Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 24.08.2017 № 237 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 318 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-10-123 болып тіркелген, 2011 жылдың 1 қазанында №91 "Талас тынысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:аталған қаулының кіріспе бөлігіндегі "Заңының 31-бап 1 тармақ 13) тармақшасына" деген сөздер "Заңына" деген сөзбен ауыстырылсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғалым Тамабекұлы Қартабаевқа жүктелсін.Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Рысмендиев |