1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 17 "Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4869 тіркелген, 2016 жылғы 30 сәуірдегі "Ақтөбе" газетінде және 2016 жылғы 30 сәуірдегі 4 мамырда "Актюбинский вестник" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) Сазды ауылдық округіндегі Сазды қалалық мәдениет Үйінің алдындағы алаң";
2 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"5) Ақтөбе облыстық "Алақай" қуыршақ театрының артындағы саябақ".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрағасы |
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы |
Т. Хамитов | С. Шынтасова |