"Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 318 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 196 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 237 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 қыркүйекте № 3520 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 318 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 196 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2660 болып тіркелген, 2016 жылдың 1 наурызында аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Кадирбек Рыскулбекович Садубаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы К. Рахимжанов