"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 765 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 желтоқсанда № 16082 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12679 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау қағидалары мен әдістері;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау қағидалары мен әдістерінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау қағидалары мен әдістері";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау қағидалары мен әдістері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында (бұдан әрі – ІІО) кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау тәртібі мен әдісін белгілейді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Кәсіби құзыреттерді айқындау тәртібі мен әдістері";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Негізгі тиімділік көрсеткіштерін анықтау тәртібі";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Ішкі істер органдары қызметкерінің бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін анықтау және есептеу тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:

      "5-тарау. Ішкі істер органдарға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін анықтау және есептеу тәртібі

      22. ІІО-ға қызметке кандидат үшін бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші мынадай өлшемшарттар негізінде белгіленеді:

      білім деңгейі;

      білімі туралы құжаты бойынша орта бағасы;

      әскери қызмет өтілі;

      тестілеу нәтижелері бойынша дұрыс жауаптарының орташа саны (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығының (бұдан әрі - № 1 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14317 болып тіркелген) талаптарына сәйкес берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификаттың деректері негізінде);

      жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері (№ 1 бұйрықтың талаптарына сәйкес берілген құқық қорғау қызметінің лауазымдарына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижелері бойынша қорытындының деректері негізінде);

      дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелері бойынша бағасы;

      спорттық разряды.

            23. ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің әрбір өлшемшартына үлестік мән беріледі.

      ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

      КБҚК = k1+ k2 + k3+ k4+ k5+ k6+ k7

      мұнда, КБҚК – ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші, k – ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік өлшемшарттары бойынша үлестік мәні.

      24. ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік өлшемшарттарының үлестік мәндері.

      Білім деңгейі "k1":

      орта білімі ("5" үлестік мәні);

      орта білімнен кейінгі білімі ("10" үлестік мәні);

      жоғары білімі ("15" үлестік мәні);

      жоғары білімнен кейінгі білімі ("20" үлестік мәні).

      Білімі туралы құжаты бойынша орта бағасы "k2":

      қанағаттанарлық ("5" үлестік мәні);

      жақсы ("10" үлестік мәні);

      өте жақсы ("15" үлестік мәні).

      Әскери қызмет өтілі "k3":

      мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуы немесе кейінге қалдырылуы ("0" үлестік мәні);

      əскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлықтан өтуі ("5" үлестік мәні);

      мерзімді әскери қызметті өткеруі ("10" үлестік мәні);

      азаматтардың запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлығы ("15" үлестік мәні).

      Тестілеу нәтижесі бойынша дұрыс жауаптарының орташа саны "k4":

      5-тен 8-ге дейін ("5" үлестік мәні);

      9-нан 12-ге дейін ("10" үлестік мәні);

      13-тен жоғары ("15" үлестік мәні).

      Жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері "k5": ІІО-ға қызметке кандидат жеке қасиеті бойынша "қатерлі аймақта" бағалау нәтижесін алған жағдайда ("жемқорлыққа төзбеу" жеке қасиетін қоспағанда) үлестік мәні "-5" құрайды. "Қатерлі аймақтан" жоғары бағалау нәтижесін алған кезде – әрбір жеке қасиеті бойынша үлестік мәні "5" құрайды. Осы өлшемшарт бойынша есептеу кезінде ІІО-ға қызметке кандидат үміттенген лауазым санатына арналған бағдарламада көзделген жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері есепке алынады.

      ІІО-ға қызметке кандидат "жемқорлыққа төзбеу" жеке қасиеті бойынша "қатерлі аймақта" бағалау нәтижесін алған жағдайда үлестік мәні "-10" құрайды.

      Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсыру нәтижелері бойынша баға "k6":

      қанағаттанарлық ("5" үлестік мәні);

      жақсы ("10" үлестік мәні);

      өте жақсы ("15" үлестік мәні).

      Спорттық разряды "k7":

      "спорт шеберлігіне кандидаттан" төмен емес спорттық разрядының болуы ("5" үлестік мәні).

      25. ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші кандидаттардың бағалау сәтіндегі рейтингін анықтайды.

      ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін конкурстық комиссия өткізетін әңгімелесуге дейін ІІО-ның кадр қызметі есептейді.

      ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілігін бағалау парағында көрсетіледі.

      ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін есептеген кезде әрбір бәсекеге қабілеттілік өлшемшарты бойынша тек бір ұстаным ескеріледі. ІІО-ға қызметке кандидат бәсекеге қабілеттіліктің бір көрсеткіші бойынша екі немесе одан көп ұстанымы болған кезде ең жоғары үлестік мәні бар ұстаным ескеріледі.

      26. ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14305 болып тіркелген) сәйкес әңгімелесу жүргізу кезіндегі іріктеу өлшемшарттарының бірі болып табылады.";

      1-қосымшада оң жақтағы жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарында кәсіби
құзыреттерді, негізгі
көрсеткіштерді және бәсекеге
қабілеттілік көрсеткіш есебін
айқындау қағидалары мен
әдістеріне 1-қосымша";

      2-қосымшада оң жақтағы жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарында кәсіби
құзыреттерді, негізгі
көрсеткіштерді және бәсекеге
қабілеттілік көрсеткіш есебін
айқындау қағидалары мен
әдістеріне 2-қосымша";

      3-қосымшада оң жақтағы жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарында кәсіби
құзыреттерді, негізгі
көрсеткіштерді және бәсекеге
қабілеттілік көрсеткіш есебін
айқындау қағидалары мен
әдістеріне 3-қосымша";

      4-қосымшада оң жақтағы жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарында кәсіби
құзыреттерді, негізгі
көрсеткіштерді және бәсекеге
қабілеттілік көрсеткіш есебін
айқындау қағидалары мен
әдістеріне 4-қосымша";

      5-қосымшада оң жақтағы жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарында кәсіби
құзыреттерді, негізгі
көрсеткіштерді және бәсекеге
қабілеттілік көрсеткіш есебін
айқындау қағидалары мен
әдістеріне 5-қосымша";

      6-қосымшада оң жақтағы жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарында кәсіби
құзыреттерді, негізгі
көрсеткіштерді және бәсекеге
қабілеттілік көрсеткіш есебін
айқындау қағидалары мен
әдістеріне 6-қосымша";

      7-қосымшада оң жақтағы жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарында кәсіби
құзыреттерді, негізгі
көрсеткіштерді және бәсекеге
қабілеттілік көрсеткіш есебін
айқындау қағидалары мен
әдістеріне 7-қосымша";

      8-қосымшада оң жақтағы жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарында кәсіби
құзыреттерді, негізгі
көрсеткіштерді және бәсекеге
қабілеттілік көрсеткіш есебін
айқындау қағидалары мен
әдістеріне 8-қосымша";

      9-қосымшада оң жақтағы жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарында кәсіби
құзыреттерді, негізгі
көрсеткіштерді және бәсекеге
қабілеттілік көрсеткіш есебін
айқындау қағидалары мен
әдістеріне 9-қосымша";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 10-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына жолдауды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 22 қарашадағы
№ 765 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарында кәсіби
құзыреттерді, негізгі
көрсеткіштерді және бәсекеге
қабілеттілік көрсеткіш есебін
айқындау қағидалары мен
әдістеріне
10-қосымша
  нысан
  Бекітемін
____________________________
(ІІО-ға қызметке кандидат
орналасатын ішкі істер органы
басшысының лауазымы, атағы,
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
____________________________
20___жылғы "___"__________
______________
(күні) (қолы)

Ішкі істер органдарға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілігін бағалау парағы
___________________________________________________________________________
(ІІО-ға қызметке кандидат орналасатын лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

Білім деңгейі k1

Білімі туралы құжаты бойынша орта баға k2

Әскери қызмет өтілі k3

1

2

3

орта білімі

орта білімнен кейінгі білімі

жоғары білімі

жоғары білімнен кейінгі білімі

қанағаттанарлық

жақсы

өте жақсы

мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуы немесе кейінге қалдырылуы

əскери техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлықтан өтуі

мерзімді әскери қызметті өткеруі

азаматтардың запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

ҮМ

ҮМ

ҮМ

ҮМ

ҮМ

ҮМ

ҮМ

ҮМ

ҮМ

ҮМ

ҮМ













Тестілеу нәтижесі бойыншадұрыс жауаптарының орташа саны
k4

Жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері
k5

4

5

5-тен 8-ге дейін

9-нан 12ге дейін

13-тен жоғары

бастамашылық

коммуникативтілік

талдамалық

ұйымшылдық

стратегиялық ойлану

көшбасшылық

әдептілік

сапаға бағдарлану

тұтынушыға бағдарлану

жемқорлыққа төзбеу

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

ҮМ

ҮМ

ҮМ

ҮМ

ҮМ

ҮМ

ҮМ

ҮМ

ҮМ

ҮМ

ҮМ

ҮМ

ҮМ















Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелері бой­ын­ша баға
k6

Спорттық разряды k7

ІІО қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші КБҚК

6

7

8

қанағаттанарлық

жақсы

өте жақсы

спорт шеберлігіне кандидат


25

26

27

28

29

ҮМ

ҮМ

ҮМ

ҮМ







      Ескертпе: КБҚК – ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші, k1 – ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік "білім деңгейі" өлшемшартты бойынша үлестік мәні, k2 – ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік "білімі туралы құжаты бойынша орта бағасы" өлшемшартты бойынша үлестік мәні, k3 – ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік "әскери қызмет өтілі" өлшемшартты бойынша үлестік мәні; k4 – ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік "тестілеу нәтижесі бойынша дұрыс жауаптарының орташа саны" өлшемшартты бойынша үлестік мәні; k5 – ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік "жеке қасиеттерін бағалау нәтижесі" өлшемшартты бойынша үлестік мәні; k6 – ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік "дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсыру нәтижелері бойынша баға" өлшемшартты бойынша үлестік мәні; k7 – ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік "спорттық разряды" өлшемшартты бойынша үлестік мәні;ҮМ – үлестік мәні.

      Келісілді: Ішкі істер органы бөлінісінің

      ___________________________________________ кадр қызметінің басшысы

      (қолы) (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      "____ "______________20___г.

      Таныстым _______________________ ______________________________

      (бағалауға жататын ІІО қызметке кандидаттың қолы)(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)