Мемлекеттік кірістер органдарының ұтқыр топтарының жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 46 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 ақпанда № 16373 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 73-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдары ұтқыр топтарының жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидалары бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Мемлекеттік кірістер органдары мобильдік топтарының жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 9 тамыздағы № 434 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14222 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Мемлекеттік кірістер органдары мобильдік топтарының жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 9 тамыздағы № 434 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 8 ақпандағы № 86 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14880 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбек он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _________________ Д. Абаев

      2018 жылғы

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 қаңтардағы
№ 46 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік кірістер органдарының ұтқыр топтарының жеке
тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының мобильдік топтарының жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 73-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және жеке тұлғалардың декларацияларын (бұдан әрі – декларация) қабылдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының ұтқыр топтарының (бұдан әрі – Ұтқыр топ) қызмет тәртібін айқындайды.

      2. Ұтқыр топ декларацияларды жасау бойынша консультация беретін және салық төлеушілердің жекелеген санаттарынан мұндай декларацияларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінен тұратын көшпелі топ болып табылады.

      Салық төлеушілердің жекелеген санаттарына:

      1) шалғайдағы елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар;

      2) организм функциялары тұрақты бұзылған, өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдарлануды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан жеке тұлғалар жатады.

      3. Ұтқыр топ өз қызметінде 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң), уәкілеті органмен бекітілген "Салық есептілігін қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын (бұдан әрі – Стандарт) және регламентін (бұдан әрі – Регламент), сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.

      4. Ұтқыр топтың негізгі міндеті салық төлеушілердің жекелеген санаттарына "Салық есептілігін қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қол жетімділігін қамтамасыз ету және декларацияны тапсыруда консультациялық көмек көрсету болып табылады.

      5. Ұтқыр топ декларацияларды қабылдаудан басқа, декларацияларды толтыру және тапсыру мәселелері бойынша, "электрондық үкімет" веб-портал сервистерін және брошюралар мен буклеттерді бере отырып электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану мәселелері бойынша жеке тұлғаларға қол жетімді нысанда консультация беруді жүзеге асырады, жеке тұлғаларға өз бетімен "Салық төлеушінің кабинеті" мемлекеттік кірістер органдарының интернет-ресурсы арқылы декларацияны тапсыруға мүмкіндік береді.

      6. Ұтқыр топ өзінің қызметін "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) құрамында жүзеге асырады.

2-тарау. Жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау
бойынша ұтқыр тобы қызметінің тәртібі

      7. Декларацияларды қабылдауды Стандарт пен Регламенттін талаптарын сақтай отырып, нақты күні және уақытында Мемлекеттік корпорацияның, Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық стендтерінде, жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған бірлескен кестемен бекітілген, ұтқыр топ жүзеге асырады.

      8. Ұтқыр тобының шығу кезінде мемлекеттік кірістер органдарының кемінде бір қызметкерінің қатысуын қамтамасыз етеді.

      9. Декларацияларды қабылдағанға дейін ұтқыр топ жеке тұлғаларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, көмек көрсетеді және декларацияның дұрыс толтырылғандығын тексереді.

      10. Декларацияларды қабылдау бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандартта көрсетілген құжаттарды жеке тұлғаның ұсынуы негіз болып табылады.

      11. Декларацияларды қабылдауды жеке тұлғаның қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде Стандартпен белгіленген мерзімде ұтқыр топ жүзеге асырады.

      Ұтқыр топ жеке тұлғаның қатысуымен декларацияларды қабылдау кезінде:

      1) декларацияда көрсетілген деректерді жеке басын куәландыратын құжатпен салыстырады және де Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына жеке тұлғаның мүддесін білдіру кезінде өкілінін уәкілеттілігінің болуын сәйкес тексереді;

      2) Салық кодексінің 209-бабының нормаларына сәйкес декларацияны толтырудың дұрыстығын және толықтығың тексереді;

      3) декларацияға қол қойған тұлғаның жеке басын сәйкестендіреді;

      4) декларацияны қабылдау туралы белгісі бар талон береді, декларацияның екінші данасына қабылдау туралы белгі қояды;

      5) Стандартта көрсетілген негіз бойынша декларацияны қабылдаудан бас тартады.

      12. Ақпараттық жүйелерден алынуына жататын құжаттарды жеке тұлғалардан талап етуге жол берілмейді.

      13. Ұтқыр топқа декларацияларды қабылдау процесінде белгілі болған жеке тұлғалардың дербес деректері 2013 жылғы 21 мамырдағы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайды.

      14. Декларацияларды қабылдауға жауапты ұтқыр топ қағаз жеткізгіште келу тәртібінде табыс еткен декларацияларды қабылдаған күні мемлекеттік кірістер органына жеткізеді және осы Қағидалардын қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке тұлғалардың декларацияларды берілген тізіліміне сәйкес, өңдеуге жауапты қызметкерге береді.

      15. Ұтқыр топ бекітілген шығу кестесіне сәйкес (хабарламамен пошта байланысы арқылы анықтаманы жеткізуге рұқсат етіледі) ұтқыр топтың тиісті елді мекенге келесі келуіне қарай, декларацияны қағаз жеткізгіште келу тәртiбiмен ұсынған жеке тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді (декларацияны қабылдау туралы жеке тұлғаға анықтама).

      16. Декларацияларды өңдеуге жауапты мемлекеттік кірістер органының қызметкері декларациядағы ақпаратты "Салық есептілігін өңдеу сервистері" ақпараттық жүйесіне енгізеді және Регламентте белгіленген мерзім ішінде мұрағатқа декларацияны сақтау үшін береді.

  Мемлекеттік кірістер
органдарының ұтқыр
топтарының жеке
тұлғалардың декларацияларын
қабылдау қағидаларына
қосымша
Нысан

Жеке тұлғалардың декларацияларды берілген тізілімі

      Мемлекеттік кірістер органдары:

      Мемлекеттік кірістер органдарының ұтқыр тобы:

      Күні (саны, ай, жыл) және уақыты:

Жеке тұлғаның
ЖСН-і

Декларацияны қабылдаған қызметкердің аты-жөні

Жеке тұлға/ өкілі

Қызмет

Қабылдау күні

Декларацияны қабылдау туралы анықтаманы беруге жоспарланған күні

Берілетін құжаттардың тізімі (декларация
ларды)

Жағдайы (қызмет көрсетілді/бас тарту)




























      Барлығы (жазбалар саны):

      Тапсырды (декларацияны тапсырған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты

      _________________________________________________ __________ ______________

      (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)): (қолы) (Тапсырған күні)

      Қабылдады (декларацияны қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты

      _________________________________________________ __________ ______________

      (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)): (қолы) (Қабылдаған күні)