Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 10 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 ақпанда № 16436 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 195 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8765 тіркелген, 2013 жылғы 31 қазанда "Заң газеті" газетінде № 163 (2364) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету" қаржылық есептілік стандартында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Сыйақы түріндегі кірісті немесе шығысты есептеу күнделікті негізде жүзеге асырылады.

      Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын және әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері бойынша дисконттың немесе сыйлықақының амортизациясы күн сайынғы негізде жүзеге асырылады.

      "Амортизацияланған құны бойынша бағаланатындар" санатында есепке алынатын қаржы активтерінің құнсыздану сомасы Бағалау қағидаларына сәйкес анықталады.";

      13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. "Әділ құны бойынша бағаланатындар" санатына жіктелген қаржы активтерін есепке алу әділ құн бойынша жүзеге асырылады. Әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтерін қайта бағалау Бағалау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Қордың қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ұсынылады.

      Қордың жылдық қаржылық есептілігі ағымдағы жылдың деректерін және кемінде өткен жылдың салыстырмалы деректерін қамтиды.

      Қордың зейнетақы активтері бойынша қаржылық есептілігі қордың меншікті активтері бойынша қаржылық есептіліктен бөлек жасалады.

      Зейнетақы активтері бойынша жасалатын жылдық қаржылық есептілік зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік баланстан, зейнетақы активтері бойынша пайда мен залал туралы есептен және түсіндірме жазбадан тұрады.

      Түсіндірме жазба зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік баланстың деректерін толықтыратын ақпаратты және зейнетақы активтері бойынша пайда мен залал туралы есепті қамтиды.

      Түсіндірме жазбаға қордың қаржылық есептілігінде ашып көрсетілген бухгалтерлік баптардың сипаты немесе егжей-тегжейлі талдамалары, сондай-ақ қордың қаржылық есептілігінде тануға жатпайтын бухгалтерлік баптар туралы ақпарат кіреді.

      Түсіндірме жазбада хеджирлеу құралы және оған байланысты хеджирленетін бап, хеджирленетін тәуекелдің сипаты, сондай-ақ хеджирлеу құралының тиімділігін бағалау туралы ақпарат көрсетіледі.

      Жылдық қаржылық есептілікте қаржы құралдары бойынша ақпарат жариялаған кезде қаржы құралдарының әділ құнын айқындау Бағалау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.".

      2. "Зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9274 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) өтімді емес борыштық бағалы қағаздар – құны (кірістілігі) қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен бағалы қағаздарды бағалау әдістемесінде (бұдан әрі – Биржа әдістемесі) белгіленген борыштық бағалы қағаздардың құнын анықтау критерийлеріне қарай есептелмейтін борыштық бағалы қағаздар;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың жай және артықшылықты акцияларын бағалау Биржа әдістемесіне сәйкес айқындалатын құны бойынша аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қағидалардың 4, 5 және 7-тармақтарында көрсетілгендерді қоспағанда, тек қана Қазақстан Республикасының аумағында айналыста болатын (саудаланатын), "әділ құны бойынша бағаланатындар" санатына жатқызылған өзге қаржы құралдарын бағалау Биржа әдістемесіне сәйкес анықталатын құны бойынша аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың өтімді емес борыштық бағалы қағаздарының әділ құнын айқындау тәртібі мен әдістемесі қор биржасының директорлар кеңесі бекітетін қор биржасының iшкi құжатында белгіленеді.

      Қазақстан Республикасының резиденттері - ұйымдардың өтімді емес борыштық бағалы қағаздарының әділ құны борыштық бағалы қағаздардың кірістілігінің орташа мөлшерленген мөлшерлемесінің мәндеріне қарай белгіленеді.

      Кірістіліктің орташа мөлшерленген мөлшерлемесі қор биржасының атқарушы органының шешімімен бір күнтізбелік тоқсанға белгіленеді және борыштық бағалы қағаздардың осы тоқсанның алдындағы он екі айдың қорытындылары бойынша есептелген кірістілігінің жылдық орташа мөлшерленген мөлшерлемесінің мәндеріне қарай айқындалады. Бұл ретте кірістіліктің орташа мөлшерленген мөлшерлемесі "Борыштық бағалы қағаздар" секторының әрбір жеке санаты (шағын санаты) үшін мынадай бағалы қағаздар топтарының әрқайсысы үшін қор биржасы ресми тізімінің оқшауланған алаңдары шеңберінде есептеледі:

      теңгемен номинирленген индекстелмеген борыштық бағалы қағаздар;

      теңгемен номинирленген және инфляция бойынша индекстелген не теңге бағамының шетел валютасына тәуелді болмайтын өзгермелі мөлшерлемесі бар борыштық бағалы қағаздар;

      теңгемен номинирленген және АҚШ долларына теңге бағамы бойынша индекстелген борыштық бағалы қағаздар және АҚШ долларымен номинирленген борыштық бағалы қағаздар.

      Есептеуге қажет параметрлердің болмау себебінен қандай да бір топтың өтімді емес борыштық бағалы қағаздары кірістілігінің кезекті тоқсанға орташа мөлшерленген мөлшерлемесін айқындау мүмкін болмаған жағдайда, қор биржасының атқарушы органы олардың әділ құнын айқындау үшін қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен борыштық бағалы қағаздар кірістілігінің орташа мөлшерленген мөлшерлемесін есептеу әдістемесінде көзделген шараларды қабылдайды.

      Қор биржасы атқарушы органының кезекті тоқсанға кірістіліктің орташа мөлшерленген мөлшерлемесін белгілеу туралы шешімі қор биржасының интернет-ресурсында осы тоқсанның бірінші айының оныншы жұмыс күні Астана қаласының уақытымен сағат 18.00-ден кешіктірілмей жарияланады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың өтімді жай және артықшылықты акцияларын бағалау Биржа әдістемесіне сәйкес айқындалатын құны бойынша аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың өтімді депозитарлық қолхаттарын бағалау Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күнінің жабылу бағасы бойынша аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.";

      31-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-3. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-ұйымдардың жай және артықшылықты акцияларын, депозитарлық қолхаттарын бағалау Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күнінің жабылу бағасы бойынша аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.

      Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде нарықтық бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда, көрсетілген бағалы қағаздарды бағалау үшін мынадай оқиғалардың бірі басталғанға дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі олардың ағымдағы құны пайдаланылады:

      Қағидалардың 43-1-тармағына сәйкес осы бағалы қағаздардың әділ құнын айқындау;

      осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оларды қайта бағалау үшін қажет ақпараттың Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде пайда болуы.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Қазақстан Республикасының аумағында ғана айналыста болатын (саудаланатын) немесе Қазақстан Республикасының аумағында және халықаралық (шетелдік) нарықтарда айналыста болатын, "әділ құны бойынша бағаланатындар" санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын бағалау Биржа әдістемесіне сәйкес анықталатын құны бойынша аптаның бірінші жұмыс күні соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.

      Биржа әдістемесіне сәйкес есептелген нарықтық баға туралы ақпарат болмаған жағдайда, аталған бағалы қағаздарды бағалау үшін төмендегі оқиғалардың бірі орын алғанға дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі ағымдағы құны пайдаланылады:

      Қағидалардың 43-1-тармағына сәйкес аталған бағалы қағаздардың әділ құнын айқындау;

      осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оларды қайта бағалау үшін қажетті, Биржа әдістемесіне сәйкес есептелген нарықтық баға туралы ақпараттың пайда болуы.";

      32-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-1. Халықаралық (шетелдік) нарықтарда ғана айналыста болатын (саудаланатын), "әділ құны бойынша бағаланатындар" санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын бағалау аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда-саттық күнінің жабылу бағасы бойынша апта сайын өткізіледі.

      Нарықтық баға туралы ақпарат Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде болмаған жағдайда, аталған бағалы қағаздарды бағалау үшін төмендегі оқиғалардың бірі орын алғанға дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі ағымдағы құны пайдаланылады:

      Қағидалардың 43-1-тармағына сәйкес аталған бағалы қағаздардың әділ құнын айқындау;

      осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оларды қайта бағалау үшін қажетті ақпараттың Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде пайда болуы.";

      34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Қазақстан Республикасының аумағында және халықаралық (шетелдік) нарықтарда айналыста болатын (саудаланатын), "әділ құны бойынша бағаланатындар" санатына жатқызылған борыштық бағалы қағаздарды бағалау аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда-саттық күнінің жабылу бағасы бойынша апта сайын жүзеге асырылады.

      Нарықтық баға туралы ақпарат Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде болмаған жағдайда, аталған борыштық бағалы қағаздарды бағалау үшін төмендегі оқиғалардың бірі орын алғанға дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі ағымдағы құны пайдаланылады:

      Қағидалардың 43-1-тармағына сәйкес аталған бағалы қағаздардың әділ құнын айқындау;

      осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оларды қайта бағалау үшін қажетті ақпараттың Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде пайда болуы.

      35. Халықаралық (шетелдік) нарықтарда ғана айналыста болатын (саудаланатын) және "әділ құны бойынша бағаланатындар" санатына жатқызылған борыштық бағалы қағаздарды бағалау аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда-саттық күнінің жабылу бағасы бойынша апта сайын жүзеге асырылады.

      Нарықтық баға туралы ақпарат Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде болмаған жағдайда, аталған борыштық бағалы қағаздарды бағалау үшін төмендегі оқиғалардың бірі орын алғанға дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі ағымдағы құны пайдаланылады:

      Қағидалардың 43-1-тармағына сәйкес аталған бағалы қағаздардың әділ құнын айқындау;

      осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оларды қайта бағалау үшін қажетті ақпараттың Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде пайда болуы.";

      мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:

      "35-1. Шетелдік ұйымның (ұйымдардың) сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің әділ құны бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ғаламдық шетелдік кастодианы ұсынатын активтердің нарықтық құны туралы қорытынды есептердің негізінде кемінде айына бір рет түзетіледі.";

      43-1 және 43-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "43-1. Мынадай қаржы құралдарын:

      1) Қағидалардың 31-тармағына сәйкес өтімді деп танылмайтын Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың акцияларын (депозитарлық қолхаттарын);

      2) Қазақстан Республикасының аумағында ғана айналыста болатын (саудаланатын) және "әділ құны бойынша бағаланатындар" санатына жатқызылған борыштық бағалы қағаздарын;

      3) олар бойынша бағалаушы бағалаған күні Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде нарықтық бағалар туралы ақпарат болмайтын Қағидалардың 34 және 35-тармақтарында көрсетілген борыштық бағалы қағаздарды;

      4) құрылымдық ноттарды;

      5) Қағидалардың 30, 31-3, 32, 32-1 34, 35, 39, 40, 41, 42 және 43-тармақтарында көрсетілмеген өзге қаржы құралдарын бағалау бағалаушы жүргізген бағалаудың қорытындысы бойынша белгіленген осы қаржы құралдарының соңғы әділ құны бойынша жүзеге асырылады.

      Жоғарыда аталған қаржы құралдарының әділ құны "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы жүргізген бағалаудың нәтижелері бойынша кем дегенде жылына екі рет түзетіледі.

      Жоғарыда көрсетілген қаржы құралдары бойынша бағалаушы жүргізген бағалаудың қорытындысы бойынша белгіленгенге дейін әділ құны болмаған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі осы қаржы құралдарының ағымдағы соңғы құны есепке алынады.

      Қажет болған жағдайда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушысының бастамасымен бағалаушы осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес бағалауын жүзеге асыратын қаржы құралдарының тізбесіне "амортизацияланған құны бойынша бағаланатындар" санатына жатқызылған борыштық бағалы қағаздар енгізіледі.

      43-2. Артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді қоса алғанда, бағалы қағаздар бойынша осындай бағалы қағаздар бойынша дефолт басталған күннен бастап эмитент дефолт жіберілген бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерді орындау күніне дейін күнтізбелік бір жүз сексен күн өткен соң есептелмейді.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Қаржы құралдарының құнсыздануынан ықтимал шығындарға қарсы резервтерді (провизияларды) қалыптастыру немесе қаржы құралдарының құнын азайту БЖЗҚ-ның Құнсыздану әдістемесіне сәйкес айқындалатын ең төменгі мөлшерде жүргізіледі.

      БЖЗҚ-ның Құнсыздану әдістемесімен реттелмеген резервтерді (провизияларды) қалыптастыру немесе қаржы құралдарының құнын азайту мәселелері бойынша шешімдерді қаржы құралдарын бағалау комитеті қабылдайды.".

      3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Шайқақова Г.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________Б. Сұлтанов

      2018 жылғы "___"__________