Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 84-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.03.2021 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
С. Жасұзақов |
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 9 бұйрығымен бекітілген |
Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидалары ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тізімін жасау тәртібін айқындайды.
2-тарау. Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау тәртібі
2. Жыл қорытындылары бойынша әскери бөлімнің кадр органы немесе бөлім бойынша бұйрықпен кадр жұмысын жүргізу жүктелген жауапты адам (штатпен кадрлар органының бастығы лауазымы көзделмеген әскери бөлімдерде) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметшілерді ротациялау жоспарын (бұдан әрі – Ротациялау жоспары) жасайды.
Ротациялау жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының (бұдан әрі – Қызмет өткеру қағидалары) 83-тармағында айқындалған жағдайлар қалыптасқан әскери қызметшілерге қатысты жасалады.
Ротациялау жоспарымен бір уақытта осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімі (бұдан әрі – Тізім) жасалады.
Тізімге Қызмет өткеру қағидаларының 84-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында айқындалған әскери қызметшілер және 45-тармағы негізінде әскери қызмет мүддесінде лауазымында екінші мерзімге қалдырылуы мүмкін болатын әскери қызметшілер енгізіледі.
Ротациялау жоспарына және Тізімге әскери бөлімнің командирі (мекеменің бастығы) қол қояды және ол жоғары тұрған кадр органына жолданады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.03.2021 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері өңірлік қолбасшылықтарының, әскер тектерінің, түрлерінің кадр органдары, кадрлар органы бар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бас басқармалары және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті келіп түскен Ротациялау жоспарларын және Тізімдерді бекітуге енгізу үшін қалыптастырады.
Ротациялау жоспарын және Тізімді жыл сайын 25 қарашаға дейін лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес әскери лауазымдарға тағайындау құқығы берілген уәкілетті лауазымды адам бекітеді.
4. Ротациялау жоспарына не ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізіміне өзгерістер енгізу туралы шешімді оларды бекіткен лауазымды адам қабылдайды. Енгізілген өзгерістер туралы ақпарат жоғары тұрған кадр органына жолданады.
5. Ротациялау жоспарынан үзінді көшірмелер белгіленген тәртіппен бағынысты әскери бөлімдерге жолданады. Әскери қызметшілерді Ротациялау жоспарына енгізу туралы шешімді тиісті командирлер (бастықтар) қысқа мерзімде әскери қызметшілерге жеткізеді.
6. Әскери бөлімдердің командирлері (мекемелердің бастықтары) ротациялауды жүргізу нәтижелері туралы тоқсан сайын 5-і күні жоғары тұрған кадр органдарына баяндайды.
Ротациялау жоспары
Рет саны | Ә/атағы |
Тегі, аты, әкесінің аты | Атқаратын лауазымы, лауазымда қай уақыттан бастап, штаттық лауазымдық санаты | Туған күні, ұлты, білімі, білімі бойынша мамандығы, Қарулы Күштерде қай уақыттан бастап, келісімшарттың аяқталу күні | Әскери қызметшінің отбасы құрамы | Ротациялау үшін негіз | Жоспарланатын лауазымы, штаттық лауазымдық санаты | Ескертпе |
Әскери бөлімнің командирі
____________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі)
Ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімі
Рет саны | Ә/атағы | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) | Атқаратын лауазымы, лауазымда қай уақыттан бастап, штаттық лауазымдық санаты | Туған күні, ұлты, білімі, білімі бойынша мамандығы, Қарулы Күштерде қай уақыттан бастап, келісімшарттың аяқталу күні | Әскери қызметшінің отбасы құрамы | Ротациялау үшін бар жағдайлар | Ротациялау жоспарына енгізбеу үшін негіз | Ескертпе |
Әскери бөлімнің командирі
_______________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі)