Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 12/1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 сәуірде № 4146 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының
ХII сессиясының төрағасы
Н. Ярош
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының хатшысы
Ө. Әмрин
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Қ.Ақсақалов
      2017 жылғы 27 наурыз

  Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 12/1 шешімімен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 72682 болып тіркелді) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайлар туындағанына байланысты көрсетілетін әлеуметтік көмек үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарастыру бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистика органдарымен есептелген мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі";

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Сергеевка қаласы әкімінің немесе ауылдық округ әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 18.09.2017 № 17/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.10.2019 № 41/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен).

      3. Осы Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында тұратын тұлғаларға таратылады.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде, "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігімен берілетін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 18.09.2017 № 17/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Атаулы күндер мен мереке күндер тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

      Атаулы күндер мен мереке күндерге әлеуметтік көмек мөлшері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісуі бойынша бір жолғы мөлшерде белгіленеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мəслихатының 23.10.2019 № 41/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Учаскелік және арнайы комиссия өз қызметін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бекітілетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін жергілікті атқарушы орган белгілейді және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес бекітіледі.

      9. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес бекітіледі.

      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      11. Әлеуметтік көмек азаматтарға осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1) – 13) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір мезгілде көрсетіледі.

      12. Әлеуметтік көмек азаматтарға (отбасына) осы Қағидаларға 3-қосымшаның 14) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра, 50 (елу) ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде бір мезгілде көрсетіледі.

      13. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 15) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, ұсынылған шот-фактураға сәйкес құн мөлшерінде (бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа) 2 жылда бір рет көрсетіледі.

      14. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 16) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, санаторлық-курорттық емделу құны мөлшерінде жылына бір рет көрсетіледі.

      15. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 17) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.

      16. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 18)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет көрсетіледі.

      17. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 19) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз жол жүру құны мөлшерінде қажеттілік бойынша көрсетіледі.

      18. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 20)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отырып азаматтарға 160 (жүз алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде оқу жылының басында көрсетіледі.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      19. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштері талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігімен бекітілетін тізім бойынша көрсетіледі.

      20. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      21. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      22. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсетілетін әлеуметтік көмекке өтініш түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күннің ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) матиериалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      23. Учаскелік комиссия екі жұмыс күннің ішінде құжаттарды алған күнінен бастап өтініш беруші жөнінде тексеру жүргізеді, оның нәтижесінде адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, Үлгілік қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаж екені туралы қорытынды әзірлейді және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне жібереді.

      Ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      24. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      25. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      26. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарастыруына ұсынады.

      27. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      28. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 24 және 25-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      29. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      30. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірмей ұсынылады.

      31. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) орташа табысы мөлшері шегінен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      32. Әлеуметтік көмек көрсетуге шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің дербес шоттарына сомаларды уәкілетті органдардың аударуы жолымен жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмектін тоқтатылуы және қайтарылуы үшін негіздемелер

      33. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Шал ақын ауданының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      34. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      35. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша

Атаулы күндер мен мереке күндер тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 27.11.2018 № 30/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мəслихатының 23.10.2019 № 41/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

р/с №

Атаулы күндердің, мереке күндерінің атаулары және әлеуметтік көмек алушылар санаттары

Әлеуметтік көмек көрсету еселігі және мөлшері

15 ақпан – "Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні"

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

2

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер.

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

3

Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

4

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы.

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

5

1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүріп жатқан басқа да мемлекеттерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

6

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекет қауіпсіздігі комитетінің Ауғанстанда уақытша, болған және совет әскерлерінің шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшілері.

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

8 наурыз – "Халықаралық әйелдер күні"

1

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар.

Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

26 сәуір – "Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні"

1

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар.

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

2

 Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

3

Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы.

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

4

Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасы.

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

5

1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда.

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

7 мамыр – "Отан қорғаушылар күні"

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы.

Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

2

Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы. 

Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

9 мамыр – "Жеңіс күні"

1

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.

Жылына 1 (бір) рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштері

2

Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.

Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

3

Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар.

Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

4

Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар.

Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

5

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдар.

Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

6

Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi.

Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

7

Қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар.

Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

8

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары.

Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

9

Әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар.

Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

10

1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин Кеңестік Социалистік Республикасы, Беларусь Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латыш Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстон Кеңестік Социалистік Республикасы аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқаруға кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар.

Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

11

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы.

Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

12

Екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерiн қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдері (күйеулерi).

Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

13

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар.

Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық
құрбандарын еске алу күні"

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіннен тікелей зардап шеккен және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар.

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

2

Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi жағдайларда танылады:
1) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
2) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
3) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы;
4) қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер халық комиссариаты - Мемлекет Қауiпсiздiгі министрлiгi - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Прокуратурасы мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ішкi iстер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы;
5) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады.

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

3

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар да танылады.

Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері

4

Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары.

Жылына 1 (бір) рет 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіштері

30 тамыз – "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні"

1

Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың, (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары. 

Жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштері

2

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар.

Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

3

Құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар.

Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері

 
  Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 2-қосымша

Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, оның еселігі, табиғи зілзаланың немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

р/б

Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санаты

Әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері және оның еселігі

Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

1

Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан жапа шеккен азаматтар (отбасылары).

50 ең төменгі есептік көрсеткішке дейін, біржолғы

Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен 6 айдан кешіктірмей

 
  Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3-қосымша

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 27.11.2018 № 30/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1) жетiмдiк;

      2) ата-ана қамқорлығының болмауы;

      3) кәмелетке толмағандардың қараусыздығы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;

      4) туғанынан үш жасқа дейiнгi балалардың ерте психофизикалық дамуы мүмкiндiктерiнiң шектелуi;

      5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуы;

      6) әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінiң шектелуi;

      7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмауы;

      8) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгез қарым-қатынас;

      9) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;

      11) пробация қызметінің есебінде болуы;

      12) кәмелетке толмағандардың ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;

      14) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру;

      15) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың тіс протездеуге мұқтаждығы;

      16) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің Қазақстан Республикасының шипажайларында және емдеу-сауықтыру орындарында шипажайлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;

      17) Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығындардың орнын толтыруға мұқтаждығы;

      18) амбулаторлық емделуде жатқан азаматтарда туберкулездің белсенді түрінің болуы;

      19) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және оларға теңестірілгендердің, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілгендердің өзге де санаттарының, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағындан зардап шеккендердің Қазақстан Республикасының аумағында теміржол (плацкарт вагон), жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігінің (таксиден басқа) бір түрімен жол жүру станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүруге мұқтаждығы;

      20) Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан жоғарғы кәсіби білім беретін органдарда оқытудың күндізгі оқу нысанында білім алуда аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларының болуы.

  Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 12/1 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының күші жойылды деп тануға жататын кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 44/4 шешімі (2016 жылғы 29 қаңтарда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3567 болып тіркелді).

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 44/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 4/4 шешімі (2016 жылғы 02 тамызда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3840 болып тіркелді).

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 44/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2016 жылғы 21 қарашадағы № 8/4 шешімі (2016 жылғы 13 желтоқсанда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3952 болып тіркелді).