"Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тiзбесiн бекiту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 35 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 наурызда № 4911 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 205 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 20.08.2024 № 205 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тiзбесiн бекiту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2526, "Дидар" газетінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 23, "Рудный Алтай" газетінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 23 сандарында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесінде:

      4 бөлім "Жарма ауданы":

      14 жол алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының
әкімі
Д. Ахметов