |
Дайындау, ол кезде, сондай-ақ мынадай технологиялық операциялар орындалған жағдайда, барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының |
";
мына:
"
8701 20 101, | Жүргізушіні қоса алғанда 10 немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған адам отыратын тартқыштар, мотор көлік құралдары, жүк тасымалдауға арналған жүкжолаушы фургон-автомобильдерін және жарыс автомобильдерін, мотор көлік құралдарын, жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдауға пайдаланатындардан (мысалы, жүк апатты автомобильдер, автокрандар, өрт көлік құралдары, автобетонараластырғыш, жол жинауға арналған автомобильдер, су шашатын автомобильдер, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобильдер) басқа арнайы мотор көлік құралдарын қоса алғанда бастапқы күйде адамдарды тасымалдауға арналған басқа да мотор көлік құралдары. |
Мынадай критерийлердің бірін орындаған кезде жасалған моторлы көлiк құралдары: |
8705 20 000 1 | Автобұрғылау. |
Дайындау, ол кезде барлық пайданылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауға тиiс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен: |
8705 30 000 1 | Жаңа моторлы өрт сөндiру көлiк құралдары. |
Дайындау, ол кезде барлық пайданылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауға тиiс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шарты кезінде: |
8705 90 | Арнайы мақсаттағы моторлы көлiк құралдары, жолаушыларды немесе жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланылатындардан басқа (мысалы, авариялық жүк автомобильдерi, автокрандар, өрт сөндiру көлiк құралдары, автобетон-араластырғыштар, жол тазалауға арналған автомобильдер, су себетiн және жуатын машиналар, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобильдер). |
Дайындау, ол кезде барлық пайданылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауға тиiс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шарты кезінде: |
"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
8701 20 101, 8702-8705 | Жүргізушіні қоса алғанда 10 немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған адам отыратын тартқыштар, мотор көлік құралдары, жүк тасымалдауға арналған жүкжолаушы фургон-автомобильдерін және жарыс автомобильдерін, мотор көлік құралдарын, жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдауға пайдаланатындардан (мысалы, жүк авариялық автомобильдер, автокрандар, өрт көлік құралдары, автобетонараластырғыш, жол жинауға арналған автомобильдер, су шашатын автомобильдер, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобильдер) басқа арнайы мотор көлік құралдарын қоса алғанда бастапқы күйде адамдарды тасымалдауға арналған басқа да мотор көлік құралдары. |
Мынадай өлшемшарттардың бірі орындалған жағдайда жасап шығарылған моторлы көлiк құралдары: |
8705 20 000 1 | Автобұрғылау. |
Дайындау, ол кезде, сондай-ақ мынадай технологиялық операциялар орындалған жағдайда, барлық пайданылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауға тиiс: |
8705 30 000 1 | Жаңа моторлы өрт сөндiру көлiк құралдары. |
Дайындау, ол кезде, сондай-ақ мынадай технологиялық операциялар орындалған жағдайда, барлық пайданылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауға тиiс: |
8705 90 | Арнайы мақсаттағы моторлы көлiк құралдары, жолаушыларды немесе жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланылатындардан басқа (мысалы, авариялық жүк автомобильдерi, автокрандар, өрт сөндiру көлiк құралдары, автобетон-араластырғыштар, жол тазалауға арналған автомобильдер, су себетiн және жуатын машиналар, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобильдер). |
Дайындау, ол кезде, сондай-ақ мынадай технологиялық операциялар орындалған жағдайда, барлық пайданылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауға тиiс: |
";
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
8703-тен | Арнайы медициналық мақсат үшін арналған автомобильдер. |
Мына шарттардың бірін орындау: |
8704 10 102 9-дан |
Жолсыздық жағдайында пайдалану үшін арналған өзі аударатын автомобильдер: қысудан тұтануы бар іштен жанатын піспекті қозғалтқышты (дизельді немесе жартылай дизельді) және цилиндрінің жұмыстық көлемі |
Мына өлшемшарттардың бірі орындалған жағдайда, жасап шығарылған моторлы көлік құралдары: |
";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
9020 | Механикалық бөлшектер мен ауыстыратын сүзгілерсіз қорғаныш маскаларынан басқа, өзге де тыныс алу жабдығы мен газ маскалары. |
Өндіріс технологиясына сәйкес мамандандырылған өндіріс жағдайында кез келген позициядағы материалдардан жасау, алайда сондай-ақ мынадай технологиялық операциялар орындалған жағдайда, барлық пайдаланылатын материалдар құны түпкілікті өнім бағасының |
";
мына:
"
9306 90 | Бомбалар, гранаталар, торпедалар, миналар, зымырандар және ұрыс қимылдарын жүргiзуге арналған ұқсас құралдар, олардың бөлшектері; патрондар, өзге де оқ-дәрiлер, снарядтар және олардың бөлшектерi, патрондарға арналған бытыраларды және тығындарды қоса алғанда, өзгелері |
Дайындау, ол кезде пайдаланатын барлық материалдардың құны, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау: |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9306 90 | Бомбалар, гранаталар, торпедалар, миналар, зымырандар және ұрыс қимылдарын жүргiзуге арналған ұқсас құралдар, олардың бөлшектері; патрондар, өзге де оқ-дәрiлер, снарядтар және олардың бөлшектерi, патрондарға арналған бытыраларды және тығындарды қоса алғанда, өзгелері |
Дайындау, ол кезде, сондай-ақ мынадай технологиялық операциялар орындалған жағдайда, пайдаланылатын барлық материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауға тиiс: |
";
көрсетілген Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 10-қосымшада:
"CT-KZ" нысанында тауардың шығу тегі туралы сертификатты толтыру тәртібінде:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсаты"деген 3-бағанға мынадай "Тауардың шығарылған елін және жергілікті қамту үлесін растау үшін" деген жазба енгізіледі";".
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы "___" __________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы "___" __________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарұшы
___________ Р. Дәленов
2018 жылғы "___" __________
Қазақстан Республикасынан экспортталатын, Қазақстан Республикасынан кері экспортталатын тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға арналған өтінім
_________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
Уәкілетті ұйымның басшысы ______________________________________________________
(Т.А.Ә.(болған жағдайда))
20 __ жылғы "__" ___________
№_________________ өтінім
________________________________________________________________________________
20__ жылғы "__" ___________ берген тауардың шығу тегі туралы № "___________________
нысандағы ____________ тіліндегі тауардың шығу тегі туралы сертификатты және мынадай
деректемелерді беруді сұраймыз:
1. Тауарды жөнелтуші, оның мекенжайы, телефоны, факсы _____________________________
________________________________________________________________________________
2. Тауарды алушы, оның мекенжайы, елі _____________________________________________
________________________________________________________________________________
3. Тауардың атауы ________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
4. Жалпы/таза салмағы, кг _________________________________________________________
5. Тауар орнының саны және орама түрі _____________________________________________
6. Жөнелту станциясы (пункт) _____________________________________________________
7. Межелі станция (пункт) ________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
8. Көлік түрі және саны ___________________________________________________________
9. Сыртқы сауда келісімшарты (шарт), оның күні Инвойс (шот-фактура), №, күні
________________________________________________________________________________
10. Тауардың теңгемен құны _______________________________________________________
11. Есеп айырысу шоты, банк бөлімшесі ______________________________________________
________________________________________________________________________________
12. Жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі/заңды тұлғалар үшін бизнес-
сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________________________
13. Басшының Т.А.Ә. (болған жағдайда), телефоны____________________________________
Осы өтінімде және ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің анықтығы үшін
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты боламыз.
Мөр орны (болған жағдайда) Басшының қолы
________________________________
(ұйымның атауы)
Ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы № _______ сараптама актісі
1. Тауарды өндіруші ______________________________________________________________
2. Акт жасалған күн ______________________________________________________________
3. Сараптама жүргізу үшін негіздеме ________________________________________________
4. Тауардың атауы (тауардың коммерциялық атауы және тауарды бірмәнді сәйкестендіруге
мүмкіндік беретін басқа да мәліметтер) ______________________________________________
5. Саны _________________________________________________________________________
(орны, жалпы және таза салмағы, дана, жиынтық, м., көлемі)
6. Келісімшарт __________________________________________________________________
7. Тауарды алушы _______________________________________________________________
8. Орама түрі, таңбалау ________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
9. Ұсынылған құжаттама ________________________________________________________
________________________________________________________________________________
10. Сараптама бойынша __________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Өндірісті қарау бойынша мәліметтер толтырылады (мәлімделген тауар өндірісінің орналасқан
орны туралы, негізгі және өндірістік қорлардың құрамы және керек-жарағы туралы
(ғимараттар, меншіктегі, жалға алынатын жабдығы), тауар өндірген кездегі жабдық, өндірістің
технологиялық өндіру процесінің орындалуы туралы, өтініш берушінің еңбек қатынасында
болатын жұмыскерлер құрамы туралы, өтініш берушінің ұсынған құжаттар және тауардың
(пайдаланылатын шикізаттың, материалдардың және түпкі өнімнің СЭҚ ТН кодтары) шығу
тегіне өткізілген сараптама негізінде мәлімделген тауардың шығу тегін анықтай отырып
жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарын орындау туралы) анықталды;
11. _________ парақтағы қосымша осы актінің ажырамас бөлігі болып табылады.
12. Қорытынды: жоғарыда айтылғанғанның негізінде тауар осы актінің 5-тармағында
көрсетілген мөлшерде ________________ ретінде айқындалуы мүмкін.
Шығу тегінің өлшемшарттары _________________________________
Жергілікті қамтудың үлесі ________________________________
Дайын өнімнің СЭҚ ТН ______________________________________
Дайын өнімнің СЭҚ ӨЖ ______________________________________
Сарапшының қолы _________________
Өкіл танысты ____________
Мөр орны Т.А.Ә. .(болған жағдайда), қолы
Сараптама жүргізудің басталған күні _______
Сараптама жүргізудің аяқталған күні________
Тауардың шығу тегі туралы сараптаманың актісі және сарапшының түпнұсқалық қойылған
қолымен және мөр бедерімен расталмаған оның көшірмелері жарамсыз болып табылады.