Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 12 шiлдедегi № 480, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 102, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 14 шiлдедегi № 435, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2017 жылғы 18 тамыздағы № 11-36, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 шiлдедегi № 148, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 25 шiлдедегi № 318 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 60 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда № 16065 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналардың:

      1) "Халықаралық іздестіруді жариялау, Қазақстан Республикасы құзыретті органдарының Интерпол саласы бойынша сұрау салулар мен тапсырмаларды орындауы және жіберуі, сондай-ақ оларды Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросында өңдеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 12 мамырдағы № 260, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 08-1/7, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы № 85, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2003 жылғы 7 сәуірдегі № 29, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 22 мамырдағы № 93, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының 2003 жылғы 18 сәуірдегі № 2, Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 168 және Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігі төрағасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 74 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2341 болып тіркелген);

      2) "№ 2341 болып тіркелген Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 12 мамырдағы № 260, Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 17 қантардағы № 08-1/7, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы № 85, Бас прокурордың 2003 жылғы 7 сәуірдегі № 29, Әділет министрінің 2003 жылғы 22 мамырдағы № 93, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының 2003 жылғы 18 сәуірдегі № 2, Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 168 және Қаржы полициясы агенттігі төрағасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 74 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 тамыздағы № 443, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 25 сәуірдегі № 08-1/124, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2004 жылғы 01 қыркүйектегі № 169, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 47, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 30 қазандағы № 318, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының 2005 жылғы 29 наурыздағы № 19, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 28 наурыздағы № 118 және Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2005 жылғы 26 мамырдағы № 109 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3651 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеудi;

      2) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына жолдауды;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары басшыларының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры Қаржы министрі
_____________Ж. Асанов
Қазақстан Республикасының_____________ Б. Сұлтанов
     
      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет
қызметінің бастығы
_____________А. Күреңбеков
_____________Қ. Қожамжаров
Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
     
      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
_____________Қ. Әбдірахманов
_____________ К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің төрағасы
      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_____________Қ. Қасымов
_____________ Қ. Мәми
"Келісілді" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы