Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 "Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4780 тіркелген, 2016 жылы 22 наурызда "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
1) тармақшада "8000 (сегіз мың) теңге мөлшерінде" сөздерінен кейін "уәкілетті ұйымның ұсынған тізімдері негізінде;" сөздерімен толықтырылсын;
қазақ тіліндегі шешімнің 2), 3) 4) тармақшаларында "берген тізімдеріне сәйкес", "тізімі негізінде", "берген тізімдерге сәйкес" сөздері "ұсынған тізімдері негізінде", "тізімдері негізінде", "ұсынған тізімдері негізінде" сөздерімен ауыстырылсын;
18 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Осы Қағидалардың 8 тармағының 1), 2, 3), 4) тармақшаларында көрсетілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі, 8 тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) арыз;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген белгіленген үлгідегі емделуге арналған жолдама;
4) 8) тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген азаматтардың санаттарына жататындығын растайтын куәліктің көшірмесі;
5) жол жүру дерегін растайтын билеттер.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Хромтау аудандық | Хромтау аудандық |
мәслихатының | мәслихатының |
сессия төрағасы | хатшысы |
Ж.Мұқанбетжанов | Д.Молдашев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды | |
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар | |
басқармасының басшысы | |
____________________________Қ.Отаров | |
"____"________________20___ж. |