"Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2018 жылғы 1 ақпандағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 8 қазандағы № 1040 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қазанда № 24785 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16374 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы";

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 190-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысаны бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 8 қазандағы
№ 1040 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 97 бұйрығымен
бекітілген
  Нысан

Шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясаты

      ________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/салық төлеушінің атауы)

      1. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

      _________________________________________________________________________

      2. Жүзеге асыратын қызметтің түрі

      ______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      3. Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісі*

      _______________________________________________________________________

                        (бөлек, барабар)

      4. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"

      Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 203-бабының 2-тармағына сәйкес

      қорлардың өзіндік құнын айқындау әдісі**:

      ______________________________________________________________________

      5. Нысандары дербес әзірленген салық тіркелімдерінің тізбесі***

      1) _____________________________________________________________________

      2) _____________________________________________________________________

      3) _____________________________________________________________________

      6. Шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе

      арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара

      кәсіпкерлер салықтық есепке алуды Салық кодексінің 215-бабына сәйкес салықтық

      тіркелімдерде жүргізеді. Шағын бизнес субъектілері үшін патент немесе оңайлатылған

      декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған құн салығын

      төлеушілері болып табылатын дара кәсіпкерлер салықтық есепке алуды осы нысанға

      қосымшаға сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін патент немесе оңайлатылған

      декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған құн салығын

      төлеушілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге арналған салықтық есепке алу Кітабы

      бойынша жүргізеді.

      7. Салықтық есепке алу саясатын сақтауға жауапты адам:

      ______________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      ______________________________________________________________________

      (лауазымының атауы)

      8. Салықтық есепке алу саясатын қабылдау күні 20__ жылғы "__"

      Ескертпе:

      * Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер толтырмайды;

      ** Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер ғана толтырады;

      *** Салық кодексінің 215-бабы 1-тармағына сәйкес нысандарын уәкілетті орган белгілеген салық тіркелімдеріне салық төлеушілер дербес әзірлеген қосымша салық тіркелімдері болған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын, Салық кодексінің 203-бабы 2-тармағына сәйкес тауарлар өндіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ орташа өлшемді құн әдісін таңдаған дара кәсіпкерлер толтырады.

  Шағын бизнес субъектілері үшін
патент, оңайлатылған
декларация негізінде немесе
арнаулы мобильді қосымша
пайдаланылатын арнаулы
салық режимін қолданатын дара
кәсіпкерлер үшін
салықтық есепке алу
саясатының нысанына
қосымша

Шағын бизнес субъектілері үшін патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған құн салығын төлеушілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге арналған салықтық есепке алу кітабы

      (басты беті)

Дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _________________________________________________________________________ Жеке
сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)


Жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметтің түрі
_____________________________________________________________________ Қосылған
құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік:
сериясы ________ нөмірі ________ берілген күні ________ есепке қойылған күні ________
Қызметтің басталу және аяқталу күні______________________________________________

      Кірістерді есепке алу ведомсі

  (теңге)

Күні

Өткізу жөніндегі айналымдар

Өнім берушілер берген шот-фактуралар бойынша айналым

Операциялардың атауы

Жалпы сомасы

Оның ішінде

Операциялардың атауы

Қосылған құн салығынсыз құны

Қосылған құн салығының сомасы

Қосылған құн салығы салынатын айналым

Қосылған құн салығының сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8


Бір күнде жиыны








Бір айда жиыны








Бір тоқсанда жиыны








Бір жарты жылдын жиыны








Бір жылда жиыны







      Ескертпе: Кітап күн сайын, жұмыс күнінің соңында қорытындыны шығара отырып

      хронологиялық тәртіппен толтырылады. Айдың, тоқсанның, жарты жылдың, жылдың

      соңында ай, тоқсан, жарты жыл, жыл үшін қорытынды деректер шығарылады.