Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 "Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 121 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 мамырда № 5505 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 тамыздағы № 212 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 08.08.2024 № 212 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 "Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4780 тіркелген, 2016 жылы 22 наурызда "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      8 тармақта:

      1) тармақшада "8000 (сегіз мың) теңге мөлшерінде" сөздерінен кейін "уәкілетті ұйымның ұсынған тізімдері негізінде;" сөздерімен толықтырылсын;

      қазақ тіліндегі шешімнің 2), 3) 4) тармақшаларында "берген тізімдеріне сәйкес", "тізімі негізінде", "берген тізімдерге сәйкес" сөздері "ұсынған тізімдері негізінде", "тізімдері негізінде", "ұсынған тізімдері негізінде" сөздерімен ауыстырылсын;

      18 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Осы Қағидалардың 8 тармағының 1), 2, 3), 4) тармақшаларында көрсетілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі, 8 тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) арыз;

      2) жеке куәліктің көшірмесі;

      3) облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген белгіленген үлгідегі емделуге арналған жолдама;

      4) 8) тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген азаматтардың санаттарына жататындығын растайтын куәліктің көшірмесі;

      5) жол жүру дерегін растайтын билеттер.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Хромтау аудандық Хромтау аудандық
      мәслихатының мәслихатының
      сессия төрағасы хатшысы
      Ж.Мұқанбетжанов Д.Молдашев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
      үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасының басшысы
      ____________________________Қ.Отаров
      "____"________________20___ж.