Қазақстан Республикасы Табиғи мополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 наурызда № 16490 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи мополияларды реттеу агенттігі төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 49 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Табиғи мополияларды реттеу агенттігі төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ұлттық электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 24 шілдедегі № 219-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8681 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 ақпанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 32 (28256) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі және "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидаларды әзірлеудің негізгі мақсаты ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді және басқа да қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілерінің (бұдан әрі – субъектілер) экономикалық негізделген тарифтерді белгілеу үшін реттелiп көрсетілетін қызметтердiң түрлерi бойынша және өзге де қызмет бойынша тұтас алғанда кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуын жүргiзу қағидаттарын, ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін айқындау болып табылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бөлек есепке алуды жүргізу табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті орган) мәліметтер ұсына отырып, көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістер, шығындар мен тартылған активтер туралы деректерді жинау және қорыту жүйесін білдіреді.";

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Субъектілер бөлек есепке алуды жүргізу мақсатында "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 17) тармақшасына сәйкес осы Қағидалар айқындаған тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетілетін қызметтер түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуын жүргізу әдiстемесiн әзірлейді.".

      2. "Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 24 шілдедегі № 221-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8690 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетінде № 14 (28238) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бөлек есепке алуды жүргізу табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті орган) мәліметтер ұсына отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша кірістер, шығындар мен тартылған активтер туралы деректерді жинау мен қорыту жүйесін білдіреді.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Субъектілер бөлек есепке алуды жүргізу мақсатында "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 17) тармақшасына сәйкес осы Қағидалар айқындаған тәртiппен реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдістемесін әзірлейді.".

      3. "Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 232-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8693 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 ақпанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 32 (28256) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі, "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің (бұдан әрі – Субъектілер) кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу тәртібі мен негізгі қағидаттарын айқындайды.

      2. Бөлек есепке алуды жүргізу табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті орган) мәліметтер ұсына отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және өзге қызмет бойынша тұтас алғанда кірістер, шығындар мен тартылған активтер туралы деректерді жинау және қорыту жүйесін білдіреді.";

      5-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бірлескен шығындар – бірнеше қызметтер (қызметтер тобын) ұсыну үшін пайдаланылатын, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгілі себеп-салдарлық байланысы жоқ, сондықтан уәкілетті органмен келісілген бөлу базаларының негізінде бөлінетін шығындар;";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Субъектілер бөлек есепке алуды жүргізу мақсатында "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 17) тармақшасына сәйкес осы Қағидалар айқындаған тәртiппен реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдістемесін әзірлейді.".