ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 08.10.2021 № 1040 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Кіріспе жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 08.10.2021 № 1040 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 190-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 08.10.2021 № 1040 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысаны бекітілсін.
2. "Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 86 бұйрығының ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10458 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Тенгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электрондық және қағаз түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Нысан жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 08.10.2021 № 1040 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 97 бұйрығымен бекітілген |
|
нысан |
Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясаты
________________________________________________________________________________
(Салық төлеушінің Т.А.Ә. (егер ол жеке басының куәлігінде көрсетілсе))
1. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
________________________________________________________________________________
2. Жүзеге асыратын қызметтің түрі
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
3. Қосылған құн салығын (ҚҚС) есепке жатқызу әдісі*
________________________________________________________________________________
(бөлек, барабар)
4. Салық кодексінің 203-бабының 2-тармағына сәйкес қорлардың өзіндік құнын айқындау әдісі**:
________________________________________________________________________________
5. Нысандары дербес әзірленген салық тіркелімдерінің тізбесі***
1) ________________________________________________________________________
2) ________________________________________________________________________
3) ________________________________________________________________________
6. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің салық есепке
алуды жүргізуі (тиісті төркөзде X көрсетіңіз):
1) осы нысанға 1-қосымшаға сәйкес патент негізінде арнаулы салық режимін
қолданатын және қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын дара кәсіпкерлерге
арналған салықтық есепке алу кітабы бойынша
2) осы нысанға 2-қосымшаға сәйкес Патент негізінде арнаулы салық режимін
қолданатын және қосылған күн салығын төлеушілер болып табылатын дара кәсіпкерлерге
арналған салықтық есепке алу кітабы бойынша
3) осы нысанға 3-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы жөніндегі
міндеттемені есепке алу ведомосін жүргізу
7. Салықтық есепке алу саясатын сақтауға жауапты адам:
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басының куәлігінде көрсетілсе))
________________________________________________________________________________
(лауазымының атауы)
8. Салықтық есепке алу саясатын қабылдау күні 20__ жылғы "__"
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмауға құқығы бар дара кәсіпкерлер толтырмайды;
** Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмауға құқығы бар дара кәсіпкерлер ғана толтырады;
*** Салық кодексінің 215-бабының 1-тармағына сәйкес нысандарын уәкілетті орган белгілеген салық тіркелімдеріне салық төлеушілер дербес әзірлеген қосымша салық тіркелімдері болған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмауға құқығы бар, Салық кодексінің 203-бабы 2-тармағына сәйкес тауарлар өндіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ орташа өлшемді құн әдісін таңдаған дара кәсіпкерлер толтырады.
Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанына 1-қосымша |
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын дара кәсіпкерлерге арналған салықтық есепке алу кітабы
(басты беті)
Дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басының куәлігінде көрсетілсе) Жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметтің түрі ____________________________________________________________________ Қызметтің басталу және аяқталу күні____________________________________ |
Кірістерді есепке алу ведомісі
(теңге)
Күні | Операциялардың атауы | Сомасы |
1 | 2 | 3 |
Бір күнде жиыны | X | |
Бір айда жиыны | X | |
Бір тоқсанда жиыны | X | |
Бір жылда жиыны | X |
Ескертпе: Кітап табыстың түсу ретіне қарай, жұмыс күнінің соңында қорытындыны шығара отырып хронологиялық тәртіппен толтырылады. Айдың, тоқсанның, жылдың соңында ай, тоқсан, жыл үшін қорытынды деректер шығарылады.
Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанына 2-қосымша |
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын дара кәсіпкерлерге арналған салықтық есепке алу кітабы
(басты беті)
Дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басының куәлігінде көрсетілсе) Жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметтің түрі ___________________________________________________________________ Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік: сериясы ________ нөмірі ________ берілген күні ________ есепке қойылған күні ________ Қызметтің басталу және аяқталу күні______________________________________________ |
Кірістерді есепке алу ведомісі
(теңге) |
Күні | Сату жөніндегі айналымдар | Өнім берушілер берген шот-фактуралар бойынша айналым | |||||
Операциялардың атауы | Жалпы сомасы | Оның ішінде | Операциялардың атауы | Қосылған құн салығынсыз құны | Қосылған құн салығының сомасы | ||
Қосылған құн салығы салынатын айналым | Қосылған құн салығының сомасы | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Бір күнде жиыны | |||||||
Бір айда жиыны | |||||||
Бір тоқсанда жиыны | |||||||
Бір жылда жиыны |
Ескертпе: Кітап күн сайын, жұмыс күнінің соңында қорытындыны шығара отырып хронологиялық тәртіппен толтырылады. Айдың, тоқсанның, жылдың соңында ай, тоқсан, жыл үшін қорытынды деректер шығарылады.
Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанына 3-қосымша |
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы жөніндегі міндеттемені есепке алу ведомісі
(теңге)
Күні | Операциялардың атауы (шығарындылар, төгінділер, қалдықтарды орналастыру) | Ластағыш заттың, отынның, қалдықтардың түрі | Өлшем бірлігі | Саны | Төлемақы ставкасы | Төлемақы сомасы (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
ХХХ | ХХХ | |||||
Бір күнде жиыны | ХХХ | ХХХ | ||||
Бір айда жиыны | ||||||
Бір тоқсанда жиыны | ||||||
Бір жылда жиыны | ХХХ | ХХХ |
Ескертпе: Ведомость операциялардың (шығарындылардың, төгінділердің, қалдықтар орналастыруына) жүргізілуіне қарай, тоқсанның соңында қорытындыны шығара отырып хронологиялық тәртіппен толтырылады. Жылдың соңында бір жыл үшін қорытынды деректер шығарылады.