Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 ақпанда № 16361 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналар:

      1) "Акциздік бекетінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 652 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12700 болып тіркелген, 2015 жылы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Акциздік бекетінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 652 бұйрығына өзгерту енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 248 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15305 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2017 жылғы 18 шілдеде Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаевқа) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 қаңтардағы
№76 бұйрығына қосымша

Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы 172-бабы 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және акциз бекеттерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Акциз бекеттері этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан және сыра сусынынан басқа), бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын және темекі бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағына орнатылады.

2-тарау. Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тәртібі

      3. Акциздік бекеттің қызметін басқару және үйлестіру акцизделетін тауардарды өндіруді жүзеге асыру орындары бойынша облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер органдарының басшылары жүзеге асырады.

      4. Акциздік бекеттің орналасу орындары мен қызметкерлердің құрамын ұйымдастыру мемлекеттік кірістер органы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      5. Мемлекеттік кірістер органдарының басшылары аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қызметкерлерінен (бұдан әрі – лауазымды тұлға) тұратын акциз бекетінің кезекшілік кестесін жасайды.

      6. Акциз бекетінде болу лауазымды тұлғалармен өндірушінің жұмыс кестесі және кезекшілік кестесіне сәйкес жүзеге асырады.

      Лауазымды қызметкердің акциз бекетінде болу уақыты осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті уақытына қарай айқындалады.

      Акциз бекетінде болу нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндірушінің акциз бекетінде болу актісі немесе мұнай өнімдерін өндірушінің акциз бекетінде болу актісі жасалады.

      7. Акциздік бекеттегі лауазымды адам:

      1) Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың өндірісі мен айналымын реттейтін заңнамасының талаптарын салық төлеушінің сақтауын;

      2) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы бөлінуін және (немесе) босатылуын немесе есепке алу аспаптары арқылы өткізілуін (құйылуын), сондай-ақ осындай есепке алу аспаптарының пломбаланған түрде пайдаланылуын, атап айтқанда:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 498 бұйрығымен бекітілген "Шарап материалы, сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12219 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 126 бұйрығымен бекітілген Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13607 болып тіркелген) сәйкес есепке алудың бақылау аспаптарының жұмысын;

      этил спирті, алкоголь өнімі және бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, ауыстырылу және өткізу көлемдері туралы деректерді есепке алудың бақылау аспаптары (бұдан әрі – ЕБА) арқылы Комитетке беруді;

      бір жолғы индикаторлық бақылау пломбаларының (бұдан әрі – пломба):

      есепке алудың бақылау аспаптарына:

      пломба қойылған жерлерде (әр айдың 1 және 15 күндері):

      ректификациялық бағаналардан ЕБА-на дейін (этил спиртін өндірушілер үшін);

      дайын өнімнің ыдыста шығуынан ЕБА-на дейін (алкоголь өнімін өндірушілер үшін) бүлінбеуін;

      жөндеу жұмыстары, құрал-жабдықтарды ауыстыру жүзеге асырылған, лицензияның қолдану мерзімі тоқтатылған жағдайда:

      этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өндіру бойынша желілерінің;

      акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін сақтауға арналған үй-жай қоймаларының (лицензияның қолдану мерзімі тоқтатылған жағдайда);

      спирт сақталатын қоймадан алкоголь өнімін өндіруге этил спиртін беру крандарының (бұрандаларының);

      алкоголь өнімдерін өндірушінің араластыру цехындағы кіргізу және (немесе) шығару құбыр желілерінің;

      бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын араластыруды жүзеге асыратын ұйымдардағы кіргізу және (немесе) шығару құбыр желілері крандарының (бұрандаларының);

      бензинді, дизель отынын босату (өткізу) крандарының пломбалануын;

      пломбаның үзілгені немесе бүлінгені анықталған жағдайда (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындауын қоспағанда) үзілген немесе бүлінген жердің тіркелуін (суреті, бейне түсірілімі);

      ЕБА-ның жұмысына санкциясыз араласқан және (немесе) техникалық көру жабдығымен сәйкестендіруге жатпайтын есепке алу-бақылау таңбаларын анықтаған жағдайда тіркелуін;

      3) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау тәртібін сақтауын, атап айтқанда, арнайы аспаптар арқылы алкоголь өнімдерінің есепке алудың бақылау таңбаларының (шығарылған өнімінің әрбір түрінен 100 бөтелкеден кем емес) түпнұсқалылығына ішінара тексеру жүргізеді;

      4) дайын өнімнің, есепке алу-бақылау маркаларының немесе акциздік маркалардың қозғалысын бақылауды жүзеге асырады.

      8. Акциздік бекеттегі лауазымды адам:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және өткізу үшін пайдаланатын салық төлеушінің әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларын зерттеп-қарауға, атап айтқанда акцизделетін тауарлардың сақтау және өткізу үшін пайдаланатын өндірістік үй-жайлардағы, қоймалардағы дайын өнімдердің қалдығын алады, олар туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің қалдықтарын шығару актісін толтырады.

      2) акцизделетін тауарларды өткізу кезінде қатысуға;

      3) салық төлеушінің аумағынан (аумағына) шығып бара жатқан (кіріп келе жатқан) жүк көлік құралдарын қарап-тексеруге құқылы.

      9. Жөндеу жұмыстары, құрал-жабдықтарды ауыстыру жүзеге асырылған, лицензияның қолдану мерзімі тоқтатылған, ЕБА-ның жұмысына санкциясыз араласқан және (немесе) техникалық көру жабдығымен сәйкестендіруге жатпайтын есепке алу-бақылау таңбаларын анықтаған жағдайда тиісті акт толтырылады, акт толтырылған сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей акцизделетін тауарларды өндіру жүзеге асыралытын орны бойынша жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органының және Комитеттің назарына жеткізеді.

      Лауазымды тұлға қажеттілігіне қарай, осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген іс-шараларды жүргізу үшін, акциз бекетінің кестесіне қосумен, Акциздік әкімшілендіру, ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерін, экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін тарту туралы ұсыным хат береді.

      10. Бір жолғы индикаторлық бақылау пломбаларын қою және алуды лауазымды тұлға жүзеге асырады, ол туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пломбаларды қою және/немесе алу актісі жасалады.

      11. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде аталған пломбаларды өндірушінің өкілі шешеді.

      12. Лауазымды тұлға акциз бекетінде егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсен кейінгі жұмыс күні осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акциз бекеті бойынша (шарап материалдарынан басқа) этил спирті және (немесе) алкоголь өнімдерін өндіру мен өткізу көлемдері бойынша есепті, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынын өткізу (жөнелту) көлемдері туралы есепті, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемдері туралы есепті ақпараттық жүйе арқылы Комитетке беруді қамтамасыз етеді.

      13. Лауазымды тұлға акциз бекетінде болғаннан кейін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акцизделетін тауарлардың өндірісі мен өткізуін есепке алу журналын толтырады.

      Есепке алу журналы нөмірленеді, тігіледі және тиісті мемлекеттік кірістер органының басшысының қолы қойылып, мөрі басылады.

      14. Акциз бекеттерінің қызметін бақылау ЕБА-ның, акциз бекетінде болу актісі, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі мәліметтерді көрсету арқылы деректерін талдау арқылы жүзеге асырылады.

  Акциздік бекеттің
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына 1-қосымша
  нысан
  Кесте 1

Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндірушінің акциз бекетіне болу актісі

Күні

Бастап-қы болу уақыты

ЕБА-ның зауыт-тық нөмірі

ЕБА-ның жұмыс істеуі

Этил спиртінің өндірісі бойынша ЕБА көрсеткіші (дал)

Алкоголь өнімінің өндірісі бойынша ЕБА көрсеткіші

Пломба қойылған орын

Қойылған плом балар саны

Бір жолғы бақы лау пломба сының нөмірі

Пломба ның бар болуы

Дайын өнімдегі есепке алудың бақылау таңбасының бар болуы

Болу уақы тының аяқ талуы

Лауа зымды тұлғаның Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

Лауа зым ды тұлға ның қолы

Иә

Жоқ

Сулы

Сусыз

Желінің №

Алкоголь өнімінің түрі

Көлемі
V (литр)

Бөтелкеде

Иә

Жоқ

Бар

Жоқ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

  Кесте 2

Мұнай өнімдерін өндірушінің акциз бекетінде болу актісі

Күні

Бастап-қы болу уақыты

ЕБА-ның зауыт тық нөмірі

ЕБА -ның жұмыс істеуі

Бензинді (авиациялықтан басқа) және дизель отынының өндірісі мен айналымы бойынша ЕБА мәліметі

Пломба қойылған орын

Қойыл ған пломба лар саны

Бір жолғы бақылау пломбасы ның нөмірі

Пломба ның бар болуы

Болу уақы тының аяқта луы

Лауазымды тұлға Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

Лауазым ды тұлғаның қолы

Иә

Жоқ

ЕБА (шығын өлшегіштер, деңгей өлшегіштер)

Мұнай өнімінің түрі

Тон на

Иә

Жоқ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

  Акциздік бекеттің
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына 2-қосымша
  нысан

Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің қалдығын алу актісі

      Мен (бізбен) _____________________________________________________________________

      (Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің (қызметкерлерінің) Тегі, аты,

      әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) лауазымы)

      _____________________________________________________________________ қатысуымен

      (салық төлеушінің атауы (БСН), салық төлеуші өкілінің Тегі, аты, әкесінің аты

      (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (ЖСН)

      қалдығын алу жүргізілді.

Акцизделетін тауарлардың түрі

Кезеңі (күні, уақыты)

Саны (дал, мың дана, тонна)

Ескерту (алкоголь өнімі үшін- дал, темекі өнімдері үшін – мың дана, бензин және дизель отыны үшін – тонна)

Бастал
ды

Аяқтал
ды

1

2

3

4

5

6

1

Этил спирті





2

Алкоголь өнімі (сыра және сыра сусынынан басқа), оның ішінде алкоголь өнімдерінің түрлері бойынша





3

Бензин (авиациалықтан басқа (оның ішінде түрлері бойынша)





4

Дизель отыны





5

Темекі өнімдері, оның ішінде темекі өнімдерінің түрлері бойынша





      Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      ________________________________________________ _________________

      (қолы)

      Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      ________________________________________________ _________________

      (қолы)

      Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      ________________________________________________ _________________

      (қолы)

      Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      ________________________________________________ _________________

      (қолы)

  Акциздік бекеттің
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына 3-қосымша
  нысан

Пломбаларды қою және/немесе алу актісі

      _______________________                        ________________________

      (жасалған күні, уақыты)                        (жасалған орны)

      Мен (бізбен) _____________________________________________________________________

      (Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің (қызметкерлерінің) Тегі, аты, әкесінің

      аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) лауазымы)

      _____________________________________________________________________ қатысуымен

      (салық төлеушінің атауы (бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН),

      салық төлеуші өкілінің Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты

      куәландыратын құжатта көрсетілсе) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН))

      ________________________________________________________________________________

      (пломба қойылған орын)

      ________________________________________________________________________________

      (бір жолғы бақылау пломбасының нөмірі және қойылған пломбаның саны)

      пломба қойылды немесе алынды.

      Пломбаның сақталуына салық төлеуші жауапты болады.

      Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің Тегі, аты, әкесінің аты

      (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      ________________________________________________________ ______________

      (қолы)

      Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің Тегі, аты, әкесінің аты

      (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      ________________________________________________________ ______________

      (қолы)

      Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің Тегі, аты, әкесінің аты

      (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      ________________________________________________________ ______________

      (қолы)

      Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің Тегі, аты, әкесінің аты

      (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      ________________________________________________________ ______________

      (қолы)

  Акциздік бекеттің
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына 4-қосымша
  нысан

Акциздік бекеттің бойынша этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (шарап өнімінен басқа) өндірісі мен өткізу көлемі бойынша есебі

      20 __жылғы _______ жағдай бойынша

Өндіруші кәсіпорынның БСН-і

Өндіруші кәсіпорынның атауы

Күн нің басындағы өнім қал дығы

Есепті кезеңде өндірілген этил спирті мен алкоголь өнімі

Спиртті есепке алудың бақылау аспабының көрсеткіші

Алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының көрсеткіші

Түрі

Өнімнің атауы

Бөтелкеде (дана) (бөтелкеге құйыл ған алкоголь өнімі үшін)

Бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйыл ған алкоголь өнімі үшін)

Даллда

Спирт көле мін өлшей тін аппа рат тың нөмірі
 

Су лы

Су сыз

Құю желісінің нөмі рі

Күннің басына

Күннің соңына

V
(литр)

Бөтелке

ЕБТ-ң техника лық көру құралымен тіркелгел
гені

V-(литр)

Бөтелке

ЕБТ-ң техника лық көру құралымен
тіркелгел
гені

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19


Басқа жақтан келген немесе бұрын өткізілген өнімді кері қайтару

Есептік кезеңде заңды немесе жеке тұлғаларға жөнелтілген этил спирті мен алкоголь өнімі
 

 
Күннің соңындағы өнімнің қалдығы

Кіріс түрі (басқа жақтан келген немесе кері қайтарылған)

Түрлері бойынша

Бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін)

Даллда

Жеткізушінің ЖСН/БСН-і

Жеткізуші заңды немесе жеке тұлғаның атауы

Түрі

Бөтелке данада (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін)

Бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін)

Даллда

Алушының ЖСН/
БСН-і

Алушы заңды немесе жеке тұлғаның атауы

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

      Орындаушы: ___________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын

      құжатта көрсетілсе) байланыс телефон

      Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысандағы қосымшада келтірілді

  Акциздік бекеттің бойынша этил
спирті және (немесе) алкоголь
өнімінің (шарап өнімінен басқа)
өндірісі мен өткізу көлемі
бойынша есебінің нысанына
қосымша

Нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Акциз бекеті бойынша этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (шарап өнімінен басқа) өндірісі мен өткізу көлемі бойынша есебі" 1. Жалпы ережелер

      1. "Акциз бекеті бойынша этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (шарап өнімінен басқа) өндірісі мен өткізу көлемі бойынша есебі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) осы бұйрықпен бекітілген Акциз бекетінің қызметін ұйымдастыру қағидаларының 11-тармағына сәйкес әзірленді.

      Нысанды жүргізудің негізгі мақсаты этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (шарап өнімінен басқа) өндірісі мен өткізу көлемі бойынша деректерді алу.

      2. Нысанды акциз бекетінде болғаннан кейінгі келесі жұмыс күні аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері толтырады, Нысанды ақпараттық жүйе арқылы Комитетке беруді қамтамасыз етеді.

      3. Нысан этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (шарап өнімінен басқа) өндіруші кәсіпорындар ұсынған деректердің негізінде толтырылады және ұсынылады.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. Нысандағы 1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.

      5. Нысандағы 2-бағанда өндіруші кәсіпорынның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      6. Нысандағы 3-бағанда өндіруші кәсіпорынның толық атауы көрсетіледі.

      7. Нысандағы 4-бағанда күннің басындағы өнім қалдығы көрсетіледі.

      8. Нысандағы 5-бағанда Есепті кезеңде өндірілген өнімнің түрі көрсетіледі.

      9. Нысандағы 6-бағанда есепті кезеңде өндірілген өнімнің атауы көрсетіледі.

      10. Нысандағы 7-бағанда есепті кезеңде өндірілгені бөтелкенің саны (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) көрсетіледі.

      11. Нысандағы 8-бағанда есепті кезеңде өндірілгені бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) көрсетіледі.

      12. Нысандағы 9-бағанда есепті кезеңде өндірілген өнімнің көлемі даллда көрсетіледі.

      13. Нысандағы 10-бағанда бақылау спирт көлемін өлшейтін аппараттың нөмірі көрсетіледі.

      14. Нысандағы 11-бағанда спиртті есеп алудың бақылау аспабының көрсеткіші - "сулы" көрсетіледі.

      15. Нысандағы 12-бағанда спиртті есепке алудың бақылау аспабының көрсеткіші - "сусыз" көрсетіледі.

      16. Нысандағы 13-бағанда құю желісінің нөмірі көрсетіледі.

      17. Нысандағы 14-бағанда алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің басындағы көрсеткіші V (литр) көрсетіледі.

      18. Нысандағы 15-бағанда алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің басындағы көрсеткіші бөтелкеде көрсетіледі.

      19. Нысандағы 16-бағанда ЕБТ-ның техникалық көру құралымен тіркелген алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің басындағы көрсеткіші көрсетіледі.

      20. Нысандағы 17-бағанда алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің соңындағы көрсеткіші V (литр) көрсетіледі.

      21. Нысандағы 18-бағанда алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің соңындағы көрсеткіші бөтелкеде көрсетіледі.

      22. Нысандағы 19-бағанда ЕБТ-ның техникалық көру құралымен тіркелген алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің соңындағы көрсеткіші көрсетіледі.

      23. Нысандағы 20-бағанда алкоголь өнімнің кіріс түрі (басқа жақтан келген немесе кері қайтарылған) көрсетіледі.

      24. Нысандағы 21-бағанда басқа жақтан келген өнімнің немесе бұрын өткізілген өнімді кері қайтару түрлері бойынша көрсетіледі.

      25. Нысандағы 22-бағанда басқа жақтан келген немесе бұрын өткізілген өнімді кері қайтарылған бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) көрсетіледі.

      26. Нысандағы 23-бағанда басқа жақтан келген өнімнің немесе бұрын өткізілген өнімнің кері қайтарылған көлемі даллда көрсетіледі.

      27. Нысандағы 24-бағанда жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      28. Нысандағы 25-бағанда жеткізуші заңды және жеке тұлғаның атауы көрсетіледі.

      29. Нысандағы 26-бағанда есепті кезеңде заңды және жеке тұлғаларға жөнелтілген өнімнің түрі көрсетіледі.

      30. Нысандағы 27-бағанда есепті кезеңде заңды және жеке тұлғаларға жөнелтілген бөтелкенің саны (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) данада көрсетіледі.

      31. Нысандағы 28-бағанда есепті кезеңде заңды және жеке тұлғаларға жөнелтілген бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) данада көрсетіледі.

      32. Нысандағы 29-бағанда есепті кезеңде заңды және жеке тұлғаларға жөнелтілген көлемі даллда көрсетіледі.

      33. Нысандағы 30-бағанда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      34. Нысандағы 31-бағанда алушы заңды және жеке тұлғаның атауы көрсетіледі.

      35. Нысандағы 32-бағанда күннің соңындағы өнімнің қалдығы көрсетіледі.

  Акциздік бекеттің қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
5-қосымша
  нысан

Бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынын өткізу (жөнелту) көлемі туралы есебі

      20 __жылғы _______ жағдай бойынша

Өндірушінің БСН-і

Өндіруші кәсіпорынның атауы

Мұнай өнімінің түрі

ДСН-коды

Жөнелтілгені (тоннада)

Опера ция коды

Ілеспе жүкқұ жаты ның күні

Ілеспе жүкқұ жатының нөмірі

Алушының БСН-і

Алушы кәсіпорынның атауы

Мұнай өнімін жеткізу мекен жайы

Жөнелту түрі (темір жол, автокөлік, құбыр желісі арқылы)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

      Орындаушы:

      ___________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта

      көрсетілсе) байланыс телефон

      Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілді.

  Бензинді (авиациялықты
қоспағанда) және дизель отынын
өткізу (жөнелту) көлемі туралы
есебінің нысанына
  қосымша

Нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынын өткізу (жөнелту) көлемі туралы есебі" 1. Жалпы ережелер

      1. "Бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынын өткізу (жөнелту) көлемі туралы есебі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) осы бұйрықпен бекітілген акциз бекетінің қызметін ұйымдастыру қағидаларының 11-тармағына сәйкес әзірленді.

      Нысанды жүргізудің негізгі мақсаты Бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынын өткізу (жөнелту) көлемі туралы бойынша мәліметтерді алу.

      2. Нысанды акциз бекетінде болғаннан кейінгі келесі жұмыс күні аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері толтырады, Нысанды ақпараттық жүйе арқылы Комитетке беруді қамтамасыз етеді.

      3. Нысан мұнай өндіруші кәсіпорындар ұсынған деректер негізінде толтырылады және ұсынылады.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. Нысандағы 1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі.

      5. Нысандағы 2-бағанда өндірушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      6. Нысандағы 3-бағанда өндіруші кәсіпорынның атауы көрсетіледі.

      7. Нысандағы 4-бағанда мұнай өнімінің түрі көрсетіледі.

      8. Нысандағы 5-бағанда ДСН-коды көрсетіледі.

      9. Нысандағы 6-бағанда жөнелтілетін мұнай өнімінің саны (тоннада) көрсетіледі

      10. Нысандағы 7-бағанда операцияның коды көрсетіледі.

      11. Нысандағы 8-бағанда ілеспе жүкқұжаттың күні көрсетіледі.

      12. Нысандағы 9-бағанда ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.

      13. Нысандағы 10-бағанда алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      14. Нысандағы 11-бағанда алушы кәсіпорынның атауы көрсетіледі.

      15. Нысандағы 12-бағанда мұнай өнімін жеткізу мекенжайы көрсетіледі.

      16. Нысандағы 13-бағанда жөнелту түрі (теміржол, автокөлік, құбыржелісі арқылы) көрсетіледі.

  Акциздік бекеттің қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
6-қосымша
  нысан

Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемі туралы есебі

      20 __жылғы _______ жағдай бойынша

  мың дана

Өндірілген темекі өнімдері

Импорт
Темекі өнімдері

Темекі өнімдерін өткізу

Барлығы

Отандық өндіріс

Импорт өндірісі

Экспортқа

1

2

3

4

5

6

7





























      Орындаушы:

      ___________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта

      көрсетілсе) байланыс телефон

      Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілді

  Темекі өнімдерін өндіретін
кәсіпорындардың темекі
өнімдерін өндіру, өткізу (оның
ішінде экспорт) және
импортының көлемдері туралы
есебінің нысанына қосымша

Нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемдері туралы есебі" 1. Жалпы ережелер

      1. "Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемдері туралы есебі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) осы бұйрықпен бекітілген акциз бекетінің қызметін ұйымдастыру қағидаларының 11-тармағына сәйкес әзірленді.

      Нысанды жүргізудің негізгі мақсаты темекі өнімдерін өндіру және импортының көлемі бойынша мәліметтерді алу.

      2. Нысанды акциз бекетінде болғаннан кейінгі келесі жұмыс күні аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері толтырады, Нысанды ақпараттық жүйе арқылы Комитетке беруді қамтамасыз етеді.

      3. Нысан темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындар ұсынған деректер негізінде толтырылады және ұсынылады.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. Нысанның 1-бағанында реті бойынша нөмірі көрсетіледі.

      5. Нысанның 2-бағанында өндірілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.

      6. Нысанның 3-бағанында импортталатын темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.

      7. Нысанның 4-бағанында өткізілген темекі өнімдерінің жалпы саны мың данада көрсетіледі.

      8. Нысанның 5-бағанында өткізілген отандық өндірілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.

      9. Нысанның 6-бағанында өткізілген импорттық өндірілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.

      10. Нысанның 7-бағанында экспортқа өткізілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.

  Акциздік бекеттің қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
7-қосымша

Акцизделетін өнімдердің өндірісі мен өткізуін есепке алу журналы

Күні

Салық төлеушінің атауы

Салық төлеушінің БСН-і

Акцизделетін өнімдердің өндірісі және өткізуі (этил спирті мен алкоголь өнімі үшін - далл, темекі өнімі үшін – 1000 дана, бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны үшін – тонна)

Акцизделетін өнімді өндірушінің жауапты тұлғасының Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолы

Мемлекеттік кірістер органының лауазымды қызметкерінің Тегі, аты, әкесінің аты
(егер ол жеке басын куәланды ратын құжатта көрсетілсе) және қолы

Күннің басындағы қалдық

Бір күнде өндірілгені

Өндіріске жіберілгені

Өндірістік шығындар

Бір күнде өткізілгені

Күн соңындағы қалдық

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11