Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 сәуірде № 13607 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 15.03.2018 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес:

      1. Қоса беріліп отырған мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 15.03.2018 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберу;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алу күнінен кейін бес жұмыс күн ішінде оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет–ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________ А. Исекешев

      18 наурыз 2016 жыл



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 16 наурыздағы
№ 126 бұйрығымен
бекітілген

Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалар мен талаптар

      Ескерту. Қағидалар мен талаптар жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 15.03.2018 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптары Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 8-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын анықтайды.

2-бөлім. Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі

      2. Есепке алатын бақылау аспаптары (бұдан әрі – ЕАБА) – мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінде және жанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) орнатылған, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген, мұнай өнімдерін өндірудің және (немесе) оның айналымының көлемдері туралы ақпараттың автоматтандырылған жүйесінің көмегімен мұнай өнімдерін өндіру және айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін оператор арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға нақты уақыт режимінде кейіннен беру мақсатында есепке алуды жүргізуге арналған мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын айқындайтын техникалық құрылғылар.

      3. Қолдануға өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сай қолдануға рұқсат берілген ЕАБА рұқсат етіледі.

      4. ЕАБА мұнай өнімдерін есептеу көлемі (тоннамен) бойынша, өнім көлемін өлшеу төмендегілер арқылы жүзеге асырылады:

      1) Түскен, өткізілген және тиелген мұнай өнімдерінің көлемін анықтайтын мұнай өнімдерін қабылдау (ағызу) және құюда мұнай өнімдерін ЕБА;

      2) резервуардағы сақталған, қалдықтарда бар мұнай өнімдерінің көлемін есептеу және (немесе) тығыздығын, деңгейін анықтайтын резервуардағы мұнай өнімдерінің ЕАБА.

      Мұнай өнімдерін теміржол, автокөлік цистерналарынан, құбыр желісінен қабылдау (ағызу), құю түрлі үлгідегі ЕАБА арқылы жүзеге асырылады. ЕАБА мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің технологиялық сызбанұсқасына сай қондырылады. Автожанармай құю станцияларындағы ЕАБА (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) резервуарда қондырылады.

      Резервуарлық паркте (резервуарда) сақталып тұрған резервуарлық қорды өлшеу сыйымдылық шегін арқылы және тауарлық резервуарда қондырылған толықтай сыйымдылық шамасы бойынша мұнай өнімдерін құюды қашықтан бақылау үшін түрлі үлгідегі ЕАБА құрылғыларымен жүзеге асырылады.

      Мұнай өнімдерін өндірушілердің резервуарларында тығыздық өлшегіштерін орнатпай, мұнай өнімдерінің массасын анықтауға мүмкіндік беретін ЕАБА-ны орнатуға жол беріледі.

      Резервуардағы мұнай өнімдері көлемін өлшеу ГОСТ мемлекетаралық стандарттарының талаптарына сай немесе олар болмаған жағдайда ҚР МС ұлттық стандарттарының талаптарына сай мұнай өнімдерінің көлемін өлшеудің әрекеттегі әдістері негізінде ЕАБА анықталады.

      5. ЕАБА қондырғы орны рұқсат етілмеген мүмкіндіктің алдын алу үшін құзыретті органның және (немесе) пломба салынған орынды, нөмір немесе пломба бедерлемесін көрсету арқылы акт жасалынған оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғасы арқылы пломбаланады.

3-бөлім. Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру талаптары

      6. ЕАБА келесі талаптарға жауап береді:

      1) деректерді табыстау құрылғылары арқылы (Ғаламтор желісі, телефон желісі бойынша) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінде және автожанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) бекітілген деректердің операторы мұнай өнімдерінің өндірісін және (немесе) айналымының көлемі туралы ақпараттық жүйе арқылы телекоммуникациялық каналдар бойынша деректерді табыстау мүмкіндігімен қамтамасыз етуде;

      2) белгіленген режимде өлшеудің жол берілетін олқылығынан аспайтын және ГОСТ мемлекетаралық стандарттары немесе ол болмаған жағдайда ҚР МС ұлттық стандарттары талаптарына сай пайдалану режимі мен талаптары сай олқылықпен өлшеуді орындауды қамтамасыз етуде;

      3) ақпараттық алмасу хаттамаларына сай өлшенген көрсеткіштер бөлігінің сыртқы автоматтандырылған жүйесі үшін алғашқы деректерді қалыптастыруды қамтамасыз етуде;

      4) рұқсат етілмеген мүмкіндіктен (код, кілт, пломба, голографиялық жапсырма) қауіпсіздік жүйесінің болу мүмкіндігіне ие болуы;

      5) электрлік қуат беру жүйесінде (кернеуді сөндіргіш, үздіксіз қуат көзі және т.б.) бөгет, іркілуден қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс), ал апаттық іркіліс кезінде – мұнай өнімдерін өндірушілер үшін электрмен жабдықтаудағы автономды жұмыс ұзақтығы бір сағаттан кем емес, автожанармай құю станцияларында тәуліктен кем емес болуы;

      6) техникалық құжат, пайдалану туралы нұсқама мен пайда болуы туралы құжатының болуы.