Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 12.07.2017 № 255, ҚР Бас прокурорының 12.09.2017 № 102, ҚР Қаржы министрінің 14.07.2017 № 435, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 18.08.2017 № 11-36, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 21.07.2017 № 148, ҚР Сыртқы істер министрінің 25.07.2017 № 318 және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.08.2017 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
"Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкімін (бұдан әрі - өкім) орындау үшін, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 267-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Халықаралық іздестіруді жариялау, Қазақстан Республикасы құзыретті органдарының Интерпол саласы бойынша сұрау салулар мен тапсырмаларды орындау және жіберуі, сондай-ақ оларды Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросында өңдеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 260, Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 08-1/7, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 85, Бас прокурордың 2003 жылғы 7 сәуірдегі N 29, Әділет министрінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 2, Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 168 және Қаржы полициясы агенттігі төрағасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 74 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2341 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық іздестіруді жариялау, Қазақстан Республикасы құзыретті органдарының Интерпол саласы бойынша сұрау салулар мен тапсырмаларды орындауы және жіберуі, сондай-ақ оларды Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросында өңдеу туралы нұсқаулықта:
2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы);
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті";
3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы "_____облысының прокуроры" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оның орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының  | |
Ішкі істер министрі  | |
Қазақстан Республикасының  | |
Сырқы істер министрі  | |
Қазақстан Республикасы  | |
Ұлттық қауіпсіздік комитеті  | |
төрағасы генерал-лейтенант  | |
Қазақстан Республикасының  | |
Бас прокуроры  | |
екінші дәрежелі  | |
мемлекеттік заң кеңесшісі  | |
Қазақстан Республикасы  | |
Президентінің Күзет  | |
қызметі бастығы  | |
генерал-лейтенант  | |
Қазақстан Республикасының  | |
Әділет министрі  | |
Қазақстан Республикасының  | |
Кедендік бақылау  | |
агенттігінің төрағасы  | |
Қазақстан Республикасы  | |
Экономикалық және сыбайлас  | |
жемқорлық қылмысқа  | |
қарсы күрес жөніндегі  | |
агенттігінің төрағасы  | |
(қаржы полициясы)  | |
Келісілді  | |
Қазақстан Республикасы  | |
Жоғарғы Сотының  | |
Қылмыстық істер бойынша  | |
алқа төрағасы  | |
Келісілді  | |
Қазақстан Республикасының  | |
Қаржы вице-министрі  |