Еңбек жағдайы үшін үстеме ақы белгіленетін қызметкерлердің лауазымдары мен ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 720 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 қарашада № 15967 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1.Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (бұдан әрі - ЖИТС) және адамның иммунтапшылығы вирусын (бұдан әрі - АИТВ) жұқтырған ауруларды диагностикалау, емдеу, материалдарға зертханалық зерттеудің барлық түрін жүргізгені үшін, бактериялық және вирустық препараттарды өндіру және ЖИТС / АИТВ проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгені үшін лауазымдық жалақысының 60% мөлшерінде үстемеақы белгіленетін ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың медицина қызметкерлеріне ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғылыми-өндірістік бірлестіктердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде бактериялық және вирустық препараттардың өндірісі жөніндегі құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдар тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айрықша еңбек жағдайы үшін қосымша ақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесі бекітілсін.

      2. "Еңбек жағдайы үшін қосымша ақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесін және Біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 576 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6442 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 366-367 (26210); 2010 жылғы 11 қыркүйектегі № 368-369 (26212) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Т.Төкежановқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      _______________Е. Сағадиев

      12 қазан 2017г.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      ________________Т. Дүйсенова

      5 қазан 2017г.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _______________Қ. Қасымов

      19 қазан 2017г.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 720 бұйрығына
1-қосымша

ЖИТС және АИТВ жұқтырған ауруларды диагностикалау, емдеу, материалдарға зертханалық зерттеудің барлық түрін жүргізгені үшін, бактериялық және вирустық препараттарды өндіру және ЖИТС / АИТВ проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгені үшін лауазымдық жалақысының 60% мөлшерінде үстемеақы белгіленетін ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың медициналық қызметкерлеріне, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғылыми-өндірістік бірлестіктердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде бактериялық және вирустық препараттардың өндірісі жөніндегі құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдар тізбесі

Ұйымдардың тізбесі

Қызметкерлер лауазымдарының тізбесі

Айрықша жағдайлар

1

Облыстық (қалалық) ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер

ЖИТС және АИТВ жұқтырған ауруларды диагностикалау, емдеу

2

Денсаулық сақтау саласының ғылыми-зерттеу ұйымдары, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғылыми-өндірістік бірлестіктердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде бактериялық және вирустық препараттардың өндірісі жөніндегі құрылымдық бөлімшелері

АИТВ / ЖИТС-тің проблемасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысымен шұғылданатын, лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер

ЖИТС пен ауыратын және АИТВ жұқтырғандардан келіп түсетін материалдарды зертханалық зерттеудің барлық түрін жүргізгені үшін, ғылыми-зерттеу бірлестіктерінде және олардың құрылымдық бөлімшелерінде бактериялық және вирустық препараттарды өндіру және ЖИТС / АИТВ проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгені үшін

      Ескертпелер:

      АИТВ - адамның иммунтапшылығы вирусы.

      ЖИТС - жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 720 бұйрығына
2-қосымша

Айрықша еңбек жағдайы үшін үстеме ақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесі

Ұйымдардың (бөлімшелердің) тізбесі

Қызметкерлер лауазымдарының тізбесі

Айрықша жағдайлар

1

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесі және оның аумақтық бөлімшелері

Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету жөніндегі мамандандырылған бригадалардың қызметкерлері

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша шұғыл медициналық көмек көрсеткені үшін

2

Дәрігерлік амбулаториялар, қалалық, аудандық және ауылдық емханалар, аудандық, орталық аудандық ауруханалардың емханалары, медициналық пункттер

Терапия, педиатрия бөлімшелерінің меңгерушілері, акушер-гинеколог дәрігері, сондай-ақ жасөспірімдер қызметінің терапевтері,

Аумақтық учаскелерде халыққа медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсеткені үшін

3

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға арналған госпитальдардар, басқа ауруханалардың құрамындағы бөлімдер мен бөлімшелер

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға арналған госпитальдарда және ауруханалардың құрамындағы арнаулы бөлімшелерде медициналық көмек көрсеткені үшін

4

Шұғыл медициналық көмекті тікелей көрсету және құтқару жұмыстары үшін ұйымдастырылған арнайы мақсаттағы медициналық жасақтардың медицина қызметкерлері

"Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің, республикалық, облыстық және өңірлік ауруханалардың көшпелі бригадаларының, санитариялық авиация станциясының, жоспарлы және шұғыл консультациялық көмек бөлімшелерінің медицина қызметкерлері"

Шұғыл медициналық көмек және құтқару жұмыстарын көрсету үшін, күту және ұдайы әзірлікте болу режиміндегі кезекшілік болуына байланысты

5

Күйікке шалдыққан науқастарды емдеу бөлімшелері (палаталар)

Орта медициналық персоналға

Медициналық көмек көрсеткені үшін

6

Балалар оңалту орталықтары (бөлімшелер)

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер

Психикалық ауытқуы жоқ дене бітімінің дамуында кемістіктері бар, статодинамикалық, сенсорлық функциялары және шығару функциялары бұзылған науқас балаларға диагностика жүргізгені, емдегені және оңалту жүргізгені үшін

7

Сәбилер үйлері, балалар үйлері және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернат-үйлер

Бала стационарының барлық медициналық қызметкерлері (бөлiмшелерiнiң, палаталарының және топтарының) балалар ауруханаларының (және балалар бөбекжайлары мен бөбекжай-бақшалардағы топтық медициналық қызметшiлерi, балалар бөбекжайлары мен бөбекжай-бақшалардағы бөбекжай тобының бала күтуші (санитар – бала күтуші)

Сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернат-үйлерде жұмыс істегені үшін

8

Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде,

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы әлеуметтік қызмет ұсынатын ұйымдарддың барлық медициналық қызметкерлеріне

Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде емдеу-профилактикалық іс-шараларын жүргізгені үшін:
қарттармен жұмыс істегені үшін;
мүгедектермен, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалармен жұмыс істегені үшін;
психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалармен және 18 жастан асқан мүгедектермен жұмыс істегені үшін;
белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдармен (әлеуметтік бейімдеу орталықтарында) жұмыс істегені үшін;
қатыгездікке ұшыраған адамдармен жұмыс істегені үшін;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен жұмыс істегені үшін;

9

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде (оның ішінде балалар үйлерінде), тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында, ауруханаларда

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық медицина және фармацевтика қызметкерлері

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде (оның ішінде балалар үйлерінде), тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында, ауруханаларда сотталғандарды емдегені үшін медициналық қызметкерлерге және фармацевтикалық қызметкерлерге