Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салықтың базалық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 ақпандағы № 6С-12/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 наурызда № 5803 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 381 бабына, 386 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бурабай ауданында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салықтың базалық мөлшерлемелері 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
      2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекен Щучинск қаласы болып айқындалсын.
      3. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшерін ұлғайту туралы" 2012 жылғы 27 наурыздағы № 5С-2/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-229 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 мамырда аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 12 мамырдағы № 6С-2/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5416 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 маусымда аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған) шешімінің 1 тармағының 1) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
ХІІ (кезектен тыс) сессиясының
төрайымы
Г.Хамзина
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Бурабай ауданының әкімі Т.Ташмағамбетов

      14 ақпан 2017 жыл
      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
"Бурабай ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А Есполов

      14 ақпан 2017 жыл

  Бурабай аудандық
маслихатының
2017 жылғы 14 ақпандағы
№ 6С-12/3 шешіміне
1 қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

№ р/с

Автотұрақтар (паркингтер) түрлері

Санаттар

1.
Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)
1 санат
2.
Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)
2 санат

      

  Бурабай аудандық
маслихатының
2017 жылғы 14 ақпандағы
№ 6С-12/3 шешіміне
2 қосымша

Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге
салынатын салықтың базалық мөлшерлемелерін ұлғайту

№ Р/с

Автотұрақтар (паркинтер) санаты

Базалық мөлшерлемелерді ұлғайту

1.
1 санат
он есе
2.
2 санат
он есе