"Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығына

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 103 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16517 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.07.2021 № 454-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10947 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырдағы № 95 (28573) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларда:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мыналар:

      1) тауарды қайта өңдеу нәтижесінде СЭҚ ТН бойынша тауар кодының кез келген алғашқы төрт белгі деңгейінде өзгеруі;

      2) бұл операциялар орын алған ел тауар шығарылған ел болып есептелуі үшін жеткілікті өндірістік немесе технологиялық операцияларды орындау;

      3) құнының пайыздық үлесі түпкі өнімнің бағасындағы тіркелген үлесіне жеткен кездегі тауар құнының өзгеруі (адвалорлық үлес қағидасы) тауарға Қазақстан Республикасында өндірілген деген мәртебе беру үшін оны жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу критерийлері болып табылады.

      "Түпнұсқа" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу кезінде осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген операцияларды жүзеге асыруды қоспағанда, жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемшарты тауарға тән қасиеттерді беру үшін тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу болып табылады.";

      13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20-тармақтар алып тасталсын.

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес өтінімнің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығымен бекітілген тізбесі бойынша (бұдан әрі - Тізбе) (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 9665 тіркелген) бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың толық топтамасының негізінде, тіркелген күннен кейінгі келесі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Тауардың шығу тегі туралы сертификат:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасынан экспортталатын, Қазақстан Республикасынан кері экспортталатын тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға жеке немесе заңды тұлғаның өтінімі;

      2) Тізбеге сәйкес құжаттар негізінде беріледі.

      Уәкілетті ұйымның уәкілетті адамы құжаттарды талдауды және олардағы мәліметтерді тексеруді жүргізеді және тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу туралы немесе тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеуден бас тарту туралы қорытындыны еркін түрде жасайды.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты уәкілетті ұйым береді.

      Бір келісімшарттың шеңберінде тауарды бірнеше мәрте жеткізу кезінде бір мезгілде түпнұсқасы тауардың барлық келісімшарттық легіне немесе сериялы өндіріс тауарларына ресімделген және экспорттаушы бірінші жөнелтілімде ұсынатын уәкілетті адамының қорытындының көшірмесімен жөнелтілетін тауардың әрбір партиясына тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге рұқсат етіледі.

      Тауардың шығу тегі сертификатын алуға арналған өтініште өтініш беруші жөнелтілетін тауар партиясы өндіріс технологиясының және құрамдауыштарының өзгеріске ұшырамағанын, сондай-ақ осы тауардың материалдарын жеткізуші елді өз қолымен растайды.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Уәкілетті ұйым тауардың шығу тегі туралы сертификатты кейіннен ішкі айналым үшін береді, яғни (ретроспективті) мәліметтер тиісті құжаттарда (осы Қағидалардың 45-тармағында көзделген құжаттарда, сондай-ақ тауардың нақты тиеп-жөнелтілгенін растауда (Қазақстан Республикасы кеден органының "Шығаруға рұқсат берілген" деген белгісі бар экспорттық кеден декларациясы) қамтылған мәліметтерге сәйкес келген, өтініш берушінің өтінішінде қамтылған мәліметтерді тексергеннен кейін ғана, сондай-ақ мәліметтерге сәйкес келген және тауардың шығу тегі туралы сертификат осы тауар экспортқа шығарылған немесе еркін қоймадан және арнайы экономикалық аймақтан Қазақстан Республикасының қалған аумағына өткізілген кезде берілмеген жағдайда береді.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Уәкілетті ұйым:

      1) осы Қағидалардың 55-тармағына сәйкес құжаттарды табыс етпеу;

      2) Тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттар берілмеген;

      3) тауар әкелінетін елмен (одақпен) бір жақты тәртіппен белгіленген, осы Қағидалардың және/немесе қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдердің/шарттардың сәйкес келмегеннен бас тартады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1, 2-қосымша алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшаны мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

1806 907000

құрамында какао бар және өндіріс үшін немесе сусындарды дайындауға арналған дайын өнімдері

Технологиялық операциялар: мамандандырылған технологиялық жабдықта шикізатты бумадан шығару, өлшеу, араластыру, кептіру, алғашқы буып-түю орындалған жағдайда, кез келген позициялардағы материалдардан дайындау. Алайда сол позициядағы пайдаланылатын материалдарының құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауға тиiс

      ";

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "

2101 129201

осы сығындылар, эссенциялар немесе концентраттар негiзіндегі немесе кофе негiзiндегі сығындылар, эссенциялар және кофе концентраттары және дайын өнiмдер: бастапқы орамадағы таза массасы 3 кг аспайтын

Технологиялық операциялар: мамандандырылған технологиялық жабдықта шикізатты ыдыстан шығару, өлшеу, араластыру, кептіру, алғашқы буып-түю орындалған жағдайда, кез келген позициялардағы материалдардан дайындау. Алайда сол позициядағы пайдаланылатын материалдарының құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауға тиiс

2101 209200

шайдың немесе матенің, немесе парагвай шайының сығындылары, эссенциялары немесе концентраттары негiзiндегі дайын өнiмдер

Технологиялық операциялар: мамандандырылған технологиялық жабдықта шикізатты реставрациялау, өлшеу, араластыру, кептіру, алғашқы қаптау орындалған жағдайда, кез келген позициялардағы материалдардан дайындау. Алайда сол позициядағы пайдаланылатын материалдарының құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауға тиiс

      ";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

2201-ден

Газдалған су

Суды тазарту, суды зарарсыздандыру, суды газдандыру және құю

      ";

      мына:

      "

25-топ

Тұз; күкiрт; топырақ және тас; сылау материалдары, әктас және цемент

Өңдеу/қайта өңдеу технологиясына сәйкес мамандандырылған өндiрiс жағдайларында кез келген позициялардың материалдарынан дайындау; көмiрмен байыту, тазалау, қатты кристалдарды ұсату, кесу, кальцийлендіру

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

25-топ

Тұз; күкiрт; топырақ және тас; сылақ материалдары, әктас және цемент

Өңдеу/қайта өңдеу технологиясына сәйкес мамандандырылған өндiрiс жағдайларында кез келген позициялардағы материалдардан дайындау; қатты кристалдарды ұсату, кесу, кальцийлендіру

      ";

      мына:

      "

31-топ

Тыңайтқыштар

Кез келген позициялардың материалдарынан дайындау, ол кезде пайдаланылатын материалдар өнiм позициясынан ерекшелiнетiн позицияда жiктелуi тиiс. Алайда өнiм сияқты позицияның материалдары олардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы шартымен пайдаланылуы мүмкiн

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

31-топ

Тыңайтқыштар

Өңдеу/қайта өңдеу технологиясына сәйкес мамандандырылған өндіріс жағдайларында кез келген позициялардағы материалдардан дайындау .

      ";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

3105

Екi немесе үш қоректi элементтерден: азоттан, фосфордан және калийден тұратын минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар; өзге де тыңайтқыштар; брутто-массасы 10 кг-нан аспайтын осы топтың таблеткадағы немесе ұқсас нысандағы немесе орамдардағы тауарлары

Технологияға:
рецептура әзірлеу;
топырақты агрохимиялық талдау негізінде есептелген макро және микроэлементтердің қатынасының оңтайлы формуласымен тыңайтқыштарды араластыруға сәйкес мамандандырылған өндіріс жағдайларында кез келген позициялардағы материалдардан дайындау

      ";

      мына:

      "

34-топ

Сабын, беттік-белсендi органикалық заттар, жуғыш заттар, майлау материалдары, жасанды және дайын балауыздар, тазалау мен әрлеуге арналған құрамдар, майшамдар мен ұқсас бұйымдар, жапсыруға арналған пасталар, пластилин, "тiс дәрiгерi балауызы" және тiс дәрiгерлiк мақсаттарға арналған гипс негiзiндегi құрамдар, 3404 және 3404-тен позицияларындағы тауарлардан басқа, олар үшiн қолданылатын қағидалар бұдан әрi жазылған

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын, материалдар дайын өнiм позициясынан ерекшеленетiн позицияда жiктелуi тиiс. Алайда сол позициядағы материалдар олардың түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы шартымен пайдаланылуы мүмкiн. Сабын үшiн: мынадай: рецептура бойынша тоң май жиынтығы; сабынды қайнату; сабын жинағы; суыту және кептiру; механикалық өңдеу; қоспалармен араластыру; механикалық өңдеу; кесу; мөртаңбалау; орау технологиялық операцияларының орындалуы шартымен кез келген позициялардың материалдарынан дайындау

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

34-топ

Сабын, үстiңгi қабаты белсендi органикалық заттар, жуғыш заттар, майлау материалдары, жасанды және дайын балауыздар, тазалау мен әрлеуге арналған құрамдар, майшамдар мен ұқсас бұйымдар, жапсыруға арналған пасталар, пластилин, "тiс дәрiгерi балауызы" және тiс дәрiгерлiк мақсаттарға арналған гипс негiзiндегi құрамдар, 3404 және 3404-тен позицияларындағы тауарлардан басқа, олар үшiн қолданылатын қағидалар бұдан әрi жазылған

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар дайын өнiм позициясынан ерекшеленетiн позицияда жiктелуге тиiс. Алайда сол позициядағы материалдар олардың түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспаған жағдайда пайдаланыла алады.
Сабын үшiн: мынадай:
рецептура бойынша тоң май жиынтығы;
сабынды қайнату;
сабын жинағы;
суыту және кептiру;
механикалық өңдеу;
қоспалармен араластыру;
механикалық өңдеу;
кесу;
моңтаңбалау;
буып-түю технологиялық операциялары орындалған жағдайда, кез келген позициялардағы материалдардан дайындау.
Сұйық сабын үшін:
су дайындау;
рецептура бойынша үстінгі қабаты белсенді заттар жиынтығы;
қыздыру (егер дайындау технологиясы бойынша қажет болса);
суыту (егер дайындау технологиясы бойынша қажет болса);
қоспалармен араластыру (егер дайындау технологиясы бойынша қажет болса);
құю;
буып-түю технологиялық операциялары орындалған жағдайда, кез келген позициялардағы материалдардан дайындау

      ";

      мына:

      "

3901 - 3915-тен

Бастапқы нысандардағы этилен полимерлері – пластмассаның қалдықтары, кесінділері және жиындылары

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс. Алайда 39-топтың барлық пайдаланылатын материалдарының құны түпкiлiктi өнiм бағасының 20%-ынан аспауға тиiс

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3901 - 3915-тен

Бастапқы нысандардағы этилен полимерлері

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауға тиiс. Алайда 39-топтың барлық пайдаланылатын материалдарының құны түпкiлiктi өнiм бағасының 20%-ынан аспауға тиiс

      ";

      мына:

      "

5702

Мата кiлемдер және "килим", "сумах", "кермани" және осы сияқты қол жұмысының кiлемдерін қоса алғанда, өзге де дүрияландырылмаған немесе флокирлендiрiлмеген, дайын немесе дайын емес еденге төсейтiн тоқыма жабындылар

Тоқымашылық, жайманың түгiн қырқу, аппреттеу, бұйымның шетiн көмкеру. Бұл ретте пайдаланылатын материалдар 5701, 5703, 5704, 5705 00 позицияларынан ерекшеленетiн позицияда жiктелуге тиiс, ал олардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының
50 %-ынан аспауға тиiс

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5702

Мата кiлемдер және "килим", "сумах", "кермани" және осы сияқты қол жұмысының кiлемдерін қоса алғанда, өзге де дүрияландырылмаған немесе флокирлендiрiлмеген, дайын немесе дайын емес еденге төсейтiн тоқыма жабындылар

Тоқымашылық, жайманың түгiн қырқу, аппреттеу, бұйымның шетiн көмкеру. Бұл ретте пайдаланылатын материалдар 5701, 5703, 5704, 5705 00 позицияларынан ерекшеленетiн позицияда жiктелуге тиiс, ал олардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 70 %-ынан аспауға тиiс

      ";

      мына:

      "

61-топ

Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж киiмдер және киiмдердiң керек-жарақтары

Мынадай:
- қолмен немесе машинамен тоқу, өңдеу және жылу операциясы технологиялық операцияларды орындау шарттары кезiнде кез келген позицияның иiрiм жiбiнен дайындау

      "

      деген жол алып тасталсын;

      мына:

      "

62-топ

Машинамен немесе қолдан тоқылған трикотаж киiмiнен басқа киiм заттары және киiмдердiң керек-жарақтары

Мынадай: материалды төсеу және пiшу, жиынтықтау, бөлшектердi монтаждау, бұйымдарды жинақтау, жылытып өңдеу, таңбалау және бұйымды тазалау технологиялық операцияларды орындау шарттары кезiнде кез келген позицияның иiрiм жiбiнен дайындау

      "

      деген жол алып тасталсын;

      мына:

      "

6302

Төсектiк, асханалық, дәретханалық және ас үйлiк жаймалар

Мынадай:
- материалды төсеу және пiшу, жиынтықтау, бөлшектердi монтаждау, жинақтау, жылытып өңдеу, таңбалау және бұйымды тазалау тәрiздi технологиялық операцияларды орындау шартымен кез келген позициядағы маталардан, трикотаж төсемдерден және мата емес материалдардан дайындау

      "

      деген жол алып тасталсын;

      мыналар:

      "

7308

Қара металдардан жасалған металл конструкциялары (9406 тауар позициясындағы жинақталмалы құрылыс конструкцияларынан басқа) және олардың бөліктері (мысалы, көпірлер мен олардың секциялары, кішкентай қайықтардың қақпалары, мұнаралар, торлы діңгектер, төбе жабындылары, құрылыстық фермалар, есіктер мен терезелер және олардың жақтаулары, есік табалдырықтары, терезе жапқыштар мен балюстрадалар, жақтаулар мен бағаналар);
металл құрылыстарында пайдалануға арналған қара металдардан жасалған парақтар, шыбықтар, бұрыштар, фассондық қапталдар, құбырлар мен оған ұқсас бұйымдар.

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауға тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шарты кезінде:
- алдын ала дайындау операциялары (кескілеу, кесу, бұрғылау);
- стапельде ұстап тұру;
- жартылай автоматты балқытып біріктіру;
- уатып ішектеп жөңдеу;
- жабындылармен бекітілуі (ысытып мырыштату немесе эмальмен бояу).

      "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7308

Қара металдардан жасалған металл конструкциялары (9406 тауарлық позициясындағы жинақталмалы құрылыс конструкцияларынан басқа) және олардың бөліктері (мысалы, көпірлер мен олардың секциялары, кішкентай қайықтардың қақпалары, мұнаралар, торлы діңгектер, төбе жабындылары, құрылыстық фермалар, есіктер мен терезелер және олардың жақтаулары, есік табалдырықтары, терезе жапқыштар мен балюстрадалар, жақтаулар мен бағаналар);
металл құрылыстарында пайдалануға арналған қара металдардан жасалған табақтар, шыбықтар, бұрыштар, фассондық қапталдар, құбырлар мен оған ұқсас бұйымдар.

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауға тиіс.

      ";

      мына:

      "

7309

Сыйымдылығы 300 литрден астам, қапталған немесе жылуоқшаулағышы бар немесе оларсыз, бірақ механикалық немесе жылу техникалық жабдығы жоқ кез келген (сығылған немесе сұйытылған газдан басқа) заттарға арналған қара металдардан жасалған резервуарлар, цистерналар, бактар және осыған ұқсас сыйымдылықтар

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының
80 %-нан аспауға тиіс, сондай-ақ технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- дайындамаларды жасау;
- бөлшектердің механикалық өңделуі;
- жинақтық – балқытып біріктіру операциялары;
- бар әдістемелік тапсырмаларға сынақ жүргізумен байланысты және құрылыстық құжаттамаларға салынған техникалық параметрлерді бақылауларды жалпы монтаждау.

      "

      деген жол алып тасталсын;

      мына:

      "

7314

Торлар, торшалар және кесіп түсу орындарында балқытылған қоршаулар, өзге де

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті соңғы өнімі бағасының 50 %-нан аспауға тиіс, сондай-ақ технологиялық операцияларды орындау шартымен:
дайындама операциялары (кесу, фрезерлеу, бұрғылау);
жинақтық-балқытып біріктіру операциялары;
бояу.

      "

      деген жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "

8413 50 800 0

Өзге де ілгері-кері көлемді сорғылар: өзгелері

Дайындау, ол кезде төменде көрсетілген технологиялық операцияларды орындауды есепке алғанда пайдаланылатын материалдардың құны бірінші жылы түпкілікті өнімнің құнының 80%-нан, екінші жылы – 70%, үшінші жылы – 60%, төртінші жылдан бастап және келесі жылдары түпкілікті өнімнің құнынан 50%-нан аспауға тиіс:
бұрандалық және жалғастырғыштық қосылыстарды кесу;
қосқыш жалғастырғыштарды өндіру және сынау;
жоғарғы және төменгі өткізгішті өндіру;
жоғарғы және төменгі ұзартқышты өндіру;
бұрандалық қосылыстарды жинау және гидравликалық сынау;
сору және айдау клапандарының тораптарын өндіру.

8413 60 700 0

Бұрандалық сорғылар

Дайындау, ол кезде төменде көрсетілген технологиялық операцияларды орындауды есепке алғанда пайдаланылатын материалдардың құны бірінші жылы түпкілікті өнімнің құнының 80%-нан, екінші жылы – 70%, үшінші жылы – 60%, төртінші жылдан бастап және келесі жылдары түпкілікті өнімнің құнының 50%-нан аспауға тиіс:
бұрандалық және жалғастырғыштық қосылыстарды кесу;
өндіру және механикалық өңдеу;
бұрандалық қосылыстарды жинау және сынау;
лак-бояу қорғаныш жабынын түсіру.

841370

Өзге де ортадан тепкіш сорғылар

Дайындау, ол кезде, мына операциялар орындалған жағдайда, барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім құнының
60%-нан аспауға тиіс:
білікті дайындау;
жұмыс дөңгелегін дайындау;
сорғы корпусын дайындау;
сорғыш қақпақты дайындау (ол болған жағдайда);
тығыздау корпусын дайындау;
мойынтіректер корпусын дайындау;
қосу сору жалғастырғышын дайындау (ол болған жағдайда);
сорғыны және/немесе агрегатты жинау;
арнайы стендте сорғының (агрегаттың) техникалық сипаттамаларын анықтау арқылы сорғыға немесе агрегатқа сынақ жүргізу.

84139

Шығын өлшегiштерi бар немесе жоқ сұйықтық сорғылары; сұйықтық көтергiштер: бөлшектер

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50 % аспауға тиiс.

      ";

      мына:

      "

8433 51 000 9

Астық жинайтын комбайндар: өзгелері

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптардың құны мынадай технологиялық операцияларды орындау:
- қозғалтқышты орнату;
- аспалы дерселені дайындау (оқшаулау үлесі 50 %-дан кем емес) немесе Қазақстан Республикасында өндірілген аспалы дерселені орнату;
- Қазақстан Республикасында өндірілген дерселе тасығыш арба немесе дерселе тасығыш арба жиынтығын тайындау;
- Қазақстан Республикасында өндірілген қозғалтқыштың ауа фильтірін орнату;
- Қазақстан Республикасында өндірілген аккумуляторлық батареяны орнату;
- әйнек тазартқышты орнату, фараларды орнату;
- габариттік фонарьларды орнату;
- жарқырағыш фонарьларды орнату;
- дыбыс сигналдарын орнату;
- жарық шағылыстырғыштарды орнату;
- қозғалтқыштың жгутын орнату;
- қиғаш камера орнату;
- баспалдақ пен қоршаулар орнату;
- белбеулерді орнату;
- жетекші және қосалқы дөңгелектерді орнату;
- рульдiк басқарудың гидроцилиндрлерiн орнату;
- ауа баптағыш орнату және толтыру;
- басқару пультін орнату (компьютерлер);
- желімді аппликациялар жапсыру;
- тақтайшалар орнату;
- комбайнға отын құю, оны сынақтан өткізу;
- ҚҚК-ні жинақтау және орау шартымен тауардың осы түрін дайындау басталған күннен бастап бірінші жылы түпкiлiктi өнiм бағасының 90 %-ынан аспауға тиiс;
Екiншi жылы – мынадай технологиялық операцияларды орындау:
- қозғалтқышты орнату;
- аспалы дерселені дайындау (оқшаулау үлесі 50 %-дан кем емес) немесе Қазақстан Республикасында өндірілген аспалы дерселені орнату;
- Қазақстан Республикасында өндірілген дерселе тасығыш арба немесе дерселе тасығыш арба жиынтығын тайындау;
- Қазақстан Республикасында өндірілген қозғалтқыштың ауа фильтірін орнату;
- Қазақстан Республикасында өндірілген аккумуляторлық батареяны орнату;
- әйнек тазартқышты орнату, фараларды орнату;
- габариттік фонарьларды орнату;
- жарқырағыш фонарьларды орнату;
- дыбыс сигналдарын орнату;
- жарық шағылыстырғыштарды орнату;
- қозғалтқыштың жгутын орнату;
- қиғаш камера орнату;
- баспалдақ пен қоршаулар орнату;
- белбеулерді орнату;
- жетекші және қосалқы дөңгелектерді орнату;
- рульдiк басқарудың гидроцилиндрлерiн орнату;
- ауа баптағыш орнату және толтыру;
- басқару пультін орнату (компьютерлер);
- желімді аппликациялар жапсыру;
- тақтайшалар орнату;
- комбайнға отын құю, оны сынақтан өткізу;
- ҚҚК-ні жинақтау және орау;
- ұсақтағыш-шашыратқышты немесе шөмелеге жинағышты орнату шартымен түпкiлiктi өнiм бағасының 85 %-ынан аспауға тиіс; Үшiншi жылы
– мынадай технологиялық операцияларды орындау:
- қозғалтқышты орнату;
- аспалы дерселені дайындау (оқшаулау үлесі 50 %-дан кем емес) немесе Қазақстан Республикасында өндірілген аспалы дерселені орнату;
- Қазақстан Республикасында өндірілген дерселе тасығыш арба немесе дерселе тасығыш арба жиынтығын тайындау;
- Қазақстан Республикасында өндірілген қозғалтқыштың ауа фильтірін орнату;
- Қазақстан Республикасында өндірілген аккумуляторлық батареяны орнату;
- әйнек тазартқышты орнату, фараларды орнату;
- габариттік фонарьларды орнату;
- жарқырағыш фонарьларды орнату;
- дыбыс сигналдарын орнату;
- жарық шағылыстырғыштарды орнату;
- қозғалтқыштың жгутын орнату;
- қиғаш камера орнату;
- баспалдақ пен қоршаулар орнату;
- белбеулерді орнату;
- жетекші және қосалқы дөңгелектерді орнату;
- рульдiк басқарудың гидроцилиндрлерiн орнату;
- ауа баптағыш орнату және толтыру;
- басқару пультін орнату (компьютерлер);
- желімді аппликациялар жапсыру;
- тақтайшалар орнату;
- комбайнға отын құю, оны сынақтан өткізу;
- ҚҚК-ні жинақтау және орау;
- ұсақтағыш-шашыратқышты немесе шөмелеге жинағышты орнату;
- сүрлем жинайтын машиналарды тасымалдау үшін арбалар жасау шартымен түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауға тиіс;
Төртінші жылы – мынадай технологиялық операцияларды орындау:
- қозғалтқышты орнату;
- аспалы дерселені дайындау (оқшаулау үлесі 50 %-дан кем емес) немесе Қазақстан Республикасында өндірілген аспалы дерселені орнату;
- Қазақстан Республикасында өндірілген дерселе тасығыш арба немесе дерселе тасығыш арба жиынтығын тайындау;
- Қазақстан Республикасында өндірілген қозғалтқыштың ауа фильтірін орнату;
- Қазақстан Республикасында өндірілген аккумуляторлық батареяны орнату;
- әйнек тазартқышты орнату, фараларды орнату;
- габариттік фонарьларды орнату;
- жарқырағыш фонарьларды орнату;
- дыбыс сигналдарын орнату;
- жарық шағылыстырғыштарды орнату;
- қозғалтқыштың жгутын орнату;
- қиғаш камера орнату;
- баспалдақ пен қоршаулар орнату;
- белбеулерді орнату;
- жетекші және қосалқы дөңгелектерді орнату;
- рульдiк басқарудың гидроцилиндрлерiн орнату;
- ауа баптағыш орнату және толтыру;
- басқару пультін орнату (компьютерлер);
- желімді аппликациялар жапсыру;
- тақтайшалар орнату;
- комбайнға отын құю, оны сынақтан өткізу;
- ҚҚК-ні жинақтау және орау;
- ұсақтағыш-шашыратқышты немесе шөмелеге жинағышты орнату;
- сүрлем жинайтын машиналарды тасымалдау үшін арбалар жасау;
- мотор астына қойылатын рама жасау;
- қозғалтқышты сыннан өткізу және мотор астына қойылатын рамаға орнату;
- гидромоторды, тазарту сүзгісін, жүріс бөлігі жетегінің жоғары және төмен қысымды түтіктерін орнату;
- сүрлем жинайтын машиналарды көтеру гидроцилиндрлерін орнату;
- автоматты бақылау жүйесінің пультін монтаждау және жұмыс істеуін тексеру;
- қиғаш камераның кері айналдыру жүйесін монтаждау;
- қиғаш камераны және оның транспортерін жасау, қиғаш камераны сыннан өткізу, комбайнға орнату;
- орталықтандырылған майлау жүйесін монтаждау және сынау шартымен түпкiлiктi өнiм бағасының 70 %-ынан аспауға тиіс;
Бесінші жылы және одан кейінгі жылдары – мынадай технологиялық операцияларды орындау:
- қозғалтқышты орнату;
- аспалы дерселені дайындау (оқшаулау үлесі 50 %-дан кем емес) немесе Қазақстан Республикасында өндірілген аспалы дерселені орнату;
- Қазақстан Республикасында өндірілген дерселе тасығыш арба немесе дерселе тасығыш арба жиынтығын тайындау;
- Қазақстан Республикасында өндірілген қозғалтқыштың ауа фильтірін орнату;
- Қазақстан Республикасында өндірілген аккумуляторлық батареяны орнату;
- әйнек тазартқышты орнату, фараларды орнату;
- габариттік фонарьларды орнату;
- жарқырағыш фонарьларды орнату;
- дыбыс сигналдарын орнату;
- жарық шағылыстырғыштарды орнату;
- қозғалтқыштың жгутын орнату;
- қиғаш камера орнату;
- баспалдақ пен қоршаулар орнату;
- белбеулерді орнату;
- жетекші және қосалқы дөңгелектерді орнату;
- рульдiк басқарудың гидроцилиндрлерiн орнату;
- ауа баптағыш орнату және толтыру;
- басқару пультін орнату (компьютерлер);
- желімді аппликациялар жапсыру;
- тақтайшалар орнату;
- комбайнға отын құю, оны сынақтан өткізу;
- ҚҚК-ні жинақтау және орау;
- ұсақтағыш-шашыратқышты немесе шөмелеге жинағышты орнату;
- сүрлем жинайтын машиналарды тасымалдау үшін арбалар жасау;
- мотор астына қойылатын рама жасау;
- қозғалтқышты сыннан өткізу және мотор астына қойылатын рамаға орнату;
- гидромоторды, тазарту сүзгісін, жүріс бөлігі жетегінің жоғары және төмен қысымды түтіктерін орнату;
- сүрлем жинайтын машиналарды көтеру гидроцилиндрлерін орнату;
- автоматты бақылау жүйесінің пультін құрастыру және жұмыс істеуін тексеру;
- қиғаш камераның кері айналдыру жүйесін монтаждау;
- қиғаш камераны және оның транспортерін жасау, қиғаш камераны сыннан өткізу, комбайнға орнату;
- орталықтандырылған майлау жүйесін құрастыру және сынау;
- баспалдақ, капоттар мен қоршаулар жасау және орнату шартымен түпкiлiктi өнiм бағасының 60 %-ынан аспауға тиіс.

      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8433 51 000 9

Астық жинайтын комбайндар: өзгелері

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптардың құны мынадай технологиялық операциялар:
қозғалтқышты орнату;
аспалы орғышты дайындау (оқшаулау үлесі 50 %-дан кем емес) немесе Қазақстан Республикасында өндірілген аспалы орғышты орнату;
Қазақстан Республикасында өндірілген орғышты тасымалдау үшін арбаны дайындау немесе орғышты тасымалдау үшін арбамен жинау;
Қазақстан Республикасында өндірілген қозғалтқыштың ауа сүзгісін орнату;
Қазақстан Республикасында өндірілген аккумуляторлық батареяны орнату;
әйнек тазартқышты орнату, фараларды орнату;
габариттік фонарьларды орнату;
жарқырағыш фонарьларды орнату;
дыбыс сигналдарын орнату;
жарық шағылыстырғыштарды орнату;
қозғалтқыштың жгутын орнату;
қиғаш камера орнату;
баспалдақ пен қоршаулар орнату;
белбеулерді орнату;
жетекші және басқарушы дөңгелектерді орнату;
рөлмен басқарылатын гидроцилиндрлерді орнату;
ауа баптағыш орнату және толтыру;
басқару пультін орнату (компьютерлер);
желімді аппликациялар жапсыру;
тақталар орнату;
комбайнға жанармай құю, оны сынау;
ҚҚК-ні жинақтау және орау орындалған жағдайда, тауардың осы түрін дайындау басталған күннен бастап бірінші жылы түпкiлiктi өнiм бағасының 90 %-ынан аспауға тиiс;
екiншi жылы мынадай технологиялық операциялар:
қозғалтқышты орнату;
аспалы орғышты дайындау (оқшаулау үлесі 50 %-дан кем емес) немесе Қазақстан Республикасында өндірілген аспалы орғышты орнату;
Қазақстан Республикасында өндірілген орғышты тасымалдауға арналған арбаны дайындау немесе орғышты тасымалдауға арналған арбамен жиынтықтау;
Қазақстан Республикасында өндірілген қозғалтқыштың ауа сүзгісін орнату;
Қазақстан Республикасында өндірілген аккумуляторлық батареяны орнату;
әйнек тазартқышты орнату, фараларды орнату;
габариттік фонарьларды орнату;
жарқырағыш фонарьларды орнату;
дыбыс сигналдарын орнату;
жарық шағылыстырғыштарды орнату;
қозғалтқыш бұрамасын орнату;
қиғаш камера орнату;
баспалдақтар мен қоршаулар орнату;
белбеулерді орнату;
жетекші және басқарушы дөңгелектерді орнату;
рөлмен басқарылатын гидроцилиндрлерді орнату;
ауа баптағышты орнату және толтыру; басқару пультін орнату (компьютерлер); желімді аппликациялар жапсыру;
тақталар орнату;
комбайнға жанармай құю, оны сынау;
ҚҚК-ні жинақтау және орау;
ұсақтағыш-шашыратқышты немесе шөмелеге жинағышты орнату орындалған жағдайда, түпкiлiктi өнiм бағасының 85 %-ынан аспауға тиіс.
Үшiншi жылы мынадай технологиялық операциялар:
қозғалтқышты орнату;
аспалы орғышты дайындау (оқшаулау үлесі 50 %-дан кем емес) немесе Қазақстан Республикасында өндірілген аспалы орғышты орнату;
Қазақстан Республикасында өндірілген орғышты тасымалдау үшін арбаны дайындау немесе орғышты тасымалдау үшін арбамен жинау;
Қазақстан Республикасында өндірілген қозғалтқыштың ауа сүзгісін орнату;
Қазақстан Республикасында өндірілген аккумуляторлық батареяны орнату;
әйнек тазартқышты орнату, фараларды орнату;
габариттік фонарьларды орнату;
жарқырағыш фонарьларды орнату;
дыбыс сигналдарын орнату;
жарық шағылыстырғыштарды орнату;
қозғалтқыш бұрамасын орнату;
қиғаш камера орнату;
баспалдақтар мен қоршауларды орнату;
белбеулерді орнату;
жетекші және басқарушы дөңгелектерді орнату;
рөлмен басқарылатын гидроцилиндрлерді орнату;
ауа баптағышты орнату және толтыру;
басқару пультін орнату (компьютерлер);
желімді аппликациялар жапсыру;
тақталар орнату;
комбайнға жанармай құю, оны сынау;
ҚҚК-ні жинақтау және орау;
ұсақтағыш-шашыратқышты немесе шөмелеге жинағышты дайындау және орнату орындалған жағдайда, түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауға тиіс;
Төртінші жылы мынадай технологиялық операциялар:
қозғалтқышты орнату;
аспалы орғышты дайындау (оқшаулау үлесі 50 %-дан кем емес) немесе Қазақстан Республикасында өндірілген аспалы орғышты орнату;
Қазақстан Республикасында өндірілген орғышты тасымалдауға арналған арбаны дайындау немесе орғышты тасымалдауға арналған арбамен жиынтықтау;
Қазақстан Республикасында өндірілген қозғалтқыштың ауа сүзгісін орнату;
Қазақстан Республикасында өндірілген аккумуляторлық батареяны орнату;
әйнек тазартқышты орнату, фараларды орнату;
габариттік фонарьларды орнату;
жарқырағыш фонарьларды орнату;
дыбыс сигналдарын орнату;
жарық шағылыстырғыштарды орнату;
қозғалтқыш бұрамасын орнату;
қиғаш камера орнату;
баспалдақтар мен қоршаулар орнату;
белбеулерді орнату;
жетекші және басқарушы дөңгелектерді орнату;
рөлмен басқарылатын гидроцилиндрлерді орнату;
ауа баптағышты орнату және толтыру;
басқару пультін орнату (компьютерлер);
желімді аппликациялар жапсыру;
тақталар орнату;
комбайнға жанармай құю, оны сынау;
ҚҚК-ні жинақтау және орау;
ұсақтағыш-шашыратқышты немесе шөмелеге жинағышты дайындау және орнату;
мотор астына қойылатын рама жасау;
қозғалтқышты сыннан өткізу және мотор астына қойылатын рамаға орнату;
гидромоторды, тазарту сүзгісін, жүріс бөлігі жетегінің жоғары және төмен қысымды түтіктерін орнату;
орғышты көтеру гидроцилиндрлерін орнату;
автоматты бақылау жүйесінің пультін монтаждау және жұмыс істеуін тексеру;
қиғаш камераның кері айналдыру жүйесін монтаждау;
қиғаш камераны және оның транспортерін жасау, қиғаш камераны сыннан өткізу, комбайнға орнату;
орталықтандырылған майлау жүйесін монтаждау және сынау орындалған жағдайда, түпкiлiктi өнiм бағасының 70 %-ынан аспауға тиіс;
Бесінші жылы және одан кейінгі жылдары мынадай технологиялық операциялар:
қозғалтқышты орнату;
аспалы орғышты өндіру (оқшаулау үлесі 50 %-дан кем емес) немесе Қазақстан Республикасында өндірілген аспалы орғышты орнату;
орғышты тасымалдауға арналған арбаны дайындау немесе Қазақстан Республикасында өндірілген орғышты жиынтықтау;
Қазақстан Республикасында өндірілген қозғалтқыштың ауа сүзгісін орнату;
Қазақстан Республикасында өндірілген аккумуляторлық батареяны орнату;
әйнек тазартқышты орнату, фараларды орнату;
габаритті фонарьларды орнату;
жарқырағыш фонарьларды орнату;
дыбыс сигналдарын орнату;
жарық шағылыстырғыштарды орнату;
қозғалтқыш бұрамасын орнату;
қиғаш камера орнату;
баспалдақтар мен қоршауларды орнату;
белбеулерді орнату;
жетекші және басқарушы дөңгелектерді орнату;
рөлмен басқарылатын гидроцилиндрлерді орнату;
ауа баптағышты орнату және толтыру;
басқару пультін орнату (компьютерлер);
жабысқақ аппликациялар жапсыру;
тақталар орнату;
комбайнға жанармай құю, оны сынау;
ҚҚК-ні жинақтау және орау;
ұсақтағыш-шашыратқышты немесе шөмелеге жинағышты дайындау және орнату;
мотор астына қойылатын рама жасау;
қозғалтқышты сыннан өткізу және мотор астына қойылатын рамаға орнату;
гидромоторды, тазарту сүзгісін, жүріс бөлігі жетегінің жоғары және төмен қысымды түтіктерін орнату;
орғышты көтеру гидроцилиндрлерін орнату;
автоматты бақылау жүйесінің пультін құрастыру және жұмыс істеуін тексеру;
қиғаш камераның кері айналдыру жүйесін монтаждау;
қиғаш камераны және оның транспортерін жасау, қиғаш камераны сыннан өткізу, комбайнға орнату;
орталықтандырылған майлау жүйесін монтаждау және сынау;
капот баспалдақтарын және қоршауларды дайындау және орнату орындалған жағдайда, түпкiлiктi өнiм бағасының 60 %-ынан аспауға тиіс.

      ";

      мына:

      "

8469-8472

8443 тауар позициясындағы принтерлерден басқа жазу машинкалары; мәтіндерді өңдеуге арналған қондырғы
- кеңсе жабдығы (мысалы, гектографикалық немесе трафареттік көбейткіш аппараттар, жіберу машиналары, банкнотты беруге арналған автоматты қондырғы, тиындарды сорттау, есептеу немесе буып-түюге арналған машиналар, қарындаштарды ұштауға арналған машинкалар, тескіш машиналар немесе қапсырмамен қыстыруға арналған машиналар) өзгелері.

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауға тиiс

      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8469-8472

8443 тауарлық позициясындағы принтерлерден басқа жазу машинкалары; мәтіндерді өңдеуге арналған қондырғы
- кеңсе жабдығы (мысалы, гектографикалық немесе трафареттік көбейткіш аппараттар, жіберу машиналары, банкнотты беруге арналған автоматты қондырғы, тиындарды сұрыптау, есептеу немесе буып-түюге арналған машиналар, қарындаштарды ұштауға арналған машинкалар, тескіш машиналар немесе қапсырмамен қыстыруға арналған машиналар) өзгелері.

Мынадай технологиялық операциялар орындалған жағдайда, кез келген позициялардағы материалдардан дайындау:
электрондық модульдердің дайындалуы (радиоэлементтерді әзірлеу, SMD-монтаж, мөрлік тақшаларға барлық радиоэлементтерді орнату, дәнекерлеу, диагностика, реттелім, бақылау);
электрондық модульді бағдарламалау;
мәрелік құрастыру және реттеу (құрастыру, монтаж, реттелім, бақылау, түпкілікті өнім сынанақтарының кешені

      ";

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "

8481 80 81 10
8481 80 81 20
8481 80 81 99

Құбыржолдарға, қазандықтарға, резервуаларға, цистерналарға, бактарға немесе құрамында күкіртсутегі (H2S) бар ортада қоршаған ауаның ˗ 40 °С температурасында және 16 Мпа қысымнан төмен кезде жұмыс істеуге арналған басқа ыдыстарға арналған крандар.
Құбыржолдарға, қазандықтарға, резервуаларға, цистерналарға, бактарға немесе қоршаған ауаның - 55 °С температурасында және 80 Мпа және одан жоғары қысымнан төмен кезде жұмыс істеуге арналған басқа ыдыстарға арналған крандар.
Құбыржолдарға, қазандықтарға, сұйыққоймаларға, цистерналарға, бактарға немесе соған ұқсас ыдыстарға арналған басқа да крандар.

Мына технологиялық операциялар:
механикалық өңдеу;
жинау;
жиналған түйіндерді дәнекерлеу, дәнекерлеу қосылыстарын бұзбай бақылау (егер құрастырылымдық құжаттамада көзделсе);
қысыммен сынау;
кранды басқару жетегін орнату және баптау (егер конструкторлық құжаттамада көзделсе);
жабынды жағуға беттерді дайындау;
жабын жағу орындалған жағдайда дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 70%-ынан аспауға тиiс.

8481 80 850

Дискілі бұру ысырмалары

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауға тиiс.

      ";

      мына:

      "

8517

Ұялы байланыс желiлерiне немесе басқа сымсыз байланыс желiлерiне арналған телефон аппараттарын қоса алғанда телефон аппараттары; басқа сымды немесе сымсыз байланыс желiсiне арналған коммуникацияға арналған аппаратураны қоса алғанда дауысты, бейненi немесе басқа деректердi таратуға немесе қабылдауға арналған басқа аппаратура (мысалы, жергiлiктi немесе ғаламдық байланыс желiсiнде), 8443, 8525, 8527 немесе 8528 тауар позицияларының таратқыш немесе қабылдағыш аппаратурасынан басқа.

Мына технологиялық операциялар орындалған жағдайда, кез келген позиция материалдарынан дайындау:
- электрондық құрастыру және монтаждау;
- кәбілдiк өнiмдер элементтерiн дайындау;
- бұйымды механикалық құрастыру;
- бағдарламалық қамтамасыз ету жазбасы;
- параметрлердi реттеу және бақылау;
- кешендi тестiлеу.

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8517

Ұялы байланыс желiлерiне немесе басқа сымсыз байланыс желiлерiне арналған телефон аппараттарын қоса алғанда телефон аппараттары; басқа сымды немесе сымсыз байланыс желiсiне арналған коммуникацияға арналған аппаратураны қоса алғанда дауысты, бейненi немесе басқа деректердi таратуға немесе қабылдауға арналған басқа аппаратура (мысалы, жергiлiктi немесе ғаламдық байланыс желiсiнде), 8443, 8525, 8527 немесе 8528 тауар позицияларының таратқыш және қабылдағыш аппаратурасынан басқа.

Мына технологиялық операциялар орындалған жағдайда, кез келген позициялардағы материалдардан дайындау:
электрондық құрауыштарды құрастыру және монтаждау;
бұйымды механикалық құрастыру;
бағдарламалық қамтамасыз ету жазбасы;
параметрлердi реттеу және бақылау;
кешендi тестiлеу.

      ";

      мына:

      "

8541 40 900 9

Фотоэлектрлік модуль (күн батареялары)

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны мынадай технологиялық операцияларды орындау жағдайында түпкілікті өнім бағасының 80%-ынан аспауға тиіс:
- поликристалды ұяшықтардан (күн элементтерінен) тізбек жасау;
- тізбек сапасын бақылау;
- бақылау барысында ақауы анықталған тізбекті жөндеу;
- мыс шиналарын қарау, дайындау және қалау;
- мыс шиналарын өзара қосу;
- алғашқы электролюминесценттік бақылау;
- шыныталшық мат, этиленвинилацетат үлдірді және полимерлі қабаттың табағын төсеу;
- ламинаттау (термиялық жымдастыру);
- шеттерін кесу;
- таратқыш қорапты орнату;
- күннің сәулелену симуляторымен бақылау;
- раманы жартылай автоматты орнату;
- оқшаулау кедергісін сынау;
- ақырғы электролюминесценттік бақылау;
- дайын модульды қарау және түсіру.

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8541 40 900 0

Фотоэлектрлік модуль (күн батареялары)

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны мынадай технологиялық операциялар орындалған жағдайда, түпкілікті өнім бағасының 80%-ынан аспауға тиіс:
поликристалды немесе (немесе) монокристалды ұяшықтардан (күн элементтерінен) тізбек жасау;
тізбек сапасын бақылау;
бақылау барысында ақауы анықталған тізбекті жөндеу;
мыс шиналарын қарау, дайындау және қалау;
мыс шиналарын өзара қосу;
алғашқы электролюминесценттік бақылау;
шыныталшық мат, этиленвинилацетат үлдірді және полимер қабаттың табағын төсеу;
ламинаттау (термиялық жымдастыру);
шеттерін кесу;
таратқыш қорапты орнату;
күннің сәулелену симуляторымен бақылау;
раманы жартылай автоматты орнату;
оқшаулау кедергісін сынау;
соңғы электролюминесценттік бақылау;
дайын модульді қарау және түсіру. немесе:
ламинатты конвейерге беру;
шеттерін кесу;
таратқыш қорапты орнату;
күннің сәулелену симуляторымен бақылау;
раманы жартылай автоматты орнату;
оқшаулау кедергісін сынау;
соңғы электролюминесценттік бақылау;
дайын модульді қарау және түсіру.
фотоэлектрлік модульдерді буып-түю.

      ";

      мына:

      "

8544

Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кәбiлдер (коакси алдыларын кәбілдерін қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетiктерi бар немесе жоқ оқшауланған электр сымдары; олардың электр өткiзгiштермен немесе жалғағыш тетiктермен бiрге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кәбiлдер.

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының
50%-ынан аспауға тиiс.

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8544

Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кәбiлдер (коаксиалды кәбілдерін қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетiктерi бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер; олардың электр өткiзгiштермен немесе жалғағыш тетiктермен бiрге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кәбiлдер.

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының
50%-ынан, ал оптикалық талшық кәбілі үшін түпкілікті өнім құнының 80 %-ынан аспауға тиiс.

      ";

      мына:

      "

8607 19 1 009

Жиналған не жиналмаған түрдегі осьтеp; дөңгелектер және олардың бөліктерi: өзгелері.

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының
80 %-ынан аспауға тиiс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау жағдайында:
- бөлшектердi механикалық өңдеу;
- ультрадыбыстық бақылау;
- магнитті ұнтақты бақылау;
- бытыраатқыш бекіту;
- мықтылығын өлшеу.

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8607 19 1 009

Жиналған не жиналмаған түрдегі осьтеp; дөңгелектер және олардың бөліктерi: өзгелері.

Дайындау, ол кезде, сондай-ақ мынадай технологиялық операциялар орындалған жағдайда, барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының
80 %-ынан аспауға тиiс:
бөлшектердi механикалық өңдеу;
ультрадыбыстық бақылау;
магнитті ұнтақты бақылау;
өнімге қойылатын нормативтік құжаттамаға сәйкес бекіту;
мықтылығын өлшеу.

      ";

      мына:

      "

8701 20 101,
8702-8705
жолдарда көрсетілген тауарлардан басқа
8705 20 000 1, 8705 30 000 1, 8705 90

Жүргізушіні қоса алғанда 10 немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған адам отыратын тартқыштар, мотор көлік құралдары, жүк тасымалдауға арналған жүкжолаушы фургон-автомобильдерін және жарыс автомобильдерін, мотор көлік құралдарын, жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдауға пайдаланатындардан (мысалы, жүк апатты автомобильдер, автокрандар, өрт көлік құралдары, автобетонараластырғыш, жол жинауға арналған автомобильдер, су шашатын автомобильдер, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобильдер) басқа арнайы мотор көлік құралдарын қоса алғанда бастапқы күйде адамдарды тасымалдауға арналған басқа да мотор көлік құралдары.

Мынадай критерийлердің бірін орындаған кезде жасалған моторлы көлiк құралдары:
а) Дайындау кезінде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс, сондай-ақ қорабты дәнекерлеу және бояу, құрастыру және моторлы көлiк құралын сынақтан өткiзу технологиялық операцияларды орындау жағдайында.
б) КО СЭҚ ТН 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 тауар позицияларының мотор көлік құралдарын "өнеркәсіптік жинау туралы" келісімнің болуы кезінде КО СЭҚ ТН кез келген тауар позицияларының материалдарынан дайындау.

8705 20 000 1

Автобұрғылау.

Дайындау, ол кезде барлық пайданылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауға тиiс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- дайындамаларды дайындау (таспа кесетiн машинада кесу, газ-плазмалық машина арқылы пiшу, соғу);
- бөлшектердi механикалық өңдеу;
- бөлшектердi термиялық өңдеу;
- корпустық бөлшектердi дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу
операциялары;
- жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
- конструкторлық құжаттамаларда берiлген қолда бар әдiстемелiк нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдердi бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткiзе отырып, қондырғыларды жалпы құрастыру.

8705 30 000 1

Жаңа моторлы өрт сөндiру көлiк құралдары.

Дайындау, ол кезде барлық пайданылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауға тиiс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шарты кезінде:
- дайындамаларды дайындау (таспа кесетiн машинада кесу, газ-плазмалық машинада пiшу, соғу);
- бөлшектердi механикалық өңдеу;
- бөлшектердi термиялық өңдеу;
- корпустық бөлшектердi дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу операциялары;
- жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
- конструкторлық құжаттамаларда берiлген қолда бар әдiстемелiк нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдердi бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткiзе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау.

8705 90

Арнайы мақсаттағы моторлы көлiк құралдары, жолаушыларды немесе жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланылатындардан басқа (мысалы, авариялық жүк автомобильдерi, автокрандар, өрт сөндiру көлiк құралдары, автобетон-араластырғыштар, жол тазалауға арналған автомобильдер, су себетiн және жуатын машиналар, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобильдер).

Дайындау, ол кезде барлық пайданылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауға тиiс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шарты кезінде:
- дайындамаларды дайындау (таспа кесетiн машинада кесу, газ-плазмалық машинада пiшу, соғу);
- бөлшектердi механикалық өңдеу;
- бөлшектердi термиялық өңдеу;
- корпустық бөлшектердi дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу операциялары;
- жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
- конструкторлық құжаттамаларда берiлген қолда бар әдiстемелiк нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдердi бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткiзе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау.

      "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8701 20 101, 8702-8705
жолдарда көрсетілген тауарлардан басқа 8704 10 102 9 ішінен, 8703 ішінен, 8705 20 000 1,
8705 30 000 1,
8705 90

Жүргізушіні қоса алғанда 10 немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған адам отыратын тартқыштар, мотор көлік құралдары, жүк тасымалдауға арналған жүкжолаушы фургон-автомобильдерін және жарыс автомобильдерін, мотор көлік құралдарын, жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдауға пайдаланатындардан (мысалы, жүк авариялық автомобильдер, автокрандар, өрт көлік құралдары, автобетонараластырғыш, жол жинауға арналған автомобильдер, су шашатын автомобильдер, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобильдер) басқа арнайы мотор көлік құралдарын қоса алғанда бастапқы күйде адамдарды тасымалдауға арналған басқа да мотор көлік құралдары.

Мынадай өлшемшарттардың бірі орындалған жағдайда жасап шығарылған моторлы көлiк құралдары:
дайындау, ол кезде, сондай-ақ көлік құралы шанағын дәнекерлеу және сырлау, оны құрастыру және сынау бойынша технологиялық операциялар орындалған жағдайда, пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс;
КО СЭҚ ТН 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын "өнеркәсіптік жинау туралы" келісім болған жағдайда КО СЭҚ ТН кез келген тауар позицияларындағы материалдардан дайындау.

8705 20 000 1

Автобұрғылау.

Дайындау, ол кезде, сондай-ақ мынадай технологиялық операциялар орындалған жағдайда, барлық пайданылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауға тиiс:
дайындамаларды дайындау;
бөлшектердi механикалық өңдеу;
бөлшектердi термиялық өңдеу;
корпустық бөлшектердi дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу операциялары;
жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
конструкторлық құжаттамаларда берiлген қолда бар әдiстемелiк нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдердi бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткiзе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау.

8705 30 000 1

Жаңа моторлы өрт сөндiру көлiк құралдары.

Дайындау, ол кезде, сондай-ақ мынадай технологиялық операциялар орындалған жағдайда, барлық пайданылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауға тиiс:
дайындамаларды дайындау;
бөлшектердi механикалық өңдеу;
бөлшектердi термиялық өңдеу;
корпустық бөлшектердi дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу операциялары;
жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
конструкторлық құжаттамаларда берiлген қолда бар әдiстемелiк нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдердi бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткiзе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау.

8705 90

Арнайы мақсаттағы моторлы көлiк құралдары, жолаушыларды немесе жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланылатындардан басқа (мысалы, авариялық жүк автомобильдерi, автокрандар, өрт сөндiру көлiк құралдары, автобетон-араластырғыштар, жол тазалауға арналған автомобильдер, су себетiн және жуатын машиналар, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобильдер).

Дайындау, ол кезде, сондай-ақ мынадай технологиялық операциялар орындалған жағдайда, барлық пайданылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауға тиiс:
дайындамаларды дайындау;
бөлшектердi механикалық өңдеу;
бөлшектердi термиялық өңдеу;
корпустық бөлшектердi дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу операциялары;
жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
конструкторлық құжаттамаларда берiлген қолда бар әдiстемелiк нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдердi бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткiзе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау.

      ";

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "

8703-тен

Арнайы медициналық мақсат үшін арналған автомобильдер.

Мына шарттардың бірін орындау:
Қазақстанда шығарылған көлік құралдары базасында дайындау және мына операцияларды орындау:
автомобиль салонын медициналық мақсатқа арналған мүлікпен жиынтықтау
(пациенттерді тасымалдауға және/немесе жедел медициналық көмек берудің емдік шараларын жүргізуге арналған көлік құралдары бөлігін медициналық жиһазбен және/немесе медициналық жабдықпен және/немесе медициналық мүлікпен және/немесе типтік санитариялық жабдықпен жиынтықтау);
арнайы айырым белгілерін, медициналық арналған дыбыстық және жарық сигнал беру жабдығын орнату;
КО СЭҚ ТН 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарын "өнеркәсіптік жинау туралы" келісім болған жағдайда, КО СЭҚ ТН кез келген тауарлық позициясындағы материалдарды дайындау.

8704 10 102 9-дан

Жолсыздық жағдайында пайдалану үшін арналған өзі аударатын автомобильдер: қысудан тұтануы бар іштен жанатын піспекті қозғалтқышты (дизельді немесе жартылай дизельді) және цилиндрінің жұмыстық көлемі
2500 см3 артық немесе ұшқынды тұтануы бар іштен жанатын және қозғалтқыш цилиндрінің 2800 см3 артық жұмыстық көлемі бар піспекті қозғалтқышты және басқалар.

Мына өлшемшарттардың бірі орындалған жағдайда, жасап шығарылған моторлы көлік құралдары:
дайындау, ол кезде, сондай-ақ көлік құралын жинау және сынау бойынша мынадай технологиялық операциялар орындалған жағдайда, барлық пайданылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50 %-ынан аспауға тиiс;
КО СЭҚ ТН 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 тауарлық позициясындағы моторлы көлік құралдарын "өнеркәсіптік жинау туралы" келісім болған жағдайда, КО СЭҚ ТН кез келген тауарлық позициясындағы материалдарды дайындау.

      ";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

9020
000000 ішінен

Механикалық бөлшектер мен ауыстыратын сүзгілерсіз қорғаныш маскаларынан басқа, өзге де тыныс алу жабдығы мен газ маскалары.

Өндіріс технологиясына сәйкес мамандандырылған өндіріс жағдайында кез келген позициядағы материалдардан жасау, алайда сондай-ақ мынадай технологиялық операциялар орындалған жағдайда, барлық пайдаланылатын материалдар құны түпкілікті өнім бағасының
70%-нан аспауға тиіс:
бұйымды құрастыру және сынау;
бұйымды жалпы монтаждау және таңбалау.

      ";

      мына:

      "

9306 90

Бомбалар, гранаталар, торпедалар, миналар, зымырандар және ұрыс қимылдарын жүргiзуге арналған ұқсас құралдар, олардың бөлшектері; патрондар, өзге де оқ-дәрiлер, снарядтар және олардың бөлшектерi, патрондарға арналған бытыраларды және тығындарды қоса алғанда, өзгелері

Дайындау, ол кезде пайдаланатын барлық материалдардың құны, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау:
- бөлшектердi механикалық өңдеу;
- жекелеген тораптарды құрастыру және күштік сынау;
- конструкторлық құжаттамаларда берілген техникалық параметрлердi бақылауы және тапсырыс берушiден алынған әдiстемелiк нұсқаулықтар бойынша күштік сынауларды жүргізе отырып бұйымдарды жалпы монтаждау шартымен түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауға тиiс.

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9306 90

Бомбалар, гранаталар, торпедалар, миналар, зымырандар және ұрыс қимылдарын жүргiзуге арналған ұқсас құралдар, олардың бөлшектері; патрондар, өзге де оқ-дәрiлер, снарядтар және олардың бөлшектерi, патрондарға арналған бытыраларды және тығындарды қоса алғанда, өзгелері

Дайындау, ол кезде, сондай-ақ мынадай технологиялық операциялар орындалған жағдайда, пайдаланылатын барлық материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауға тиiс:
бөлшектердi механикалық өңдеу;
жекелеген тораптарды құрастыру және күштік сынау;
конструкторлық құжаттамаларда берілген техникалық параметрлердi бақылау және тапсырыс берушiден алынған әдiстемелiк нұсқаулар бойынша күштік сынақтар жүргізе отырып бұйымдарды жалпы монтаждау.
Өлім-жітімге әкелмейтін граната: дайындау, ол кезде, сондай-ақ мына технологиялық операциялар орындалған жағдайда, барлық пайдаланылатын материалдың құны түпкі өнім бағасының 80 %-нан аспауға тиіс:
бұйым бөлшектерін құю;
бұйымның жекелеген бөлшектерін жинау;
бұйымды жалпы монтаждау;
бұйымды тиісті құраммен толтыру;
конструкторлық құжаттамаға салынған техникалық параметрлерді бақылау;
бұйымды таңбалау және буып-түю.
Жарылғыш пакет үшін:
Дайындау, ол кезде, сондай-ақ мынадай технологиялық операциялар орындалған жағдайда, барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының
80 %-ынан аспауға тиiс:
материалды кесу және пішу;
бұйымның жекелеген бөлшектерін жинау, жапсыру және тесу;
бұйымды тиісті құраммен толтыру;
от өткізетін сымды желімдеу;
конструкторлық құжаттамаға салынған техникалық параметрлерді бақылау;
бұйымды таңбалау және буып-түю.

      ";

      көрсетілген Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 10-қосымшада:

      "CT-KZ" нысанында тауардың шығу тегі туралы сертификатты толтыру тәртібінде:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсаты"деген 3-бағанға мынадай "Тауардың шығарылған елін және жергілікті қамту үлесін растау үшін" деген жазба енгізіледі";".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарұшы

      ___________ Р. Дәленов

      2018 жылғы "___" __________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 13 ақпандағы
№ 103 бұйрығына
1-қосымша
  Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы
туралы сертификат беру және
оның күшін жою жөніндегі
қағидаларға 3-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасынан экспортталатын, Қазақстан Республикасынан кері экспортталатын тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға арналған өтінім

      _________________________________________

      (уәкілетті органның атауы)

      Уәкілетті ұйымның басшысы ______________________________________________________

      (Т.А.Ә.(болған жағдайда))

      20 __ жылғы "__" ___________

      №_________________ өтінім

      ________________________________________________________________________________

      20__ жылғы "__" ___________ берген тауардың шығу тегі туралы № "___________________

      нысандағы ____________ тіліндегі тауардың шығу тегі туралы сертификатты және мынадай

      деректемелерді беруді сұраймыз:

      1. Тауарды жөнелтуші, оның мекенжайы, телефоны, факсы _____________________________

      ________________________________________________________________________________

      2. Тауарды алушы, оның мекенжайы, елі _____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      3. Тауардың атауы ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Жалпы/таза салмағы, кг _________________________________________________________

      5. Тауар орнының саны және орама түрі _____________________________________________

      6. Жөнелту станциясы (пункт) _____________________________________________________

      7. Межелі станция (пункт) ________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      8. Көлік түрі және саны ___________________________________________________________

      9. Сыртқы сауда келісімшарты (шарт), оның күні Инвойс (шот-фактура), №, күні

      ________________________________________________________________________________

      10. Тауардың теңгемен құны _______________________________________________________

      11. Есеп айырысу шоты, банк бөлімшесі ______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      12. Жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі/заңды тұлғалар үшін бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________________________

      13. Басшының Т.А.Ә. (болған жағдайда), телефоны____________________________________

      Осы өтінімде және ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің анықтығы үшін

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты боламыз.

      Мөр орны (болған жағдайда)                                     Басшының қолы

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 13 ақпандағы
№ 103 бұйрығына
2-қосымша
Тауардың шығарылған елін
айқындау, тауардың шығарылуы
туралы сертификат беру және
оның күшін жою жөніндегі
қағидаларға 8-қосымша
Нысан

      ________________________________

      (ұйымның атауы)

      Ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы № _______ сараптама актісі

      1. Тауарды өндіруші ______________________________________________________________

      2. Акт жасалған күн ______________________________________________________________

      3. Сараптама жүргізу үшін негіздеме ________________________________________________

      4. Тауардың атауы (тауардың коммерциялық атауы және тауарды бірмәнді сәйкестендіруге

      мүмкіндік беретін басқа да мәліметтер) ______________________________________________

      5. Саны _________________________________________________________________________

      (орны, жалпы және таза салмағы, дана, жиынтық, м., көлемі)

      6. Келісімшарт __________________________________________________________________

      7. Тауарды алушы _______________________________________________________________

      8. Орама түрі, таңбалау ________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      9. Ұсынылған құжаттама ________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      10. Сараптама бойынша __________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      Өндірісті қарау бойынша мәліметтер толтырылады (мәлімделген тауар өндірісінің орналасқан

      орны туралы, негізгі және өндірістік қорлардың құрамы және керек-жарағы туралы

      (ғимараттар, меншіктегі, жалға алынатын жабдығы), тауар өндірген кездегі жабдық, өндірістің

      технологиялық өндіру процесінің орындалуы туралы, өтініш берушінің еңбек қатынасында

      болатын жұмыскерлер құрамы туралы, өтініш берушінің ұсынған құжаттар және тауардың

      (пайдаланылатын шикізаттың, материалдардың және түпкі өнімнің СЭҚ ТН кодтары) шығу

      тегіне өткізілген сараптама негізінде мәлімделген тауардың шығу тегін анықтай отырып

      жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарын орындау туралы) анықталды;

      11. _________ парақтағы қосымша осы актінің ажырамас бөлігі болып табылады.

      12. Қорытынды: жоғарыда айтылғанғанның негізінде тауар осы актінің 5-тармағында

      көрсетілген мөлшерде ________________ ретінде айқындалуы мүмкін.

      Шығу тегінің өлшемшарттары _________________________________

      Жергілікті қамтудың үлесі ________________________________

      Дайын өнімнің СЭҚ ТН ______________________________________

      Дайын өнімнің СЭҚ ӨЖ ______________________________________

      Сарапшының қолы _________________

      Өкіл танысты ____________

      Мөр орны Т.А.Ә. .(болған жағдайда), қолы

      Сараптама жүргізудің басталған күні _______

      Сараптама жүргізудің аяқталған күні________

      Тауардың шығу тегі туралы сараптаманың актісі және сарапшының түпнұсқалық қойылған

      қолымен және мөр бедерімен расталмаған оның көшірмелері жарамсыз болып табылады.