Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның нысаны және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 85 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 6 ақпандағы № 5 нс бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 22 ақпанда № 16413 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 13.05.2021 № 450 және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.05.2021 № 55/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 442-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның нысаны;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 13.05.2021 № 450 және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.05.2021 № 55/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткендігі туралы талон нысанын және оны табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 224 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 219 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8495 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2013 жылғы 20 маусымда № 90 (2465) жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов_____________
      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
К. Мәсімов____________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№ 85 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2018 жылғы 6 ақпандағы
№ 5 нс бірлескен бұйрығына
1-қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 13.05.2021 № 450 және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.05.2021 № 55/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту уақыты

20___ жыл "___" ________

М.О. *

Өткізу пунктінің атауы

_________________

АКҚ түрі (тиісті торкөзде көрсетіңіз)


Жүк


Автобус


Жеңіл


АКҚ мемлекеттік тиесілігі (тиісті
торкөзде көрсетіңіз)


Қазақстан


Ресей


Беларусь


Өзбекстан


Қырғызстан


Басқа мемлекет_______________________

АКҚ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің нөмірі

________________________________________

АКҚ тіркемесінің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің нөмірі

________________________________________

Талонды толтырушы тұлғаның немесе импортталатын тауарға жауапты тұлғаның (ЖСН) **

ЖСН













Тауарларды импорттайтын заңды тұлғалардың (БСН)

БСН













Талонды толтырушы тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)

__________________________________/ ________________ Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған (қолы) жағдайда)

      Аббревиатуры ашып жазу:

      АКҚ – автокөлік құралы;

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      М.О. – мөртабан орны.

      ескертпе:

      * автомобиль өткізу пунктінің атауын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күнінің көрсетілуімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесі мөртабанының орны.

      ** заңды тұлғаның атынан талонды толтырған, тұлға толтырады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№ 85 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2018 жылғы 6 ақпандағы
№ 5 нс бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну қағидалары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 13.05.2021 № 450 және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.05.2021 № 55/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды (бұдан әрі – талон) ұсыну қағидалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 442-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні талон негізінде айқындалады.

      Салық төлеушінің импортталған тауарларды есепке қабылдаған күні, атап айтқанда, тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн салық салынатын импорттың жасалған күні болып табылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну тәртібі

      3. Талонды беруді тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері жүргізеді.

      4. Автомобиль өткізу пункттерінде талонды тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға бір данада толтырады.

      5. Тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға талонды толтырғаннан кейін Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан автокөлік құралының өткендігі туралы талонға автомобиль пунктінің атауы мен кесіп өту мерзімі көрсетілген мөртабан қояды.

      6. Егер тауар бірнеше салық төлеушілерге тиесілі болған жағдайда, тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға талонның түпнұсқасын салық төлеушіге тауар алғаш жеткізілген кезде береді, қалған салық төлеушілерге талонның көшірмелерін береді.

      7. Талонмен автомобиль өткізу пункттеріндегі Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.