"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 442-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның нысаны;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткендігі туралы талон нысанын және оны табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 224 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 219 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8495 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2013 жылғы 20 маусымда № 90 (2465) жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов_____________ |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы К. Мәсімов____________ |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 85 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 6 ақпандағы № 5 нс бірлескен бұйрығына 1-қосымша нысан |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту уақыты | 20___ жыл "___" ________ | М.О. * | |||||||||||
Өткізу пунктінің атауы | _________________ | ||||||||||||
Автокөлік құралының (бұдан әрі – АКҚ) түрі (тиісті торкөзде көрсетіңіз) | Жүк | Автобус | Жеңіл | ||||||||||
АКҚ мемлекеттік тиесілігі (тиісті торкөзде) көрсетіңіз) | Қазақстан | Ресей | Беларусь | ||||||||||
Өзбекстан | Қырғызстан | ||||||||||||
Басқа мемлекет_______________________ | |||||||||||||
АКҚ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің нөмірі | ________________________________________ | ||||||||||||
АКҚ тіркемесінің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің нөмірі | __________________________________ | ||||||||||||
Талонды толтырушы тұлғаның немесе импортталатын тауарға жауапты тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі ** (ЖСН) | ЖСН | ||||||||||||
Тауарларды импорттайтын заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) | БСН | ||||||||||||
Талонды толтырушы тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
_______________________/ ________________ |
ескертпе:
* автомобиль өткізу пунктінің атауын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күнін көрсете отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі мөртабанының орны.
** заңды тұлғаның атынан талонды толтырған, тұлға толтырады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 85 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 6 ақпандағы № 5 нс бірлескен бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну қағидалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 442-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды (бұдан әрі – талон) ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Салық төлеушінің импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн салық салынатын импортты жасау күні, атап айтқанда, тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні талон негізінде айқындалады.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну тәртібі
3. Талонды беруді тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
4. Автомобиль өткізу пункттерінде талонды тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға бір данада толтырады.
5. Тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға талонды толтырғаннан кейін Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан автокөлік құралының өткендігі туралы талонға автомобиль пунктінің атауы мен кесіп өту мерзімі көрсетілген мөртабан қояды.
6. Тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға егер тауар бірнеше салық төлеушілерге тиесілі болған жағдайда, талонды (немесе талон көшірмесін) салық төлеушілердің әрқайсысына береді.
7. Талонмен автомобиль өткізу пункттеріндегі Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерін қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.