Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 197 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 қарашада № 16032 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Шайқақова Г.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 2 қарашадағы
№ 197 қаулысына
қосымша

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезде бөлінген активтердің құрамына кіретін ақшаны инвестициялауды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды және бөлінген активтер есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 38 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7475 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын қаулысына (бұдан әрі - № 54 талаптар) сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздар;

      2) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және № 54 талаптарда көзделген талаптарға сәйкес келетін акциялар;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар:

      Халықаралық қайта құру және даму банкі;

      Еуропалық қайта құру және даму банкi;

      Америкааралық даму банкi;

      Халықаралық есеп айырысу банкi;

      Азиялық даму банкi;

      Африкалық даму банкi;

      Халықаралық қаржылық корпорация;

      Ислам даму банкi;

      Еуропалық инвестициялық банк;

      Еуразиялық даму банкi;

      Еуропалық Кеңестің Даму Банкі;

      Скандинавия инвестициялық банкі;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) базалық активі мыналар:

      шетелдік және ұлттық валюта;

      валюталық индекстер;

      Лондондық қымбат металдар нарығының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сай келетiн және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткiзiлiм" ("London good delivery") стандарты ретiнде белгіленген тазартылған қымбат металдар;

      қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және № 54 талаптарда көзделген талаптарға сәйкес келетін бағалы қағаздар;

      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Есептік көрсеткіштердің (индекстердің) тізбесінде айқындалған есептік көрсеткіштер (индекстер);

      көрсетілген тауар активтерінің нақты жеткізілуін жүзеге асырмай, осы қаулыға 2-қосымшада Тауар активтерінің тізбесінде айқындалған тауар активтері, сондай-ақ тауар активтерінің индекстері болып табылатын туынды қаржы құралдары және туынды бағалы қағаздар;".

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 249 (01.01.2019 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі бірыңғай тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 167 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9803 тіркелген, 2014 жылғы 18 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі бірыңғай тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      9-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) тізілімдер жүйесінде операциялар жүргізілген Қағидалардың 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 36, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73 және 74-тармақтарында көрсетілген құжаттар;";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі шартты (бұдан әрі - шарт) жасау кезінде эмитент ұсынған құжаттар негізінде тіркеуші тізілімдер жүйесіне эмитент туралы мәліметтерді енгізеді және оған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шот және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шот ашады.

      Инвестициялық пай қорының пайларын есепке алу үшін тіркеуші инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы ұсынған мынадай құжаттар негізінде инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларын есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шотын ашады:

      жарғының көшірмесі;

      инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шот ашуға бұйрығы;

      пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      инвестициялық пай қоры қағидаларының көшірмесі;

      инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі;

      жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға қол қою құқығы бар басқарушы компания өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері мен заңды тұлғаның мөрінің таңбасы (ол болған кезде), мынадай мәліметтер:

      тіркеушінің атауы;

      инвестициялық пай қорының атауы;

      құжатқа қол қоюға құқық беретін басқарушы компанияның атауы;

      басқарушы компания өкілінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжат деректері;

      осы құжатта бар қол қою үлгілері тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатынына нұсқау;

      жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарды растау құқығы бар кастодиан өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері мен заңды тұлғаның мөрінің таңбасы (ол бар болса), мынадай мәліметтер:

      тіркеушінің атауы;

      инвестициялық пай қорының атауы;

      басқарушы компанияның атауы;

      инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианның атауы;

      кастодиан өкілінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжат деректері;

      осы құжатта бар қол қою үлгілері тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды растау кезінде міндетті болып саналатынына нұсқау қамтылатын құжаттар.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Егер бағалы қағаздарға меншік құқығы бірнеше тұлғаға тиесілі болса, тізілімдер жүйесіндегі жеке шот олардың ортақ өкілінің жеке шот ашуға бұйрығы негізінде ортақ меншіктің барлық қатысушыларының оны сайлау туралы жазбаша келісімін қоса бере отырып ашылады.";

      37-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Жеке шоттар бойынша операция жүргізу кезінде тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінің деректеріне қарай мәмілеге қатысушылардың бұйрықтары мазмұнының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкестігін тексереді және бұйрықтарға қойылған қолдардың жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар заңды тұлға өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері, заңды тұлғаның мөр таңбасы (ол бар болса) бар құжатта немесе мәміле тарабы не сенімхат бойынша өкілдері болып табылатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта (түпнұсқасында немесе нотариат куәландырған көшірмесінде) көрсетілген қолдарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.";

      41-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке жазу) операцияларын тіркеуші эмиссиялық бағалы қағаздармен (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарымен) мәмілелерді тіркеу туралы қарсы бұйрықтарды және Қағидалардың 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 65, 66 және 69-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қағидаларға және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес осы операцияны жүргізу үшін қажетті өзге құжаттарды алған кезде жүргізеді.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес жүзеге асырылатын эмитентті қайта құрылымдау шеңберінде шығарылған бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарына есепке жазу операциясы эмитенттің осы эмитентті қайта құрылымдау процесін жүзеге асыруға байланысты жойылған эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылардың жеке шоттарынан есептен шығарылғаннан кейін эмитенттің қайта құрылымдау жоспары болған кезде эмитенттің бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.";

      51-тармақ алып тасталсын;

      52, 53, 54, 55 және 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру кезінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операциясы Қағидалардың 53, 54, 55 және 56-тармақтарында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      Акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру кезінде құқықтарына ауыртпалық салынған және (немесе) сенімгерлік басқарудағы тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операциясы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздардан ауыртпалықты алу (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) және (немесе) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастау операцияларын жүргізу талабымен жүргізіледі.

      Тіркеуші орталық депозитарийдің жеке шоты бойынша Қағидалардың 53, 54, 55 және 56-тармақтарында көзделген операциялар жүргізілгеннен кейін бір сағат ішінде оған ілеспе хатты, қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдар акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесін және тізілімдер жүйесіндегі орталық депозитарийдің жеке шотынан үзінді-көшірмені жібереді.

      53. Акционерлік қоғамдарды біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу) операциясын тіркеуші қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдардың акционерлері жалпы жиналысының шешімі, біріктіру туралы шарт, егер осындай қайта ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты талап етілетін болса, акционерлік қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру жүргізуге уәкілетті органның рұқсаты және жаңадан құрылған ұйымның бұйрығы негізінде жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан акцияларды есептен шығару және оларды қайта ұйымдастырылған акционерлік қоғамдардың тіркелген тұлғаларының жеке шоттарына есепке жазу жолымен жүргізеді.

      54. Акционерлік қоғамды басқа акционерлік қоғамға қосу нысанында акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру кезінде бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) есептен шығару (есепке жазу) операциясын тіркеуші қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдардың акционерлері жалпы жиналысының шешімі, қосу туралы шарт, егер осындай қайта ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты талап етілетін болса, акционерлік қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру жүргізуге уәкілетті органның рұқсаты және қосу жүзеге асырылатын акционерлік қоғамының бұйрығы негізінде:

      1) қосылатын акционерлік қоғамының акцияларын кейіннен оларды жоя отырып тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан есептен шығару және оларды қосу жүзеге асырылатын акционерлік қоғамның жеке шотына есепке жазу;

      2) қосу жүзеге асырылатын акционерлік қоғамның акцияларын жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан және (немесе) сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан есептен шығару және оларды қосылатын акционерлік қоғамның акцияларын ұстаушылары бұрын болған тіркелген тұлғаларының жеке шоттарына есепке жазу жолымен жүргізеді.

      55. Акционерлік қоғамды бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) есептен шығару (есепке жазу) операциясын тіркеуші акционерлердің жалпы жиналысының шешімі, бөлу балансы, егер осындай қайта ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты талап етілетін болса, акционерлік қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру жүргізуге уәкілетті органның рұқсаты және бөлу нәтижесінде құрылған акционерлік қоғамдардың бұйрықтары негізінде жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттердің жеке шотынан акцияларды есептен шығару және оларды қайта ұйымдастырылатын қоғамның тіркелген тұлғаларының жеке шоттарына есепке жазу жолымен жүргізеді.

      56. Акционерлік қоғамды бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операциясын тіркеуші акционерлердің жалпы жиналысының бөліп шығару туралы шешімі, бөлу балансы, егер осындай қайта ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты талап етілетін болса, акционерлік қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру жүргізуге уәкілетті органның рұқсаты және жаңадан құрылған акционерлік қоғамның (акционерлік қоғамдардың) бұйрығы (бұйрықтары) негізінде жүргізеді.";

      59-1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) егер көрсетілген келісімнің болуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе кепіл шартында көзделген жағдайда, кепілге берілген бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарының (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) өтуіне кепіл ұстаушының жазбаша келісімі.";

      63-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастауды тіркеуші мыналарға байланысты мүлікті сенімгерлік басқару шарты тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, сенімгерлік басқару құрылтайшысы мен сенімгерлік басқарушы берген сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастау туралы қарсы бұйрықтары негізінде жүргізеді:

      сенімгерлік басқарушы-азаматтың қайтыс болуына, ол қайтыс болды деп жариялануға, ол әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі, хабарсыз жоғалып кетті деп танылуға; сенімді басқарушы заңды тұлғаның таратылуына байланысты - сенімгерлік басқару құрылтайшысының хабарламасының негізінде;

      сенімгерлік басқарушының сеніп тапсырылған мүлікті өзі басқаруының мүмкін болмауына байланысты сенімгерлік басқару құрылтайшысының бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқару құрылтайшысының хабарламасының негізінде;

      сенімгерлік басқарушының сеніп тапсырылған мүлікті өзі басқаруының мүмкін болмауына байланысты сенімгерлік басқарушының бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқарушының хабарламасының негізінде;

      сенімгерлік басқарушыға, егер ол шартта көзделсе, шығындар мен сыйақыны төлеу талабымен құрылтайшының шартты орындаудан бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқарушының хабарламасының негізінде;

      сенімгерлік басқарушыға, егер ол шартта көзделсе, оған сыйақы төлей отырып, кепілмен ауыртпалық салынған мүлік басқаруға берілгені туралы оған хабарланбаған жағдайда сенімгерлік басқарушының бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқарушының хабарламасының негізінде.";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Акциялар шығарылымы жойылған кезде тіркеуші уәкілетті органның акциялар шығарылымының жойылғаны туралы хабарламасын алғаннан кейін акцияларды олардың ұстаушыларының жеке шоттарынан және эмитенттің жеке шоттарынан бір мезгілде есептен шығару операцияларын жүргізеді.

      Акциялар шығарылымы жойылған, эмитент таратылған не қайта ұйымдастырылған жағдайда, тізілімдер жүйесін жүргізу тоқтатылады.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Тіркеуші жеке шотты жабу бойынша операцияны жеке шотты жабуға бұйрықтың негізінде жүргізеді. Жеке шот жабылған кезде клиентке тіркеушінің ішкі құжатында белгіленген нысанда тиісі хабарлама жіберіледі.

      Оларға қатысты банкроттық немесе тарату рәсімі аяқталған заңды тұлғалардың жеке шоттарын жабу бойынша операция және ондай жеке шоттарда бағалы қағаздар болмаған жағдайда, заңды тұлға қызметінің тоқтатылғанын растайтын Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.

      Қайтыс болған деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған жеке тұлғалардың жеке шоттарын жабу бойынша операция және ондай жеке шоттарда бағалы қағаздар болмаған жағдайда, қайтыс болғаны туралы куәліктің (анықтаманың) және (немесе) тиісті сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      Тіркеуші Қағидалардың 19-тармағына сәйкес ашылған жеке шотта бағалы қағаздарды жою немесе мұраға алу нәтижесінде барлық бағалы қағаздарды есептен шығарған күннен бастап алты ай ішінде онда бағалы қағаздар болмаған жағдайда жеке шотты жабуды жүзеге асырады.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Миноритарлық акционердің өтініш беру және тіркеушінің акционерлердің жалпы жиналысына қарауға енгізілген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде миноритарлық акционерлер басқа акционерлермен біріккен жағдайдағы осы акционерлік қоғамның басқа миноритарлық акционерлеріне ақпарат тарату тәртібі тіркеушінің басқа миноритарлық акционерлерді хабардар ету мерзімі және хабардар ету тәсілдері қамтылатын тіркеушінің қағидалар жинағында белгіленеді.";

      77-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне тіркеушінің ішкі құжаттарында айқындалған уәкілетті тұлғалар қол қояды және тіркеушінің мөрімен расталады.";

      80-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Эмитенттің ірі акционерлері туралы анықтамаға тіркеушінің ішкі құжаттарында айқындалған уәкілетті тұлғалар қол қояды және тіркеушінің мөрімен расталады.";

      81-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Акционерлер тізіміне тіркеушінің ішкі құжаттарында айқындалған уәкілетті тұлғалар қол қояды және тіркеушінің мөрімен расталады.";

      82-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке шоттан үзінді көшірмеге тіркеушінің ішкі құжаттарында айқындалған уәкілетті тұлғалар қол қояды және тіркеушінің мөрімен расталады.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін немесе акционерлер тізімін беруді тіркеуші, егер бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін немесе акционерлер тізімін беруге бұйрық бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі немесе акционерлер тізімі жасалған күннен ерте емес берілу талабымен эмитенттен бұйрықты алған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кеш емес мерзімде жүзеге асырады.

      Егер бағалы қағаздар номиналды ұстауға берілсе, акционерлердің жалпы жиналысын өткізу немесе бағалы қағаздары номиналды ұстаудағы акционерлер туралы өзге ақпаратты ұсыну үшін бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін немесе акционерлер тізімін беруді тіркеуші ол жасалған күннен бастап күнтізбелік жиырма сегіз күннен кеш емес мерзімде жүзеге асырады.";

      88-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұйрықтардың орындалуы туралы есепке тіркеушінің ішкі құжаттарында айқындалған уәкілетті тұлғалар қол қояды және тіркеушінің мөрімен расталады.";

      89-тармақтың 12) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. Тіркеушіге келіп түскен құжаттар келіп түскен құжаттарды тіркеу, эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу, сенімхаттарды есепке алу журналдарында тіркеледі. Тіркеуші құжатты қабылдағаннан кейін (ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық құжаттар қабылдау жағдайларын қоспағанда) өтініш білдірген тұлғаның сұрауы қабылдаған күнін (уақытын) және құжатты қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсете отырып, оны қабылдау фактісін растайтын құжат береді.";

      95-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тізілімдер жүйесінде операциялар жүргізілген Қағидалардың 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 36, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73 және 74-тармақтарында көрсетілген құжаттар;".

      3. "Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 тіркелген, 2014 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеу, номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының өзiнiң номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеу, номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының өзiнiң номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеу, номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының өзiнiң номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидалары";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеу, номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының өзiнiң номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеу тәртібін, номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру талаптары мен тәртібін, сондай-ақ номиналды ұстаушының өзiнiң номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету тәртібін белгілейді.";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Номиналды ұстаушы клиентпен номиналды ұстау туралы шарт жасасқаннан кейін клиентке номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шот және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымында клиенттің қосалқы шотын ашады.

      Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қосалқы шотты ашу үшін номиналды ұстаушы орталық депозитарийге Қағидалардың 5-тармағының талаптарына сәйкес оны ашу үшін қажетті барлық деректемелерді көрсете отырып, клиент туралы мәліметтер береді.

      Жасырын жеке шоттарды және қосалқы шоттарды, сондай-ақ ойдан шығарылған аттарға жеке шоттарды және қосалқы шоттарды ашуға жол берілмейді.

      Осы Қағидалардың мақсатында шетелдік есеп айырысу ұйымы болып мыналар ұғынылады:

      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк;

      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес ұзақмерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген міндеттерді жүзеге асыратын номиналды ұстаушының функцияларына ұқсас функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйым;

      Бағалы қағаздарға қызмет көрсету мәселелері жөніндегі халықаралық қауымдастықтың (International Securities Services Association) мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес-ұйым.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Номиналды ұстаушының жеке шоты номиналды ұстаушыларға орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде немесе кастодианның есепке алу жүйесінде немесе шетелдік есеп айырысу ұйымында олар шетелдік бағалы қағаздарға қатысты немесе басқа шетелдік есеп айырысу ұйымдарға номиналды ұстау қызметін көрсету кезінде жеке шотты ашуға бұйрықтың және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында немесе кастодианның немесе шетелдік есеп айырысу ұйымдарының ішкі құжатында айқындалған құжаттар негізінде ашылады.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Резервтік көшірмелерді сақтау сейфтік операцияларды жүзеге асыратын, номиналды ұстаушымен үлестес емес ұйымда сыртқы тасымалдағыштарда (CD-R, CD-RW, Flash-Drive) жүзеге асырылады.

      Резервтік көшірмелерді сақтау үшін сейфтік операцияларды жүзеге асыратын ұйыммен шарт жасалған (бұзылған) сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде номиналды ұстаушы шарт жасалған (бұзылған) ұйымның атауын, сондай-ақ жасалған шарттың күні мен нөмірін көрсете отырып, уәкілетті органды бұл туралы хабардар етеді.

      Резервтік көшірмелер жаңартылған резервтік көшірмелермен ауыстырылғанға дейін сақталады.

      Осы тармақ номиналды ұстаушылар болып табылатын екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды.

      18. Сейфтік операцияларды жүзеге асыратын ұйыммен жасалатын шартта уәкілетті органға сақтаулы тұрған резервтік көшірмелердің нақты қолда бары мен сақталу жайын тексеруге мүмкіндік беретін талаптар көзделеді.

      Осы тармақ номиналды ұстаушылар болып табылатын екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеу тәртібі. Номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру талаптары мен тәртібі";

      19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығымен) жасалған мәмілелерді номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу жеке шоттар бойынша тиісті операцияларды жүргізу арқылы жасалады.";

      22-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орталық депозитарийден жеке шоттар бойынша операциялар жүргізілгені жөнінде растау алған күні номиналды ұстаушы мұндай операцияны номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде көрсетеді.";

      31-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінен алынған тiркелген операциялар туралы есептің негізінде жүзеге асырылатын акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру кезінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операциялары;";

      35-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер номиналды ұстаушы клиентінің жеке шотында мәмілелер жүргізуге шектеулер белгіленген бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы) тұрса, онда Қағидалардың осы тармағында көрсетілген іс-әрекеттер салынған мұндай шектеулер туралы мәліметтерді орталық депозитарийге бір мезгілде берумен, оларды мұндай бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы) есепке жазылатын жеке шотта міндетті түрде көрсетумен және ол шектеулерді салған адамға ол бойынша салынған шектеулермен мұндай бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы) одан әрі есепке алу жүзеге асырылатын жеке шоттың жаңа деректемелерін көрсетумен жүргізілген операциялар туралы бір мезгілде хабарлай отырып жүзеге асырылады.";

      37-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде операцияның орындалғаны туралы орталық депозитарийден растама алған күні тіркеушіге кастодиан растаған, басқарушы компанияның бұйрығында көрсетілген санда пайлардың есепке жазылғаны туралы бұйрық жібереді.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Жеке шоттар бойынша операцияны жүргізуге бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтарында мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) бұйрықты тіркеу нөмірі, күні және уақыты;

      2) эмитенттің немесе инвестициялық пай қорының атауы;

      3) мәмілеге қатысатын тұлғалар туралы мәліметтер;

      4) мәмілеге қатысатын тұлғалардың жеке шоттарының нөмірлері;

      5) бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмірі, түрі (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының сәйкестендіргіші);

      6) операцияны жүргізуге арналған бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) саны;

      7) бағалы қағаздарға қатысты мәмілелер (операциялар) түріне берілген нұсқау;

      8) кепіл мәмілесін тіркеу кезінде кепіл ұстаушыға берілетін бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) бойынша құқықтарға қатысты мәліметтер;

      9) мәміле мәні болып табылатын бір бағалы қағаздың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының) бағасы туралы мәліметтер;

      10) номиналды ұстаушының ішкі құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер.";

      40-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктер туралы заңға сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген олардың біреуіне қатысты қосылу нысанында банктерді қайта ұйымдастырған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шотынан (шоттарынан) шотына (шоттарына) бағалы қағаздарды есепке алу (есептен шығару) бойынша операциялар жүргізген кезде ауыртпалық бойынша және ауыртпалықты алып тастау жөніндегі операциялар орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жеке шотынан (қосалқы шотынан) үзінді көшірменің негізінде Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 37-1-бабында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотын жабу жөніндегі операцияны номиналды ұстаушы:

      1) клиенттің жеке шотты жабуға бұйрығының негізінде;

      2) егер осы клиентпен номиналды ұстау туралы шартпен өзге мерзім белгіленбесе соңғы он екі айда осы жеке шотта бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) болмаған жағдайда;

      3) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы лицензиясынан айырылған жағдайда клиентке активтер қайтарылған кезде жүргізеді.

      Оларға қатысты банкроттық және тарату рәсімі аяқталған заңды тұлғалардың жеке шоттарын жабу бойынша операция және ондай жеке шоттарда бағалы қағаздар болмаған жағдайда, заңды тұлға қызметінің тоқтатылғанын растайтын Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.

      Қайтыс болған деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған жеке тұлғалардың жеке шоттарын жабу бойынша операция және ондай жеке шоттарда бағалы қағаздар болмаған жағдайда, қайтыс болғаны туралы куәліктің және (немесе) тиісті сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      Бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты жабылған кезде клиентке номиналды ұстаушының ішкі құжатында белгіленген нысанда тиісі хабарлама жіберіледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Номиналды ұстаушының өзiнiң номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету тәртібі".