"Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 12 ақпандағы № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 наурызда № 16456 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 18 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 13.01.2023 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 12782 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Тестілеу бойынша төменгі шекті мәні сұрақтардың жалпы санының кемінде 70% кем емес дұрыс жауаптан тұрады.

      Бұл ретте "Прокуратура туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі – әдеп кодексі) бойынша дұрыс жауаптардың саны әрбір нормативтік құқықтық акті бойынша 70% кем болмауы тиіс.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Тестілеу аяқталғаннан кейін кандидаттарға олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тестілеуді өткізу күні, жұмсалған уақыт, дұрыс жауаптардың саны көрсетілген тестілеудің нәтижесі беріледі.

      Тестілеудің нәтижелері ол өткізілген уақыттан бастап бір жыл ішінде жарамды болып саналады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Тестілеуден өткен кезде төменгі шекті мәннен төмен баға алған кандидаттар тестілеу өткен күннен бастап бір айдан кем емес уақыт өткеннен кейін қайтадан тестілеуге жіберіледі.";

      аталған Қағидалардың 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Қ. Қожамжаров

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 18 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
прокуратура органдарына
қызметке қабылданатын
үміткерлерді іріктеу және
оларды алдын ала зерделеу
қағидаларына
2 қосымша

Компьютерлік тестілеу бағдарламалары

Лауазымдар санаты

Программа

Тапсырмалар саны

C-GP-2
C-GP-3
C-GP-4
C-GP-5
C-GP-6
C-GP-7
C-ОGP-2
C-ОGP-3
C-ОGP-4
C-ОGP-5
C-ОGP-6
C-ОGP-7
C-ОGP-8
C-RGP-1
C-RGP-2
C-RGP-3
C-RGP-4
C-RGP-5

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (12 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін (12 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (12 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексін (12 сұрақ),
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексін (12 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқарушылық кодексін (10 сұрақ),
"Прокуратура туралы" (15 сұрақ),
"Құқық қорғау қызметі туралы" (10 сұрақ),
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (10 сұрақ),
"Әкімшілік рәсімдер туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттің қызметшілерінің этикалық кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексі) (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтарды қамтиды

120 сұрақ

C-AGP-3
C-AGP-4
C-AGP-5
C-AGP-6
C-AGP-7
C-AGP-8

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (7 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін (7 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (7 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексін (7 сұрақ),
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексін (7 сұрақ),
"Прокуратура туралы" (15 сұрақ),
"Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ),
"Білім туралы" (15 сұрақ),
"Ғылым туралы" (15 сұрақ),
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (10 сұрақ),
"Әкімшілік рәсімдер туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттің қызметшілерінің этикалық кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексі) (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтарды қамтиды

120 сұрақ

C-KGP-2
C-KGP-3
C-КGP-4
C-КGP-5
C-ОКGP-1
C-ОКGP-2
C-ОКGP-3
C-ОКGP-4
C-ОКGP-5
C-ОКGP-6
C-ОКGP-7

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексін (5 сұрақ),
"Прокуратура туралы" (15 сұрақ),
"Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ),
"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" (15 сұрақ),
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (10 сұрақ),
"Әкімшілік рәсімдер туралы" (5 сұрақ),
"Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы" (10 сұрақ)
Қазақстан Республикасының заңдарын,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттің қызметшілерінің этикалық кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексі) (10 сұрақ)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы Ережені (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтарды қамтиды

120 сұрақ

      Ескертпе:

      Заң мамандағы бойынша тиісті білімнің болуын талап етпейтін лауазымдарға орналасуға ниетті кандидаттар тестілеуден өтпейді.