ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген – ҚР Әділет министрінің 29.05.2020 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеудің және аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 605 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12588 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау тәртібі";
қағидалардың 4 тармағын мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Комиссияға осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тапсырылады.
Өтінішке келесі құжаттар тіркеледі:
1) жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге электронды толтырылған осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тапсырылады;
2) наркологиялық және психиатриялық ұйымдардан үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар.";
қағидалардың 5 тармағын мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Құжаттар тиiсiнше ресiмделмеген не құжаттар топтамасы толық берiлмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесiне келiп түскен өтініш ұсынылған құжаттармен қоса түскен күнiнен бастап екі жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, қайтару себебi туралы жазбаша хабарламамен бiрге үмiткерге қаралмай қайтарылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Аттестаттау өткiзудiң тәртiбi";
ережелердің 1,2,3 қосымшалары осы бұйрықтың 1,2,3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түріндегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және оған енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшін аттестаттауға жіберу туралы өтініш
Маған жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия алу үшін аттестаттаудан өтуге рұқсат етуді сұраймын.
Өтініш берушіге заңмен көзделген лицензияланған қызметтердің түрлерімен айналысуға сотпен тыйым салынбағанын, қосымшаға тіркелген барлық құжаттар шындыққа жанасатынын және жарамды екенін растаймын.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, қызмет алушы мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын құжаттарды пайдалануға келісім беремін, ұсынылған жеке мәліметтердің жарамдылығы және шынайылығы үшін жеке жауапкершілік аламын.
_________________________________(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны
Қызмет алушы туралы мәліметтер | |
Білімі (қашан және қандай оқу мекемелерін бітірді, дипломдардың нөмірлері). | |
Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту туралы мәліметтер (аттестаттаудан өткен тұлғалармен толтырылады) күні, айы, жылы, аумақ және тағылымдама нәтижесі |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
________________ Әділет департаменті жанындағы
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттау
бойынша комиссия отырысының хаттамасы
Төрағалық еткен: |
(лауазымы, тегі, инициалдары) |
КҮН ТӘРТІБІ:
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшін аттестаттауға қатысатын үміткерлерді іріктеу.
"Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 141-бабы 1-тармағына сәйкес Комиссия тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізді, аттестаттау қорытындысы бойынша Комиссия шешім қабылдады:
1. Мына үміткерлер: _______________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)
жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтті деп есептелсін.
2. Мына үміткерлер: ________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)
жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтпеді деп есептелсін.
3.Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттауға мына үміткерлер
келген жоқ: _____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)
4.Екі жұмыс күні ішінде аталған хаттаманың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
Комиссия төрағасы _________________________________________________________
(лауазымы, тегі, инициалдары)
Комиссия мүшелері: ________________________________________________________
(лауазымы, тегі, инициалдары)
М.О.(бар болса)
Хатшы ___________________________
(лауазымы, тегі, инициалдары)
20___жыл "_____"__________________
(хаттаманың шыққан күні)