Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау тәртібін жүргізу жөніндегі ережені, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беруге қойылатын талаптарды бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы N 271 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 6 қыркүйекте N 1965 тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 20 ақпандағы № 17 қаулысымен

      "Астана қаласында жаңа орталықтардың базасында медициналық қызметтер кластерін құру жөніндегі жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 шілдедегі N 719  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық балаларды оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.

      2. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі болып белгіленсін.

      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау
саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып
белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
      2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 23.09.2014 № 1005 қаулыларымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі