"Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 23 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6349 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларында:
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"16. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар егер:
1) өтiнiш берiлмеген болса;
2) оларды өткiзу кезінде "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7, 8-баптарымен көзделген тәртiп бұзылған жағдайда Федоров ауданының әкімдігі өкілінің талабы бойынша тоқтатылады.";
жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Байменов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Исенғазин |
КЕЛІСІЛДІ
"Федоров ауданының ішкі
саясат бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Мәслихаттың 2017 жылғы 29 қарашадағы № 183 шешіміне 1-қосымша |
|
Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 1-қосымша |
Жиналыстар және митингілер өткізу орындары
№ р/с | Жиналыстар және митингілер өткізу орындары |
1 | Федоров ауылы, Легкодухов көшесіндегі орталық алаңына кіре берісте |
Мәслихаттың 2017 жылғы 29 қарашадағы № 183 шешіміне 2-қосымша |
|
Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 2-қосымша |
Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары
№ р/с | Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары |
1 | Федоров ауылы, Легкодухов көшесіндегі орталық алаңына кіре беріс - Красноармейская көшесі - Набережная көшесі - Юнацкий көшесі - Легкодухов көшесі - орталық алаңына кіре беріс |