Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар(паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшерін ұлғайту туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 5С-2/5 шешімі. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 4 мамырда № 1-19-229 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 ақпандағы № 6С-12/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 14.02.2017 № 6С-12/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 381 бабына, 386 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 37 бабының 2 тармағына сәйкес Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бурабай ауданында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшерлері 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
      2. Щучинск қаласында орналасқан автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елді мекен Щучинск қаласы болып белгіленсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
ІІ сессиясының хатшысы
Р.Махаев
      Аудандық мәслихаттың
төрағасы
Ө.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Бурабай ауданының әкімі В.Балахонцев
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігінің
Салық комитетінің
Ақмола облысы бойынша
Салық департаментінің
Бурабай ауданы бойынша
Салық басқармасының бастығы
А.Есполов

      

  Бурабай аудандық маслихаттың
2012 жылғы 27 наурыздағы
№ 5С-2/5 шешіміне
1 қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) санаты


Автотұрақтар (паркингтер) түрлері

Санаттар

1.
Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)
1 санат
2.
Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)
2 санат

  Бурабай аудандық маслихаттың
2012 жылғы 27 наурыздағы
№ 5С-2/5 шешіміне
2 қосымша

Автотұрақтар үшін бөлінген жерлерге салынатын
салық ставкаларының мөлшері


Автотұрақтар (паркинтер) санаты

Қала маңындағы автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жер участкілерінің салық ставкалары

Поселкілер маңындағы автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жер участкілерінің салық ставкалары

Елді мекендер шегіндегі автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жер участкілерінің салық ставкалары

Ұлғайтылған салық ставкалары

1.
1 санат
5,02
0,96
0,48
он есе
2.
2 санат
5,02
0,96
0,48
он есе