Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменттері ұсынған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 427 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда № 16157 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі туралы ереженің 16-тармағының 3) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 16-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменттері лауазымды адамдарының жұмысы туралы мәлімет" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Департаменттерінің назарына жеткізуді;

      6) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      ___________ Н. Айдапкелов

      2017 ж. 13 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 427 бұйрығына қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменттері лауазымды адамдарының жұмысы туралы мәлімет

      Есептік кезең 20__ жылғы ______ тоқсан

      Индексі: 1-МБ

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Мәліметтерді ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменттері

      Мәліметтер қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      Ұсыну мерзімі: есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне, тоқсан сайын

Көрсеткіштердің атауы

ағымдағы жылы

өткен жылы

20__жылы

20__жылы

есептік кезең

жылдың басынан бері

есептік кезең

жылдың басынан бері

1

2

3

4

5

6

1

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті лауазымды адамдарының саны, адам





2

тексерулер саны,
оның ішінде:





1) іріктелген;





2) жоспардан тыс





3

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде тіркелмеген тексерулер саны,
оның ішінде:





1) құқық қорғау органдарының бастамасымен;





2) тексерілетін субъектінің бастамасымен;






4

анықталған/жойылған бұзушылықтар саны, оның ішінде:









1) мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы;









2) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту шараларының орындалмауы;









3) мүгедектерді әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне, мәдени-ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттарына қолжетімділікті қамтамасыз етпеу;










4) арнаулы әлеуметтік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы;









5) стационар жағдайында;









6) жартылай стационар жағдайында;









7) үйде қызмет көрсету жағдайында;









8) уақытша болу жағдайында;









5

берілген нұсқамалардың саны, оның ішінде:









1) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында;









2) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету аясында









6

құқық қорғау органдарына жіберілген материалдың саны, оның ішінде:









1) ішкі істер органдарына;





2) прокуратура органдарына;





3) соттарға





7

салынған әкімшілік айыппұлдардың саны, оның ішінде:





1) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында;





2) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету аясында;





8

салынған әкімшілік айыппұлдардың сомасы, мың теңге, оның ішінде:





1) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында, мың теңге;





2) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету аясында, мың теңге;





3) олардың ішінде төленгені, мың теңге





9

күші жойылған актілердің, нұсқамалардың, қаулылардың саны, оның ішінде:





1) прокуратура органдары;





2) соттар





10

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттеріне шағымдардың (өтініштердің) саны





оның ішінде: расталғандары





11

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілікке тартылғандарының саны:





1) ескерту;





2) сөгіс;





3) қатаң сөгіс;





4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе мемлекеттік лауазымын төмендету;





5) атқаратын мемлекеттік лауазымынан босату





      Басшы _____________________________________________ ______________

            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                        (қолы)

      Орындаушы _________________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                  (қолы)

      Орындаушының телефоны ____________________________________________

      Ұйымның мекенжайы ________________________________________________

      Ұйымның телефоны _________________________________________________

      М.О.

      Ескертпе: "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменттері лауазымды адамдарының жұмысы туралы мәлімет" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі Еңбек, әлеуметтік
қорғау және көші-қон
комитетінің департаменттері
лауазымды адамдарының жұмысы туралы мәлімет"
әкімшілік деректерді жинау
үшін тағайындалған нысанға
қосымша

"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменттері лауазымды адамдарының жұмысы туралы мәлімет" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменттері лауазымды адамдарының жұмысы туралы мәлімет" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменттерімен тоқсан сайын есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынады.

      2. Көрсеткіштер ағымдағы есептік кезеңнің бірінші күніне нақты деректер бойынша жасалады.

      3. Нысанға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      4. Нысанның 1-бағанында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті лауазымды адамдарының жалпы саны көрсетіледі.

      5. Нысанның 2-бағанында тексерулердің жалпы саны, оның ішінде: іріктелген, жоспардан тыс тексерулер көрсетіледі.

      6. Нысанның 3-бағанында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде тіркелмеген, оның ішінде: құқық қорғау органдары және тексерілетін субъектінің бастамасы бойынша тексерулер саны көрсетіледі.

      7. Нысанның 4-бағанында анықталған және жойылған бұзушылықтар саны көрсетіледі, оның ішінде:

      1) мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы:

      мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту шараларының орындалмауы;

      мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне, мәдени-ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттарына қолжетімділігін қамтамасыз етпеу;

      2) арнаулы әлеуметтік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы:

      стационар жағдайында;

      жартылай стационар жағдайында;

      үйде қызмет көрсету жағдайында;

      уақытша болу жағдайында.

      8. Нысанның 5-бағанында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету аясында берілген нұсқамалардың жалпы саны көрсетіледі.

      9. Нысанның 6-бағанында құқық қорғау органдарына, оның ішінде ішкі істер органдарына, прокуратура органдарына, соттарға жіберілген материалдың жалпы саны көрсетіледі.

      10. Нысанның 7-бағанында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету аясында салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы саны көрсетіледі.

      11. Нысанның 8-бағанында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету аясында салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы көрсетіледі.

      12. Нысанның 9-бағанында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Департаменті лауазымды адамдарының, оның ішінде прокуратура органдары, соттар күшін жойған актілерінің, нұсқамаларының, қаулыларының жалпы саны көрсетіледі.

      13. Нысанның 10-бағанында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттеріне келіп түскен шағымдардың, өтініштердің саны көрсетіледі.

      14. Нысанның 11-бағанында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің тәртіптік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде, ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс жарияланған, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе мемлекеттік лауазымын төмендету, атқаратын мемлекеттік лауазымынан босату мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының саны көрсетіледі.