РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабының 13) және 14) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 6-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтердің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы туралы, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынуға міндетті жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларын қоспағанда, оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі, бұл ретте осы бұйрықтың 1-тармағының 3) тармақшасы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Төрағасы
Д. Ақышев___________
2018 жылғы 1 ақпан
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығына 1-қосымша |
|
нысан |
Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы 20__ жылғы "__"_____ бастап 20__ жылғы "__"_____ аралығындағы кезең үшін мәліметтер
р/с № | Салық төлеуші | Банктің, банк шоттары ашылған оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері | Банк шотының түрі | Банк шотындағы валюта | Банк шотындағы нөмірі | Кезеңнің басындағы банк шотындағы ақша қалдығы | |||
ЖСН*/БСН** | атауы | БСН** | БСК*** | атауы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
кестенің жалғасы
Салық төлеушінің банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы | Кезеңнің соңындағы банк шотындағы ақша қалдығы | |||||||||||||||
Банк шотына ақшаның түсуі | Банк шотынан ақшаның аударылуы | |||||||||||||||
К ү н і | Төлем сомасы | Ақшаны жөнелтушi | Ақша жөнелтушi банктің деректемелері | Тө ле мн ің ма қса ты | К ү н і | Төлем сомасы | Бенефициар | Бенефициар банктің деректемелері | Тө ле м н і ң м ақсаты | |||||||
ЖСН*/ БСН** | а т а у ы | Б С Н * * | Б С К * * * | а т а у ы | ЖСН*/БСН** | а т а у ы | Б С Н * * | Б С К * * * | а т а у ы | |||||||
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
________________________________________________________________________________
(нысанды жасауға жауапты тұлғаның тегі,аты,әкесінін аты (егер ол
жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы)
________________________________________________________________________________
(басшының тегі,аты,әкесінін аты (егер ол жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе), қолы)
Ескерту:
аббревиатураның таратып жазылуы:
*ЖСН - жеке сәйкестендіру номері;
**БСН - бизнес-сәйкестендіру номері;
***БСК - банктік сәйкестендіру коды.
Осы нысаның қосымшасына сәйкес келтірілген "Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме.
Көрсетілгіен мәліметтердін ұсыну мерзімі - салық органының сұрау сауалын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде.
"Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер" нысанына қосымша |
"Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәлімет" нысанын толтыру бойынша түсіндірме 1. Жалпы ережелер
1. Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі - Нысан) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Нысанды жүргізудің негізгі міндеті банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтерді алу болып табылады.
2. Нысанды банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтерге салық органының сұрау сауалын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар толтырады және ұсынады.
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
4. Нысанның 2-бағанында салық төлеушінің жеке сәйкестендіру номері (бұдан әрі - ЖСН)/ бизнес-сәйкестендіру номері (бұдан әрі – БСН) көрсетіледі.
5. Нысанның 3-бағанында салық төлеушінің атау көрсетіледі.
6. Нысанның 4-бағанында банктің, банк шоттары ашылған оның құрылымдық бөлімшелерінің БСН көрсетіледі.
7. Нысанның 5-бағанында банктің, банк шоттары ашылған оның құрылымдық бөлімшелерінің банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК) көрсетіледі.
8. Нысанның 6-бағанында банктің, банк шоттары ашылған оның құрылымдық бөлімшелерінің атауы көрсетіледі.
9. Нысанның 7-бағанында банк шотының түрі көрсетіледі.
10. Нысанның 8-бағанында банк шотындағы валюта түрі көрсетіледі.
11. Нысанның 9-бағанында салық төлеушінің банк шотындағы нөмірі көрсетіледі.
12. Нысанның 10-бағанында кезеңнің басындағы банк шотындағы ақша қалдығы көрсетіледі.
13. Нысанның 11-бағанында банк шотына ақшаның түскен күні көрсетіледі.
14. Нысанның 12-бағанында банк шотына түскен төлемінің сомасы көрсетіледі.
15. Нысанның 13-бағанында ақша жөнелтушiнің ЖСН/БСН-і көрсетіледі.
16. Нысанның 14-бағанында ақша жөнелтушiнің атауы көрсетіледі.
17. Нысанның 15-бағанында ақша жөнелтушi банктің БСН-і көрсетіледі.
18. Нысанның 16-бағанында ақша жөнелтушi банктің БСК көрсетіледі.
19. Нысанның 17-бағанында ақша жөнелтушi банктің атауы көрсетіледі.
20. Нысанның 18-бағанында банк шотына түскен ақша төлемінің мақсаты көрсетіледі.
21. Нысанның 19-бағанында ақша жөнелтушi-салық төлеушінің банк шотынан ақшаның аударылған күні көрсетіледі.
22. Нысанның 20-бағанында ақша жөнелтушi-салық төлеушінің банк шотынан аударылған ақша төлемінің сомасы көрсетіледі.
23. Нысанның 21-бағанында бенефициардың ЖСН/БСН көрсетіледі.
24. Нысанның 22-бағанында бенефициардың атауы көрсетіледі.
25. Нысанның 23-бағанында бенефициар банктің БСН көрсетіледі.
26. Нысанның 24-бағанында бенефициар банктің БСК көрсетіледі.
27. Нысанның 25-бағанында бенефициар банктің атауы көрсетіледі.
28. Нысанның 26-бағанында ақша жөнелтушiнің банк шотынан аударған төлемнің мақсаты көрсетіледі.
29. Нысанның 27-бағанында кезеңнің соңындағы банк шотындағы ақша қалдығы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығына 2-қосымша |
|
нысан |
20__ жылғы "__" _________ бастап 20__ жылғы "__" _________ аралығындағы кезең үшін сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер
р/с № | Жеке тұлға | Кредит берілген банктің, оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері | Кредит берілген күні | |||
ЖСН* | Тегі, аты, әкесінін аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) | БСН** | БСК*** | атауы | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы
Кредит беру туралы шарттын нөмірі және күні | Банк шотынын нөмірі | Банк шотынын валютасы | Берілген кредит сомасы | Кезең басындағы кредит сомасының қалдығы | Негізгі қарыздың төлеген сомасы | Төленген сыйақы сомасы | Кезең соңындағы кредит сомасының қалдығы |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
________________________________________________________________________________
(нысанды жасауға жауапты тұлғаның тегі,аты,әкесінін аты (егер ол жеке басын
куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы)
________________________________________________________________________________
(Басшының тегі,аты,әкесінін аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе), қолы)
Ескерту:
аббревиатураның таратып жазылуы:
*ЖСН - жеке сәйкестендіру номері;
**БСН – бизнес-сәйкестендіру номері;
***БСК - банктік сәйкестендіру коды.
Осы нысаның қосымшасына сәйкес келтірілген "Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме.
Көрсетілгіен мәліметтердін ұсыну мерзімі - салық органының сұрау сауалын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде.
"Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер" нысанына қосымша |
"Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. Жалпы ережелер
1. Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі - Нысан) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Нысанды жүргізудің негізгі міндеті Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтерді алу болып табылады.
2. Нысанды сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтерге салық органының сұрау сауалын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар толтырады және ұсынады.
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
2. Нысанның 2-бағанында жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру номері көрсетіледі.
3. Нысанның 3-бағанында жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.
4. Нысанның 4-бағанында кредит берген банктің, оның құрылымдық бөлімшелерінің бизнес сәйкестендіру номері көрсетіледі.
5. Нысанның 5-бағанында кредит берілген банктің, оның құрылымдық бөлімшелерінің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі.
6. Нысанның 6-бағанында кредит берілген банктің, оның құрылымдық бөлімшелерінің атауы көрсетіледі.
7. Нысанның 7-бағанында кредит берілген күні көрсетіледі.
8. Нысанның 8-бағанында кредит беру туралы шарттың нөмірі және күні көрсетіледі. Мәліметтер шарттар бөлігінде бөлек ұсынылады.
9. Нысанның 9-бағанында жеке тұлғаның банк шотының нөмірі көрсетіледі.
10. Нысанның 10-бағанында жеке тұлғаның банк шотының валютасы көрсетіледі.
11. Нысанның 11-бағанында жеке тұлғаға берілген кредит сомасы көрсетіледі.
12. Нысанның 12-бағанында кезең басындағы кредит сомасының қалдығы көрсетіледі.
13. Нысанның 13-бағанында негізгі қарыздың төлеген сомасы көрсетіледі.
14. Нысанның 14-бағанында төленген сыйақы сомасы көрсетіледі.
15. Нысанның 15-бағанында кезең соңындағы кредит сомасының қалдығы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығына 3-қосымша |
|
нысан |
20__ жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынуға міндетті жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтер
№ | Жеке тұлға | Банктің, банк шоттары ашылған оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері | Банк шотының түрі | Банк шотындағы валюта | Банк шотындағы нөмірі | Банк шотындағы ақша қалдығы | Кредит берілген банктің, оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері | |||||
ЖСН* | Тегі, аты, әкесінін аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) | БСН** | БСК*** | атауы | БСН** | БСК*** | атауы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
кестенің жалғасы
Кредит берілген күні | Кредит беру туралы шарттың нөмірі және күні |
Банк шотындағы | Кредитвалютасы | Берілген кредит сомасы | Төленген негізгі қарыздың сомасы | Төлеген сыйақы сомасы | Кредит сомасының төленбеген қалдығы |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
________________________________________________________________________________
(нысанды жасауға жауапты тұлғаның тегі,аты,әкесінін аты (егер ол жеке
басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы)
________________________________________________________________________________
(Басшының тегі,тты,әкесінін аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы)
Ескерту:
аббревиатураның таратып жазылуы:
*ЖСН - жеке сәйкестендіру номері;
**БСН - бизнес-сәйкестендіру номері;
***БСК - банктік сәйкестендіру коды.
Осы нысаның қосымшасына сәйкес келтірілген "Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынуға міндетті жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме.
Көрсетілгіен мәліметтерді ұсыну мерзімі - салық органының сұраау сауалын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде.
"Банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынуға міндетті жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме 1. Жалпы ережелер
1. Банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынуға міндетті жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтер нысан (бұдан әрі - Нысан) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 6-1-тармағына сәйкес әзірленді.
Нысанды жүргізудің негізгі міндеті банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынуға міндетті жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтерді алу болып табылады.
2. Нысанды банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынуға міндетті жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтерге салық органының сұрау сауалын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар толтырады және ұсынады.
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
4. Нысанның 2-бағанында жеке тұлғаның жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру номері көрсетіледі.
5. Нысанның 3-бағанында жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінін аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.
6. Нысанның 4-бағанында банктің, банк шоттары ашылған оның құрылымдық бөлімшелерінің бизнес-сәйкестендіру номері (бұдан әрі – БСН) көрсетіледі.
7. Нысанның 5-бағанында банктің, банк шоттары ашылған оның құрылымдық бөлімшелерінің банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК) көрсетіледі.
8. Нысанның 6-бағанында банктің, банк шоттары ашылған оның құрылымдық бөлімшелерінің атауы көрсетіледі.
9. Нысанның 7-бағанында банк шотының түрі көрсетіледі.
10. Нысанның 8-бағанында жеке тұлғаның банк шотындағы валютасы көрсетіледі.
11. Нысанның 9-бағанында жеке тұлғаның банк шотындағы нөмірі көрсетіледі.
12. Нысанның 10-бағанында банк шотындағы ақша қалдығының мемлекеттік кірістер органдарының сұрау сауалында көрсетілген күнгі қалдығы көрсетіледі.
13. Нысанның 11-бағанында кредит берілген банктің, оның құрылымдық бөлімшелерінің БСН көрсетіледі.
14. Нысанның 12-бағанында кредит берілген банктің, оның құрылымдық бөлімшелерінің БСК көрсетіледі.
15. Нысанның 13-бағанында кредит берілген банктің, оның құрылымдық бөлімшелерінің атауы көрсетіледі.
16. Нысанның 14-бағанында кредит берілген күні көрсетіледі.
17. Нысанның 15-бағанында кредит беру туралы шарттың нөмірі және күні көрсетіледі. Мәліметтер шарттар бөлігінде бөлек ұсынылады.
18. Нысанның 16-бағанында банк шотындағы нөмірі көрсетіледі.
19. Нысанның 17-бағанында берілген кредит валютасы көрсетіледі.
20. Нысанның 18-бағанында берілген кредит сомасы көрсетіледі.
21. Нысанның 19-бағанында берілген кредит бойынша төленген негізгі қарыздың сомасы көрсетіледі.
22. Нысанның 20-бағанында берілген кредит бойынша төлеген сыйақы сомасы көрсетіледі.
23. Нысанның 21-бағанында төленбеген кредит сомасының мемлекеттік кірістер органдарының сұрау сауалында көрсетілген күнгі қалдығы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығына 4-қосымша |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 625 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5502 болып тіркелген, 2009 жылғы 3 сәуірде "Заң газеті" газетінде № 49 (1646) жарияланған).
2. "Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 625 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 242 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10997 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. "Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 625 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 8 шілдегі № 360 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 14125 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 213 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 15096 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрықтары тізбесінің 1-тармағы.