1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 12/1 шешімімен бекітілген |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 72682 болып тіркелді) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін анықтайды.1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау жәнекөрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайлар туындағанына байланысты көрсетілетін әлеуметтік көмек үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарастыру бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистика органдарымен есептелген мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Сергеевка қаласы әкімінің немесе ауылдық округ әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында тұратын тұлғаларға таратылады.
4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігімен берілетін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Атаулы күндер мен мереке күндер тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшері осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
Атаулы күндер мен мереке күндерге әлеуметтік көмек мөлшері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісуі бойынша бір жолғы мөлшерде белгіленеді.
Атаулы күндер мен мереке күндерге әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген санаттарының біреуі бойынша жылына бір рет көрсетіледі.
7. Учаскелік және арнайы комиссия өз қызметін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бекітілетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу тәртібі
8. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін жергілікті атқарушы орган белгілейді және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес бекітіледі.9. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес бекітіледі.
Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
11. Әлеуметтік көмек азаматтарға осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1) – 13) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір мезгілде көрсетіледі.
12. Әлеуметтік көмек азаматтарға (отбасына) осы Қағидаларға 3-қосымшаның 14) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра, 50 (елу) ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде бір мезгілде көрсетіледі.
13. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 15) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, ұсынылған шот-фактураға сәйкес құн мөлшерінде (бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа) 2 жылда бір рет көрсетіледі.
14. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 16) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, санаторлық-курорттық емделу құны мөлшерінде жылына бір рет көрсетіледі.
15. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 17) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.
16. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 18)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет көрсетіледі.
17. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 19) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз жол жүру құны мөлшерінде қажеттілік бойынша көрсетіледі.
18. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 20)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отырып азаматтарға 160 (жүз алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде оқу жылының басында көрсетіледі.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
19. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштері талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігімен бекітілетін тізім бойынша көрсетіледі.20. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
21. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
22. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсетілетін әлеуметтік көмекке өтініш түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күннің ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) матиериалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға жібереді.
23. Учаскелік комиссия екі жұмыс күннің ішінде құжаттарды алған күнінен бастап өтініш беруші жөнінде тексеру жүргізеді, оның нәтижесінде адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, Үлгілік қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаж екені туралы қорытынды әзірлейді және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне жібереді.
Ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
24. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
25. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
26. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарастыруына ұсынады.
27. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
28. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 24 және 25-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
29. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
30. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірмей ұсынылады.
31. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) орташа табысы мөлшері шегінен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
32. Әлеуметтік көмек көрсетуге шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің дербес шоттарына сомаларды уәкілетті органдардың аударуы жолымен жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмектін тоқтатылуы және қайтарылуы үшін негіздемелер
33. Әлеуметтік көмек:1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Шал ақын ауданының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
34. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
35. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша |
Атаулы күндердің, мереке күндерінің, алушылар санаттарының тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 2-қосымша |
Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, оның еселігі, табиғи зілзаланың немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3-қосымша |
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі
1) жетiмдiк;2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
3) кәмелетке толмағандардың қараусыздығы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;
4) туғанынан үш жасқа дейiнгi балалардың ерте психофизикалық дамуы мүмкiндiктерiнiң шектелуi;
5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуы;
6) әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінiң шектелуi;
7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмауы;
8) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгез қарым-қатынас;
9) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
11) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұруы;
12) кәмелетке толмағандардың ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;
14) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру;
15) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың тіс протездеуге мұқтаждығы;
16) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің Қазақстан Республикасының шипажайларында және емдеу-сауықтыру орындарында шипажайлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;
17) Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығындардың орнын толтыруға мұқтаждығы;
18) амбулаторлық емделуде жатқан азаматтарда туберкулездің белсенді түрінің болуы;
19) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және оларға теңестірілгендердің, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілгендердің өзге де санаттарының, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағындан зардап шеккендердің Қазақстан Республикасының аумағында теміржол (плацкарт вагон), жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігінің (таксиден басқа) бір түрімен жол жүру станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүруге мұқтаждығы;
20) Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан жоғарғы кәсіби білім беретін органдарда оқытудың күндізгі оқу нысанында білім алуда аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларының болуы.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 12/1 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының күші жойылды деп тануға жататын кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 44/4 шешімі (2016 жылғы 29 қаңтарда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3567 болып тіркелді).2. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 44/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 4/4 шешімі (2016 жылғы 02 тамызда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3840 болып тіркелді).
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 44/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2016 жылғы 21 қарашадағы № 8/4 шешімі (2016 жылғы 13 желтоқсанда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3952 болып тіркелді).