Балқаш қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 16/131 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 қаңтарда № 4548 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Балқаш қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтері бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Л. Власова
      Қалалық мәслихаттың хатшысы К. Тейлянов

  Қалалық мәслихаттың
2017 жылғы 21 желтоқсандағы
№16/131 шешіміне қосымша

Балқаш қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф

Атауы

Жинақталу нормасы м3

1м3 үшін тариф (ҚҚС-мен) (теңге)

Бір айда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару үшін қызмет құны (теңге)

Бір айда тұрмыстық қатты қалдықтарды көму үшін қызмет құны (теңге)

Заңды тұлғаларға (1м3 үшін)


1354,6

1030,60

324,02

Жеке тұлғалар

Жайлы тұрғын үй (1 тұрғынға)

1,46

1277,37

155,41


Жайлы емес тұрғын үй (1 тұрғынға)

1,54

1277,37

163,93


      Ескертпе:

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      м3 – текше метр