Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 271 "Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау тәртібін жүргізу жөніндегі ережені, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беруге қойылатын талаптарды бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 20 ақпандағы № 17 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 3 наурызда № 3987 болып тiркелдi

Қолданыстағы
      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 271 "Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау тәртібін жүргізу жөніндегі ережені, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беруге қойылатын талаптарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1965 болып тіркелген, 2007 жылғы 30 қыркүйекте "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековке жүктелсін.
      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Д.А.Сатыбалды
      Ж.Қ.Бөкенбаев
      Б.С.Жамалов
      Е.Ә.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      Р.Ж.Мулкеманов
      К.Н.Мендебаев