Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 344 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 8 қаңтарда № 16185 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Халықтың көші-қон туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 9) және 11) тармақшаларына және "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығынның өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон саясаты департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарына және "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ________________ Д. Абаев

      2017 жылғы 20 қарашадағы

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 30 қазандағы

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ________________Қ. Қасымов

      2017 жылғы 14 желтоқсандағы

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2017 жылғы 16 қазандағы
№ 344 бұйрығына
қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының және
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығының тізбесі

      1. "Оралман мәртебесін беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 198 (28137) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралман мәртебесін беру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өтінішке мынадай құжаттар:

      1) өмірбаян (еркін нысанда);

      2) отбасы отағасының, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің мөлшері 3х4 сантиметр 2 фотосуреті;

      3) қазақ немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен өтініш беруші мен онымен бірге қоныс аударған оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің) көшірмелері;

      4) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғанын дәлелдейтін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған ұлты қазақ балаларына құжаттардың көшірмелері";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттардың толық ұсынылмау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылғанын белгілеген кезде, олар Жергілікті атқарушы орган, құжат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін жазбаша негіздей отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тартады.";

      6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жергілікті атқарушы орган өтініш беруші адам мен оның отбасы мүшелерінің деректерін "Оралман" ДҚ ААЖ арқылы оның (олардың) өзге өңірдің жергілікті атқарушы органында тіркелгендігі мәніне тексереді.

      Жергілікті атқарушы орган өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің басқа өңірде тіркелгендігін анықтаған жағдайда "Оралман" ДҚ ААЖ жазбасына тиісті түзетулер енгізеді.

      7. Өтінішті "Оралман" ДҚ ААЖ-ға тіркеген сәтте жергілікті атқарушы орган өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің деректерін "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – "Жеке тұлғалар" МДҚ) арқылы онда (оларда) жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) болу мәніне тексереді.

      ЖСН бар екені анықталган жағдайда жаңа ЖСН генерациялау жүзеге асырылмайды, жергілікті атқарушы орган тіркеген кезде қолда бар ЖСН-ды пайдаланады.

      "Жеке тұлғалар" МДҚ-да ЖСН болмаған кезде, жергілікті атқарушы орган өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде қолмен енгізу жолымен өтініш берушінің деректерін "Оралман" ДҚ-ға енгізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Көші-қон полициясы" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ) ЖСН-ды генерациялау үшін электрондық сұрау салу жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мынадай жағдайларда жергілікті атқарушы орган оралман мәртебесін беруден бас тартады:

      1) өтініш беруші осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес келмеген кезде;

      2) этникалық қазақтың оралман мәртебесін алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген кезде".

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. "Оралман" ДҚ ААЖ-дан алынған дербес деректердің негізінде ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ ЖСН нақты уақыт режимінде генерациялау рәсімін жүзеге асырады және оны "Оралман" ДҚ ААЖ-ға жібереді.

      ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ-нен ЖСН алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдар оралман куәлігіне ЖСН қалыптастыруды жүзеге асырады.

      Деректер өзгерген жағдайда ("Оралман" ДҚ-ға қате деректер енгізілген кезде не мәліметтер жойылған кезде) жергілікті атқарушы орган ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ-да жүргізілген дербес деректерді өзгерту туралы хабарлама жібереді.";

      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Өтінішті тіркеген кезде жергілікті атқарушы орган өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде қолмен енгізу арқылы кеңейтілген дербес деректерді қоса отырып, ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ арқылы өтініш берушінің бастапқы мәліметтерін (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) тексереді.

      19. Өтінішті "Оралман" ДҚ ААЖ-ға тіркеген кезде жергілікті атқарушы орган өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің деректерін "Жеке тұлғалар" МДҚ арқылы онда (оларда) ЖСН-ның болу мәніне тексереді.

      ЖСН бар екені анықталған жағдайда жаңа ЖСН-ды генерациялау жүзеге асырылмайды, жергілікті атқарушы орган тіркеген кезде қолда бар ЖСН-ды пайдаланады.

      "Жеке тұлғалар" МДҚ-да ЖСН болмаған кезде жергілікті атқарушы орган өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде қолмен енгізу арқылы өтініш берушінің деректерін "Оралман" ДҚ-ға енгізеді және ЖСН-ға генерациялау үшін ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ-ға сұрау салу жібереді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. "Оралман" ДҚ ААЖ-дан алынған дербес деректердің негізінде ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ ЖСН нақты уақыт режимінде генерациялау рәсімін жүзеге асырады және оны "Оралман" ДҚ ААЖ-ға жібереді.

      ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ-дан ЖСН алғаннан кейін жергілікті атқарушы орган ЖСН-ды оралман куәлігіне қалыптастырады.

      Деректер өзгерген жағдайда ("Оралман" ДҚ-ға қате деректер енгізген кезде не мәліметтер жойылған кезде) жергілікті атқарушы орган ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ дербес деректерге енгізілген өзгерістер туралы хабарлама жібереді. Аталған рәсім оралман куәлігін бергенге дейін орындалуы жүзеге асырылады.".

      2. "Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызметінің қағидаларын және Уақытша орналастыру орталықтарының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 330-Ө-М бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8601 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 260 (27534) санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызметінің қағидаларырында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Орталықта тегін тұратын оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне мынадай қызметтер көрсетіледі:

      1) ақпараттық және анықтамалық қызметтер ұсыну;

      2) аударма бойынша қызмет көрсету;

      3) жұмысқа орналастыруда, кәсіптік даярлауда, қайта даярлауда және біліктілікті арттыруда көмек;

      4) Қазақстан Республикасының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрі жөнінде, заңнама негіздері және шағын бизнес ашу бойынша оқыту курстарын өткізу;

      5) әртүрлі мәдени іс-шаралар өткізу;

      6) құқықтық қызмет көрсету (тіркелуге, "Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13334 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беруге, азаматтық, әлеуметтік жәрдемақылар алуға кеңестер, консультациялар беру және көмек көрсету);

      7) Қазақстан азаматтығын алу және құжаттандыру мәселелеріне жәрдемдесу;

      8) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін;

      9) қазақ және орыс тілдерін оқыту;

      10) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдесу.".

      3. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Оралман мәртебесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман мәртебесін беру туралы өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өмірбаян (еркін нысанда);

      2) отбасы отағасының, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің мөлшері 3х4 сантиметр екі фотосуреті;

      3) қазақ немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен көрсетілетін қызметті алушының және онымен бірге қоныс аударған оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің) көшірмелері;

      4) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғанын дәлелдейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған ұлты қазақ балаларына құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатында қазақ ұлтына жататыны туралы ақпарат болмаған жағдайда, оларға көрсетілетін қызметті алушының және тұрақты тұру мақсатында тарихи отаны Қазақстан Республикасына келген, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерлерде тұрақты тұрған онымен бірге көшіп келген отбасы мүшелерінің, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерлерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларының этникалық қазақтарға жатқызылғанын растайтын құжаттардың (аттестат, диплом, білімі туралы куәлік, еңбек кітапшасы) көшірмелері ұсынылады.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаян мен фотосуретті қоспағанда) көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіде – тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген өтінішті тіркеу туралы хабарлама;

      Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.".

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Қызмет көрсетуші оралман мәртебесін беруден:

      1) "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 13) тармағына үміткер сәйкес келмеген;

      2) этникалық қазақтардың оралман мәртебесін алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген кезде".

      мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2017 жылғы 16 қазандағы
№ 344 бұйрығына
1- қосымша
  "Оралман мәртебесін беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

___________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы) _________________________________________ (мекенжайы бойынша тұратын) __________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Оралман мәртебесін беру туралы өтініш

      Тарихи отанымызда тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасының ______________ облысына (республикалық маңызы бар қала, астана) келуімізге/келуді жоспарлауыма байланысты маған және менің отбасымның мүшелеріне оралман мәртебесін беруді сұраймын.

      Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелері:

      1) жұбайы (зайыбы) __________________________________________________;

      2) өтініш берушінің ата-анасы және зайыбы (ерлі-зайыптылар)

      ____________________________________________________________________;

      3) балалары (оның ішінде асырап алған) және олардың отбасы мүшелері

      ____________________________________________________________________;

      4) некеде тұрмайтын ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалары, інілері мен апалары, сіңлілері, қарындастары

      ____________________________________________________________________

      Өтінішке мына құжаттарды қоса беремін:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Жергілікті атқарушы орган менің және/немесе менің отбасы мүшелерімнің "Оралман" дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде басқа облыстың, Астан, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органында тіркелгенімізді анықтаған жағдайда, менің құжаттарымды ___________ (осы өтініш енгізілетін жергілікті атқарушы органның атауы) аударуды, сондай-ақ "Оралман" дерекқоры" ақпараттық жүйесіндегі тиісті жазбаның осы өтінішті беру орны бойынша жаңартылуын қамтамасыз етуді сұраймын.

      Осы арқылы оралман мәртебесін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      20__ жылғы "___" ___________ ________________________________________

      (өтініш берушінің қолы)

      Құжаттарды қабылдаған: ______________________________________________

      (құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      20__ жылғы "___" _________ ___________________________________________

      (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)